kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тақырыбы: Жарық дабылына техникалық қызмет көрсету.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Открытый урок по предмету "Электрооборудование автомобилей с основами электроники" на тему "Жарық дабылына техникалық қызмет көрсету"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: Жарық дабылына техникалық қызмет көрсету.»


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігі Білім басқармасының

«Көлік колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны







«Келісілген» «Бекітілген»

колледж әдіскері Оқу жұмысы бойынша

__________ Тортбаева Р.Б. директордың орынбасарымен

«___»___________2018 ж. _________Латыпова С.С.

«___»_________2018 ж.





«Электроника негізіндегі автокөлік электржабдықтары»

пәні бойынша

Ашық сабақ


Тақырыбы: Жарық дабылына техникалық қызмет көрсету.




Дайындаған: Абильмажинов Ж.А..

Автомобильді-механикалық пәндер

(циклды) комиссиясымен

құпталды ____________

Хаттама №____

«__»________ 2018 ж




Семей қаласы 2018/2019 оқу жылы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігі білім Басқармасының

«Көлік колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Сабақ жоспары №38

Күні: 30.11.2018 жыл.

Пән аты: «Электроника негізіндегі автокөлік электржабдықтары». Оқытушы: Абильмажинов Ж.А.

Топ: 35ТР-к.

Сабақ тақырыбы: Жарық дабылына техникалық қызмет көрсету.

Сабақ мақсаты:

Білімдік: Жарық дабылының техникалық жағдайын тексеру тәртібін үйрету;

Дамытушылық: Жарық дабылының техникалық қалпын бағалау құзыретін қалыптастыру;

Тәрбиелік: Сабаққа белсенді қатысу, өзара қарым-қатынасты нығайту, оқытушыны жұмысты мұқият орындауына тәрбиелеу.

Пәнаралық байланысы: Электроника негізіндегі электротехника, Диагностика құралдары мен технологиялары

Сабақтың түрі: зертханалық жұмыс №11.

Пайдаланатын технология түрі: интерактивтік технология

Көрнекілік: Фарларды тексеретін аспап ОП, Ваз – 2106 автокөлігі, зертханалық жұмысты орындау әдістемесі.

Базалық құзыреттер: БҚ 6 - Кәсіптік шеберлігімен іс тәжірибесін кең көлемді қолдана білу.

Кәсіптік құзыреттер: КҚ 3. 12.4. Анықтамалармен жұмыс істеу, сызбалар сызу, құрастыра білу.

КҚ 3. 12.8. Автомобильді диагностикалау кезінде есептеу техникасын пайдалана білу.

Сабақ құрылымы

Сабақ құрылымының элементтері

Уақыт

I.

Ұйымдастыру бөлімі

2 минут

ІІ.

Презентация

3 минут

IIІ.

Өткен тақырыпты қайталау

20минут

ІV.

Тәжірибе жұмысы

50 минут

V.

Жұмысты безендіру

10 минут

VІ.

Сабақтың қорытындысы

5 минут

І. Ұйымдастыру бөлімі. Сәлемдесу. Дәрісхананың тазалығына, балалардың киім үлгісіне назар аудару. Оқушыларды түгелдеу. Журнал толтыру.

ІІ. Презентация: Жұмыстың мақсаты: фарларды тексеретін ОП аспабының құрылысымен танысып, соның көмегімен фарлардың жарық ағымын реттеуді үйреніп, орындау.

Тапсырма: автомобиль фарларының жарық ағымының бағытын тексеріп реттеу, фарлардың жарық күшін бақылау, фарлардың жарамдылығы туралы тұжырым жасау.

Өткен тақырып бойынша білімдеріңді тексеру үшін викторина ұйымдастырамыз. Әр дұрыс жауапқа 1 баллдан беріледі. Сабақтың екінші жартысында зертханалық жұмыс жүргіземіз. Ол кезде топты 3 топқа бөлеміз. Зертханалық жұмыс үшін топқа максималды 5 балл беріледі.

Бағалау критерии:

3 балл – 3

5 балл – 4

7 балл – 5

ІІІ. Өткен тақырыпты қайталау: Викторина

Сұрақтар:

  1. АКБ деген не?

  2. Генератор деген не?

  3. Генератордың негізгі бөлшектері?

  4. Электролит дегеніміз не?

  5. Іске қосу жүйесі дегеніміз не?

  6. Стартердің негізгі бөлшектері?

  7. Оталдыру жүйесі дегенміз не?

  8. Автомобидьдегі тоқ көзінің ен қуатты тұтынушысы?

  9. Оталыру катушкасының құрылысы?

  10. Электролитті дайындау тәртібі?

  11. 12 В-тық жүйедегі генератор беретін кернеу диапазоны?

  12. Түйіспелі оталдыру жүйсінің негізгі бөлшектері?

  13. Фараның құрылысы?

  14. Жарықтандыру жүйесіндегі қандай стандарттарды білесіздер?

  15. Автомобильде болатын міндетті жарық құралдарын атаңыздар?

  16. Тарту релесінің құрылысы?

  17. Түзту қондырғысының қызметін атаңыз?

  18. Кернеу реттегіштің қызметін атаңыз?

  19. Дизельді қозғалтқышы бар автомобильдер не себепті борттық желісі 24В-ты құрайды?

  20. Бос жүріс муфтасының қызметі?

  21. Температура сезгішінің құрылысы?

  22. Аккумулятордағы 6 СТ-75 деген жазу нені білдіреді?

  23. Аккумулятор құрылысы?

  24. Генераторда қоздыру орамы қайда орналасады?

  25. Айнымалы тоқ генераторының тұрақты тоқ генераторынан артықшылығын атаңыз?

  26. Жұмыс істеп тұрған қозғалтқышта қандай жүйе жұмыс істемейді?

  27. Оталдыру свечасының құрылысы?

  28. Сезгіш дегеніміз не?

  29. Оталдыру жүйесінің түрлерін атаңыз?

  30. Дыбыстық дабылдың жұмысы?

ІV.Тәжірибе жұмысы.

Аспап көлік құралдары фарларының жарық күшін және бағытын МемСТ 25478-91 талаптарына сай автокөлік кәсіпорнында, қызмет көрсету орталықтарында реттеуге арналған. Аспап фарлардың жантаюын және бұрылуын реттеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ тұманға қарсы фарларды тексереді.

Техникалық сипаттамасы:

Фардың шашыратқышынан оптикалық камераның линзасына дейінгі аралық, мм..................................................................................................300-400

Аспаптың оптикалық өсуінің орналасу биіктігі, мм..............................250-1600

Жарық шекарасының жантаю бұрышын есептеу диапазоны, мин/мм...0-140

Есептеудегі ауытқу, мин..............................................................................±15

Қоршаған ортаның температурасы, °С......................................................-10 +40

25°С – тағы ылғалдылық, %.........................................................80-нен кем емес.

Жылжымалы аспаптың негізгі бөлігі доңғалақта орналасқан, тіреу негізгі бөліктің үстіне орналған.

Оптикалық камераға линза, көретін шыны, жарық күшінің индикаторы орнатылған. Экранға МемСТ 25478-91-ге сәйкес жарық күшін өлшейтін фотоэлемент орнатылған.

Камераның артқыжағына фотоэлементті қосқыш орналасқан.

Фарларды тексеру аспаптың оптикалық жүйесіне күннің сәулесі түспейтін орындарда жүргізеді. Реттеу жүргізетін орын тегіс болуға тиіс, 1метрге 3мм ауытқуға рұқсат етіледі.

Фарларды қозғалтқыш жұмыс істемей тұрғанда тексереді.

Автомобильді тексеретін орынға қойып, фардың шашырытқышын тазалайды. Автомобильдің шиндарының қысымын қалыпты көрсеткішке жеткізеді. Аспалардағы люфтерді орнына кетіру үшін автомобильді бірнеше рет шайқайды. Жеңіл автомобильдің артқы орындығына салмағы 70±20 кг жүк салады. Басқа көліктерде жүк салмай, бос тексереді. Фарларды іске қосып, олардың ақаусыздығын тексереді.

Аспаты автомобильдің алдындағы тегіс жерге қойып, фармен аспаптың арасы 300-400 мм болатындай етіп орналастырады. Аспапты фардың биіктігімен бірдей етіп қояды да, аспаптағы тексеретін көлденең сызықты фардың жарығымен сәйкес келетіндігін тексереді.

Фарларды тексеруді жарық тарату жүйесіне байланысты жүргізеді. МемСТ бойынша жарық тарату келесі түрлерге бөлінеді:

С - жақынды жарықтандыру жарығы;

R - алысты жарықтандыру жарығы;

CR – жақын және алыс жарық;

НС – жақын жарық голегенді шырақпен;

HR – алыс жарық голегенді шырақпен:

HCR – жақын және алыс жарығы голегенді шырақпен.

Еуропалық жүйедегі фарлардың жарық таратумен тексеру.

Фарлардың жарығының сол жақ бөлігіндегі төмендеу шамасын есептегіш дискімен оның биіктігіне сәйкес орнатады.

Еуропалық жүйедегі жарықтың таралуын тексеруге арналған параметрлер.


Жақынды жарықтандыратын фарды орнату биіктігі, мм

Дискідегі белгі бойынша жарық көлеңке шекарасындағы сол жақ бөлігінің төмендеуі, мм

600 – ге дейін

600 – ден 700 – ге дейін

700 – ден 800 – ге дейін

800 – ден 900 – ге дейін

900 – ден 1000 – ға дейін

1000 – нан 1200 – ге дейін

1200 – ден 1600 – ға дейін

100 (1)

130 (1,3)

150 (1,5)

176 (1,76)

200 (2)

220 (2,2)

290 (2,9)

Жарық жарығын қосады. Фарлардың орналасуының дұрыстығын тексереді. Егер фарлар дұрыс орналаспаса, онда реттегіш бұрамалармен реттейді.

Фардың жарық күшін бақылау үшін Ờ кнопкасы басады: бұл кезде индикатордың меңзеңі Ờ секторында болуға тиіс. Содан кейін Ờ кнопкасын басады, бұл жағдайда индикатордың меңзеңі Ờ секторда болады.

Фардың және экранның орналасуын өзгертпей, жақын жарықты бақылығандағы жағдай бойынша фарды алысты жарықтандыратын жарыққа қосады. Ờ кнопканы басады, бұл жағдайда индикатордың меңзеңі Ờ секторында болуға тиіс. Егер олай болмаса, онда оптикалық элементті немесе шырақты ауыстырады.

Басқа фарлардың жарамдылығын осы тәртіп бойынша тексереді.

Зертханалық жұмысты орындау тәртібі:

Зертханалық жұмысты орындау үшін қауіпсіздік ережелерімен танысу;

ОП модельді фарды тексеретін аспаптың құрылысымен танысу.

Автомобильді тексеретін жерге орналастыру.

Автомобильдің фарларын нұсқау бойынша тексеріп реттеу.

Тексеру нәтижелерін кестеге түсіру.

Тексеру нәтижелері.


Жарық тарату жүйесі

Фарлардың түрі

Сол бөлігінің төмендеуі жарық көлеңке шекарасы, мм (%)


Реттеу қажеттілігі

Техникалық жағдайы туралы тұжырым







V. Жұмысты безендіру.

Есептемені безендіру. Лабораториялық дәптерге жұмысты жазу.

VІ. Сабақтың қорытындысы:

Оқушыларды бағалап, қойылған бағаларды айқындау.


Оқытушы ________ Абильмажинов Ж.А.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тақырыбы: Жарық дабылына техникалық қызмет көрсету.

Автор: Абильмажинов Жандос Акылбекович

Дата: 08.04.2019

Номер свидетельства: 506458


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства