kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Таби?атты са?тау

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушыларды? ?аза? тілінде ауызекі с?йлеу тілін дамыту, таби?ат туралы т?сініктерін ке?ейту, о?ушыларды? ойлау ?абілетін дамыта отырып, таби?ат?а байланысты ??ымдарын тере?дету ж?не грамматикалы? т?р?ыдан с?з тіркесіне байланысты  білімдерін  тияна?тап, т?жірибемен ?штастыру ; С?здік ?орын молайту, т?рлі тапсырмалар ар?ылы о?ушыларды? шы?армашылы? ?абілетін, тілін, логикалы? ойлау ?абілеттерін дамыту, ауызекі с?йлеу да?дыларын жетілдіру,топпен ж?мыс істеу да?дысын ?алыптастыру; ?аза? тілі саба?ына ?ызы?ушылы?тарын, таби?ат?а деген с?йіспеншілік сезімдерін арттыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Таби?атты са?тау»

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы

Ғабит Мүсірепов атандағы № 10 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Оралбаева Бейнегүл Айтпайқызы



Сабақтың тақырыбы: Табиғатты сақтау.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың қазақ тілінде ауызекі сөйлеу тілін дамыту, табиғат туралы түсініктерін кеңейту, оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, табиғатқа байланысты ұғымдарын тереңдету және грамматикалық тұрғыдан сөз тіркесіне байланысты білімдерін тиянақтап, тәжірибемен ұштастыру ; Сөздік қорын молайту, түрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін, тілін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдіру,топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру; Қазақ тілі сабағына қызығушылықтарын, табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

Міндеттері:

 Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.

 Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау.

 Басқаның пікірін сыйлауға, сөзін бөлмеуге үйрету.

 Оқушылардың қызығушылығын ояту

Мұғалім үшін оқу нәтижелері:

 Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы тақырыпты меңгеру.

 Оқушылардың бірін - бірі бағалау мүмкіндіктерін жасау

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Ой қозғау», «Мағынаны ажырату», «Ой толғаныс» стратегиялары, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, оқушылардың шығармашылық жұмыстары, бағалау парақтары, әдістемелік құралдар, үлестірмелі материалдар.

Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы

Пәнаралық байланыс: музыка, география,бейнелеу өнері.

Күтілетін нәтиже:

 Тақырып бойынша жаңа ұғымдардың, сөздердің мағыналарын түсініп,сабақта қолданылуы;

 Топпен жұмыс істеп, бір-бірінің пікірлерін сыйлауға үйренеді;

 Жаңа технология арқылы оқуға деген қызғушылық тудырады;

 Еркін ойлауға мүмкіндік береді;

 Ақыл-ойын дамытады;

 Шығармашылық белсенділігі артады;

 Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді;

 Тіл байлығы жетіледі;

 Жан-жақты ізденеді;

 Өз ойын жеткізе алады;

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!

- Қалдарыңыз қалай?

- Көңіл - күйлерің қалай?

Өте жақсы, балалар! Енді осындай тамаша көңіл – күймен мен сендерді «шаттық шеңберіне» шақырамын.

Шеңберді біз құрайық,

Алақанды ашайық.

Күннің нұрын алайық,

Қонақтарға шашайық.


1.Рефлексия

Шөліркемей гүл тұрсын! (сол қолын жайып көтереді)

Жерім жайнап құлпырсын! (оң қолын жайып көтереді)

Нұрын сыйлап біздерге (екі қолын жоғары көтереді)

Көкте мәңгі гүл тұрсын! (екі қолын төбесіне көтереді)

Нұр сыйлаған күн ыстық (қолдарын жаяды)

Ыстық бізге кең өлке (оң жаққа қарайды)

Ыстық бізге тыныштық! (сол жаққа қарайды)--

-Оқушылар, біздің сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Қазір үш топқа бөлінеміз. Бірақ сабағымызды бастамас бұрын мына бір суретшінің асығыс салған дүниесіне, яғни табиғатына жан берсек қалай қарайсыздар. Ендеше парта үстінде жатқан аңдар мен құстарды,ағаштарды мына бір табиғат аясына, өздерінің мекендеріне орналастыру керек.(Оқушылар аңдар мен балықтарды орналастырады)

Енді балықтарға қамқор болғандар мына топқа, аңдарға қамқор болғандар мына топқа отырады.

1-топ: «Аңшылар»

2-топ: «Орманшылар»

3-топ: «Қамқоршылар»

-Балалар, қалай ойлайсыңдар сендердің топтарыңа берілген атаулар нені білдіреді?(олар табиғат сөзімен байланысты)

Сабақтың ережесімен еске түсірейік :

- Бірін-бірі тыңдау

- Ойын ашық айту

- Сабаққа түгел қатысу-

- Ұйымшыл болу

- Уақытқа бағыну


2. Қызығушылығын ояту;-

-Құрметті аңшылар мен қамқоршылар және орманшылар сіздердің алдарыңызда тапсырмалар жатыр. Ал сол жұмыстардың бағаларын бүгін бағалау парағына белгілейміз,.ол үшін спикер бар,ол бағалайтын болады. Ендеше, іске сәт!

3.Сабақтың мақсатымен таныстыру:

-- Сабағымыздың мақсаты: осы тақырып бойынша жаңа сөздер үйрену, , сұрақты түсініп жауап бере білуге дағдылану, өз ойымызды дұрыс жеткізуге дағдылану.

Аты-жөні

Ассоциация

Үй жұмысы

Мәтінмен

жұмыс

Ыстық

орындық

Тапсырма

Қорытынды





























4. Ой қозғау. Ассоциациялық қатар құру.

- «Табиғат» деген сөзді естігенде сендер қандай ассоцияцияларды көз алдына елестетесіңдер. қандай ойларың туады?

Сендер бір сөзбен тек осы тақырыпқа 2 минут ішінде тән белгілерді еске түсіріп жазыңдар ақ қағазға

Сонымен, «Табиғат» - бұл... 3- 4 ассоциация жазады

1-топ- зат есіммен,2-топ- сын есіммен,3-топ -етістікпен

Әр топтан бір спикер шығып, өз ойларын айтып береді .

1-топ- Табиғат дегенде, біз жер, аспан, су, өсімдіктер, жануарлар, ауа, от, күн, жылу, ай, өзен - көлдер, таулар т. б. көз алдымызға елестетеміз. Бұлар бір - бірінсіз өмір сүре алмайды. Адам да табиғатта өмір сүреді. Өз өміріне қажетті заттарды осы табиғат - анадан алады. Суды өз өміріміз үшін қолданамыз. Күн бізге жылу, жарық береді. Өсімдіктер бізге таза ауа бөліп шығарады. Яғни, табиғаттағы әр заттың өз орны, өз маңызы бар.


2-топ-Табиғаттағы барлық нәрсе өзара тығыз байланысты. Адам да табиғаттың бір бөлшегі. Табиғаттың бірінде болып жатқан өзгеріс міндетті түрде екінші жеріне әсер тигізеді. Сондықтан да табиғаттың бір бөлшегін жою, өзіне зиян келтіреді, сол арқылы адам баласының күн көрісіне залалын тигізеді.

3-топ-Табиғатпен адам қатар ұғым. Табиғатсыз адам , адамсыз табиғат өмір сүруі мүмкін емес. Себебі адам өз керектісін, қажеттісін табиғаттан табиғи күйінде немесе өндіріп алады. Адам табиғаттын бір бөлшегі болып табылады. Табиғатты қорғау, табиғатты сақтау болашақ жастар біздің қолымызда.


II Үй жұмысын тексеру.

Ойын: «Кім жылдам». Бір-бірін тексереді. Қазақ халқының тыйым салу сөздері өте көп (запретные слова - табу) . Солар арқылы балаларына тәлім- тәрбие берген..Ол.

1топ-2топқа -басын айтады: 2-топ-.3-топ- аудару

Суға түкірме

Суды лайлама

Су ішетін құдыққа түкірме

Бұлақты былғама

Көкті жұлма

Орманды өртеме

Жалғыз ағашты кеспе

Құмырсқаның илеуін бұзба

Өрмекшіні өлтірме

Аққуды атпа


Ш Жаңа сабаққа кіріспе:

а)Қызығушылықты ояту: Ал, енді біз қазір жаңа тақырыпқа көшеміз. Қандай тақырып, екенің сендер маған айтып бересіздер, ол үшін мен сіздерге видео көрініс көрсетемін.

-Бұл бейнефильм не туралы?

-Сендер қалай ойлайсындар,қазір қандай апат үлкен ?(экологиялық)

-Қ-да апатты жер қандай?(Арал,Семей,Балқаш)

-Сіздің ойынызша,біздің парызымыз неде?(табиғатты сақтау)

- Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?

Дұрыс, бүгінгі сабағымыз табиғат қорғау жайында болмақ.

-Дәптерлерімізді ашып бүгінгі күнді, тақырыпты жазамыз.

Таза болса табиғат –

Аман болар адамзат, - Фариза Оңғарсынова айтқан. Қоршаған ортаның, табиғаттың таза болуы- адамның денсаулығының кепілі. Сендер табиғаттың пайдасын,табиғатқа зиян келтіретін заттармен мәтін арқылы танысасыз .Ал қоршаған ортаны қорғау жолдарын мына мәтіннен тауып аласыз.(мәтін мұғалім оқиды)


б)Мәтін: Табиғатты сақтау

Бүгінде экология ғаламшар халқының ең үлкен проблемасына айналды. Табиғи ресурстар азайып барады. Біздің қоршаған орта ластанған. Үлкен қалалардың ауасында адам ағзасына зиян көптеген улы заттар кездеседі. Табиғатқа зиянды нәрсенің бір көзі – автокөліктер. Бензинмен жүретін көліктер көп улы заттарды бөліп шығарады.Фабрика, зауыттар түтінінен улы жарылғыш заттар

Адамдардың көбі табиғатқа жанашырлықпен қарамайды.Мысалы, су жағасына қоқыс үйіндісін төгеді.Сол себепті, су қоймаларының көпшілігі су ішуге жарамсыз болып қалады.

Табиғат - тірі дүние. Біз табиғаттан тек алуды білеміз. Оның бар байлығын пайдаланып жатырмыз. Ал табиғатқа қамқорлық жасауды ұмытып кетеміз. Осы табиғатты қорғаудың жолдары бар: табиғи орынды сақтау, ауаны, суды ластамау,табиғатты аялап ұстау,бүлдірмеу. Табиғатты қорғау жөнінде жұмыстарын жүргізу,табиғи ортаны таза ұстау, жақсарту, алаңдарды көгалдандыру, бұлақ көздерін ашу.

Еуропа елдері қоршаған ортаны қорғауға көп мән береді. Оңтүстік Корея еш уақытта ормандарын кесіп, өндіріске пайдаланбайды екен. Орман - оттектің жер бетіндегі бірден-бір көзі. Ол - атмосфералық ауаны тазартушы. Бір гектар жерді алып жатқан қарағай жыл сайын он тонна оттек шығарады екен. Ал өзі сонша мөлшерде көмірқышқыл газын жұтады. Академик К.А. Тимирязев: «Өсімдік жақсы өссе - адам да жақсы өмір сүреді», - деген .

Біздің республикамыздың көп аймағы көмекке зәру. Табиғатқа келтірген зиян - өзімізге жасаған қастандығымыз.


в). Мағынаны таны

Сөздікпен жұмыс: « Ыстық орындық»

Мәселе - проблема

Азайып барады - становится меньше;

адам ағзасына зиян - вредные для человеческого организма

көп мән береді - уделяют много внимания;

көмірқышқыл газ - углекислый газ;

ластанған - загрязнена;

тірі - живой;

қамқорлық - забота;

ұрпақ - поколение;

мұра - наследие;

өндіріс - промышленность;

оттек - кислород;

зиян - вред;

қастандық - покушение;

аялайық - беречь;

аймақ - край, территория;

зәру - необходимо, нужда

«Ыстық орындық». Топтағы оқушылар сандарға бөлінеді.

№1 санды бала: Жаңа сөздерді сұрайды.

№2 санды бала: Тақырып бойынша сұрақ қояды.

№3 санды бала: - сөз тіркесін құрайды

4санды бала:-зат есім табады(1*-топ,2-топ-сын есім,3-топ-етістік)

г)Критерии

д)Жұмыс түрлері: Инсерт(На полях текста галочкой отмечаем)

v-уже знал

- Противоречит тому что знаете

+ для нас новое

? -хочу знать

Тексеру .1-топ: не білдіңдер

2-топ ;не жаңа

3-топ; не білгің келеді


е) «Сұрақтар сөйлесін»(3қағаз )

1 – топтың сұрағы

Табиғатқа адамзат өз тарапынан қамқор болу парыз. Ендеше осы табиғатты қорғаудың жолдары қандай?

Күтілетін жауаптар.

1. Табиғи орынды сақтау. Ауаны, суды ластамау;

2. Табиғатты аялап ұстау, Бүлдірмеу. Табиғатты қорғау жөнінде жұмыстарын жүргізу.

3. Табиғи ортаны таза ұстау, жақсарту, алаңдарды көгалдандыру, бұлақ көздерін ашу.

2 – топтың сұрағы.

Сұрақ : Табиғатқа нелер зиянды деп ойлайсыңдар?

Жауаптар:

1.Табиғатқа зиянды нәрсе – адамның тіршілік заңын жақсы білмеуі.

2.Табиғатқа зиянды нәрсенің бір көзі – автокөліктер. Бензинмен жүретін көліктер көп мөлшерде улы заттарды бөліп шығарады.

3.Фабрика, зауыттардың мұржасынан шыққан түтіндер, улы жарылғыш заттар.

4.Адамдардың көбі табиғатқа жанашырлықпен қарамайды.Мысалы, су жағасына қоқыс үйіндісін төгеді.Сол себепті, су қоймаларының көпшілігі су ішуге жарамсыз болып қалады.

3- топтың сұрағы. Табиғаттың пайдасы


Табиғат дегенде, біз жер, аспан, су, өсімдіктер, жануарлар, ауа, от, күн, жылу, ай, өзен - көлдер, таулар т. б. көз алдымызға елестетеміз. Бұлар бір - бірінсіз өмір сүре алмайды. Адам да табиғатта өмір сүреді. Өз өміріне қажетті заттарды осы табиғат - анадан алады. Суды өз өміріміз үшін қолданамыз. Күн бізге жылу, жарық береді. Өсімдіктер бізге таза ауа бөліп шығарады. Яғни, табиғаттағы әр заттың өз орны, өз маңызы бар.

IV Қорытынды.2 мин

- Біз бүгін не туралы айттық?

- Сабақта алған ақпараттар негізінде қандай қорытынды жасар едік

Табиғатты сақтау үшін не істейміз?

Сөйлемдерді толықтыр:.

1Табиғат - ..................... тірі дүние

2 Адам баласы табиғатты ... . қорғау тиіс.

3Біздің республикамыздың көп аймағы....... көмекке зәру.

4Табиғи орынды .............. сақтаймыз..

5Ауаны, суды ............,. ластамаймыз.

6Табиғатты қорғау жөнінде жұмыстарын........... жүргіземіз.

, 7.Табиғатты сақтау-................... біздің парызымыз.

Керекті сөздер: қорғау тиіс, жүргіземіз, тірі дүние, сақтаймыз, біздің парызымыз, көмекке зәру, ластамаймыз.


V Бағалау. Өздерінің түсіну дәрежесі парағын толтыруының қорытындысы және топта жұмыс істеу белсенділігін, дұрыс жауап беруін ескере отырып бағалау..Бағалау спикерлерге сөз ,өзім спикерлерге баға қоямын

.

Анкета.


Рефлексия

Мына сұрақтарға жауап беріңіздер:

  1. Сабақтан қандай көңіл-күймен қайтып барасыз? (с каким настроением ты уходишь с урока?)

  2. Тақырып бойынша өз біліміңізді қалай бағалайсыз? (Как оцениваешь свою работу?)

  3. Алдағы уақытта мұғалімге және өзіңе не тілер едің. (Твои пожелания учителю)


VI.Үй жұмысы: 123-бет өзің аяқта.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Таби?атты са?тау

Автор: Оралбаева Бейнегуль Айтпаевна

Дата: 30.03.2016

Номер свидетельства: 312630


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства