kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәрбие сағатының тақырыбы:Көшеде өзіңді қалай ұстайсың?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Көпшілік ортада өзінің жалғыз емес екенін есте сақтайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағатының тақырыбы:Көшеде өзіңді қалай ұстайсың?»

Тақырыбы: Көшеде өзіңді ұстай білесің бе? Бұл қызықты! Мәртебелі – ауа райы.

Мақсаты:Оқушыларды ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, шыдамдылыққа және өз ойын мәдени түрде жеткізуге, білуге үйрету. Оқушыларды ұстамдылыққа, мәдени сөйлеуге тәрбиелеу.
Түрі: пікірталас
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд
Барысы:
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Қоғамдық ортада өзіңді ұстай білесің бе?» тақырыбындағы тәрбие сағатымызды бастаймыз.
ТӘРБИЕЛІ ҚЫЗДАР Көпшілік ортада:
Ол үнемі өзінің жалғыз емес екенін есте сақтайды. Өзін өзгелерге кедергі келтірмейтіндей ұстайды. Біреумен сөйлесіп тұрып сағыз шайнамайды. Шайнаған сағызын жерге түкіріп тастамайды немесе үстелге, орындыққа, қабырғаға жапсырмайды. Қарсы келген үлкен кісіге жол беріп өткізіп жібереді. Өтіп бар жатып тайып кеткен кісіне сүйеу болады. Қоғамдық көлікте үлкендер мен балалы әйелдерді өткізіп жібереді, оларға орын береді. Автобустан шығарда алдындағы кісілерді итермелемей, сыпай ғана өткізіп жіберуді сұрайды.
Көліктен түсерде қарттар мен балалы әйелдерге көмектеседі.
Біреудің аяғын басып кетсе сыпайы кешірім сұрайды, ал егер өзінің аяғын басып кетсе, ашуланбайды үндемей шыдайды. Еш уақытта өзінің назарын аударған нәрсені қолын шошайтып көрсетпейді, көзімен не ыммен көрсетеді. Кәмпиттің немесе сағыздың қағазын т. б. заттарды жерге немесе қоқыс салғыштың сыртына лақтыра салмайды.
Көшені тек рұқсат етілген жерден не бағдаршамның жасыл түсіне кесіп өтеді.
Кітапханада:
Алған кітабын уақытылы тапсырады. Бұл кітапты өзінен кейін басқалардың оқитынын үнемі есінде сақтайды. Сондықтан оның бетін бүктемейді, жыртпайды, жазбайды. Оқу залында 1 мин. болса да қасындағылармен сыбырлап та болса сөйлеспейді. Кітап оқып отырып ұйықтап қалмайды.
Мұражай мен көрмеде:
Жәдігерлерді қолымен ұстамайды. Еш уақытта айқайлап қатты күлмейді, қолын сілтемейді.
Театрда оқушылар өздерін қалай ұстай керек. Осы тақырып төңірегінде не дейсіз?
Театрда:
Спектакльдің басталуына 15 - 20 мин. қалғанда келеді. Сондықтан да асықпай шешініп, өзін қалыпқа келтіріп, бағдарлама сатып алып, орнына ертерек барып отыруға уақыты болады.
Өз орнына отырған кісіге қарсы қарап, бетін беріп өтеді.
Кісілерді орынан тұрып өткізіп жібереді.
Билетте көрсетілген орнына отырады, ал егер ол орын бос болмай, әрі босатудан бас тартса, ұрыспай билет тексерушіге барып жолығады.
Қойылым жүріп жатқанда сөйлемейді, тамақ жемейді, еденді аяғымен ұрмайды. Сахна жабылмай тұрып, орнынан тұрып шығып кетпейді.
: Сұрақ: Қоғамдық ортада жастардың мәдениеті қандай?
Өз - өзін ұстау, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу жағы?. Осы тақырып төңірегінде не дейсіз?
Қазіргі көпшілік жастар қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстамайды. Оны айтпаса да көрініп тұрған нәрсе. Бірақ бәріне бірдей топырақ шашуға болмайды. Жастар өзгеріп барады. Мүлдем мәдениетсіздік орын алып барады деген көлденең пікірлерге қарсымын. адам өзін - өзін көпшілік ортада қалай ұстау керек, әсіресе жастар. Менің ойымша жастар көпшілік ортада өзін салмақты, тәртіпті, байсалды, жігерлі ұстауы керек.
Сұрақ - жауап: Келген оқушыларға өз ойларын әрі қарай жалғастыру үшін сұрақтар берілді.
1. Мектепте оқушылар қалай ұстау керек?
2. Көшеде өзін қалай ұстау керек?
3. Қоғамдық орындарда өзін қалай ұстау керек?
4. Жақын достарыңның арасында өздеріңді қалай ұстайсыңдар?
Өрттен сақтандыру ережесі Алғашқы өрт сөндіру қадамы. Қауіпсіздік белгілері
Егер сіз өрт көрсеңіз, әрине, бірден өрт сөндірушілерді шақырыңыз, 01 қызметінің телефонистінің сұрақтарына айқын жауап беріңіз. Қай жерде жанып жатқанын, өзіңіздің телефоныңыздың нөмірін, аты-жөніңізді және қабатты айқын айтыңыз. Басқа сұрақтар қойса да ренжімеңіз (мысалы, неше подъезд, қалай жетуге болады), өрт болған жағдайда қажетсіз сұрақтар қойылмайды. Мүмкіндік болса, өрт сөндіру көліктерің қарсы алыңыз. Осының бәрі артық минуттарды сақтайды. 
Егер сіз түтіннің исін сезсеңіз, сым немесе электр құралы жанып жатпағандығын тексеріңіз. Егер түтін подъезден келсе, дереу шаралар қолданыңыз. Не болып жатқанын анықтауға тырысыңыз. Бірақ абайлап қимылдау керек: пәтерден шыққан соң есікті жабыңыз, әйтпесе пәтеріңіз подъездің түтіні шығатын үлкен түтіндік болады және оның ішінде жөндеу жұмыстарын жасамай тұруға болмайды. Ал егер түтін демалуыңызға қауіпті болса, төменге түспеңіз – 01 телефонына қоңырау соғыңыз. 
Осындай жағдайда адамның үйден жүгіріп шығу әрекеті зардапқа әкеліп соқтырады. Есікті жабыңыз, тесіктерді, желдету тесіктерді сулы шүберекпен жабыңыз да, өрт сөндірушілерді күтіңіз. Үйден шығуға тырыспаңыз (тек егер сіз бірінші қабатта тұрмасаңыз), тіпті лифтпен түспеңіз. Екі-үш баспалдақ аралығынан өтіп, жану өнімдерімен улануға болады, ал лифтті өрт кезінде кез келген уақытта сөндіріп тастауы мүмкін. 

«Бұл қызықты! Мәртебелі – ауа райы

Ауа – райы әрдайым өзгеріс те болады. Егер күн ыстық болса өзен көлдердегі сулар буға айналып аспанға көтеріледі  жоғары да температура төмен болғандықтан бу суға айналып жерге түседі.Осылай жаңбыр жауады. Ауа – райы осылай өзгере береді.

Ауа райының жергілікті белгілері – жергілікті метеорологиялық бақылауларға сүйеніп, ауа райының жуық арада (бірнеше сағат ішінде) өзгеруін болжауға мүмкіндік беретін атмосфералық құбылыстар. Олар жай көзбен (бұлттың қоюлығы, жылжу бағыты және оның аспан күмбезіндегі мөлшері, ашық түнде жер бетіне шықтың түсуі, т.б.) және аспаппен байқалатын метеорол. құбылыстар болып бөлінеді. Қолайлы ауа райы ұзақ уақыт өзгермейтін болса, онда сол аймақтағы атмосф. қысым көтеріліп, түнде тымық, күндіз жұмсақ жел еседі, ауа температурасы күндіз жоғарылап, түнде төмендейді, кейде кешке қарай болмашы жауын-шашын себелейді. Мұндай ауа райы антициклонның ықпалы тиетін аймақтарға тән. Атмосф. қысымның төмендеп, желдің жылдамдығы мен ауа температурасының бір қалыпта болуы, аспанды түгелдей бұлт торлап, жауын-шашын толассыз, ұзақ жаууы қолайсыз ауа райының белгілеріне жатады. Ондай ауа райы циклон тараған аудандарда басым келеді.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тәрбие сағатының тақырыбы:Көшеде өзіңді қалай ұстайсың?

Автор: Уразаева Фатима Кенесовна

Дата: 12.01.2021

Номер свидетельства: 569908


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства