Просмотр содержимого документа
«Т.Ахтанов "Шырағың сөнбесін" 11-сынып»
Сыныбы: 11 «А»
Пәні: қазақ әдебиеті
Ашық сабақтың тақырыбы:Тахауи Ахтанов «Шырағың сөнбесін» романынан үзінді
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Логикалық сұрақтар арқылы, шығарманың тарихи маңызын, жазушы стилін ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, әдеби сөйлеу тілін қалыптастыра отырып көркем сөйлеуге бейімдеу.
Тәрбиелік: Проблемалық сұрақтар арқылы оқушылардың адами болмысын тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, логикалық сұрақтар
Көрнекіліктер: слайд
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
«Қозғалыстағы сурет» арқылы оқушыларға жақсы көңіл-күй сыйлау
ІІ. Үй тапсырмасы.
Оқушыларға сұрақтар қойылады.
Тахауи Ахтанов және ұлы Отан соғысы
Майдандағы ерлігі
Марапаттары
ІІІ. Жаңа сабақ
Блум таксономиясының кезеңдері.
І. Білу. Мұғалім сөзі.
Жазушының прозадағы үшінші көлемді туындысы — «Шырағың сөнбесін» романы. Тахауи Ахтанов баяғыда, отыз жастың маңайында жүрген шағында ұсынған «Қаһарлы күндер» романында соғыстағы тірліктің қалай болғанын, қас дұшпанмен кім қалай арпалысқанын жазса, енді елу жасқа толар шақта қағазға төккен мына «Шырағың сөнбесін» романында соны соқпаққа түсіп, соғыстың неліктен болмауы керектігін, адамзаттың неліктен соғысу үшін жаралмайтынын баян етті, әрине, алуан тағдырлар, әр қилы көңіл-күйлер шарпысы арқылы баян етті. Бұл — бір. Екіншіден, соғыс суреттерін әйелдің, анығырақ айтқанда, әйелдердің көзімен суреттейтін, сол себепті де сол қанды қырғындағы әйелдердің психологиясын мұншалықты терең бейнелеп берген мұндай тағы бір роман қазақ прозасында басқашалай жоқ. «Шырағың сөнбесін» романы – қазақ әдебиетінің әскери жанрдағы санаулы жәдігерлерінің бірі.
Шығарманы құрылысына қарай талдайды.
ІІ. Түсіну.
Жазушы тіліне талдау жасалады.
Назираның іс-әрекеті арқылы образын ашады.
ІІІ. Қолдану.
Топтық тапсырма. Шығарма бөлімдерге бөлінеді.
Берілген бөлімдер бойынша қарсыластарына логикалық сұрақтар дайындайды.
/ Ықтимал сұрақтар/
1-бөлім. Назира неге Светаның қасіретін ойлап, өз қайғысын ұмытып кетті?
2-бөлім. Неге ол жалғыз емес ұяластырымның ортасындамын дейді?
3-бөлім.Ол дәрменсіздікті неге орман ішінде сезінді?
Тұрып жатқан мекені неге оған жат боп көрінді?
Ол неге осыған дейін жалғыздықты сезінген жоқ?
Ол іштегі баласын неге шыраққа теңеді? Неге от емес?
4-бөлім.
Неге ол қазақ ортасын аңсады?
Жалғыздықты артқа тастап, алға жылжуына не себеп болды?
IV.Талдау.
Назираның орнында болсаң, сен не істер едің?
V. Жинақтау. Шешендік сөз.
1. Бүгінгі таңда біздің елімізде өте өзекті мәселе орын алып отыр. Ол – көкек аналар, тастанды балалар. Шығарманың бас кейіпкері Назираны қазіргі заманғы көкек аналармен салыстырып көріңдерші.
- Соғыс жылдарында, қиын кезде баласын тастамаған Назира мен қазіргі бейбіт заманда баласын тастап жатқан қыздарға не дейсіңдер? Неге олар осындай қатыгездікке барады?
- Шырағың сөнбесін деген сөздің өзі ұрпағың жалғассын дегенді білдірмей ме? Қазақ даласында бұрын-соңды жетім болмаған? Қазір неге көп?
VІ. Бағалау.
-Шығарма біз оқыған шығармаларға ұқсай ма? Несімен ерекше?
- «Талант деген қыран секілді нәрсе! Талант ретінде Тахауиде қос қанат бар: бірі- реализм, бірі –психологизм.Ол өзінің сөз өнеріндегі қазіргі биігіне осынау қос қанатымен парлап, самғап ұшты.» З. Қабдолов. Психология. Адамның жан дүниесі. Адам сезімін зерттейтін ғылым. Біздің ортамызда болашақ психолог бар. Ол – Томирис. Томириске сөз беру.
Бағалау ретінде оқушылардан кері байланыс алынады.
Сабақтың ең ұтымды жерлерін ата.
Ұнамаған тұсын көрсет.
Бүгінгі үйренгенің сен үшін болашақта қажет болады деп ойлайсың ба?
Сабаққа қалай ат салыстың?
Сабақтан өзіңе қандай ой түйдің?
Үйге: Ә. Нұрпейісов «Қан мен тер» романынан үзінді оқып келу