Просмотр содержимого документа
«Т?уелсіз ?аза?стан. Жал?ы ж?не жалпы зат есім. »
Оқытушы: Хасенова Слушаш Елеусизовна
Пәні: Қазақ тілі
Модуль. Қазақстан Республикасы
Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан күні.
Грамматикасы: Жалқы, жалпы есім.
Тақырыптың өзектілігі: Ситуация арқылы сөйлету.
Білімділігі : Білім алушыларға Тәуелсіз Қазақстанның тарихы туралы айту, білімдерін толықтыру.
Дамытушылығы : Білім алушылардың тілін жаттықтыру, сөздік қорын дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Білім алушыларды адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Оқушылардың Қазақ еліне деген қызығушылықтарын арттыру.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, орыс тілі.
Көрнекілігі: Үлестірмелі парақшалар, оқулық «Қазақ тілі» А.Ш.Бектурова
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
Оқытушының кіріспе сөзі.
Үй тапсырмасын сұрау, бағалау. Өтілген материалдардың жаңа материалмен байланысы.
ІІ. Жаңа сабақ.
Қазақстан туралы мәлімет, 1986 ж. 16-17 желтоқсан күнгі оқиғалар жөнінде мәліметтер. Грамматикалық тақырыбы: Жалқы, жалпы есім.
1 – тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Қазақстан Республикасы қашан құрылды?
Алғашқы кезде қандай автономиялық республиканың құрамына кірді?
Қазақстан қай жылы одақтас республикаға айналды?
Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларация қашан қабылданды?
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қашан жариялады?
Тәуелсіздік жолында ерлік көрсеткен қазақстандықтарды атай аласыздар ма?
2 – тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз.
Желтоқсан көтерілісі
17-18 желтоқсан аралығында Алматыда қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық әміршіл- әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдары орын алды. Оған Мәскеудегі Орталықтың республика халқының пікірімен санамастан Ресейдің Ульянов облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Г.В.Колбинді Қазақстан Компартиясы Орталық комитетіне бірінші хатшы етіп тағайындауы түрткі болды. 17 желтоқсан күні таңертең сағат 8-де Алматыдағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашқыда 300-дей адам жиналып, кешке дейін олардың саны 20 мыңға жетті. КСРО ІІМ-ң №0385 бұйрығы негізінде дайындалған «Құйын - 86» операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.
Барлығы 8,5 мың адам ұсталды. Желтоқсанның 19-23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның әр түпкірінде орын алды.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз мемлекет ретінде жарияланды. Астана қаласында осы көтеріліс атында көше бар.
3 - тапсырма. Кестеден тиісті сөйлемдерді тауып алыңыз.
Принятие Республики Казахстан в ООН.
Провозглашение независимости Республики Казахстан.
Соглашение о нераспространении ядерного оружия.
Выборы первого президента Н.Ә.Назарбаева.
Введение в оборот национальной валюты.
Выпуск паспортов РК.
Принятие первой и второй Конституций РК.
Основными элементами политической системы являются государство, политические партии, культовые места, общественно-политические организации и др.
4 – тапсырма. «Қазақстан Республикасының тәуелсіз кезеңдері»
Уақыты
Негізгі оқиғалар
1. 1991 жыл
1 желтоқсан
2. 1991 жыл
16 желтоқсан 3. 1991 жыл наурыз
4. 1992 жыл 4 маусым
5. 1992 жыл қазан
6. 1993 жыл 28 қаңтар
7. 1993 жыл 15 қараша
8. 1995 жыл 27 ақпан
9. 1995 жыл 30 тамыз
10. 1996 жыл 3 қыркүйек
11. 1997 жыл 10 қазан
12. 1997 жыл 11 қазан
13. 1998 жыл 29 қаңтар
Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевты сайлауы.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет деп жариялануы
ҚР БҰҰ-ң мүшесі болуы
Ту, Елтаңба, Әнұран қабылдануы
Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы
Тұңғыш Конституцияның қабылдануы
Ұлттық валютаның енгізілуі
ҚР Төлқұжатының шығуы
Екінші Конституцияның қабылдануы
Ядролық қаруды таратпау келісімі
Астана Ақмола болып жариялануы
«Қазақстан-2030» стратегиясы
Т.Мұсабаевтың ғарышқа ұшуы
ІІІ. Білім алушылармен жұмыс
а) Берілген мәтінге сұрақтар қойып, бір-біріңізбен сөйлесіңіз.
ә) Мәтіндерден жалқы, жалпы зат есімдерді теріп жазыңыз
б) Зат есімдердің сөз құрамын анықтаңыз
в) Желтоқсан көтерілісіне қатысып, есімдері тарихта қалатын жастарды атаңыз.
Олар жөнінде мәліметтер жинап, баяндама жасаңыз.
5 – тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз.
Қазақстан Республикасы өзін жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқығы және бостандығы болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады.
Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысандағы біртұтас мемлекет. Мемлекеттік биліктің бірден-бір көзі – халық. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік біртұтас, ол конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері тармақтарына бөлініп, жүзеге асырылады
құндылықтар – ценности
құқығы және бостандығы – права и обязанности (чьи–то)
болып табылатын – являющийся
зайырлы – светское
басқару нысан – форма правления
заң шығарушы – законодатель
атқарушы – исполнитель
жүзеге асырылады – претворяется в жизнь, осуществляется
бірден-бір көзі – единственный источник
билік – власть
тармақ – ветка, ответвление
IV. Пысықтау
№17,18,19,22 жаттығулар 435-436 б.,
(Қазақ тілі авт. Ш. Бектурова).
V. Үйге тапсырма
1) Мәтінді оқып мазмұндау.
2) Желтоқсан көтерілісіне қатысып, есімдері тарихта қалатын жастарды атаңыз. Олар жөнінде мәліметтер жинап, баяндама жасаңыз.
Әдебиеттер: 10-11 сынып оқулықтары, Қазақ тілі авт. Ш. Бектурова 432-436 б.