Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты та?ырыбы:"Бауырда вирусты гепатит ауруыны? пайда болуы,алдын алу шаралары" »
Сабақтың тақырыбы: Бауырда вирусты гепатит ауруының пайда болуы, алдын алу шаралары. Сабақтың мақсаты: А) Білімділік: Вирусты гепатит ауруының пайда болуы, таралу жолдары мен аурудың алғашқы белгілері, сақтану жолдары туралы түсінік беру. Ә) Дамытушылық: Жұқпалы аурулар туралы білімдерін жетілдіре отырып, оның болдырмаудың жолдары бар екендігіне көздерін жеткізу. Б) Тәрбиелік: Жеке бас тазалығына тәрбиелеу және адамгершілікке баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, топтық - ұжымдық жұмыс Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, сызба – нұсқалар, суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Зиянды әдеттерге нелер жатады? 2. Темекінің, ішімдіктің, есірткінің
адам организміне әсері қандай? 3. Зиянды әдеттерге байланысты қандай мақал - мәтелдер білеміз?
ІІІ. Жаңа сабақ. Ой қозғау. Ағзаларға ауру туғызатын жұқпалы аурулар бес топқа бөлінеді: 1. Бактериялар, яғни микробтар туғызатын аурулар ( туберкулез, іш өту, өкпе қабынуы, т. б.) 2. Вирустар, бактерияға қарағанда кішкентай микробтар туғызатын аурулар ( сары ауру, құтыру, тұмау, т. б.) 3. Грибок туғызатын аурулар ( қышыма, теміреткі, аяқтағы грибок, т. б.) 4. Денеде тіршілік ететін ішкі паразиттер тудыратын аурулар ( безгек, іш сүзегі, т. б.) 5. Денеде тіршілік ететін сыртқы паразиттер тудыратын аурулар ( бит, бүрге, қотыр, қышыма, т. б.)
Біз бүгін вирусты «А» гепатитімен танысамыз. Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын бауыр дегеніміз не, және оның адам денесіндегі орналасқан жері, атқаратын қызметі жайлы мына суреттерге қарап, танысамыз. Бауыр – ең ірі без. Массасы шамамен 1500 грамм. Ол қызыл - қоңыр түсті. Оның көп бөлігі оң жақ қабырға астында орналасады. Оның секреті - өт. Өт қабына бауыр үздіксіз өндіретін өт жиналады. Бауыр көптеген улы заттарды тұтып, зиянсыздандырады.
ІҮ. Сабақты пысықтау: Арнайы берілген фигуралар арқылы сыныпты екі топқа бөлу. І - топ 1. Аурудың алғашқы белгілері. 2. «Жаны сауға - күнде той» ІІ - топ 1Аурудың алғашқы белгілері. 2. «Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ» Ситуациялық сұрақ: Екі топтан екі бала гепатит ауруымен ауырды делік. Бір бала ауруынан тез айықты, екіншісінің жағдайы нашарлап кетті. Неліктен?
Ү. Сабақты қорытындылау: П. К. Ивановтың «Қарағым» атты ілімнің 6 - ережесі «Айнала қоршаған табиғатты сүй. Төңірегіңе түкірме, жалпы қақырынып - түкірініп, ішіңнен ештеңі шығарма. Осыған әдеттен. Бұл сенің денсаулығың». Ендеше балалар, ауырмау әрқайсымыздың өз қолымызда екен. Тазалықты сақтап, бір - бірімізге қамқор болып жүрсек, біз бәрін де жеңеміз.