Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс ж?мыс та?ырыбы: "М??а?али м?расы-с?з маржаны"»
Мұқағали мұрасы-сөз маржаны
1-жүргізуші: Қайырлы күн , құрметті көрермендер!
2- жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар мен оқушылар !
1-жүргізуші: Бүгін біз қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрланып, жарқырап өткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаев туралы ,оның өрелі өлеңдері жайында ой өрбітбек мақсатта бас қосып отырмыз.
2- жүргізуші: Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан ,жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтын махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаев 85 жасқа толып отыр.
1-жүргізуші: Иә,өзіміз әдебиеттен оқып танысқан 4 өлеңнен кейінгі толғаныстан туған бұл кеш оның өмірлік өнегесінен бастап , өшпес өлеңдерінің бүге-шегесіне дейін танысуымызға тың жол ашады деп ойлаймын.
2- жүргізуші: Бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында қазақтың ұлы ақыны М.Мұқатаев бізге ұланғайыр мұра қалдырып кетті.
1-жүргізуші: Бүгінгі кеште сіздермен бірге өмірге іңкәр , өмірді жанындай сүйіп жырлап өткен сыршыл да сезімтал ақын жайында сыр шертіп, ақын әлеміне , өлең деген құдіретіне мұхитқа сапар шексек , өлеңдерінен өрілген сұлу сазға тербелесек деп отырмыз.
2-жүргізуші: Аламан бәйгіде оза шауып , өлең-жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы сан қырлы. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз, ендігі сәт оның өмірінен деректерге жүгінсек. (Ақын өмірбаяны туралы бейнежазба)
Оқушы : М. Мақатаев «Менің анкетам» өлеңі.
«Менің анкетам» өлеңі көрініс түрінде көрсетіледі. Дәрігер:№17 палатадағы Мұқағали жолдас, бері келіңіз, анкета толтырамыз. Дәрігер: Туған жеріңіз? Ақын: Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың. Дәрігер: Туған жылыңыз? Ақын: 1931. Құрдасымын Шәмілдің. Дәрігер: Шыққан тегіңіз? Ақын: Шаруамын. Бар тірліктен бағалы оны санаймын. Дәрігер: Білімің ше? Ақын: Орташа ғой. Алайда оны жоғарыға балаймын. Дәрігер: Ана тілің? Ақын: Қазақша. Қысылғанда орысша да, немісше де тағы бар. Дәрігер: Қайда істейсің? Ақын: Мынау еңбек кітапшамнан тауып ал. Оқымаған дипломсыз демесең, бір бойымнан бар мамандық табылар. Дәрігер: міндеттісің бе әскерге? Ақын: Міндеттімін. Біздің әлі жас кеуде. Жауынгердің ұлымын ғой, жанын қиған Мәскеуде. Дәрігер: Шет елдерде болдың ба? Ақын: Болғам жоқ. Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап. Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен, осы отырған орнымда - ақ. Дәрігер: Мекен - жайың? Ақын: Мекен - жайым - жер менің. Жерде жүрген ақын деген пендемін. Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған, мен өмірді жырлау үшін келгемін. Дәрігер: Мұқағали жолдас, сіз әлі қаралып, дәрі ішуіңіз керек. Ақын: Керегі жоқ, керегі жоқ, керегі жоқ бәрінің. Иненің де керегі, керегі жоқ дәрінің. Дәрігер: Сіз қаралып, емделіп шығасыз, сіздей адам бізге қажет, тыңдап көрейін, әлі - ақ жазылып кетесіз.(тыңдап, дәрі жазып береді.)
2- жүргізуші: Мұқағали жырларының тақырыбы әр алуан. Әр өлеңңің өзі –жаңа дүние.Ал табиғат аясында туып-өскен әрбір ақынның бұл тақырыпқа қалам тартпауы мүмкін емес. Туған жерді , оның табиғатын жырлау –барлық ақынның перзенттік парызы. Мұқағалидың да өз туған жері мен еліне арнаған өлеңдері біршама. «Отан»
2- жүргізуші: «Батар күн , келер түн. Атар таң ,шығар күн. Бәріне , бәріне құмармын. Осы мен сірә да өлмейтін шығармын, Сәл ғана мызғып ап қайтадан тұрармын»
Ақын қалай дәл болжап кеткен десеңізші! 1976 жылы 27 наурызда «қалғып кеткен» сәтінен бастап , сәл мызғыды да поэзия әлеміндегі мәңгілік жаңа өмірі басталды .
1-жүргізуші: Мұқағали жырлары –ел жұртының қасаңдап бара жатқан жан әлемін сәуле-шуағымен әрлендірер, қуат берер күш болып отырғаны шындық. «Үш бірдей бақытым бар алақанда, Мені мұндай бақытты жаратар ма?» деп жырлаған ақынның «Үш бақытым » өлеңі.
2- жүргізуші: Махамбет пен Абайдан бірдей қуат алып өскен Мұқағали ағамыз мерейтойы Юнеско бойынша аталып өткен әрі ақын әрі батыр Махамбетті пір тұтқан , ұлы Абайдың мақсатын өз мақсатым деп білген екен .
«Махамбеттер, Абайлар-ай» өлеңі.
1-жүргізуші: Ақын жүрегі нәзік , сезімтал. Кей-кезде ол сүйеніш , тірек болар адамды іздеейді. Кез келген адам ақын жанын түсіне бермейді, ақынды ақын жұбатады. Ақынды ақын оятпаса ол қайғы,
Ақынды ақын таяқтаса ол қайғы,
Ақынды ақын күйелесе , ол қайғы.
Қиналған нағыз ақын өзінің тілін ұғатын ақын іздейді. Сондай уақытта Мұқағали Фаризаны тапты.Енді біз де Мұқағали болып Фаризаға Мұң шағайық.
«Фариза » өлеңі.
2- жүргізуші: «Сырым да осы, жырым да осы , алдыңда,
Байқашы бір бықсыдым ба , жандым ба?
Махандар жоқ, Махандардың сарқыты-
Мұқағали Мақатаев бар мұнда» деп бір күндік сәуледей ағып өткен қысқы ғұмырында қазақтың ақиық ақыны- Мұқағали ұрпақтарға ұлан-ғайыр мұра қалдырып кеткені баршамызға мәлім. Ақын өлеңдері . «Өмір сүрейік алмасып»
2- жүргізуші: «Өлді деуге бола ма , айтындаршы, Өлмейтұғын артына із қалдырған » деп Абай атамыз айтқандай , Мұқағали өлген жоқ, ол бізбен мәңгілік бірге,жырлары да мәңгі жасай бермек. Нағыз тума таланттың екі өмірі бар.Бірі – шектеулі өмір, екіншісі- мәңгілік өмір. Мұқағалидың шектеулі өмірінің күні батқанымен ,оның мәңгілік шығармашылық өмірінің таңы атып, күні шықты.
2- жүргізуші Біз артында талғамы мол жырлары қалған Мұқағалиды мақтаныш етеміз. Бүгінгі жеткеншек , қазіргі жасөспірім ұрпақ оны түсініп оқуы керек . «Лай су шаймайтынарым бар, Дауылдан қорықпас жайым бар» деп ақын өзі айтқандай, ақын өлеңдері әрбір жүрекке жылу құяды, адамды қанаттандырып ғажайып өмірге бастайды.
1-жүргізуші:Тау биіктігімен , теңіз тереңдігімен, дала маңғаздығымен көрікті десек, Мұқағали жанға жақын жырларымен көрікті . Оның өлеңдері туралы зерттеулер аз жазылған жоқ, ол, әлі де жазыла береді. Жылдар өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі биіктей түседі, биіктей береді.
2- жүргізуші: Ақын Оразақын Асқар айтқандай , «Жұмыр жердің қай түкпіріне барсақ та, Мұқағали алдымыздан шығады» , өйткені халықтың жыры да, пірі де – Мұқағали.
1-жүргізуші: Мұқағали өмірде көп қиындық көрді , жалғыздықтан жапа шекті. Ақынның ой айтудағы өткірлігі,батылдығы біздерге өнеге, тәлім, сабақ бола берері сөзсіз. Иә, өлең өлмейді. Ендеше, оны жазған ақын да өлмейді.
Мұқағали Мақатаев та көз жұмған жоқ.
2- жүргізуші: Жылдар өтер... әлі небір ақындар дүниеге келер. Бірақ қара өлеңнің құдіретін аспанға бір-ақ көтерген Мұқағали есімі қашанда биіктен көрінер. Мұқағали поэзиясы әрбір мезгілмен бірге, әр ұрпақпен бірге мәңгілік жасай бермек!