kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сын есімні? шырайлары.Т?ле би.

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза? хал?ыны? билері  туралы жан-жа?ты ма??лмат беру,білімдерін ке?ейту,ал?ан білімдерін де?гейлік тапсырмалар ар?ылы бекіту. Сын есімні? шырайлары туралы т?сінік бере отырып,практикалы? жолмен ме?геру.о?ушыларды? мемлекеттік тілге деген ??рметін, ?орша?ан орта?а с?йіспеншілігін арттыру. О?ушыларды ?з Отанын, елін с?юге, ма?тан т?ту?а т?рбиелеу.

?дістері: с?ра? – жауап, талдау, т?сіндіру
Саба?ты? к?рнекілігі: суреттер, мысалдар, тірек сызбалар

Саба? жабды?ы:  тірек-сызба, интерактивті та?та ??рыл?ылары.

П?наралы? байланыс: тарих,?аза? ?дебиеті,Туризмды ?йымдастыру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сын есімні? шырайлары.Т?ле би.»

Сабақ жоспары


Оқытушы: Есенгараева А.К.

Пән: қазақ тілі

Мамандық,топ: 0508000-«Тамақтандыруды ұйымдастыру»

Тақырыбы: Сын есімнің шырайлары.Төле би.

Күні: 18.09.2015ж.


Сабақ түрі,өткізу үлгісі : жаңа білім,дағды және біліктілік беру сабағы, аралас сабақ.


Сабақтың мақсаттары:

Білімділігі: Қазақ халқының билері туралы жан-жақты мағұлмат беру,білімдерін кеңейту,алған білімдерін деңгейлік тапсырмалар арқылы бекіту. Сын есімнің шырайлары туралы түсінік бере отырып,практикалық жолмен меңгеру.

Дамытушылығы:Өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету, өз ойын еркін жеткізуге баулу, жылдам жауап беруге дағдыландыру, тіл, сөйлеу тілдерін жетілдіру, сөйлеу машықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашу, ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту;


Тәрбиелілігі:оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін, қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды өз Отанын, елін сүюге, мақтан тұтуға тәрбиелеу.


Әдістері: сұрақ – жауап, талдау, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, мысалдар, тірек сызбалар

Сабақ жабдығы:  тірек-сызба, интерактивті тақта құрылғылары.

Пәнаралық байланыс: тарих,қазақ әдебиеті,Туризмды ұйымдастыру


Әдебиет:

Негізгі:

1.А.Ш. Бектурова ,Ш.К. Бектуров. Казахский язык для всех.Алматы «Атамұра» 2004

Қосымша

1.К. Аханов,Б.Кәтенбаева ,Т.Әбдіғалиева .Қазақ тілі Алматы «Рауан» 2010

2.Г.К.Рысбаева .Қазақ тілі «Алматы» 2000

3.Е.Дүйсенбайұлы, И.Тасмағанбетов ,А.Құдабаев . Дала даналары . Алматы : Қазақстан даму институты. 2001






Сабақтың барысы және уақытының өлшемі


Сабақ кезеңдері

Кезең мазмұны

Уақыты

1

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу,студенттердің қатысуын және аудиторияның дайындығын тексеру, сабақ өткізу жоспары

1.Психологиялық дайындық.
2. Тест жұмысы (Тақтамен жұмыс)

3. Жаңа сабақ.Сын есімнің шырайлары.

4.Тақырыпты пысықтау,жаттығу.

5.Сабақты қорытындылау

5мин.

2

Білімдерін тексеру (астын сызу)

Білім бағалау өлшемі

Жалпы сұрау, нұсқа бойынша сұрау, тестілеу, тақта алдында сұрау, жағдайлық есептер, графикалық диктант, сөздік диктант, іскерлік ойын,жағдаят шешу.

10 мин.

3

Жаңа тақырыпты жеткізу әдісі

(астын сызу)

Түсіндірілетін сұрақтар тізімі

Ауызша, конспект арқылы, қосымша баяндама арқылы, аудио-дәріс, бейнедәріс, қойылған сұрақтар бойынша тақырыпты өздігінен игеру.

1.Сын есімнің шырайлары

2.Кітаппен жұмыс (232 бет)

3.Сөздік жұмысы

4.Қазақ халқының билері

5.Миға шабуы әдісі(кластер құрастыру)

6.Толе би Әлібекұлы

7. Толе би Әлібекұлының еліне саяхат

25 мин.

4

Оқушылардың өздік жұмысы

Толе би Әлібекұлы туралы ауызша мәлімет дайындау,Жамбыл облысына саяхаттау мақсатымен агенттіктердің турлары бойынша кесте құрастыру.

20 мин.

5

Тақырыпты бекіту

Жалпы сұрау, тестілеу, үлестірмелі жазбаша тест тапсырмаларын шешу,дағды мен біліктілікті іс жүзінде көрсету барысында жаттығу орындау,сөздік жұмысын орындау, «Би» сөзіне кластер құрастыру.

15 мин.

6

Сабақ қорытындысы

Рефлексия сәтін өткізу, түсінік бере отырып, бағалау


10 мин.

7

Үй тапсырмасы




Қолданылатын әдебиетті,беттерін көрсету. А.Ш. Бектурова ,Ш.К. Бектуров. Казахский язык для всех.

29 жаттығу.

5 мин.

Оқытушының қолы ___________________________________

І.Психологиялық дайындық.
Бүгін біз үшін ерекше күн,өйткені біз Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерекесіне арналған «Тілі бірдің –тілегі бір»атты апталықта ашық сабақ өткізіп отырмыз.

1.Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы-жастардың қолында»

2.Әр топ өз агенттіктерімен таныстыру.

3.Мамандықтың хас шебері болуға ұмтылу.

4.Өз еліміздің Патриоты болу.

5.Басқа ұлт өкілдерінің алдынан сынға түсу

(Сынау-әртүрлі жағдайда сапалық сипаттарын тәжірибе жүзінде анықтау )

ІІ.Қайталау .Сын есім. Тест жұмысы (Тақтамен жұмыс)

1. Сын есімді тап.

А) жарық б) айна в) түк г) гүл

2. Дара сын есімді белгіле а) нәзік ә) шөп в) бәрі г) көбелек
3. Күрделі сын есімді тап:

А) сұра, сөйле Б)қышқыл В) кең маңдайлы Г) гүлді

4. Сын есімді тұрақты сөз тіркесін көрсет:

А) жым болу Б) кірпігі айқаспайды В) қасы-көзі қиылған Г) ала жібін аттамады

7. Берілген сөйлемде сын есім қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр.
Дастарханға сықпа құрт пен сары ірімшік шашылды.

А) бастауыш Б) анықтауыш В) баяндауыш Г) пысықтауыш

ІІІ. Жаңа сабақ.Сын есімнің шырайлары.

-(Байқа ,бақыла,салыстыр әдісі)

Үлкен үй-үлкенірек үй

Көк көйлек-көкшіл көйлек

Үлкен аяқ киім- кішкентайлау аяқ киім

Қызыл алма- қып-қызыл алма

Ұзын ағаш-аласа тау

Белгілі бір заттың сындық сапасының басқа бір заттың сындық сапасынан артық не кем екендігін білдіретін белгісін ШЫРАЙ дейміз.

-Әр туристік агенттер тобына тапсырма:

Сын есімнің шырайлары:

1.Жай шырай шырай түрлерінің бәріне негіз болады, оның арнайы грамматикалық көрсеткіштері, қосымшалары жоқ,сондықтан заттың түсін,сапасын,көлемін,салмағын,иісін,дәмін салыстырусыз білдіреді.

Мысалы:ақ,биік,ауыр,жаңа.

2.Салыстырмалы шырай  заттың ұқсас сапаларының артық я кемдігін -рақ, -рек, -ырақ, -ірек; -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу; -ғыл, -ғылт, -ғылтым, -шыл, -шылтым; -аң, -ғыш, -гіш, т.б. жұрнақтар арқылы салыстыра көрсетеді.

3.Күшейтпелі шырай заттың бастапқы сапасы күшейуін және сын есімнің буыны қысқарып, оған -п дыбысының жалғана арқылы жасалатынын білдіреді .Мысалы, қып-қызыл, үп-үлкен,қап-қара,әп-әдемі.

4.Асырмалы шырай сын есімге өте, тым, аса, әбден, орасан, нағыз, нақ, шымқай күшейткіш үстеулерінің тіркесуінен жасалады: тым үлкен, аса бай,ең жақсы,орасан зор,керемет қымбат.

ІV. Кітаппен жұмыс. (232 бет)

16-жаттығу.Сөздерден тиісті жұрнақтар арқылы салыстырмалы шырай жасау

22-жаттығу. Сөздерден тиісті жұрнақтар арқылы асырмалы шырай жасау.

23- жаттығу. Сөздерден тиісті жұрнақтар арқылы күшейтпелі шырай жасау.

V. «Ой қозғау »

Өгізді-өрге салма-қанатың талар, 
Наданға көзіңді салма-сағың сынар. 
Досыңа өтірік айтпа-сенімің кетер, 
Дұшпанға сырыңды айтпа түбіңе жетер. 
(Төле би)

Белгілі бидің айтқан сөздеріне ойланып көрейікші.

Сөздік жұмысы: Перевод слова "надан" с татарского на русский: надан – 1.Неграмотный, безграмотный ,надан-невежда;- әліпті таяқ деп білмейтін.

2. Сағың сынар - шаршау,төзу.

VІ. Лексикалық тақырып. Қазақ билері.

Ердің құны екі ауыз сөзбен бітіп, 
Кім оның жарлығынан мойын бұрған. 
Тапқыштық, шешендікпен кім алса, атақ, 
Халық соны кетіпті "би" деп атап. 

"Миға шабуыл" әдісі. Алдымен "Би" ұғымын қалай түсінесіңдер? Би болып сайлану үшін сайланатын адамның дәулеті, байлығы ескерілетін бе еді? Қалай ойлайсыңдар? Би деген кім, қандай болуы керек, биде қандай қасиеттер болуы керек, соны біліп алайық. 

-Видео фильм.

-Білім алушылардың мәліметі.

1.Хандар мен билер рухани ұстазға теңелген.

2.Қара халықтың сөзін сөйлеу.

3.Билердің шебер сөйлеуі мен жасаған жақсы істері.

4.Билердің әділдік,шыншылдық,халық сеніміне лайық тұлға болуы.

-Білім алушылардың мәліметі.

-Қазақ билері — ерте заманда осы күнгі соттың да, тергеушінің да қызметін атқарған. Билер өздерінің бір ғана сөзімен небір шытырман даулы мәселелердің дұрыс шешімін тауып отырған.

Қазақ билері әділ және елге сыйлы болуға тиісті болатын. Өз әділдігімен елге танымал болған қазақтың атақты билері:

  • Төле би (1663—1759 жж.)

  • Қазыбек би (1667—1764 жж.)

  • Әйтеке би (1644—1700 жж.)

Қазақ халқының бұл билері елді үш жүздің бірлігін сақтауға шақырды.

VІ І.Мәтінмен жұмыс

ТӨЛЕ БИ ӘЛІБЕКҰЛЫ

 (1657-1756 жж.) - қазақтың Тәуке, Болат, Жолбарыс, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, ойшыл дана, саяси қайраткер. Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Ұлы жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» деп аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Төле би кезінде оқыған, ірі сауатты, халқының ақындық шешендік өнерінен тәлім алған адам. Жастайынан ел арасындағы билікке араласып, әділдішімен, шешендігімен, тапқырлығымен төңірегіне кеңінен танылады.

Казіргі Жамбыл облысыңдағы Шу өзенінің жағасында, Жайсаң жайлауында дүниеге келген, 1756 жылы Шымкент облысы, Леңгір ауданының Ақбұрхан ордасында қайтыс болған. Төле бидің ата-бабалары қарапайым шаруалар екен.

15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.

Ол кезде қазақ пен жоңғар хаңдықтары үнемі жауласып жүретін. Тәуке хан өлімінен кейін Қазақ хандығы ыдырай бастады.Ұлы жүзді басқарып отырған Төле би жоңғар басқыншыларына біраз уақыт кіріптар болады. Оларға салық төлегеніне қарамастан, Төле би саяси басқаруды өз қолына алды. Қазақтардың басын біріктіріп, оларды жоңгар бұғауынан құтқаруда Төле би маңызды рөл атқарды. Сонымен бірге, Төле би Ұлы жүз бен Ресей арасында байланыс орнатып, дамытуға көп еңбек сіңірді.

Төле би Қабанбай, Бөгенбай жөне Жәнібек батырлармен бірге біртұтас халық майданын кұрып, азаттық жолында күрес жүргізді.

Төле би есімі тек Ұлы жүзде ғана емес, Орта жүз бен Кіші жүзде де аса құрметпен аталады. Бұл оның бүкіл қазақ халқының тағдырына қатысты ірі оқиғалардың ортасында жүргенінің айғағы. Бұған Төле бидің замандасы, тағдырласы Қаз дауысты Қазыбек бидің «Төле би дүниеден өтті» деген суық хабарды естігенде: « Төле өлді дегенше, дүниеден әділет өлді десейші. Бүтін билікке Төле жеткен, бүтін хандыққа Есім жеткен, бұл екеуіне кім жеткен?» деп, жер таянып, көзіне жас алуы да куәлік етеді. Бұл үш арысқа тірек болған үш асылдың бірінің екіншісіне берген бағасы.

Төле би өзі 12 жыл билік жүргізген Ташкентте, атасы Жүніс ханның қасына жерленген.

Шешендігі туралы

Халық ауыз әдебиетінде Төле би туралы көптеген тарихи аңыздар сақталып қалған. Халық арасында Төле би айтты деген мақал-мәтелдер, нақыл сөздер кең таралды. Мысалы:

Болмас іске қарыспа, 
Біреуге ор қазыспа 
Жауыздық іске барыспа.

(Төле бидің нақыл сөзі) 

Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады. Төле бала әуелі әкесіне барыпты. Жасы жүзге тақап отырған әкесі ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле "Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ" дегенді сұрайды. Сонда. әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады:

-Балам, мынаны сындырып көрші.
Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.

-Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындыра береді.

Әлібек би:

-Бұдан не түсіндің, балам? - дейді.
Сонда. Төле бала:

-Түсіндім, әке бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. "Саяқ жүрген таяқ жейді" демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой.

-Бәрекелде, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл.

- "Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа барамын" дегенінің мәнісі осы, - депті.

Мәтін бойынша тапсырма

  1. Төле бидің өмірбаяны

  2. Төле бидің шешендігі

  3. Төле бидің туған еліне саяхат

-Жамбыл облысы Шу ауданы туралы мәлімет

-Жамбыл облысының көрнекті жерлері;

-Жамбыл облысына жасалатын саяхат турлар кестесі,қонақтарды қарсы алатын турфирмалар мен агенттіктер;

VІІІ. Сабақтың рефлексиясы 

- Бүгінгі сабақта біз ұлы тұлғалардың ерліктеріне мінездеме беруге тырыстық, енді олардың қандай ортақ қасиеттерін өз бойларыңа алар едіңдер? қысқаша дәптерлеріңе жазыңдар. 

Бүгінгі білгенімізді ортаға салып, «Үш пайғамбар» атанған үш би туралы әңгімелер мен олардың нәрлі сөздерінен алған білімімізге сараптама жасайық. Ел мұңын мұңдаған, халқына қызмет еткен билер бойындағы қасиеттерден оларды тағы кімдер ретінде таныдық? 
-елші,тәрбиеші,саясаткер, қоғам қайраткері,заңгер, ақын, ойшыл, ғалым, психолог,шешен.
Олай болса,«шынайы шешен-жарқын тұлға» демекші, билеріміздің қазақ елі төріндегі жарық жұлдыздардың бірегейлері екендігін де таныдық деп ойлаймын.

ІХ. Сабақты қорытындылау 
-Бүгінгі сабақта нені меңгердік? 
-Сабақтың барысында қойған мақсатымыз бен міндеттерімізді орындай алдық па? 
-Бүгінгі алған білімдеріңнің сендер үшін маңыздылығы бар ма? 

Ендеше сабаққа белсене қатысқандарыңа көп рахмет!








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Сын есімні? шырайлары.Т?ле би.

Автор: Есенгараева Алмагуль Канашевна

Дата: 26.01.2016

Номер свидетельства: 283268


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства