kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сын есімні? емлесі. Сын есімні? с?йлемдегі ?ызметі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Сын есімні? емлесі. Сын есімні? с?йлемдегі ?ызметі.

Саба?ты?

  1. білімділік ма?саты:  Сын есімдерді? жазылу ережелерімен, с?йлемдегі ?ызметімен таныстыру, практикада д?рыс пайдалана білуге да?далындыру.
  2. дамытушылы? ма?саты: шапша?ды??а, ойын жина?тай білуге, на?ты жеткізуге да?даландыру.
  3. т?рбиелік ма?саты: Отанын, елін-жерін с?юге баулу.

Саба?ты? т?рі: д?ст?рлі саба?

?дісі: с?ра?-жауап,баяндау, талдау, жина?тау.

Саба?ты? к?рнекілігі: интерактивті та?та

Саба?ты? барысы:

?йымдастыру кезе?і.

О?ушылармен амандасу, т?гендеу, зейіндерін саба??а аудару

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сын есімні? емлесі. Сын есімні? с?йлемдегі ?ызметі.»

Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің емлесі. Сын есімнің сөйлемдегі қызметі.

Сабақтың

  1. білімділік мақсаты: Сын есімдердің жазылу ережелерімен, сөйлемдегі қызметімен таныстыру, практикада дұрыс пайдалана білуге дағдалындыру.

  2. дамытушылық мақсаты: шапшаңдыққа, ойын жинақтай білуге, нақты жеткізуге дағдаландыру.

  3. тәрбиелік мақсаты: Отанын, елін-жерін сүюге баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,баяндау, талдау, жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау..

Үйге берілген жаттығудың орындалысын тексеру.

Ой қозғау

  • Сын есім дегеніміз не?

  • Сын есім қалай түрленеді. Мысал келтір.

  • Шырай дегеніміз не?

  • Салыстырмалы шырай дегеніміз не? Мысал келтір.

  • Күшейтпелі шырай дегеніміз не? Мысал келтір.

ІІ. Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып түсіндіріледі.

Сын есімдердің емлесі



Қосарлану, қайталану арқылы жасалған күрделі сын есімдер дефис (-) арқылы жазылады.

Күшейткіш буны арқылы жасалған күрделі сын есімдер дефис (-) арқылы жазылады.

Бірнеше сөздің тіркесуі арқылы жасалған күрделі сын есімдер бөлек жазылады.

Күшейткіш үстеу арқылы жасалатын күшейтпелі шырай тұлғалы сын есімдер бөлек-бөлек жазылады.

Жақсы-жаман, ұзынды-қысқалы, балалы-шағалы, үлкен-үлкен, ұзын-ұзын, кішкене-кішкене т.б.

Жап-жасыл, сұп-сұр, кіп-кішкентай, әп-әдемі т.б.

Тек ақ, көк сөздері ғана күшейтпелі шырай тұлғасында аппақ, көкпеңбек түрінде біріктіріліп жазылады.

Қызыл ала, ұзын бойлы, қара торы, ал қара көк т.б.

Өте әдемі, тым жақсы, нағыз адам т.б.









Сын есімдердің сөйлемдегі қызметі



Бастауыш

Баяндауыш

Анықтауыш

Пысықтауыш

Толықтауыш

Көптелмейді, тәуелденбейді, септелмейді. Егер я тәуелдік, көптік, септік жалғауы жалғанса зат есімнің орнына жүреді.

Жіктік тұлғада тұрып сөйлемнің баяндауышы болады.

Әдетте сөйлемде анықтауыштың қызметін атқарады.

Етістіктің алдында тұрып, қимыл, іс-әрекеттің сынын білдіріп, қалай? деген сұраққа жауап беріп, пысықтауыш болады.

Табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде келіп, заттанып, толықтауыш та болады.

Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат (мақал)

Шығыс септігі жалғауында тұрып, зат есімнің орнына заттанып қолданылған.

Сен бір артық көркемсің. (Жамбыл)

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан.(Абай)

Өлеңмен сөзді желдей құйындатқан. (Жамбыл)

Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез (Абай)

Заттанған сын есім атау септік тұлғасында тұрып бастауыш болады.

Көркемсің (ІІ жақ) сөзі жіктік тұлғада баяндауыш қызметін атқарып тұр.

Бұл сөйлемде сұр және (түсі) суық деген сын есімдер (қандай?) бұлт деген зат есімді анықтап тұр.

Қалай құйындатқан? Желдей құйындатқан пысықтауыш қызметін атқарып тұр.

Білімдіден (кімнен шыққан?), талаптыға (кімге болсын кез?) заттанып келіп толықтауыш қызметін атқарып тұр.





77-жаттығу (ауызша)

Тапсырма: Оқып шығып, сын есімдерді тауып, жазылу емлесін түсіндіріңдер.

78-жаттығу. Өздік жұмыс.

Тапсырма: Мәтінді көшіріп жазып, күрделі сын есімнің емлесін есте сақтааңдар.



80-жаттығу.

Тапсырма: Сөйлемдегі сын есімдерді тауып, талдаңдар.

Үлгі: Толық айдың сүтіне шомылған түнгі айнала тып-тыныш.

Қандай айдың?- толық-сапалық сын есім, анықтауыш қызметін атқарып тұр.

Айнала қандай?- тып-тыныш- күрделі сын есім, күшейтпелі шырай, баяндауыштың қызметін атқарып тұр.

Қай(қандай) айнала?- түнгі-қатыстық сын есім, анықтауыш қызметін атқарып тұр.







81-жаттығу.

  1. Мақалдарды оқып, зат есімнің қазметін атқарып тұрған сын есімдерге назар аударыңдар.

  2. Қай септікте тұрғанын, қандай сөйлем мүшесі екнін айтыңдар.



«Сыңарын тап» ойыны

Мысалы: 1.Әдепті бала-арлы бала

(Әдепсіз бала-сорлы бала)

2.Батыл жігіт жол бастар,

...... ........... ............

3.Көз қорқақ, ................

4. Өнерсіз қыздан без,

..... ........ .............

83-жаттығу.

Туынды сын есімдердің жұрнағын дефис (-) арқылы бөліп жазып, олардың қай сөз табынан жасалғанын түсіндіріңдер. Сын есімдермен сөйлем құраңдар.



Сабақты қорытындылау.

  • Сын есім сөйлемде қандай қызметтер атқарады?

  • Сын есімнің негізгі қызметі не себепті анықтауыш делінген?



Үйге тапсырма.

1.87-жаттығу.

2. Сын есімді қатыстыра отырып, жыл мезгілдеріне шағын шығарма жаз.

3. Ережені оқу.
























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Сын есімні? емлесі. Сын есімні? с?йлемдегі ?ызметі.

Автор: Жаркинбаева Кулсан Забировна

Дата: 20.01.2016

Номер свидетельства: 279978


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства