Сабақтың мақсаты: Оқушылар спортшы туралы мәліметпен танысады,өз пікірін білдіреді,негізгі ойды анықтайды.
Мідеттері: Оқушылардың сөздік қорын арттыру, тілін дамыту; : 1. Тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын дамыту. Грамматикалық құрылымдарды дұрыс қолдана отырып, әңгімелей білуге үйрету. 2. Сызба арқылы өз ойын жеткізе білуге үйрету. Оқушылардың сауаттылығын арттыру 3. Жұппен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Еңбекті құрметтеуге баулу.
Күтілетін нәтиже: бір-бірін бағалайды;сыни ойлау дағдылары артады; өздігінен тақырыпты меңгереді; өз идеясын ұсынады;тақырып бойынша грамматикалық тапсырмалармен жұмыс істей алады;ұжымда бірін-бірі тыңдай алады;өз ойын мүмкіндігінше жеткізеді;шығармашылық жұмысты көрсете алады;
Сабақтың барысы:
Кезеңдер
уақыт
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Ресурстар
Ұйымдастыру
3 мин
Амандасу.
Жағымды жағдай жасайды-бір-біріне жақсы тілек айтқызады
Балалар мұғаліммен амандасады.
Бір-біріне комлимент айтады.
Оқулық, сөздіктер, кестелер
1 мин
Оқушыларға суреттер таратылады
Оқушылар суреттерді алып, топ болып отырады.
Қиықтарға салынған суреттер
Қызығушылықты ояту.
2 мин
Сурет көрсетіледі
Бүгінгі сабақ не туралы болады
Спорт мамандыққа жата ма?
Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын айтады. Тақырып бойынша не білетіндерін, не білгілері келетіндерін топпен бірлесіп жазады.
стикерлер, маркер, бағалау парағы, смайлик
Жаңа материалды түсіндіру. Мәтінмен жұмыс
8 мин
мәтін ұсынылады, аудармасын тауып, топ арасында пікір алмасу керек.
Оқушылар мәтінді аударуға кіріседі. Одан соң ЖИГСО әдісі арқылы топтарға барып, түсіндіреді.
Сөздік
ОЖТ, СТО, ОүБОБ, АКТ, ДжТБО, ОБжК, ОЖЕСО
Талдау.
6 мин
Мәтін бойынша тапсырмалар орындау: Тапсырмалар:
1.140 бет Сөйлемдерді толықтыр. №5
2.
3.Жікте – сүйікті спортшы
Мәтін бойынша тапсырмаларды орындайды.
Сөздік, мәтін.
Жинақтау.
10 минут
1.« Спорт тарландары» тақырыбына постер құруды ұсынады
№2
Постер құрып,қорғайды.Әр топ өзіне берілген сұрақтарға жауап береді.
Кері байланыс: Бағдаршам
: жасыл, сары, қызыл түс.
Бір-бірін бағалайды
бейнематериал Интернет-ресурстар.
Мәтіндер және таратпа тапсырмалармен карточкалар
Сергіту сәті
1 мин
«Кірпі биі»
АКТ
Қорытындылау
7 мин
3 сұрақтан Әрбір топ суреттегі көрініс бойынша 2 ашық,2 жабық сұрақ қояды. Басқа топтар бағалайды
Оқушылар топ арасында тексереді. Өздері бағалайды.
Үй тапсырмасы
1 мин
Оқушылар үй тапсырмасын күнделікке жазады.
Бағалау
Үй жұмысы
1 мин
Сабаққа қатысты ұсыныстарын мен пікірлерінді жаздыртады.
Бағалауға кіріседі.
140 бет №6 Сұрақтарға жауап беріңдер.
Оқушылар стикерлерге жазады да, сәттілік ағашына іледі.
Топтар бағаларын айтып, қорытындылайды.
Пән: Қазақ тілі
Сынып: 4 Б
Сабақтың тақырыбы: Қазақ спортшылары
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушылардың жіктік жалғау бойынша игерілген білімдерін еске түсіру, жинақтау, пысықтау, жаңа білімді меңгерту.
2. Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту,ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
3.Тәрбиелік: денсаулыққа байланысты қазақтың мақал-мәтелдерін пайдалана отырып, оқушыларды салауатты өмір сүруге, спортты сүюге, еліміздің әйгілі спортшыларын құрмет тұтуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Қазақтың әйгілі спортшыларының суреттері
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі, дене шынықтыру.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Сөйлесім:
а/ сәлемдесу;
-Сәлеметсіңдер ме,балалар!Баршамен,сабағымызға келген қонақтармен амандасып алайық.
Сәлеметсің бе,көк аспан,
Сәлеметсің бе,алтын күн.
Сәлеметсің бе ,Жер-ана,
Сәлеметсің бе,ұлы Отан.
Сәлеметсіз бе,Сіздер,
Сәлем бердік біздер.
-Жақсы,балалар,отырыңдар.
- Балалар, өткен сабақта біз сендермен Спорт тақырыбын өттік. Сендер қандай қысқы спорт түрлерін білесіңдер? (конькимен сырғанау, шаңғы тебу, шанамен тебу т.б.). Ал спортпен айналысып, жеңіске жететін адамды қалай атайды? (Жеңімпаз). Олай болса, «жеңімпаз» сөзін жіктеп жіберейік.
II.Бүгін ерекше күн,сондықтан сабағымызды мына бір патриоттық әнмен ашсақ дұрыс болар еді.Кәне, әнге құлақ түрейікші. Осы әнде қа й спорт түрі көрсетілетінін назар қойып көрейік.
Ән « Көк тудың желбірегені». (Ән кезінде слайд көрсетіледі.)
Балалар, жаңа біз сендермен бейнебаян көріп тамашаладық. Сендер менің сұрағыма жауап бердіңдер, олай болса дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазайық. Сабағымыздың тақырыбы: «Қазақ спортшылары».
Жаңа тақырыппен, мақсатымен танысу. Тыңдалым.
Балалар бүгінгі сабақта біз еліміздің спортшылары туралы, оның ішінде Қарағандыдан шыққан боксшы Серік Сәпиев туралы білімімізді ортаға саламыз және жіктік жалғаулары туралы білімімізді толықтырамыз. Біздің бүгінгі сабағымыз да, тақырыбымыз да өткен сабақтармен тығыз байланысты.
Сөздік жұмысы. Тыңдалым. Айтылым. Жазылым.
а/ сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылуын тыңдау; айтып үйрену; сөздік дәптерге жазу.
Менің атым – Айдар. Мен төртінші сыныпта оқимын. Бос уақытымда спортпен шұғылданамын. Біз досым екеуміз бокс үйірмесіне қатысамыз. Менің сүйікті споршым – Серік Сәпиев. Ол Қарағандылық боксшы. Мен де өскенде атақты боксшы боламын деп армандаймын.
а/ мәтін оқылып,аударылады.
б/мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріледі.
Айдар нешінші сыныпта оқиды? – Айдар төртінші сыныпта оқиды.
Ол бос уақытында не істейді? – Ол бос уақытында спортпен шұғылданады.
Айдар кіммен бірге бокс үйірмесіне қатысады? – Айдар досы екеуі спорт үйірмесіне қатысады.
Айдардың арманы қандай? – Айдардың арманы атақты боксшы болу.
Сергіту сәті.
Қолды белге қояйық,
Басты оңға бұрайық,
Басты солға бұрайық,
Бір отырып, бір тұрып,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып алайық.
«Қателескен жалғаулар»
Мысалдардағы ауысып кеткен жіктік жалғауларын дұрыстап жаз.
Мен шаңғышысыз
Сен велосипедшімін
Сіз боксшы
Ол спортшысың
Біз қатысасыздар
Сендер шұғылданады
Сіздер жеңімпазбын
Олар оқушысыңдар
Сурет бойынша спортшыларды табу.
- Балалар, тақтаға назар аударайық. Мына суреттерге қарап, атақты спортшылардың атын, олардың қай спортпен айналысатынын айтыңдар.
Жаттығулар орындау.
1-жаттығу. Жазылым. Жақшаны ашып, сөйлемдерді аударып жаз, жіктік жалғауларын белгіле.
1. Я спортпен айналысқанды люблю.
2. Сен два раза в неделю жаттығу залына барасың.
3. Мы досым екеуміз футболисты.
4. Вы спорттың қай түрімен занимаетесь?
V. Жаңа білімді бекіту кезеңі.
« Артығын тап» ойыны.
Спортпен шұғылданатын адамды тап:
Күйші Биші Спортшы
Қарағандының футбол клубын көрсет:
«Қайрат» «Шахтер» «Тобыл»
Спорт үйірмесіндегі керекті құрал:
Қарағандыдан шыққан спортшы:
VI. Сабақты қорытындылау.Айтылым.
Рефлексия
VII. Оқушылар білімін бағалау.
VIII. Үйге тапсырма беру.
1-деңгей. Бүгінгі тақырыпта өтілген Қазақстанның бір спортшысын таңдап, ол туралы қосымша ақпарат әкелу.
2-деңгей. Бүгінгі тақырыпта өтілген сөз тіркестерімен сөйлем құру.
3-деңгей. Бүгінгі тақырыпта өтілген жаңа сөздерді жіктеу.
Қазақ тілі 7 сынып Тақырыбы: Қазақтың белгілі спортшылары Мақсаты: Қазақтың белгілі спортшылары туралы мағлұмат беру. Міндеті: - оқушылардың теориялық білімдерін жүйелеу білімділік: дұрыс сөйлеу нормаларын меңгерту және жаттықтыру;- грамматикалық ережелерін саналы, тиянақты меңгерту; дамытушылық:- сөздік қорының орынды қолданылуы - жазылым, оқылым, айтылым әрекеттері арқылы іске асыру; ой өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту тәрбиелік: белгілі спортшылардың өмірі мен жетістіктерінен үлгі ала отырып, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу. Сабақ түрі: аралас сабақ . Сабақ көрнекілігі: суреттер,сөзжұмбақ, картчкалар,билеттер,тестлер Сабақтың әдіс – тәсілі: әңгіме, сұрақ – жауап, жекеше Пәнаралық байланыс: дене шынықтыру, тарих.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеу. Қазақ тілі-бал тілім Өзің барда шалқыдым. Тілімнен нәр табармын, Тіліме кім тағар мін? – деп, қазақ тілі сабағымызды бастайық. - Мен сендерге бүгінгі сабақта тек сәттілік тілеймін. Ал сендер бір-біріңе бүгінгі сабақта не тілейсіңдер?
Оқушылар «Алға Қазақстан» өлеңін тыңдайды. Осы өлеңді тыңдада отырып жаңа сабақты ашу
Кіріспе сұрақтар:
Қандай спорт түрлерін білесіңдер?
Қазақтың ұлттық спорт түрлерін атаңдар?
Жанкүйері ең көп спорт түрі
2011 жылы қысқы Азиада ойындары қай елде өтті?
Тейквондамен 160 елде неше млн шамасында адам шұғылданады?
Футбол ойының – Отаны?
2011 жылы Қазақстанда өткен Азиададағы спорт түрлері?
Қазақстанның қандай белгілі спортшыларын білесіңдер?
9. Нешінші жылы Астана мен Алматы қаласында Олимпиада болды? 10. Спорттың қай түрімен шұғылданасың?
Сабақтың мақсатын, барысын айту.
Спорттың денсаулыққа пайдасы зор. Спорт-адамды күшті болуға, жылдамдыққа, табандылыққа, тез ойлануға үйретеді. Елімізде дамыған спорт түрлері: қазақша күрес, бокс, шаңғы спорты, суда жүзу, жеңіл-ауыр атлетика, мәнерлеп сырғанау, тоғызқұмалақ, т.б. Қазақстанның мерейін көтерген, көк туын желбіреткен белгілі спортшылар өте көп. Олар: Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Александр Винокуров, Илья Ильин, Серік Сәпиев, Бекзат Саттарханов, Әлия Юсупова, т.б. Еліміз олармен мақтанады. (мәтін әрбір оқушының алдында ресурс түрінде А-4 қағазда беріледі).
Ермахан Сағиұлы Ыбрайымов (1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысының Тельман атындағы ауылында туған) - боксшы, халықаралық спорт шебері, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы. Ермахан Ыбрайымов Атлантада және Сиднейде өткен Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстанның туұстаушы болды. Әкесі - Ыбрайымов Сағи (1937 жылы туған), фермер. Анасы - Ыбрайымова Жәмилә (1942 жылы туған), зейнеткер. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетініңзаң факультетін бітірген (1999), заңгер.
1993 жылдан - «Iтаттағы ұлттық командалар мен спорттық резерв дирекциясы» РМҚК спортшы-нұсқаушысы.
2003 жылдан - бокстан ҚР бас жаттықтырушысы.
2007 жылдан бері - «Олимпиадалық дайындық орталығы» РМК директоры. Әуесқой бокс федерациясының тұңғыш вице-президенті. Қазақстанның сан мәрте чемпионы; Әскер қатарындағылар арасындағы бірінші Бүкіләлемдік ойындардың чемпионы (Рим, 1995); Азия чемпионы (1995); XXVI Олимпиадалық ойындардың 71 кг дейінгі салмақтағы қола жүлдегері (Атланта, 1996); Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Будапешт, 1997);Азия ойындарының чемпионы (1998); Әлем чемпионатының қола жүлдегері (Хьюстон, 1999); XXVII Олимпиадалық ойындардың 71 кг дейінгі салмақтағы чемпионы (Сидней, 2000); халықаралық турнирлер жеңімпазы (Филиппин, 1994); (Галле, Бангкок, 1998). КСРО спорт шебері (1988). Халықаралық класстағы спорт шебері. ҚР бокстан Еңбек сіңірген спорт шебері (2000). ҚР бокстан Еңбeк сіңірген жаттықтырушысы. I дәрежелі «Барыс» (2000) орденімен; «Ерен еңбегі үшін» (1996) медалімен марапатталған. «Дарын» Мемлекеттік
жастар сыйлығының лауреаты (2000). «Жыл спортшысы» номинациясы бойынша «Жыл адамы» атағын алған (2000).
Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров (6 маусым1951 жылДихан ауылы, Свердловск ауданы, Жамбыл облысы[1]) — грек-рим күресініңпалуаны, спорт шебері (1971), Халықаралық спорт шебері (1975), Еңбек сіңірген спорт шебері (1980), алтын медальге иеленген қазақтан шыққан тұңғышОлимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980), Әлем чемпионы (1981), әлем кубогының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы (1975, 1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
1980 жылы ХХІІ Олимпиада ойындарында Мәскеуде жеңіске ие болды. Бірнеше рет Грек-рим күресінен КСРО біріншілігінің жеңімпазы, КСРО халықтарының VI жазғы спартакиадасының жеңімпазы,
1981 жылы әлем чемпионы,
1982 жылы әлем кубыгының күміс жеңімпазы,
1974-1984 жылдар Қазақ КСР мемлекеттік спорт комитетінде нұсқаушы.
1984 жылыКрасноярск қаласында жалауын көтерген КСРО кубогында 33 жастағы Жақсылық Үшкемпіровты үлкен спорттан шығарып салу рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
1984-1993 жылдар республикалық кәсіподақ комитетінің спорт мектебінің директоры.
1993 жылдан «Жақсылық» спорт клубының директоры.
Майя Манеза - 1985 жылы 1 қарашада Қырғыз КСР-інің Тоқмақ қаласында туған. 2012 жылғы Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы. Ұлты — дүнген.
Әкесі - Манеза Салахар, кәсіпкер. Анасы - Манеза Руфина, үй шаруасымен айналысады. Қазіргі уақытта Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында білім алуда. Дүнген және орыс тілдерін біледі.
2007 жылдың тамыз айынан - ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі. Ауыр атлетикадан 63 кг дейінгі салмақ дәрежесінде екі жаттығу жиынтығы бойынша 246 кг жинаған әлем чемпионы (Оңтүстік Корея, 2009), ал 2011 жылы күміс жүлдегер. Серпе көтеруден 141 кг көтеріп, әлемдік рекорд жасаған. XVI Азия ойындарының алтын жүлдегері (2010), ауыр атлетика бойынша ҚР кубогының иегері, ауыр атлетика бойынша Азия чемпионатының қола жүлдегері (2009). «Құрмет» орденімен марапатталған (2009). ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2009).
Шишигина Ольга Васильевна (1968 жылАлматы қаласы, Қазақстан) - қазақстандық жеңіл атлет, спринтерші, Сидней олимпиадасының чемпионы (2000), Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.
Биографиясы
Шишигина Ольга Васильевна 1968 жылдың23 желтоқсанындаАлматы қаласында туылған.
Жеңіл атлетикамен (Кедергілерден 100 метрлік спринтерлі орғу) 1978 жылдан бері шұғылданады.
1985 жылыКСРО құрама командасы сапына кірген.
1986 жылдан Кеңестер Одағының көптеген чемпионаттарына қатысқан және одан бірнеше дүркін жүлделерге ие болған.
1992 жылы ТМД елдерінің "Жастар ойыны" жарысының таңдаулы төрттігіне енген (Донецк қаласы).
1994 жылыСанкт-Петербург қаласында өткізілген ойында Халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындаған.
1994 жылғыЖапонияныңХиросима қаласында өткен Азия ойындарында жеңімпаз болған, осыдан кейін оған "Қазақстан Республикасының спортқа еңбек сіңірген шебері" атағы берілген.
1995 жылдардағы жазғы (Гетеборг, Швеция) және қысқы (Барселона) әлем чемпионаттарының күміс медаль иегері. Одан кейін 1999 жылғы жабық жайда өткен (Маэбаши, Жапония) әлем чемпионатында алтын жүлде мен 2000 жылғыСидней олимпиадасындағы жеңісі. 2007 жылыКанаданың Эдмонтон қаласында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдені иеленді. Содан кейін спортшы жарақат алуына орай үлкен спортпен қоштасты. 2002 жылы Қазақтың мемлекеттік туризм және спорт Академиясын бітірген. Қазақтың мемлекеттік туризм және спорт Академиясының жеңіл атлетика кафедрасының меңгерушісі.
Бекзат Сейілханұлы Саттарханов (4 сәуір, 1980 жыл, Түркістан, Қазақстан - 31 желтоқсан, 2000 жыл, Шымкент, Қазақстан) – қазақстандық боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері. 2000 жылы өткен СиднейОлимпиадасының жартылай жеңіл салмақ бойынша чемпионы (57 кг дейін). І дәрежелі «Барыс» орденінің бірінші иегері. [Сидней Олимпиадасы 2000] Ташкентте бокстан өткен Азия чемпионатында Олимпиада жолдамасын жеңіп алған Бекзатты бапкерлер жартылай жеңіл 57 келі салмақ дәрежесіне лайық көреді. 57 келіде ел намысын Атланта Олимпиадасында қорғаған Бақтияр Тілегенов көп салмақ қуатындықтан, бапкерлер оған сенбейді. Оның үстіне 1999 жылы Хьюстон қаласында өткен бокстан әлем чемпионатында Бақтияр жеңіліс тауып, бапкер үмітін ақтамайды. Қазақстандық жанкүйерлер мен бокс мамандары Бекзаттың жастығын алға тартып, оны Олимпиадаға жібергісі келмейді. Бірақ ұлттық құраманың бас бапкері Тұрсынғали Еділов Бекзаттың көзінде от барын байқап, ел намысын қорғауды Түркістандық жас ұланға сеніп тапсырады. Олимпиадаға аттанар кезде ұшақ баспалдағында тұрған Бекзат үлкен ағасы Мақсатқа: «Мен бас жүлдемен ораламын. Менен алтын күтіңдер!» деп айғайлап, жеңетінін алдын ала сезген.
Илья Александрович Ильин Ауыр атлетикамен айналысып жүрген ағасы Алексейдiң жанынан бiр елi қалмайтын кiшкентай Ильяның дарынын байқаған Вилори Викторович Пак оны бiрден өзiне тартқан көрiнедi. Сөйтiп, тоғыз жасында Қазақстан чемпионы атанған Ильин осы уақытқа дейiн тоғыз рет шет елге шығып, ешқайсысында жеңiлiстiң кермек дәмiн татып көрмептi. Жарақатына байланысты бiр жыл спорттан тыс жүрген Ильяның өзiнiң айтуынша, 99 пайызға бұрынғы қалпына келген тәрiздi.
Ол жастар мен ересектер арасында екі рет әлем чемпионы атанды. Дәл осындай балғын шағында дүние-жүзінің теңдессіз атлетіатанған азаматтар жер бетінде жоқ. Оның асқан шеберлігіне, мінсіз техникасына, жеңіске деген құштарлығына таңданбау мүмкін емес.Ауыр атлетика саласындағы ең жас әлем чемпионы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген.[2]
Әлем Чемпионаты (2005)
2005 жылы Ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты Қатар елінің астанасы Доха қаласында өтті. Илья Ильин 17 жасында алғашқы рет ересектер арасындағы әлем жарысына қатысты және бұл көрсеткіш бойынша Гиннестар рекорд кітабына ең жас әлем чемпионы ретінде жазылды. Илья ерлер арасында 85 кг дейінгі салмақта өнер көрсетті.
Бақыт Әбдірахманұлы Сәрсекбаев (29 қараша, 1981 жыл, Павлодар қаласы) - боксы халықаралық спорт шебері, Барыс орденінің иегері (2008), Жартылай орташа салмақ пен бірінші жартылай орташа салмақта әуесқой бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы (2008), Азия ойындарының чемпионы (2006).
2004 жылғы Олимпиада ойындарынан кейiн Өзбекстаннан атақонысына көшiп келген Бақыт Қазақстанда 69 килограмм салмақта өзiне тең келер боксшы жоқ екенiн дәлелдеп бердi. Бақыт Сәрсекбай Қазақстанға келмес бұрын Өзбекстанның 69 килограмм салмақтағы нөмiрi бiрiншi боксшысы болған. Бiрақ, өзбек ағайындарымыздың дәл Афины Олимпиадасы қарсаңында қазақ Бақыт Сәрсекбайдан гөрi өзбек Дильшод Махмудовқа көбiрек бүйректерi бұрып кеткенi жөнiнде баспасөз беттерiнде жазылды да.
Бейжіңдегі Олимпиада ойындары[өңдеу]
Бақыт Олимпиада ойындарын өте жоғары деңгейде өткiздi. Алғашқы жекпе-жекте Канада боксшысын тас-талқан етiп ұтқан Бақытқа молдовалық боксшы да қарсы келе алмады. Ширек финалда Бақыт Сәрсекбай өзiнiң ежелгi қарсыласы Дильшод Махмудовты жеңдi. Жартылай финалда кездескен кәрiс боксшысы да Бақыттың мықтылығын мойындады. Ақтық айқаста бүкiл Куба халқының үмiт артқан боксшысы Карлос Сураестi ойнап жүрiп ұтты.
Бақыттың бұған дейiн де талай жарыста бағы жанғанын жанкүйерлер жақсы бiледi. Азия құрлығында екi дүркiн чемпион атанған Бақыт былтыр Чикагода өткен әлем бiрiншiлiгiнде бесiншi орынға табан тiреген-дi. 2006 жылы Дохада жалауы көтерiлген Азия ойындарында боксшыларымыздың жеңiп алғаны жалғыз алтын медаль болса, сол жалғыз алтынның иесi де осы Бақыт Сәрсекбай болды.[1]
Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев (14 Наурыз 1983 жыл, Тараз қаласы Жамбыл облысы) – боксшы, Олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері, халықаралық спорт шебері, 1-дәрежелі Барыс орденінің иегері. 2004 жылғы ГрекияныңАфины қаласында өткен Олимпиадада бокстан 69 келі салмақ арасындағы жарыс чемпионы, ересектер арасында бокстан Дүние жүзі чемпионатының қола жүлдегері (2005 жыл қараша Мианьян қаласы, Қытай). 7 дүркін Қазақстан чемпионы. Бақтияр Артаев 1983 жылы Жамбыл обылысы, Тараз қаласында Ғарифолла Артаев пен Тұмарткүл Жексембиеваның отбасында дүниеге келген. Бокспен 11 жасынан бастап шұғылданады. Бірінші әрі жеке бапкері - Нұрлан Ақүрпеков.
1) Әлемде жанкүйері ең көп спорт түрі қайсы? (футбол) 2) Барлық спорт түрлері ойналатын халықаралық жарыс қалай аталады? (Олимпиада) 3) 1980 жылы олимпиада қай қалада өтті? (Мәскеу) 4) 2011 жылы Қазақстанда қандай халықаралық жарыс өтті? (Азияда) 5) Алматыда 1697 метр биіктікке салынған мұз айдыны қалай аталады? (Медеу) 6) 2012 жылы Олимпиада қайда болған? (Англияда) 7) Бұл олимпиадада қандай спортшылар алтын медалін жеңіп алған? (Илья Ильин, Серік Сапиев, Мая Манеза, Александр Винокуров, Татьяна Подопедова, Ольга Рыпакова, Зульфия Шиншалло). 8) Қандай Қазақстанның әйгілі спортшыларды білесіңдер? (Жақсылық Үшкемпіров, Серік Қонақбаев, Ермахан Ибраимов, Ольга Шишигина, Василий Жиров, Ислам Байрамуков).
Тақтада сөзжұмбақ шешу арқылы кілтті сөзді анықтау. 1. Жарыс өтетін алаң. 2. Азия ойындарының алғаш өткен жері. 3. Футбол ойынының атауы ағылшынның «fut» - «аяқ», “ bol” - қандай сөзден шыққан. 4. Қазақтың ұлттық спорт түрі 5. ҮІІ Қысқы Азиая ойындары өткен жер.
С
т
а
и
о
н
ж
а
П
о
н
и
я
д
О
п
к
ө
к
п
а
Р
қ
а
з
а
қ
Т
а
н
Спорт туралы қандай мақал – мәтел білесіңдер?
IV. Бекіту.
1. 1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, спортшының Қазақстан спортына қосқан үлесі туралы айту.
2-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі ойды аяқтау. Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері Серік Қонақбаевтың өмірі туралы мәлімет алу.
Адасқан әріптер; конверттегі адасқан әріптерді құрастырып,құрастырған спортшы туралы әңгімелеп беріңдер.
Граматикалық тасырмалар:
Дудниченко Татьяна«Ермахан Ыбыраиымов» фонетикалық талдау
Бутнар Татьяна «ЖҮГІРУ» фонетикалық талдау
Котенко Сергей «ДОП» тәуелдеу
Чепенко Евгений «БОКСШЫ» жіктеу
Касымов Тамерлан СПОРТШЫ септтеу
Сергіту сәті «Қара жорға биі»
3-тапсырма. Берілген мәтіндегі бос орындарды толықтырып, спортшы туралы мәліметті оқып шығу.
4-тапсырма. Суретте берілген спортшылар туралы не білесіңдер? Өз ойларын ортаға салу.
Билет тапсырмалары
1. Негізгі құралы доп болып саналатын спорт түрі – футбол
2. Мұз бетінде арнайы дайындалған құралмен сырғанау түрі – коньки тебу
3. Қысқы спорт түрі – шаңғы тебу
4. Екі адамның жекпе – жегі түріндегі спорт түрі – күрес
5. Штанганы жоғары көтеру бойынша жаттығулардың орындалуы – ауыр атлетика
Бірінші бағандағы сөздердің екінші бағандағы сыңарын тауып, сәйкестендіру. А.Винокуров ауыр атлетика И.Ильин мәнерлеп сырғанау С.Сәпиев ауыр атлетика Ә.Юсупова боксшы М.Манеза велошабандоз
Синтез. «Менің сүйікті спортым» туралы шағын әңгіме жаз. .Сабақты қорытындылау.
Мақсаты: оқушылардың ая бойынша алған білімдерін анықтап, олшылықтарын бақылау, қорытындылау.
1. Адам өмірінің ұзаруына, салауатты өмір сүруіне таптырмас құралды анықтаңдар.
А) сұлулық
В) шыдамдылық
С) спорт
Д) жаттығу
Е) саяхат
2. Бір ..., алты ..., жеті ... сөздеріне жалғанатын жұрнақтарды анықтаңдар.
А) -інші, -ыншы, -ншы
В) -ыншы, -ншы, -інші
С) -ншы, -інші, -ыншы
Д) -ншы, -нші, -ыншы
Е) -інші, -ншы, -нші
3. С.Қонақпаев кім болғанын анықтаңдар.
А) боқсшы
В) күресші
С) желаяқ
Д) футболшы
Е) шахматшы
4. Ортақ етістің жұрнағын табыңдар.
А) -дыр, -дір
В) -ын, -ін
С) -ыл, -іл
Д) -ыс, -іс
Е) -а, -е
5. Футбол ойынның Отанын табыңдар.
А) Сидней
В) Англия
С) Рессей
Д) Қазақстан
Е) Үндістан
6. Қысқы спорт түрін анықтаңдар.
А) ауыр атлетика
В) футбол
С) күрес
Д) шаңғы тебу
Е) шахмат
7. «Шахмат» сөзіндегі «шах» сөзінің мағынасын табыңдар
А)уәзір
В) хан
С) әскер
Д) ат
Е) жауынгер
8. Футбол командасында неше ойыншы болады?
А) 10
В) 11
С) 12
Д) 9
Е) 13
9. VII Азияда қысқы спорттық ойындардында Қазақстан қанша алтын алды
А) 38
В) 32
С) 30
Д) 31
Е) 12
10. Заттын санын, ретін білдіретін сөз табын анықтаңдар.
А) сан есім
В) сын есім
С) зат есім
Д) есімдік
Е) етістік
11. Ұлттық спорт түріне жатпайтынын табыңдар.
А) көкпар В) шаңғы тебу С) теңге алу Д) аударыспақ Е) асық
12. Сөйлемді аяқтаңдар. 2011 жылдың 30 қаңтар мен 6 ақпан күндері ...
А) алау эстафетасы ұйымдастырылды
В) Отанымызды танытты
С) Азиада ойындары өткізілді
Д) Алматыда жасалды
Е) кәсіби әртістер қатысты
13. Футбол сөзі қай тілден енгенін табыңдар.
А) орыс В) ағылшын С) неміс Д) француз Е) қытай
Бағалау: Нені меңгердім?.... Нені білемін?.... Не ұнады?....... Не істей аламын? .... Қандай қиындық болды?... Оны қалай жеңе алдым?... деген сұраққа жауап жазу арқылы кері байланыс жасайды.
Үй тапсырмасы. 5-тапсырма. Қазақстан спортшыларының қайсысы ұнайтындығы туралы айтып беру.