kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Су.Суды? ?асиеті

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: «Су. Суды? ?асиеті».

Саба?ты? ма?саты:  2 слайд

  1. О?ушылар?а су тіршілікті? к?зі екенін таныстыру. ?р т?рлі т?жірибелер н?тижесінде суды? басты ?асиеттерімен ж?не оны? шаруашылы? ма?ызымен о?ушыларды таныстыру.
  2. О?ушылырды? су туралы білімдерін ке?ейту. Ойын, тілін, бай?а?ышты?ын, білім??марлы?ын дамыту.
  3. Суды ластамау?а, ?ор?ау?а, таза ?стау?а, ??ыптылы??а  т?рбиелеу.

Саба?ты? ?дісі: Т?сіндіру, с?ра? – жауап, к?рнекілік, т?жірибе.

Саба?ты? т?рі: Жа?а саба?.

К?рнекілігі: Интербелсенді та?та, суреттер, сызбалар, ыдыс, су, с?т, ?асы?,  ?лестірмелі ?а?аздар.   т.б.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Су.Суды? ?асиеті»

Дүниетану


Сабақтың тақырыбы: «Су. Судың қасиеті».

Сабақтың мақсаты: 2 слайд

  1. Оқушыларға су тіршіліктің көзі екенін таныстыру. Әр түрлі тәжірибелер нәтижесінде судың басты қасиеттерімен және оның шаруашылық маңызымен оқушыларды таныстыру.

  2. Оқушылырдың су туралы білімдерін кеңейту. Ойын, тілін, байқағыштығын, білімқұмарлығын дамыту.

  3. Суды ластамауға, қорғауға, таза ұстауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік, тәжірибе.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, суреттер, сызбалар, ыдыс, су, сүт, қасық, үлестірмелі қағаздар. т.б.

Сабақ барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

Қайырлы күн балалар,

Қайырлы күн, мұғалімдер

Тыныш болып түніміз

Ашық болып күніміз

Сәттілікке толсын – ай.

II.Үй тапсырмасын тексеру. 3слайд

  • 1. Ауаның негізгі қасиеттерін айтыңдар?

  • Ауаның тіршіліктегі пайдасын айтыңдар?

  • Ауаның шаруашылықтағы маңызы жайында не білдіңдер?

Мағынаны табу: поэзия минуты арқылы бүгінгі өтілетін сабақтың тақырыбын ашу, яғни сумен байланысты екенін аңғарту.

Су деген тіршіліктің қаны емес пе,

Су деген табиғаттың жаны емес пе,

Су жоқ жерде өмір жоқ ол ақиқат

Күміс су қара жердің сәні емеспе? 4 слайд

(М.Хакімжанова)

1. Жұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын табу. 5 слайд

Өзенде, көлде өмір сүреді,

Аспанда қалқып жүреді.

Іші пысқан кездерде,

Жерге тамып түседі. (су)

III.Жаңа сабақ. 1 слайд

2. Оқулықпен жұмыс.

Су туралы түсінік беру.

Су тіршілік көзі. Сусыз тіршілік жоқ.Онсыз аң- құс-та, адамдар да өмір сүре алмайды. Бүкіл дала, орман-тоғай, жер бетіндегі өсімдік атаулының бәрі суға тәуелді.

Теңіздер мен мұхиттарда адамдар кемелермен жүріп балық аулайды. Су электр станциялары арқылы ток беріледі. Сусыз тазалық та жоқ.

6 Слайд

Кейде судың түсін ақ дейді. Солай ма? Судың қасиетін білу үшін бірнеше тәжірибе жасап көрелік.

7 слайд

1 – тәжірибе. Шыны ыдысқа сүт, екінші шыныға су құйып, екеуін салыстыру. Сүт – ақ, ал су түссіз. Таза суды аз мөлшерде алсақ, түссіз. Ал өзен, көл суларының түсі әр түрлі болады. Оның себебін кейін білеміз.

Су – мөлдір. Оны анықтап көрейік.

2 – тәжірибе. Екі стаканның біреуіне сүт, біреуіне су құю. Олардың ішіне қасық салу. Қайсысындағы қасық анық көрінеді. Неге?

- Бұл тәжірибеден судың қандай қасиетін байқадыңдар?

Суды иіскеп көр. Иісі жоқ. Олай болса, су түссіз, мөлдір, иіссіз, дәмсіз..

8 слайд Дәптермен жұмыс

Су-иіссіз, түссіз, мөлдір , дәмсіз

3 – тәжірибе. Кесеге, шыныға, стаканға су құю. Ыдыстардағы судың пішініне назарларын аударту. – Су қандай пішінге ие болды? Әрбір құйылған ыдыстың дәл өзіндей емес пе? Олай болса, суда тұрақты пішін болмайды. Ол құйылған ыдыстың пішінін алады екен.

4-тәжірибе.Суды кез – келген беті тегіс нәрсеге құйып, (ол жан – жағына аға бастайды) судың сұйық екенін түсіндіру.

  • Аққан су түгел жоқ болып кетті ме? Оның орныда дымқыл, сулы із қалды, олай болса су жұғады екен. Бірақ артынша олда жоқ болады. Кеуіп кетеді.

5-тәжірибе.Кез келген затты суға малсаң, ол су-су болады. Жуылған киімді далаға жаяды. Ол біраздан кейін кебеді. Ойланыңдаршы оның бойындағы су қайда кетеді? Күн көзі жылуынан су буға айналады. Бу ауаға араласты.

Үтікпен тәжірибе көрсету.

9 слайд (Сурет) Жазда шомылып рахаттанған өзеннің қыста қандай пайдасын көресің? Қыста оның үстінен конькимен, шанамен сырғанайсың бұл мұз қайдан пайда болды? қысқы суықта қатып, мұзға айналады.

10 слайд Судың 3 күйі

11 слайд Суретпен жұмыс -Асан судың қандай қасиетін анықтады?

- Судың мөлдірлігін қалай анықтауға болады?

- Бұлақ жағасы неге ерекше әдемі?

12 слайд

  1. – Балалар, жаңбыр жауды. Жаңбыр суы қайда кетті?

  • Топыраққа сіңіп кетті. (Оқушылар өздері қорытып айтып кетеді)

Топырақ қабатынан өткен су сүзіліп тазарады. Су – сүзгіш.

- Судың тағы бір кереметі – ол жер бетіндегі үнемі тынымсыз айналыста жүретіні.

Глобусқа қараңдар, ғарышкерлер ғарыштан осылай көреді. Бұны тез айналдырсақ тек көк түс қана сияқты, көк түспен жер бетіндегі өзен, көл, мұхиттар бейнеленген. Яғни жер бетінің ¾ бөлігін су алып жатыр .

12 слайд Су туралы статистикаға сүйенсек жер бетінің 71% пайызын су алып жатса,

29 % пайызы ғана құрлық екен.

13 слайд Оқулықпен жұмыс. Ш.Ахметовтың өлеңін оқып, жұмбақты шешу.

Судың қасиетіне жататын сөздердің астын сыз. (Үлестірмелі қағаздар тарату)

Мөлдір, түссіз, исі бар, көк түсті, исі жоқ, сүзіледі, пішінді, пішіні жоқ, тұнық, сұйық, отты жанғызады.

14 слаид Топтық жұмыс

1 – қатар Су туралы мақал – мәтел айт.

2 – қатар. Су туралы қандай тыйым сөз білеміз.


15 слайд. Дұрыс пікірді бағыттауыш сызықпен қос:

Ерігенде судың мұзға айналуы
Қатқанда судың буға айналуы
буланғанда мұздың суға айналуы

16 слаид.Топтастыру. Су дегеніміз не?






Жер бетіндегі судың таза болуы онда тіршілік ететін адамдарға қатысты.

17 слаид.Не білдік? Не үйрендік? т.б.

Сабақ сендерге ұнады ма? Несімен ұнады?

IV.Қорытынды.

V.Бағалау. Оқушылардың білімін бағалау, мадақтау.

18 слайд.VI.Үйге тапсырма беру.

41 – 44 бет оқу. «Су – тіршілік көзі» әңгіме (эссе) жазу.


































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Су.Суды? ?асиеті

Автор: Сагадиева Бинур Назатхановна

Дата: 02.03.2016

Номер свидетельства: 301349


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства