kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Стандарттаудың ғылыми техникалық функциялары мен принциптері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Стандарттаудың негізгі функциялары мен принциптері

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Стандарттаудың ғылыми техникалық функциялары мен принциптері»

«Бекітемін»

Оқу жұмысы жөніндегі

Директор орынбасары

С.С.Нурмукашева___________




Күні____

Топ____



№___ Сабақ

Тақырыбы: Стандарттаудың ғылыми – техникалық принциптері мен функциялары

Сабақтың мақсыта:

Білімділік: Стандарттаудың принциптері мен функцияларына түсінік беру

Тәрбиелік: Ғылым мен техникалық жетістіктерін пайдалана білетін, жаңашылдыққа талпынатын жекек тұлғаны тәрбиелеу.

Дамытушылық: Пән бойынша өндірістік және ұйымдастырушылық қызметін, құрылымын тәжірибеде қолдана білуді үйрету және дамыту.

Көрнекілігі: Оқулық.

Сабақ түрі: Кіріспе теориялық.

Пән аралық байланыс: Тауартану, экономика.

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру

  2. Үй тапсырмасын тексеру

  3. Жаңа білімді хабарлау

  4. Сабақты бекіту

  5. Үйге тапсырма


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру: Сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру: Стандарттаудағы нормативтік құжаттар туралы сұрақ -жауап арқылы тексеру.

Жаңа білімді хабарлау.

Стандарттау әрқашан маңызды практикалық мәселелерді шешуге бағытталып, ғылыми – техникалық прогресті дамытуға мүмкіндік жасап отыруы керек. Еліміздегі және шетелдік тәжірибелер көрсетіп отырғандай, бұл мақсатқа жету үшін стандарттауды белгілі принциптерге сүйкес отырып жүргізу қажет.

Стандарттаудың басты принциптері:

1. Стандарттарды ерікті түрде қолдану және олардың біркелкі қолданылуына жағдай жасау. Ұлттық стандарттар еліне және өнімді шығараын жеріне, өмірлік циклінің процестеріне, көрсетілетін қызметтерге, келісім ерекшеліктеріне және тұлғаларға (дайындаушы, орындаушы, беруші) қарамастан бәрі бірдей ерікті түрде қолданылады.

2. Ұлтық стандарттарды жасағанда халықаралық стандарттарды негіз ретінде қолдану. Егер климаттық және географиялық немесе отандық өнім өндірудің техникалық ерекшеліктеріне байланысты оны қамтамасыз ету мүмкін болмаса, бұл принциптің орындалмауы мүмкін.

3. Кедергі жасауға тыйым салу. Өндірілетін өнімге және оның айналасына стандарттау мақсатын орындауға сәйкес ең төменгі деңгейден асып, кедергі болатын талаптарға тыйым салынуы керек.

4. Әр жақтың мүддесін қорғау. Өнімді жобалаушының, дайындаушының және берушінің заңды мүдделері толық ескерілуі керек.

5. Жүйелік принципі. Техникалық прогресс және өнім сапасын жақсарту өнім шығару процесін, оның ішінде стандарттауды жүйелі түрде жүгізудің талап етеді. Стандарттау өндірістің бүкіл кезеңдерін және шикізаттарды, материалдарды іріктеп жинақталған бұйымдар мен дайын өнімдерді қамтуы керек.

6. Динамикалық принципі. Тиімділік деңгейін көтеру үшін стандарттау обьектісіне қойылатын талаптарды ғылыми – техникалық прогресс талаптарына сәйкестендіру мақсатында ұдайы қайтадан қарастырып отыру қажет.

7. Стандарттаудщың тиімділігі. Стандарттар тағайындайтын көрсеткіштер, нормалар, сипаттамалар және талаптар ғылымның, техниканың және өндірістің дүниежүзілік деңгейлеріне сәйкестендірілуі керек. Олар стандарттау обьектісінің даму тенденциясын да ескеруі қажет.

8. Үйлестіру принципі. Бұл принцип үйлестірілген стандарттарды әзірлеуді және олардың техникалық регламенттерге қайшы келмеуін көздейді. Бір обьектіге еліміздегі мекемелер қабылдаған құжаттар халықаралық саудадағы кедергілер жойылады.

9. Стандарттаудың негізгі жағдайларын тұжырымды келтіру. Стандарттарда келтірілген нормаларды әр түрлі мәнде түсінуге жол берілмеуі керек.

10. Жинақтылық және оңтайлы шектеу принципі. Стандарттарды жасау кезінде қарастырылып отырған обьектіге әсер ететін барлық басты элементтерді ескеру қажет. Жұмыс көлемін азайту мақсатында обьектіге әсер деңгейі төмен элементтер ескерілмейді.

11. Талаптарды тексерудің әділеттілігі. Стандарттарда обьектінің негізгі қасиеттеріне тағайындалатын талаптар, солардың ішінде адам өмірі мен денсаулығын, мүліктердің, қоршаған ортаның қауіпсіздігін, бірлестікті және өзара алмасуды қамтамасыз ететін талаптар әділ тексерілетін болуы керек.

Стандарттау функциялары:

1. Реттеу функциясы. Обьектілердің жөнсіз көп түрлерін ықшамдап шектеу.

2. Қорғау функциясы. Өнімді шығарушылардың, тұтынушылардың және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамзатты, табиғатты техногенді апаттардан қорғауға жұмылдыру.

3. Ресурстарды үнемдеу функциясы. Материалдардың, энергетикалық, еңбек және табиғи ресурстардың шекті болуы себепті нормативтік құжаттарда ресурстарды үнемді пайдалануды қарастыру қажет.

4. Арақатынасқа байланысты функциясы. Ақпараттың жүйелерін және хабарды тарату каналдарын пайдалана отырып, адамдардың өзара пікірлесуін және әрекеттестігін қамтамасыз ету.

5. Цивилизациялау. Адам өміріне қатысты көрсеткіштерді өнім мен қызмет сапаларын белгілеу негізінде жақсарту.

6. Ақпараттық функциясы. Стандарттау өндірісті, ғылымды, техникалық және басқа салаларды нормативтік құжаттармен, эталондармен, үлгілермен, бағалы техникалық және басқару ақпараттарының сақтаушысы болып табылатын өнім эталондарымен, өнім каталогтарымен қамтамасыз етеді.

7. Норманы бекіту және құқықты қолдану функциясы. Стандарттау обьектілеріне қойылатын талаптарды міндетті стандарттар түрінде заңдастыру және құжаттарға құқықтық күш беру нәтижесі оларды жаппай қолданудан байқалады.

8. Дәлелдік функциясы. Бұл функцияның мәні нақтылы техникалық регламенттерге үйлестірілген стандарттар регламентінің маңызды талаптарының дәлелділігін көрсетуінде.


Сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Стандарттаудың басты принциптері.

  2. Обьектілер мен нормативтік құжаттар көптігін қысқартып, реттеуге бағытталған функцияны атаңдар.

  3. Барлық салаларды өнімдердің каталогтарымен, өнімдердің эталондарымен, нормативтік құжаттармен қамтамасыз ететін стандарттаудың функциясын атаңыз.

  4. Цивилизациялау функциясы не үшін қажет.


Үй тапсырмасы: Дәрісті оқу


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Стандарттаудың ғылыми техникалық функциялары мен принциптері

Автор: Давлеткалиева самал Ерболатовна

Дата: 04.02.2020

Номер свидетельства: 538378


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства