kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

С?з тіркесі. С?здерді? байланысу т?рлері

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушылар?а с?з тіркесі туралы т?сінік беру. ?ткен та?ырыптар бойынша жатты?улармен ж?мыс ж?ргізе отырып о?ушыларды? ал?ан білімдерін пысы?тау. О?ушыларды? ауызша ж?не жазбаша тілдік стильдерін дамыту, ізденімпазды? ?асиетін ?алыптастыру. Шы?армашылы? іскерліктерін арттыру. Жа?сы ?асиеттерге, адамгершіліктерге баулу. Жа?сы о?ып, ?лгілі, білімді болу?а, досты?та адал болу?а ша?ыру.Саба?ты? ?дісі: С?ра?-жауап,о?у,талдау,сын т?р?ысынан  ойлау, жатты?у.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«С?з тіркесі. С?здерді? байланысу т?рлері»

Ақмола облысы

Бурабай ауданы

Бурабай кенті

С.Сейфуллин атындағы орта мектебі











Тақырыбы:

Сөздердің байланысу түрлері














Орындаған: қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі Серікбай А.С.







2016 ж

7-сынып қазақ тілі

« 23 » сәуір_2016 жыл

Сабақтың тақырыбы - «Сөздердің байланысу түрлері»

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: Оқушыларға сөз тіркесі туралы түсінік беру. Өткен тақырыптар бойынша жаттығулармен жұмыс жүргізе отырып оқушылардың алған білімдерін пысықтау.

Дамытушылық: Оқушылардың ауызша және жазбаша тілдік стильдерін дамыту, ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру. Шығармашылық іскерліктерін арттыру.

Тәрбиелік: Жақсы қасиеттерге, адамгершіліктерге баулу. Жақсы оқып, үлгілі, білімді болуға, достықта адал болуға шақыру.Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,оқу,талдау,сын тұрғысынан ойлау, жаттығу.

Сабақ көрнекілігі: Сөз тіркесіне арналған кесте, таблица, сурет, тест тапсырмалары, интер белсенді тақта.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жұптық, топтық жұмыс, іздендіру

Сабақтың көрнекілігі: қима қағаз, сызба таблицалары.

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, сабақтың мақсатын хабарлау, оқушыларды топқа бөліп, бір-бірінің жауабын тыңдауды, бағалауды ескерту. Қызығылушығын ояту.

Сабақтың ережесі:

Белсенді қатысу

Тыныштық сақтау

Бірін-бірі тыңдау

Ойын ашық айту

Бір-бірін сынамау

Ынтымақтастық

Сабақта ұстанатын ұстанымымыз.

Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

«Арлан тобы»

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа күлуге...

«Барыс»

Жылайын, жырлайын

Ағызып көз майын.
Айтуға келгенде

Қалқама сөз дайын...

I. “Білемін” бөлімінде:

1.1 Өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береміз;

1.2 Үй тапсырмасын тексереміз;

Тест сұрақтары:

Қазақ тілінің қай саласын өтіп жатырмыз?

Тіл білімінің салаларын ата.

”Синтаксис” деген термин қай халықтың сөзі, қазақша мағынасы

Синтаксис ғылымы нені зерттейді?

Сөз тіркесі дегеніміз не?

Сөз тіркесінің айрықша бергілері

Есімді, етістікті тіркес

Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?

Етістіктің шақтары

Есімше, көсемше жұрнақтары

Үй тапсырмасы:

I – тапсырма: Синтаксистік талдау, сөз тіркестерді тауып түрлеріне қарай ажырату;

II – тапсырма: морфологиялық талдау;

III – тапсырма: фонетикалық талдау;

Шоң жолшыбай Баянауылға соқты. Потанин биді көк көзі күлімдеп қарсы алды. Амандықтан соң Шоң төңірегіне көз салды. Былтырғыдан гөрі құрылысқа елеулі ештеңе қосыла қоймағандай. Екі үйдің іргесі көтеріліпті. Олардың қатарынан бес-алты адам тағы жер қазып жатыр. Биіктігі алтыбақандай төрт аяқты тұғырлар үстінде бөренені тақтайға тіліп жатыр.

II. “Зерттей аламын” .

Суретпен жұмыс


III. “Білгім келеді” бөлімінде:

3.1 Тест сұрақтары.

3.2 Венн диаграммасы

Тест сұрақтары:

Етістіктің тіркесін тап.

A) Жақсының ашуы. C) Жаманның ашуы

B) Басы жеткенше D) Жаманның басы

2. Тұрақты сөз тіркесін тап:

A) Дархан дала C) Мұзға отырғызып кету

B) Ғұмырнама D) Кедей-кепшік

3. Толықтауыштық қатынасты тап.

Пайда ойлама – ар ойла. C) Тағы да келді.

Өзің үшін үйрен D) Түс ауа қозғалды.

4. Қандай байланыс түрі : Мен естідім.

A) Матасу C) Қиысу

B) Жанасу D) Меңгеру

5. Меңгеруді тап:

A) Сынға түсті C) Аман келді

B) Біздің өлке D) Кең дала

6. Байланыс түрлеріне қатысты талдаудың қайсысы дұрыс емес?

A) Тоғыз адам – қабысу C) Оқуға лайық – меңгеру

B) Кең бөлме – жанасу D) Алатаудың Жамбылы - матасу

7. Берілген ретінде қарай сөз тіркестерінің байланысу түрін анықта: Ағаштың бұтағы, хат алу, қалың орман.

A) Матасу, қабысу, жанасу C) Қабысу, меңгеру, жанасу

B) Меңгеру, қиысу, қабысу D) Матасу, меңгеру, қабысу

8. Есімді тіркесті тап.

А) Үлкен үй. C) Тағы да келді.

В) Он шақты. D) Онға жуық.

9. Анықтауыштық қатынасты тап.

A) Асығып сөйледі C) Бұлардың жағдайлары

B) Балуанмен күресті D) Ғалымнан басқа

10. Пысықтауыштық қатынасты тап.

A) Жаман әдет C) Қатты қағаз

B) Жақтырмай қарау D) Жылқыны бағу.

Венн диаграммасы

Арлан тобы: Синтаксистік қатынас

Барыс тобы: Байланысу түрлері

Бірге ұқсастықтарын талқылаймыз.

IV. “Білдім” бөлімінде:

4.1 Сөз тіркестерін жаз.

4.2 Жаттығулар:

1. Түрлері

2. Синтаксистік қатынас түрлері

3. Сөздердің байланысу түрлері

4. «жас ленгвист»

Мысалдар

Сөз тіркесі

Тұрақты тіркестер

Күрделі сөздер

1.

Қара торы.




2.

Кетіп қалды.




3.

Үйде қалды.




4.

Сары ала қой.




5.

Жұмған аузын ашпау.




6.

Он сегіз.




7.

Жетпіс жыл.




8.

Асығып-үсігіп келді.




9.

Сіркесі су көтермейді.




10.

Мөлдір су.





Сөз тіркесі

Анық-тауыштық қатынас

Толық-тауыштық қатынас

Пысық-тауыштық қатынас

1.

Ажардың анасы.




2.

Шеберлікке үйрену.




3.

Ақша бұлт.




4.

Ертемен тұру.




5.

Қаладан келді.




6.

Сексен метр.




7.

Балаларға айттым.




8.

Гүрілдеген трактор.




9.

Орманға жақындау.




10.

Екеуміздің жолымыз.






Мысалдар

Қиысу

Матасу

Меңгеру

Қабысу

Жанасу

1.

Алғашқы ойлар.






2.

Қашықтық еңбегі.






3.

Уақыттан озған.






4.

Сендер сөйлеңдер.






5.

Былтыр тапсырды.






6.

Әлсін құлақ түреді.






7.

Білгенге маржан.






8.

Екі дос.






9.

Біздің ауыл.






10.

Сен таныссың.







Сөзжұмбақ шешу

  1. Баланың әкесі. Қандай тіркес?

  2. Меңгерудегі жоқ септік.

  3. Пысықтауыштық және толықтауыштық қатынас ұқсастығы.

  4. Бағыныңқы сыңарға сұрақ қой: менде бар?

  5. Сөздің мағынасын зерттейтін сала.

  6. Жіктік жалғауының 2-ші жағы.

Жас лингвист” (шығармашылық тапсырмалар)

Мына тірек сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып,”Ата-ана ” тақырыбына шағын эссе жазу.

(менің ата-анам, өмір сыйлаған, шыншыл бол, ата-ананың рұқсатынсыз, ақыл-кеңес, қадірлеу, еңбексүйгіш, адал, қайырымды, оқу озаты,әдепті болу)



Үй тапсырмасы:

“Сүйікті пәнім” мәтін жазу.

Жанаса байланысқан сөз тіркестерінің астын сызу.

Бағалау парақшасы:







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
С?з тіркесі. С?здерді? байланысу т?рлері

Автор: Серикбаев Акжол Серикбаевич

Дата: 21.06.2016

Номер свидетельства: 335597


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
Курсы ПК и ППК для учителей!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства