kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

С?з зергері ?абит М?сірепов ??гімелеріндегі ана бейнесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л саба?ым сіздерге ?найды деген ойдамын. ?йткені б?л саба?та м??алім о?ушы?а тере? ізденісте ж?мыс жаса?анын к?ресіздер. Сондай ак б?л саба?та о?ушылар ?здеріде ізденісте болады.Б?л саба?ым о?ушылар?а ерекше ?нады. ?йткені б?л саба?та о?ушылар к?п ізденісте болады. М?нда к?п м?ліметтер алу?а болады. ?йткені б?л саба? ?осымша ізденістерді? ар?асында шы?ты. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«С?з зергері ?абит М?сірепов ??гімелеріндегі ана бейнесі »

Қазақ әдебиеті 11 - сынып

12 сабақ


МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ s



Тақырыбы:


• Сөз зергері Ғабит Мүсірепов әңгімелеріндегі ана бейнесі

Күтілетін нәтиже:


Білім

• Ғ.Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығын еске түсіріп, оның «Сөз зергері» екендігін біледі.

Ғ.Мүсіреповке жақын адамдарды танып, ана тақырыбын сомдаудағы ойын тұжырымдайды.


Түсінік

• Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғынып, өз сөзімен түсіндіреді.


Қолданыс

• Семантикалық картамен жұмыс жасайды және Ғ.Мүсіреповтің ана тақырыптары арқылы ананың махаббатын, ананың тілін қадір тұтып пайдаланады.


Анализ

• М.Әуезов пен Ғ.Мүсірепов суреттеген аналарды салыстырады.


Синтез

• Ғ.Мүсірепов жырлаған аналар бейнесі мен бүгінгі қоғамдағы аналар жайында ойын түйіндейді.


Баға

• Ғ.Мүсіреповтің тіл шеберлігі мен қазақ даласында өскен аналардың рухын асқақтата жырлауына баға береді.

Сабақ құрылымы:


І. Ақпарат блогы. 15 мин

ІІ. Логикалық тапсырмалар блогы. 5 мин

ІІІ. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы. 10 мин

ІV. Интеллектуалдық тренинг блогы. 17 мин

V. Күтілетін нәтиже блогы. 3 мин

Оқыту әдісі:


•Зерттеушілік, талдау.

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:


•Қажетті бастапқы ақпарат береді, алдын ала әзірленген тапсырмалардың орындалуын ұйымдастырады, көмек көрсетеді.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формасы:


•Белсенді іздену, жұп болып не шағын топтарда жұмыс істеу.

Танымдық тапсырмалар:


•ЛТ, ЖБЕА және ИТр блоктарының тапсырмалары.

Оқушы іс-әрекетін ұйымдастыру:


•Күтілетін нәтижеге қол жеткізу мақсатында ұсынылған алгоритм бойынша жұмыс жасау.

Оқушыда дағды қалыптастыру:


•Логикалық ойлау, ой қорыту, өздігінен және топта жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Негізгі ұғымдар мен терминдер: Ана, әйел, Темір, сарқылмайтын күш, халық, құдірет, адамгершілік, мейірім,



Ақпарат көздері:


1. Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 11–сыныбына арналған оқулық / Р.Бердібай, Р.Нұрғали, Б.Ыбырайым. – Алматы: Мектеп, 2007. 236-246 б.

2. «Қазақ әдебиеті» Шың кітабы /Қ.Егенбердиев, Қ.Ибрагимов. – Алматы, 2011. 94-96 б.

3. Ғ.Мүсірепов шығармалар жинағы. I том, – Алматы: 1972. 197-256 б

4. «Дауылпаз туралы жыр» М.Горький. – Алматы: Жазушы, 1968. 5-32 б.

3. Қазақ әдебиеті. 11–сынып [Электрондық оқулық] /Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған.

Сабақты бағалау:


•Негізгі баға ЖБЕА блогының тапсырмаларын, ал бонус бал ИТр блогын орындағаны үшін есептеледі.

Үй тапсырмасы:


• «Ана – сарқылмайтын күш» атты тақырыпта эссе жаз.

• Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романын оқып келу.




САБАҚ БЛОКТАРЫ s



і. аҚПАРАТ БЛОГЫ



Тақырып жоспары:

1. Ғ.Мүсірепов және заман.

2. Ғ.Мүсіреповпен тағдырлас тұлғалар.

3. Ғ.Мүсірепов – қазақ әдебиетінде ана образын сомдаушы.


Слайдтар:

1-слайд (титулдық слайд)


2-слайд

Сабақ мақсаты


3-слайд

Тақырып жоспары


4-слайд

1-тақырыпша. Ғ.Мүсірепов және заман.


5-слайд

• Алдыңғы сыныптарда «Сөз зергері» атанған Ғабит Мүсірепов туралы не оқыдық?


6-слайд

Туған жері:

Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Жаңа жол ауылында кедей шаруа отбасында дүниеге келді.


7-слайд

Ғабит кім болған?


8-слайд

Ғ.Мүсірепов – сөз зергері

• Ғ.Мүсірепов шығармаларынан ана тіліміздің мөлдір тұнығы, саф тазасы табылады. Жазушының әдебиетімізге, мәдениетімізге қосқан ең үлкен олжасы – халық тілін еркін игеріп, сұрыптап, әдеби тілімізді дамытуы, көркейтуі.


9-слайд

Өмірінен деректер:

• 9 жасқа дейін өз ауылында оқып, хат таниды;

• 1917-1921 жылдары Обаған деген жердегі нағашысының көмегімен екі сыныптық орыс мектебіне оқуға түседі. Кейін Преснегорьковтағы жоғары сыныптық училищеде оқиды;

• 1923-1926 жылдары Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетінде (рабфак) оқиды;

• 1926 жылы Омбыдағы ауыл шаруашылығы институтында 1 жыл оқиды;

• 1927-1928 жылдары Щучинскі қаласындағы ауыл шаруашылығы техникумында оқытушы болады;

• 1934-1935 жылдары «Қазақ әдебиеті», «Социалистік Қазақстан» газеттерінің бас редакторы;

• 1937 жылы Қазақстан КП Орталық Комитетінің бөлім меңгерушісі;

• 1938-1955 жылдары бірыңғай жазушылық жұмыспен шұғылданды;

• 1955-1966 жылдары «Ара» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы;

•1958 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне, КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланады;

• 1962, 1972, 1974 ж. 3 мәрте Ленин, 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту, 1982 жылы «Халықтар достығы» медалтдары;

• 1970 жылы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алды;

• 1977 жылы Қазақстан Ғылым Академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық алды;

• 1974 жылы Кеңес Әдебиетін өркендетуде сіңірген еңбегі үшін Социалистік Еңбек Ері құрметті атағы берілді;

• Жапония, Египет, Алжир, Италияда болды.


10-слайд

Ғ.Мүсірепов шығармашылығын үш кезеңге бөлеміз

1-кезең (1927-1932) шығармалары

2-кезең (1932-1938) шығармалары

3-кезең

«Тулаған толқында» повесі, «Өмір ертегісі», «Көк үйдегі көршілер» т.б.

«Талпақ танау», «Шұғыла», ана туралы 8 новелла («Адамның

анасы», «Өлімді жеңген ана», «Ана кесімі айнымайды» атты 3 әңгімені М.Горькийден аударған), «Қыз Жібек» пьесасы (1934),

«Амангелді» пьесасы (1936. Б.Майлинмен бірге жазған).

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» пьесасы (1939),

«Ақан сері - Ақтоқты» (1941), «Қазақ батыры» повесі (кейін «Қазақ солдаты» романы, 1945), «Оянған өлке» романы (1953), «Кездеспей кеткен бір бейне» повесі (1968), «Суреткер парызы» кітабы (1970), «Ұлпан» романы (1974), «Заман және әдебиет» кітабы (1982), «Жат қолында» (1984).



11-слайд

2-тақырыпша. Ғ.Мүсіреповпен тағдырлас тұлғалар.











12-слайд



13-слайд

Ғ.Мүсіреповтің ұстазы:

• Бекет Өтетілеуов – ақын, аудармашы, педагог. Обаған болысындағы екі сыныптық орыс мектебінде орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берген ақын әрі көрнекті педагог Б.Өтетілеуовтің ықпалы күшті болды. «Бекет менің қиссаға құмарлығымды білгеннен кейін, мені әдебиетке тура тарта бастады. Әуелі «Жиған-терген» деген өзі шығарған өлеңдді берді... Содан соң ол маған бір жетіге «Шаһмаран» қиссасын беріп, кейін ертегі ретінде түгел айтқызып шықты» деп еске алады. Кейін Б.Өтетілеуовтің көмегімен Ғ.Мүсірепов Преснегорьковтағы жоғары сыныптық училищеде оқиды.


14-слайд

Ғ.Мүсіреповтің замандастары:

• С.Мұқанов, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, З.Қабдолов, Ә.Нұрпейісов, т.б.

• Мүсірепов болса қашан да таңдануға лайық тұлға.

Ә.Нұрпейісов

• Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ, Мүсіреповпен мақтану керек.

З.Қабдолов

• Қаламдас аға-досы Биағаңа (Бейімбет Майлинге) жала жабылғанда айғайлап ара түскен: «Биағаң халық жауы болса, мен де халық жауымын!», - деп белсенділердің бетін қайтарып, сөйлегені бүкіл елге мәлім болған.

• Солақай сыншылар М.Әуезовтің «Абай жолына» көк сүңгі сілтеп, ұлы Мұханның басына әңгіртаяқ ойнатқанда да ара түсіп, адал, байыпты, мәнді мақала жазып, ашық сайысқа шыққан да – Ғ.Мүсірепов.


15-слайд

Ғ.Мүсіреповтің қарсыластары:

• Халық басына түскен ауыртпалықта басын өлімге қиып, «Сталинге хат» жазуы («Бесеудің хаты», біреуі Ғ.Мүсірепов болған).

• 1930-1933 жылдарда қазақ халқы ашаршылықтан қырылып, тірі қалғандары күн көрерлік жер іздеп, бет-бетімен босып кеткені мәлім. Мәскеу билеушілерінің Қазақстанды басқаруға жіберген адамы –Ф.Голощекин жергілікті халықтың тұрмыс-салтымен, дәстүрімен, шаруашылық, кәсіп ерекшелігімен санаспай, елді ашаршылыққа ұшыратып, тоздырып жіберген кезеңнің шындығын батыл жазуға тәуекел еткен жазушылардың бірі де – Ғабит Мүсірепов. «Бұл Шұғылада болған еді» деген очеркінде ол қазақ халқына жасалған голощекиндік геноцидтің сұмдық көріністерін, иен далада иесіз қалған мекендер мен аштықтан опат болған адамдардың тау-тау болып үйілген, көмусіз қалған сүйектерін көріп, жан шошырлық қырғынның қорқынышты суреттерін қаз қалпында көрсетті. Кейін ол партия қатарынан шығарылып, қызметінен босатылды. Ғ.Мүсіреповтің 1938 жылдан 1955 жылға дейін «бірыңғай шығармашылық жұмыспен айналысуының» түпкі себебі осындай.


16-слайд

Ғ.Мүсіреповтің идеялық ұстазы:

• Училищеде оқып жүрген кезінде ол А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, А.М.Горький, В.Г.Короленко, Дж.Лондон секілді ақын, жазушылардың кітаптарын оқиды, көркем әдебиет әлемінің сырларына қанығады. Орыс классиктерінің (Л.Толстой, А.Чехов, Н.Гоголь, М.Горький) шығармаларын айырықша қызығып оқиды. Ол аудармашылық жұмыспен айналысады.

• Ғ.Мүсіреповтің ана тақырыбын жазудағы идеялық ұстазы – М.Горький.

Гуманист жазушы М.Горькийдің адам деген ардақты атты жоғары бағалауы, өмірге рух себуші, тіршілік иесі аналардың қоғамдағы рөлі Ғ.Мүсіреповке үлкен ой салды. Ол М.Горькийдің «Адамның анасы», «Өлімді жеңген ана» және «Ана кесімі айнымайды» әңгімелерін аударды.


17-слайд

3-тақырыпша. Ғ.Мүсірепов – қазақ әдебиетінде ана образын сомдаушы.


18-слайд

Новелла (итал. – жаңалық, әңгіме) – қара сөзбен баяндалған көлемі шағын әдеби жанр. Әңгіме мен новелланың арақатынасы мүлдем жақын, өзіндік ерекшеліктері де бар. Новеллада бір не екі эпизод жинақы суреттеліп, оқиға оқыс аяқталып отырады. Сюжеті шымыр құрылып, кейіпкерлер мінезі күтпеген, төтен жағдайларда ашылады.


19-слайд

Аналар тақырыбындағы тізбекті шағын шығармалары

Р/С


Ғ.Мүсіреповтің ана

жайлы әңгімелері

Тақырыптары

1.


«Адамның

анасы» (М.Горький). (1934)

Ертедегі жаугершілік заманда самсаған сары қолдан қаймықпай, туған қызын азат ету үшін қайрат көрсеткен ана тұлғасы жайлы.

2.


«Өлімді жеңген ана»

(М.Горький).

Азияның ақсақ барысы Темірдің адам баласын аямай, арыстандай ақырып, жан-жағындағыларды темірдей жаншып жүрген кезінде Темірді жеңген ана жайлы.

3.



«Ана кесімі

айнымайды»

(М.Горький).

Елін сатып, халқын ауыртпалшылыққа душар еткен қайсар жанды өзінің туған анасы Марияның пышақ сұғып, әрі азамат, әрі ана, аналық айнымас кесімін айтып өлтіруі жайлы.

4.

«Ананың анасы»

Әңгіменің мазмұны ел арасына кең тараған аңыздан алынған. Елді шауып, жазықсыз жас қызды зорлап алып бара жатқан батырды қыз анасының сөзбен тоқтатып жеңгені, қызын жау қолынан азат етуі және абзал ананың өжеттілігі айтылады.

5.

«Ашынған ана» (1934)

Жасы жетпеген баласын майданның қара жұмысына еріксіз жіберген озбыр болыс мен оның қолшоқпары Қарасақалға Қапия ананың пышақ жұмсап, түрмеге түсуі, онда 17 ай отырып, ақыры большевиктер оны түрмеден босатып алуы жайлы.

6.

«Ананың арашасы» (1934)

Антоновтың ақ бандыларының Нағиманы большевик балаңды тауып бер деп соққыға жығуы, ананың төзіп, ақтар армиясының әскеріне намысына тигізіп сөз айтуы, оларды командиріне қарсы қоюы, ақыры, олардың Антоновты өлтіріп, Қызыл Армияға қосылуымен аяқталады.

7.

«Ер ана» (1942)

Жау уақытша басып алған селода ауру немересімен қалған Наталья ананың партизандар көмген минаны жарып, неміс офицерлері орналасқан мектеп үйді өртеп, ормандағы партизандарға қосылуы жайлы.

8.

«Ақлима» (1944)

Жалғыз ұлы соғыста ерлікпен өлген ананың майданнан мүгедек болып оралған Сапар деген жігітті асырап алып күтуі, оны өз баласы Қасымнан кем көрмеуі жайлы.

9.

«Әмина»

Балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан 42 баланың анасындай болып кеткен Әмина жайлы. Әмина балаларды қауіп-қатерден, су тасқынынан құтқарып алып, ерлік жасайды.

10.

«Ұлпан» (1974)

Ұлпан – ел анасы, халық анасы, қазақ анасы. Ол ақылдылықтың, мейірімділіктің, қайраттылықтың, даналықтың аруана, киелі анасы.



іі. лОГИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР БЛОГЫ



Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Ғ.Мүсірепов – сөз зергері


Ғ.Мүсіреповтің замандастары кімдер?

Ғ.Мүсірепов – қазақ әдебиетінде ана образын сомдаушы




Қорытынды:_______________________________________________________________________________________________________________________________



ііі. ЖАТТЫҚТЫРУ ЖӘНЕ БІЛІМДІ ЕСЕПКЕ АЛУ БЛОГЫ



Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары


1. Ғ.Мүсіреповтің туып-өскен ортасы туралы не білесің?

________________________________________________________________________________________________________________________________

2. Ғ.Мүсіреповке әдебиетті сүйіп өсуге ықпалын тигізген ұстаз ақынды табыңыз.

________________________________________________________________________________________________________________________________

3. Ғ.Мүсірепов И.Сталин, Ф.Голощекиндерден неге қаймықпады?

————————————————————————————————————————————————————————————————

4. Ғ.Мүсірепов замандастарынан кімдерді қолдап, араша түсіп, батылдық танытты.

————————————————————————————————————————————————————————————————

5. Ғабит Орынборға қай жылы келді?

————————————————————————————————

6. Ғ.Мүсірепов жұмысшы факультетіне (рабфакқа) оқуға қай қалаға барды.

————————————————————————————————————————————————————————————————

7. Қазақ прозасының профессионалдық биік деңгейге көтерілген кезін көрсетіңіз.

————————————————————————————————————————————————————————————————

8. Алғашқы еңбегі қалай аталады?

———————————————————————————————————————————————————————————————

9. Ғ.Мүсіреповтің «Этнографиялық әңгімесінің» жазылу ерекшелігін табыңыз.

________________________________________________________________

________________________________________________________________

10. Ғ.Мүсірепов қазақ әдебиетінің алтын қорына қандай еңбектерін қосты?

________________________________________________________________

________________________________________________________________

11. Ғ.Мүсіреповтің қандай жетістіктерін білесің?

————————————————————————————————————————————————————————————————

12. Ғ.Мүсірепов аралаған шет мемлекеттер.

————————————————————————————————————————————————————————————————

13. Ғабитке арналған мұражай қай қалада?

————————————————————————————————————————————————————————————————

14. Новелла дегеніміз не?

————————————————————————————————————————————————————————————————

15. М.Горькийдің шығармашылығын тәржімәлауға не себеп болды?

________________________________________________________________

________________________________________________________________


16. Ғ.Мүсірепов М.Горькийдің қандай әңгімелеріне аударма жасады?

————————————————————————————————————————————————————————————————

17. Ғ.Мүсіреповтің ана топтпмасындағы әңгімелерін атаңдар.

________________________________________________________________

________________________________________________________________

18. Ана топтпмасындағы әңгімелерінде жазушы ананың қандай қасиеттерін суреттейді?

————————————————————————————————————————————————————————————————

19. Ғ.Мүсіреповтің «Ашынған ана» шығармасы қай кезеңде болған оқиғаны суреттейді?

————————————————————————————————————————————————————————————————

20. Қаһарлы Ақсақ Темір кімнің алдында басын иді?

————————————————————————————————————————————————————————————————

ІІ деңгей тапсырмалары

1. Семантикалық картаны жұмыс

Тақырып


Үзінді

«Ананың анасы»

«Өлімді жеңген ана»

«Ананың арашасы»

«Әмина»

«Ашын-

ған ана»

Жүріп өткен жерінің жапырағы бір түнде қуарып, шаңдағы бір-ақ бұрқ етіп қалатын.






Өмір өзен сондай сіліккен. Қазір бұл сондай орасан күшті. Енді өмірді өзі сілкуге жарап қалған ана.






Менің атым әйел, мына қыздың анасымын! Бәрің де анадан тудыңдар! Анамен алыспайды да, атыспайды да. Нең бар еді менің жалғызымда!






Мақтасақ - әйелді мақтайық та, құрметтейік те әйелді. Әйел – ана, барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, көзді бұлақ емес пе!..






Бір бала қатты секіріп түскеніне мәз болып күлсе, тәрбиеші ана да езу тарту керек.. Бір бала қыңқ етіп қалса, ана да ауырсынып қабақ шыту керек. Көбелек ұстатпай кетсе, оған да ұрсу керек.

Балаларға оның жымиғаны да – қуаныш, арқасынан қаққаны да – қуаныш, болмашы бірдемені айтқаны да – қуаныш.







2. Венн диаграммасы.

М.Әуезов суреттеген Ғ.Мүсірепов суреттеген

«әйелдер» «аналар»












іV. иНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ТРЕНИНГ БЛОГЫ






ІІІ деңгей тапсырмалары


1. Ғ.Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесіне сатылай-кешенді талдау.

Шығарма авторы:

Түрі:

Тақырыбы:

Идеясы:

Шығарманың композициялық құрылысы:

1. Сюжеттің басталуы:

2. Сюжеттік байланыс:

3. Шиеленісуі:

4. Шарықтау шегі:

5. Шығарманың шешімі:

6. Шығармадағы кейіпкерлер:

7. Әдеби теориялық ұғымдар:

8. Дисфемизмдер:

9. Көнерген сөздер:


Топтық жұмыс.

Сынып оқушылары төрт топқа бөлініп, әрбір топ өзіне берілген тапсырманы орындайды.

1-топ. Ана – бала – қоғам ұғымдарының арасында байланыс бар ма?

2-топ. Ұлпан қайталанбас біртуар ұлы тұлға

3-топ. Бүгінгі таңда қазақ әйелі кім, қандай?

Қазақ әйелінің бүгінгі келбеті.

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________




V. КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ БЛОГЫ



 Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
С?з зергері ?абит М?сірепов ??гімелеріндегі ана бейнесі

Автор: Ахметова Жанар Ерсейтовна

Дата: 27.03.2015

Номер свидетельства: 192303


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства