4-тапсырма Жұмбақ айтылады жауабын шешіп,антоним ойлап жазу
1-топқа
1.Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайым десем тәуір кілем
(жер) /-аспан /
2. Аспанда алып доп,
Жарқырайды жарық боп
(күн) - / түн /
3.шақырса келмес,жаяу жүрмес
(жаз) -/ қыс /
2-топқа
Келесісі жұмбақ оқылады ішінен антонимдерді және жауабын табу
3.Мініп алып ылғи да,
Тыңнан жол табамын.
Жоғарыдан төменге
Жұлдыз болып ағамын
(ұшақ)
4.Асты тас,
Үсті тас,
Ортасында жанды бас.
(тасбақа)
5. Түнде бармын,
Күндіз жоқпын. /жұлдыз/
5- тапсырма Көп нүктенің орнына тиісті омонимді қойып,көшіріп жаз
1. Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме.
Бөлменің ішінен ... иісі шығып тұр.
2. Жүрегі ауырған адам жастықты биік қойып жатуы керек.
. . . шақта, білім, өнерге ұмтылған жөн.
3.Қара шашы үйдің қараңғылығын қоюлап тұрғандай.
Алыстан бір …… көрінді.
Сергіту сәті
6- тапсырма Сәйкестендір
Алыс баяғыда
Үлкен талғау
Кішкентай дәу
Ажар биттей
Таңдау келбет
Қайратты шалғай
Ертеде қуатты
7- тапсырма Графикалық диктант
8-тапсырма Шағын тест
Қорытындылау
Ертегі айтылады
Ертеде Лексика атты елде Омоним,Синоним,Антоним атты ағайынды үш жігіт өмір сүріпті.Әкесі бір күні үшеуін шақырып алып, «Дүниеде не тәтті?» деп сұрапты.Үшеуі әбден ойланыпты. Содан Омоним айтыпты: Дүниедегі ең тәтті -Түс
Синоним айтыпты: шекер,қант,тәтті
Антоним біразға дейін ойланып барлығына қарсы шығыпты.Содан әкесі «Халықтан сұрасаңдар біледі.Елден сұраңдар» депті балаларына .
Ал,балалар сендер қалай жауап берер едіңдер.
-Дүниеде не тәтті ?
-Дүниеде ең тәтті адамзат үшін ананың сүті екен.
Ана керек о,адамдар ,ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған таптың да дер дананы ,
Даналықтың қажеті жоқ,сыйлау үшін ананы-деп «Ана жырын» қосылып әндетейік.