Пәні: қазақ әдебиеті | Мұғалім: Алданаева Құралай Тлегенқызы | Сынып | 10 |
Тақырыбы: | Шоқан-зерттеуші көрнекілігі: Шоқан Уалихановтың суреті, «Шоқан саяхаттары» карта-сызба, ұлы ғалым туралы жазылған ой-пікірлер, тірек сызба, кесте түріндегі слайдтар . |
Мақсаты: | Ш.Уалихановтың өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беру. Оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу дағдысына сүйене отырып, олардың тарихи ойлау (есте сақтау) қабілетін үнемі жетілдіре түсу, өздігінен білім алуға, ізденулеріне жағдай жасау, сыни көзқарастарын тарихи деректерді тану қабілеттерін дамыту, адамгершілікке, отан сүйгіштікке құзырлы тұлға етіп тәрбиелеу. |
Күтілетін нәтиже: | Танымдық, дамытушылық, қызығушылық қабілеттері артады; Қажетті ақпаратты іздейді , автор шығармашылығын меңгереді; өзекті ойды анықтай алады, постер арқылы топтастыра алады, өз ойын еркін жеткізе біледі, пікір алмасады, мәтінмен жұмыстана алады. Оқушылардың еркін сөйлеуі қалыптасады. Мәтінді оқығанда, талдағанда аңғарымпаз болады, ойын ашық айта алатын болады . Бірін – бірі, өзін бағалайды; Шығармашылықпен жұмыстанады; сыни ой қорытады. |
| Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті |
Ұйымдастыру | 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу 2. Оқушыларды түрлі жазылған сөз қағаздарды суырту арқылы топтарға бөлу, бірінші топ стикерінде «ғалым», екінші топта «әдебиетші», үшінші топта «зерттеуші», төртінші топта «саяхатшы» деген сөздер жазылады. Кейін бұл жолдарды біріктіріп үй тапсырмасын алады. | Оқушылар амандасады, кезекші сұрақтарға жауап береді, топқа бөлу әдісіне араласады. |
1. Қызығушылығын ояту. Үй тапсырмасын сұрау. Ой қозғау | Эпиграф. Гүлдер солып, жұлдыздар сөніп, адамдар өліп жатады. Бірақ, адамзаттың бір ерекшелігі сол – одан із қалады, іс қалады, сөз қалады. (Ы.Жақаев) -Қандай адамдардан із, іс, сөз қалады? -Артына ұмытылмас із қалдырған қандай ұлы тұлғаларды білесіңдер? -Артына өшпес із қалдырған ұлы тұлғалардың бірі – ШоқанУәлиханов. О.Сүлейменовтың сөзімен айтсақ «Оның бойында тарихшының және жауынгердің, географтың, әдебиетшінің, тіл білімін зерттеушінің және жауынгердің таланты үйлесім тапты. Пенде атаулыда сирек кездесетін сүйкімділік оған ұлы достар сыйлады». Ой шақыру. «ғалым, әдебиетші, зерттеуші, тарихшы» туралы не білеміз және не елестиді? Осыларға тән қасиетті жазады. «Сиқырлы сандар» ойыны 34 20 15 1 18 – 11 8 23 25 25 8 26 34 38 (алфавит тәртібімен жасырын сөзді тауып, тақырыпты ашып алады) Ш о қ а н-з е р т т е у ш і «Мағынаны ашу» стратегиясы 1 -топ. «Текті білу тектілік» (Шоқан-Шыңгыс-Уәлихан-Уәли-Абылай) 2-топ. «Досы көпті жау алмайды» (Семенев Тянь-Шанский, Потанин,) 3-топ. Картамен жұмыс.1855ж.Шоқан генерал Гасфорттың сапарына қатысып, Жетісу, Тарбағатай Орталық Қазақстан, Іле Алатауын аралайды. Карта көрсетіледі (слайд) 4-топ. Шоқанның есімі берілген мекен-жайлар. Презентация. (4 мин.) - Көкшетау облысында бір аудан, ауыл, педагогикалық институт; - Алматы облысында бір ауыл Ш.Уәлиханов есімімен аталады. - Қазақ Ұлттық Ғылым Академиясының тарих, археология және этнография институтына; - Алматы қаласында №68-мектепке, бір көшеге Ш.Уәлихановатың есімі берілді. - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтарының біреуі (Бейнелеу өнері және архитектура саласындағы сыйлық) Ш.Уәлиханов атымен аталады Қостанай облысының Әулиекөл ауданында Шоқан Уәлихановтың мұражайы, ескерткіші бар. Оның атымен мектеп аталған. «зерттеушілігі» туралы карталар көрсетіледі. (суреті интербелсенді тақтадан көрініс табады) | Оқушылар сұрақтарға жауап іздейді. Оқушылар өз ойларымен бөліседі. Оқушылар тыңдайды, соған байланысты туындайтын сұрақтарға жауап береді. |
2. Мағынаны тану. | 4 топқа тақырыпқа сай әртүрлі тапсырмалар беріледі. «Хронологиялық диктант» 1835 жылы Шоқан Уәлиханов дүниеге келді 1847 жылы Сібір Кадет корпусына оқуға түсті 1853 жылы Кадет корпусында білім алып, оны бітірді 1856 жылы Ыстық көлге сапар шекті 1861 жылы Өкпе ауруы асқынып, туған ауылына оралды 1865 жылы Шоқан Алтынемел жотасында дүниеден өтті «Математикалық ойын» 1. Шоқан қанша жасынан бастап хат таныған? (50 : 5) - (20 : 4) = 5 1. Шоқан кадет корпусын қанша жасында бітірді? (57 - 50) + (7 + 4) =18 1. Шоқан неше жасында дүниеден өтті? (250 - 200) – 20 =30 1. Ә.Марғұлан Шоқанның еңбектерін қанша жылдық тойына арнап құрастырды? (100 * 3) - (10 * 15) =150 Шоқан туралы айтылған пікірлер: «Шоқан тұлғасы таусылмайтын сырға бай, ғажайып тұлға ғой. Кейде өзіңмен өзің болып ой кешіп отырғанда, Шоқан өмірде рас болды дегенге сеніңкіремейтінім рас. Келте ғұмырына соншалықты мол еңбекті қалай ғана сыйдырған десеңізші?...» Шыңғыс Айтматов. | Берілген тапсырмаларға сәйкес оқушылар өз жұмыстарын атқарады. Біреуі постер дайындайды, екіншісі жарнамалайды, үшіншісі презентация дайындайды , төртіншісі шағын эссе жазады. |
Ой толғаныс. Кері байланыс | Автор орындығы (оқушылар автор орындығына өз қалаулары бойынша отырады) Ғылым оқып білгенше, Тыным, тыныштық таппаған. Дүниені кезіп көргенше, Рахат іздеп жатпаған. Құйрықты жұлдыз секілді, Туды да көп тұрмады. Көрген, білген өкінді. Мін тағар жан болмады,- деп Абай атамыз айтқандай Шоқан аса аз жасаса да көпті көріп көп нәрсені біліп өтті. Шоқанның жан-жақты терең білімді, кең ақылды, ұшқыр қиялды, аса ірі ғалым болғанын танытады. Ой толғау стратегиясы. 5жол СИНКУЭН 1.Шоқан. 2. еңбекқор, зейінді. 3 .зерттеді, жазды, түсірді. 4. қазақ халқының тұңғыш зерттеушісі 5. ғалым Көзіңмен не көрдің? | | Құлағыңмен не естідің? | | Жүрекпен не сездің? | | | Оқушылар тапсырмаларға дайындалады, орындайды. Сабақтың қорытындысы бойынша кері байланысқа түседі, оқушылар кері байланыс парағын толтырады |
Бағалау | Марапаттау, ынталандыру, критерий арқылы бағалау Жиынтық баға қойылады | Оқушылар бір – бірін бағалайды |
Үй тапсырмасы | 1-топ. «Шоқан- ғалым» ойтолғау 2-топ. «Шоқанның саяси және әдеби көзқарасы» эссе 3-топ. Эссе «Егер мен ғалым болсам…» 4-топ. «Шоқанның Қашқарияға саяхаты» зерттейді. | Оқушылар тарихи жағымен танысып келеді |