Амансыңдар ма, балалар, отырыңдар. Бүгінгі сабағымыз ерекше. Сабағымызды тамашалауға қонақтар келіп отыр.
4. Кезекшімен сөйлесу:
- Бүгін топта кім кезекші?
- Бүгін топта кім жоқ?
- Бүгін ақпанның нешесі?
- Бүгін аптаның қай күні?
- Үйге қандай тапсырма берілді?
Негізгі бөлім.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты түсіндіріледі.
Балалар, бүгінгі сабағымызда «Шешендік өнер. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем» модулі бойынша алған білімдерімізді тиянақтаймыз, ойларымызды ортаға салып қорытындылаймыз.
Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен тақырыпты жазып қояйық.
Орындалатын тапсырмалар түрлері:
А) Тірек-сызба бойынша әңгімелеу.
Шешендік өнер
Шешендік Шешендік Шешендік
өнердің сөздердің сөздер
ерекшеліктері түрлері
Арнау Толғау Дау
Сәлем, сын, әзіл, Нақыл, мақал, Заттық, рухани,
бата мысал, жұмбақ әдет заңы
1-оқушы: Шешендік өнер туралы ғылымды халықаралық тілде риторика дейді. Шешендік өнер – халық даналығынан туған мұра, халықтың асыл қазынасы. Мазмұны халықтың бастан кешірген өмірі, арманы мен қиялын көрсетеді. Шешендік сөздер – қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы. Шешендік сөздер 3 түрге бөлінеді. Олар: шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау. Қазақ шешендік өнерінің өзіне тән ерекшеліктері бар.
2-оқушы: Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы - шешендік сөздер. Шешендік сөздер дауларға байланысты туған. Шешендік сөздерді айтушылар – билер, шешендер. Шешендік сөздер бата-тілек, нақыл сөздер түрінде де айтылған. Шешендік сөздер адамды жақсы мінездерге баулиды, бірлікке, татулыққа, сыйластыққа шақырады.
3-оқушы: Шешендік сөздер үш түрге бөлінеді. Олар: шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау.
4-оқушы: Қазақтың шешендік өнерінің ерекшеліктері туралы.
ә) Әңгімелесу (мұғалім-оқушы).
- Қазақтың қандай би-шешендерін білесіңдер?
- Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би,Малайсары би,Жиренше шешен, Сырым батыр.
- Төле би қай жүздің биі?
- Төле би қашан және қай жерде дүниеге келген?
- Төле би қандай адам болған?
- Төле бидің қандай шешендік сөздерін білесіңдер?
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
(Төле би)
Қазыбек би қай жүздің биі?
Қазыбек биге елшілер қайдан келіп қайтқан?
Қазыбек бидің қандай шешендік сөздерін білесіңдер?
Тату болса – ағайын жақын,
Ақылды болса – апайың жақын.
(Қазыбек би)
Әйтеке би қай жүздің биі?
Ол қай ханның кеңесшісі, көмекшісі болған?
Әйтеке би не істеді?
Әйтеке бидің қандай шешендік сөздерін білесіңдер?
Дұрыс сөзге тоқтай білген,
Басқаны сөзіне тоқтата білген – жігіттің жақсысы.
(Әйтеке би)
б) Оқулықпен жұмыс. 101-бет, 1 тапсырма бойынша сұрақтар құрастыру.
в) « Есіңе сақта » ( аудирование)
Мәтінді тыңдай отырып, «Шешендік өнер» тақырыбына кластер жасаңдар.
г) Сөзжұмбақты шешу.
Ш
О
Л
О
Х
О
В
Ә
У
Е
З
О
В
М
О
М
Ы
Ш
Ұ
Л
Ы
Е
Л
У
Ш
И
Н
С
К
И
Й
Д
А
У
Ә
З
І
Л
Л
А
Р
О
Ш
Ф
У
К
О
Ө
Н
Е
Р
Л
О
М
О
Н
О
С
О
В
Р
Е
Н
А
Н
Г
О
Р
Ь
К
И
Й
«... Сөз өнері, сөз жоқ, ардың ісі» - деп айтқан кім? (М.А.Шолохов)
«Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес» деген кім? (М.О.Әуезов)
«Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі белгісі...» деген кім? (Б.Момышұлы).
Жаңбыр жаумаса, жер жетім, Басшысы болмаса не жетім? (ел)
«Сөз өнерінің сұлулығынан халықтың жан сұлулығы туындайды» деп кім айтқан? (К.Д.Ушинский)
Шешендік сөздің бір түрі (дау)
«ШУТКА» сөзін аудар (әзіл)
«Не қажет болса, соның бәрін айту, артық сөз айтпау – нағыз шешендік деген сол» деген кім? (Ф.Ларошфуко)
«ИСКУССТВО» сөзін аудар (өнер)
Ресейдегі шешендік өнердің негізін салған атақты орыс ғалымы (М.В.Ломоносов)
«Жақсы сөйлеу – жай ғана естіртіп жақсы ойлау деген сөз» (Э.Ренан)
«Тіл неғұрлым қарапайым болса, ол соғұрлым тартымды, көркем болады, соғұрлым жақсы ұғына аласың» деген кім? (М.Горький)
ғ) « Сөз құпиясы»
Сөздікпен жұмыс жасау. Х тарауда өткен кейбір сөздерге жалпы шолу жасау. Тақтада орысша сөздер берілген, оқушылар дәптерлеріне тек қазақшасын жазу керек. Соңында сол сөздер дәптер алмастырылып тексеріледі.
1. СПОР - ОЙ
2. РАЗМЫШЛЕНИЕ - НАҚЫЛ
3. ПОСВЯЩЕНИЕ - ДАУ
4. ОБЩЕСТВО - ТОЛҒАУ
5. МЫСЛЬ - ТАПҚЫРЛЫҚ
6. НАХОДЧИВОСТЬ - АРНАУ
7. ИЗРЕЧЕНИЕ, НАЗИДАНИЕ - ҚОҒАМ
8. КРИТИКА - ҚҰНДЫЛЫҚ
9. ЦЕННОСТЬ - ҚАЙРАТКЕР
10. ДЕЯТЕЛЬ - СЫН
1. СПОР - ДАУ
2. РАЗМЫШЛЕНИЕ - ТОЛҒАУ
3. ПОСВЯЩЕНИЕ - АРНАУ
4. ОБЩЕСТВО - ҚОҒАМ
5. МЫСЛЬ - ОЙ
6. НАХОДЧИВОСТЬ - ТАПҚЫРЛЫҚ
7. ИЗРЕЧЕНИЕ, НАЗИДАНИЕ - НАҚЫЛ
8. КРИТИКА - СЫН
9. ЦЕННОСТЬ - ҚҰНДЫЛЫҚ
10. ДЕЯТЕЛЬ - ҚАЙРАТКЕР
Бағалау шкаласы:
«5» - 9-10
«4» - 6-8
«3» - 5-3
д) Грамматикалық тапсырма.
- Балалар, біз қандай грамматикалық тақырыпты өттік?
Сабақтас құрмалас сөйлемге жалпы шолу жасалып, ережелері сұралады.
Сабақтас құрмалас сөйлем деген не?
Сабақтас құрмалас сөйлем қандай сөйлемдерден тұрады?