Шарын шат?алы туралы ??гімелесу. Т?сініксіз с?здер мен с?з тіркестерін ?айталау. Де?гейлік тапсырмалар орындау. ?ткен та?ырып?а шолу жасау. «Таби?ат» та?ырыбы бойынша ?зендерді? пайда болуы туралы ??гімелеу. Гр. мат. пысы?тау. Тірек сызбалар бойынша ??гімелеу. «Таби?ат» деген та?ырып?а диалог ??рып ?зара с?йлесу. ОСЖБ-?а дайынды?. Тест тапсырмалары.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«шарын шат?алына барамыз»
Сабақ жоспары
Пән: қазақ тілі/әдебиеті Мерзімі: « 4»..03..2014ж.
Сынып: 8а,б
Сабақтың тақырыбы Шарын шатқалына барамыз
Сабақтың мақсаттары:
А)Білімділік
Шарын шатқалы туралы әңгімелесу. Түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерін қайталау. Деңгейлік тапсырмалар орындау. Өткен тақырыпқа шолу жасау. «Табиғат» тақырыбы бойынша өзендердің пайда болуы туралы әңгімелеу. Гр. мат. пысықтау. Тірек сызбалар бойынша әңгімелеу. «Табиғат» деген тақырыпқа диалог құрып өзара сөйлесу. ОСЖБ-ға дайындық. Тест тапсырмалары.
Ә)Дамытушылық
Оқушылардың сөйлеу, тыңдау, сауатты жазу, оқу, диалог, монолог құру қабілеттерін дамыту
Б)Тәрбиелік
Тіл үйренуге деген қызығушылықтарын тудыру.
Сабақтың түрі аралас
Пәнаралық байланысы әдебиет
Көрнекіліктері грамматикалықматериал
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
Міндеттері:
Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету;
Оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық дайындау;
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Міндеттері:
А)үй тапсырмасының орындалу деңгейі мен сапасын тексеру;
Ә)кемшіліктер мен қателіктерді анықтау
Кіріспе сөз
«Табиғат» тақырыбы бойынша білімдерін жетілдіру
1-тапсырма, мәтінмен жұмыс
Түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерін қайталау
Сұрақтарға жауап беру:
Су аттарын атай аласың ба?
Өзендер қайдан басталады?
Қандай тауларды білесің бе?
Қайда құйылады?
Жоспар бойынша мазмұндау:
Су аттары
Өзендер
Көлдер
Таулар
3.Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру
Міндеттері:
А)өткен сабаққа шолу;
Ә)өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыру;
Б)жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту
1) Сөздік диктанты
2)Өткен сабаққа шолу жасап, жаңа сабақтың тақырыбын баяндау
4.Жаңа сабақты оқып-білу кезеңі
Міндеттері:грамматикалық форманы, жаңа сөздерді, жаңа материалды таныстыру, меңгерту
Кіріспе сөз: Шарын шатқалы, Шарын каньоны — Шарын өзені. Шатқал Алматы қаласынан 195 шақырым шығысқа қарай орналасқан. 2004 жылдың 23 cәуірінде құрылған Шарын ұлттық паркініңқұрамына кіреді.Шарын шатқалы жасы 12 миллион жылға жуық шөгінді тау жыныстардан қалыптасқан табиғат ескерткіші. Каньон құздарының биіктігі 150-300 метрге жетеді. Шарын шатқалы - Шарын өзені бойымен солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа 154 км созылып жатыр. Бұл аймақтың рельефі әртүрлі. Жарқабақтың бағаналары, баурай, жыралары 150-300 м жетеді. Жарқабақ түсі Америкадағы Үлкен жарқабақтарға қарағанда ашық-қызғылт. Шарында жер шарында сирек кездесетін, мұздану кезеңінен өткен ясень кездеседі. Сирек кездесетін согдиандық түрі 25 млн жыл бұрын жер бетінде кең таралған, ал қазір қорғалатын аумақ. Негізінен демалушылар «Қорғандар аңғары, «Темірлік т.б атаумен қалған жерлеріне барады.