“ Шарайна”бағдарлама жүргізушісі саяхаттың қызығы мен шыжығын өз көзімен көріп, әр жексенбі сайын көрермен мен бөліседі. Әр бағдарлама көрермен үшін қажет деген пайдалы кеңестің түр-түрін жеткізеді. Онда билет құны, қонақүйлер мен мейманхана,басқа да қызмет көрсету орындарының құны, демалыс орындары мен сол аймақтың көрікті жерлері туралы ақпараттар айтылады.
Ұлттық тағамдары, халықтардың ұлттық және діни көзқарастары мен түсініктері валюта бағамы мен басқа да мәліметтер беріледі. Көрермен жергілікті халықтың тұрмыс тіршілігі, тарихи ескерткіштері,салт – дәстүрі мен де танысады.
Сөздікпен жұмыс
Саяхат –
Мейманхана –
Бағдарлама –
Көрермен –
Айдар –
Жергілікті –
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілген істің, оқиғаның кезектесіп білдіретін құрмаластың түрін кезектес салалас дейміз. Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдер тек салаласа байланысады. Құрамындағы жай сөйлемдер бірде, біресе, кейде деген кезектес мәнді жалғаулық шылаулар арқылы байланысады, араларына үтір қойылады.