Просмотр содержимого документа
«"Са?шыны? міндеттері" та?ырыбында ашы? саба? »
Тақырыбы: Сақшының міндеттері Білімділік: Сақшының міндеттері мен таныстыра отырып, оларды қолдана білу. Дамытушылық: Жауапкершілік сізімін дамыту, әскери білім дағдыларын жетілдіру. Тәрбиелік: Тәртіптілік пен ұқыптылыққа баулу, өзін және өзгелерді қорғай білуге үйрету. Қөрнекілігі: БӘД оқулығы, интерактив. тақта, тест, жауап бетшелері. Сабақ түрі: Жаңа сабағы. Сабақтың уақыты: 45 минут Сабақтың өтетін орны: БӘД бөлмесі Сыныбы: 11 сынып Сабақтың жүру барысы: І. Кіріспе бөлімі 1. Взвод екі қатарлы сапқа тұру; 2. Взвод командирі рапорт тапсыру; 3. Сәлемдесу; 4. Оқушылардың сырт кимінің тексеру; 5. Саптық жаттығулар ( Оң-ға, Сол-ға, Ай-нал) пәрмендерін орындау; 6. Қазақстан Республикасының гимні орындалуы; 7. Оқушыларға бағалау бетшесін тарату; Бағалау бетшесі
«Жедел жауап» «Талдау, ой қозғау» «Трениг әдісі» Практикалық кезең Тест Жалпы ұпай
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру «Жедел жауап» сиқырлы ұяшықтар 1. Рота бойынша тәуліктік кезекші кімдерден тағайындалады? 2. Сап дегеніміз не? 3. Рота бойынша кезекші кімге бағынады? 4. Калашнтков автоматың тағайындалуы 5. Әскери қызмет түрлері. 6. Тәуліктік нарядтың құрамы. 7. Пост дегеніміз не? 8. Сақшы дегеніміз кім? 9. Ішкі қарауылдың тағайындалуы. 10. Гарнизондық қарауылдың тағайындалуы. 11. Қарауылдың құрамы. 12. Қарауыл деген не? ІІІ. Түйін Қарауылдық қызметті атқару үшін қарауылдар тағайындалады. Жауынгерлік туларды, әскери және мемлекеттік обьектілерді күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ гауптвахтада және тәртіптік батальонда ұсталатын адамдарды күзету үшін тағайындалған қаруланған бөлімше қарауыл деп аталады. Гарнизондық қарауыл жалпы гарнизондық маңызы бар обьектілерді, құрамалар обьектілерін немесе бір-біріне жақын орналасқан бірнеше әскери бөлімдердің обьектілерін күзету үшін, сондай-ақ гарнизондық гауптвахтада ұсталып отырған адамдарды күзету үшін тағайындалады. Ішкі (кемелік) қарауыл бір әскери бөлімнің (кеменің) обьектілерін күзету мен қорғау үшін тағайындалады.Қарауыл құрамына: қарауыл бастығы, постылар мен ауысым саны бойынша қарауылдар, жұмысқа таратушылар, қарауыл иттерінің қызметі жөніндегі қарауыл бастығының көмекшісі және көлік құралдарының жүргізушілері тағайындалады. Сақшы дегеніміз – өзіне тапсырылған постаны күзету және қорғау жөніндегі жауынгерлік тапсырманы орындайтын қаруланған қарауыл. Сақшының өз міндеттерін орындайтын белгілі бір орын не учаске пост деп аталады. ІІІ. Жаңа тақырып «Талдау, ой қозғау» «Сақшы туралы не айтасындар?» Миға шабуыл. Мультимедия арқылы сақшы туралы бейне материал жіберіледі. Бейне материал бойынша оқушылар сөз алады: ІҮ. Түйін Сақшы қол сұғылмайтын тұлга болып табылады. Сақшыға қол сұғылмайтындығы: – оның құқығы мен жеке басының қадір қасиеттері заңмен айрықша корғалытындығы – оның қатаң айқындалған адамдарға – қараул бастығына, қараул бастығының көмекшісіне және өзінің жұмысқа таратушысына бағынатындығы – барлық адамдардың сақшы қызметімен айқындалған талаптарын сөзсіз орындауға міндеттілігі – осы жарғыда көрсетілген жағдайларда оған қару құқығы берілетіндігі болып табылады Сақшы: өзінің постың қырағы күзетуге және табанды қорғауға • қызметің сергек атқаруғы, ешқайда аландамауға, қаруың қолдан шығармауға және оны өзі бағынатын адамдарды қоса алғанда ешкімге бермеуге • қөрсеттелген бағыт боыйнша жүре отырып немесе бақылау мүнарасында болған кезде, постың іргелерін, қоршауларын мұқиат қарауға және қызмет өткеруінің барысы жайлы пост табілінде бекетілген мерзімде байланыс қуралдары арқылы баяндап отыруға • постан айысқанға немесе алынганға дейін, тіпті өзінің өміріне қауіп төнген жағдайда да посты тастамауға; оны өз бетімен қалдырып кету әскери қылмыс болып табылады • постыда ереже бойынша оқталған қаруы болуы және әрдайым әрекеттке дайын болуға • Постыларға табельде көрсетілген және тыйым салынған шекара көрсеткеші тұрған жерге жақын қашықтыққа қараул бастығы,қараул бастығының көмекшісі,өзінің жұмысқа таратушысы мен оларға ілесіп жүретін тұлғалардан басқа ешкімді жібермеуге • қараулдың қөлік құралдарының бағдары мен графигін,олардың тану белгілері мен сигналдарын білуге • обьект қоршауынан ақау тапқанда және өз постынан жақын жерде не қөрші постыда тәртіп бұзушылық байқалған кезде қараул бастығын шақыруға • қараул иттерінің үрісін естеген кезде немесе қорғаудың техниқалық құралдары іске қосылғанда бұл туралы қараул үй-жайына дереу хабар беруге міндетті. Сақшыға: Ұйықтауға,отыруға, әлденеге сүйенуге, жазуға, оқуға, ән салуға, сөйлеуге, тамақ жеуге, ішуге, шылым шегуге, табиғи қажеттіліктерін орындауға, адамдарды қабылдауға, кімге болмасын, қандай да бір заттарды беруге, қажеттіліксіз патрондарды оқшантайға салуга тиым салынады
Постағы сақшының бекітілген сүңгісі бар қаруы (жиналмалы дүмбілі сүңгі-пышақсыз автоматы) болуы керек; белдікке ілінетін қынаптағы сүңгі пышақ: түнгі уақытта-тұрған бойы атуға оңтайлы жағдайда; күндізгі уақытта- “белдікке” немесе тұрған бойы атуға оңтайлы жағдайларда; ішкі посттарда және Жауынгерлік Ту жанындағы постта –ағаш дүмбілі автоматтар – “белдікке” күйінде, жиналмалы дүмбілі автоматтар- “кеудеге”, карабин- аяқта болуы керек; жабдықталған магазиндер (оққалталар) салынған сөмкелердің аузы жабық болуы тиіс. Ү. Жаңа тақырыпты бекіту Трениг әдісі. Екі бөлімшеге төмендегідей тапсырма беріледі. 1. Сақшы деген кім? 2. Сақшыға тиым салынатындығы. Оқушылармен келісім шартқа отырамыз: 1. Бір-бірімізді тындаймыз. 2. Сабаққа белсенділік танытамыз. 3. Ойымызды ашық айтамыз. 4. Уақытты үнемдейміз ҮІ. Түйін ҮІІ. Практикалық кезең. Түсірген бейне материалда сақшының міндеттерін орындауда жіберілген қателіктері бар, соны оқушылар тауып оқушылар тақтаға шығып дұрысын қөрсетеді. ҮІІІ. Тест. 1.Әскери қызметке неше жастан неше жасқа дейін шақырылады? А)18-25; ә)18-26; б)18-27; в)18-28; 2. Қазақстан Респуликасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы кім? а)Қорғаныс министрі ; ә)Қазақстан Республикасының маршалы; б)Армия генералы; в)Президент; 3. Неше метрден бастап қол гранатаны танкке лақтыруға болады? а)20-25; ә)30-35; б)25-30; в)20-30; 4. Қандай зат жоқ ТМ-62М минада? а)бекітпе; ә)корпус; б)заряд; в)төсем; 5. АКМ автоматтың ұңғы калибрі қанша? а)6,6; ә)6,62; б)7,6; в)7,62; 6. АКМ автоматы жарақталған магазинімен массасы неше кг? а)3,2; ә)3,4; б)3,6; в)3,8; 7. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде неше жарғы бар? а)2; ә)3; б)4; в)5; 8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қандай жарғы жоқ? а) тәртіп; ә) сыртқы; б) ішкі; в) саптық; 9. Саптық адыммен қозғалыс кезінде аяқтын ұшын жерден не см көтеріліп койылады? а) 15-20 см; ә) 25-30 см; б) 20-25 см; в) 30-35 см; 10. Ауа-райының температурасы -20С төмен болған жағдайда сақшының тұратын уақыты қанша? а)1сағ; ә)1сағ30мин; б)50мин; в)45мин; ІХ. Жауабы: 1.- б; 6 – б; 2 – в; 7 – б; 3 – б; 8 – ә; 4 – а; 9 – а; 5 – в; 10 – а; Х. Рефлексия. 1. Бүгінгі сабақта нені үйрендік? 2. Сабақтың қай бөлімі ұнады? 3. Қай бөліміне ұсынысың бар? 4.Өзінді қалай бағалайсын?
ХІ. Бағалау рейтингісі: 10-15 ұпай «3» баға; 15-25 ұпай «4» баға; 25 тен жоғары «5» баға; ХІІ. Үйге тапсырма