kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба? жоспары: Н?тиже саба? «Мені? ?уес ісім»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Н?тиже саба? «Мені? ?уес ісім» Ма?саты: Білімділік: «Мені? ?уес ісім» модуль бойынша ?ткен материалдарды ?айталау, ал?ан білімдерін тексеру, бекіту, практикада ?олдана алу да?дыларын ?алыптастыру, білімдерін бір ж?йеге келтіру. Дамытушылы?: Тірек сызбалар негізінде о?ушыларды? с?йлеу, ойлау ?абілеттерін, ой – ?рістерін, с?здік ?орын, ?аза?ша с?йлеу м?дениетін дамыту. Т?рбиелік: Ой т?йіндеуге, шы?армашылы?пен ж?мыс істеуге ж?мылдыру,салауатты ?мір салтын ?стану?а баулу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба? жоспары: Н?тиже саба? «Мені? ?уес ісім»»

3


Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ «Менің әуес ісім»

Мақсаты:

Білімділік: «Менің әуес ісім» модуль бойынша өткен материалдарды қайталау, алған білімдерін тексеру, бекіту, практикада қолдана алу дағдыларын қалыптастыру, білімдерін бір жүйеге келтіру.

Дамытушылық: Тірек сызбалар негізінде оқушылардың сөйлеу, ойлау қабілеттерін,
ой – өрістерін, сөздік қорын, қазақша сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру,салауатты өмір салтын ұстануға баулу;
Көрнекілігі: бағалау парағы, сызбалар, тапсырмалар, интерактивті тақта /слайд-шоу/

Сабақтың түрі: Бекіту сабағы

Сабақтың әдіс –тәсілдері: Сұрақ –жауап, түсіңдіру, қолдану, салыстыру, тірек сызбалар, тест, жазбаша жұмыс.
Пәнаралық байланыс: музыка, дене тәрбиесі, орыс тілі, бейнелеу өнері, технология

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

1) Сәлемдесу

-Сәлеметсіңдерме, балалар!

-Бүгін нешесі?

-Аптаның қай күні?

-Қазір қай сабақ?

-Қазақ тілі нешінші сабақ?

-Қазақ тілі сабағында қай тілде сөйлесеміз?

-Жылдың қай мезгілі?

-Қыс айларын ата?

-Қыс мерекелерін ата?( Президент күні, Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл, Рождество)

-Бүгін ауа-райы қандай?

-Бүгін ауа-райы жақсы, (себебі күн жылы ...)

2) Психологиялық жағымды ахуал туғызу:

-Балалар бәріміз ортаға шығып «Шаттық шеңберін» құрайық.Бір-бірімізді күлімсіреп,алақандарымыздың жылуы арқылы бір-бірімізбен амандасайық.Қанекей балалар саусақтар арқылы бір-бірімізге жақсы көңіл күйімізді таратайықшы!

-Балалар сендердің бүгінгі  көңілдерің күннің көзіндей жарқырайды. Бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық.

3)Топқа бөліну: қима қағаздары бар қобдишадан балалар 1 қиманы алып, сол қимадағы нөмірге сай топтасады. 
4)Топ жетекшісі тағайындалады.Топ жетекшісіне бағалау парағы тапсырылады. Олар өз топ мүшелерінің жұмысын бағалап отырады. 
ІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру (Қызығушылықты ояту)

-Балалар бүгінгі сабағамыз ерекше болмақ. Біз сендермен өткен материалдарды қайталаймыз, алған білімдерімізді тексереміз, бекітеміз. Қай тақырып бойынша екенін қазір бірге анықтайық.

«Менің әуес ісім» топтастыру







Кітап оқу, киім тігу, зергерлік бұйымдар жасау, сурет салу, фотаға түсіру, ән айту, ас дайындау, спортпен шұғылдану т.б

(Суреттерді сөздермен сызба арқылы жұптастыру, атау)

-Яғни, балалар бүгінгі сабағымыз не жөнінде болмақ?

-Жақсы балалар.Дұрыс айтасыңдар. Сендермен бүгінгі сабағымыз «Менің әуес ісім» модулі бойынша болмақ.

ІІІ. Сабақ барысы:

-Ендеше балалар тапсырмаларға көңіл аударайық.

1.Тыңдалым. «Ойлы болсаң, озып көр» Мәтінді тыңдаңыздар және сызба бойынша мәтінді мазмұндап беріңіздер
Менің досым Әселдің сүйікті ақыны – Абай Құнанбаев. Әсел Абайдың өлеңдер жинағын ылғи өзімен алып жүреді. Әселге ақынның әсіресе «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңі ұнайды.
1. Бұл мәтінде ------------- туралы айтылған.
2. Әселдің сүйікті ақыны --------------------------.
3. Әселге Абай Құнанбаевтың ------------------------- атты өлеңі ұнайды.
4. Әсел -------------------- өлеңдер жинағын ылғи өзімен алып жүреді.
5. Әселдің әуес ісі ------------------- .
2. Оқылым.«Сауал бізден-жауап сізден». Мәтінді оқыңыз және сұрақтар қойыңыздар.

Сурет салу кез келген адамның қолынан келе бермейді. Ол да өнердің бір түрі. Сурет салу кезінде бірнеше құралдар қажет болады. Оларға түрлі түсті қарындашты, сурет салуға арналған альбомды, бояулар мен қылқаламдарды жатқызуға болады. Кәсіби суретшілер суретті арнайы планшетке салады. 
Сурет салуға әуес болу көбіне мектептегі сурет сабағынан басталады. Суретшілер көбінесе табиғатты, үйді, портретті сомдауға әуес болады. 

3.Грамматика. «Жүйрік болсаң, шауып көр» Бұл жұмыс 3 тапсырмадан тұрады. Топ ішінде 1 оқушыдан тайм спикер тағайындалады. Ол орындауға берілген уақыттың сақталуын қадағалайды. 
Мақсаты: лексикалық және грамматикалық білімдерін бекіту, уақытты үнемдеу, жауапкершілікке тәрбиелеу. 

1.«Сызбаны сөйлет» (Дыбыстардың бөлінуі)

Дыбыстар



дауыссыз

дауысты




Еріннің қатысына қарай

Тілдің қатысына қарай

Жақтың қатысына қарай



Қ

А

Т

А

Ң

Ұ

я

ң

Ү

н

д

і


А

Ш

Ы

қ

Қ

Ы

С

А

ң

Ж

У

А

н

Ж

І

Ң

І

Ш

К

Е


Е

Р

І

Н

Д

І

к

Е

З

У

Л

І

к





7

7

12




-Еріндік дауысты дыбыстарды атандар? (о, ө, ү, ұ, у)

2. Жазылым.Көп нүктенің орнына тиісті еріндік дауыстыларды қойып жазыңдар,

1-топ

Фото...нер, авторлық қ...қық, фотоға т...сіру, ф...тосуретшілер, т...ынды.(фотаға түсіру)

2-топ

К...йлек, киім тіг... , ...найды, ...лгі бойынша, қол...нер. (киім тігу)

-Ал, балалар маған кім айтады, фотосуретке түсіретін адамды кім деп атаймыз?

-Киім тігетін шеберді қалай атаймыз?

3. «Фотосуретші», «тігінші» болу үшін қандай қасиеттер қажет?

-Балалар осы әуес істерімізді қазірден бастап шыңдай түссек, бәлкім сендерден болашақта осындай үлкен, кәсіби маман иелері шығулары әбден мүмкін. Ендеше келесі сендермен орындалатын тапсырма кесте бойынша «Фотосуретші», «тігінші» болу үшін қандай қасиеттер қажет екен соны топпен топтастырып көрейік. Ендеше, музыка әуенін тыңдай отырып, бетке түсіріңдер.









ІҮ. Қорытынды бөлім.

«Нақ сұрақ-дәл жауап»

1.Әуес істерге нелер жатады?

2.Кітап қандай қазына?

3.Спорт түрлерін ата?

4.Киім тіккен кезде не қажет?

5.Сурет салуға қандай құралдар қажет?

6.Әшекей бұйымдар жасайтын адам?

7.Қазақстанның әншілерін ата?

8.Ас дайындауда қандай талаптарды сақтау керек?

9.Өнер туралы қандай мақал-мәтел білесің?

Ү.Бекіту, бағалау. Рефлексия

«Смайлики». Оқушылар алдарында жатқан стикерлерге сабақтан алған әсерлерін білдіретін смайликтерді салып тақтаға іледі.

-Не білдік?

-Не үйрендік?

-Не ұнады?

-Бүгінгі сабақта өз білімдеріңді көрсете білдіндер. Сабақ қорытындысы бойынша мына оқушыларға баға (Бағалау парақтары бойынша тоқталып, кімнің қалай қатысқанын айтып өту)

-Жақсы,балалар.Жарайсыңдар.

-Бүгінгі сабақ сендердің ойларыңнан шықты деп ойлаймын. Яғни, «Адам мақсатқа ең алдымен өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді» /Әл-Фараби/ дегім келеді.

ҮІ.Үйге тапсырма. Өз қалаулары бойынша орындалатын тапсырма:

І деңгей

«Менің әуес ісім» атты тақырып бойынша фото-презентация жасау;

ІІ деңгей

«Сенің әуес ісің қандай?» сұхбат құрастыру;

ІІІ деңгей

154-бет, 3-тапсырма







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Саба? жоспары: Н?тиже саба? «Мені? ?уес ісім»

Автор: Магзиева Нургуль Задахановна

Дата: 05.07.2016

Номер свидетельства: 336997


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства