kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба? жоспары М.Ма?атаев «?мір с?рейік алмасып» ?ле?і

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалар, біз б?гінгі  саба?ымызда  ?лкеннін де, кішіні?  де с?йікті  а?ынына айнал?ан, ?аза?станны? халы? жазушысы,  «?асыр а?ыны» атал?ан М??а?али Ма?атаев  туралы  с?йлеспекпіз. М??а?али Ма?атаев Алматы облысы,Нарынк?л ауданында д?ниеге келді. Ол «А??уды? ?анатына жазыл?ан жыр», «А??улар ?йы?та?анда», «Дари?а-ж?рек» жина?тары ар?ылы ?дебиетке ?осыл?ан талант екенін танытты. А?ын тау мен даласын, ?лыОтанын, адамзатты?асылбесігі-ж?мыржердіс?йеді, ?адірлейді. Ма?атаев?ле?деріндеадамдарбойында?ыасыл?асиеттердібарыншад?ріптеуменбірге, ?мірдеіскеенжарлы?, бойк?йездік, да??ойлы?ты?аттысынады. Оны?ж?реккежылы, сезімге?серлі, кімге де болсатікеайтатын?ткір?ріс?лужалынат?анжырларыно?ушы?ауымс?йіпо?иды. 2011  жылыа?иы?а?ынны? 80- жылды?ыеліміздеке?тойланды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба? жоспары М.Ма?атаев «?мір с?рейік алмасып» ?ле?і»

Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев «Өмір сүрейік алмасып» өлеңі

Сабақтың мақсаты: 

1.Білімділік

а) Мұқағали Мақатаевқа  арналған диафильм арқылы ақынның өмірі және  шығармашылығымен   таныстыру.

дамытушылық

а) Мәнерлеп оқу, талдау,  сұрақ-жауап, іздендіру, «Ой шақыру»,  «Топтастыру» ,  Блум таксономиясы, «Еркін жауап стратегиясы», «insert стратегиясы»   арқылы оқушылардың ойлау және тілдік қабілеттерін, қарым – қатынастық біліктілігін дамытуға  мүмкіндік  тудыру;

ә) Сөздікпен жұмыс, сұрақ-жауап,  аудару   арқылы оқушыларды қазақша сөйлей білуге дағдыландыруға  жағдай  жасау.

тәрбиелік

а) Қаламгердің өмір жолын оқушыларға  үлгі  ету;

б) «Өмір сүрейік алмасып» өлеңі  арқылы  ұлтжандылық сезім оятып,  табиғатты, елді сүюге, салт-дәстүрді құрметтеуге ой  салу.

Сабақтың  түрі:  жаңа  білімді   меңгерту  сабағы

Сабақтың көрнекілігі: оқулық,  слайд-презентация,  ақынның өімірі мен шығармашылығына арналған диафильм.

Сабақтың  әдіс-тәсілдері:  Сөздікпен  жұмыс, аудару  сұрақ-жауап, іздендіру,   түсіндіру,  мәнерлеп  оқу, талдау.

 Пәнаралық байланыс:  қазақ тілі,  орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:     

— амандасу;

— кезекшінің жауабын тыңдау;

— оқушыларды түгендеу;

ІV. Жаңа сабақ:а) Мұғалімнің кіріспе сөзі (түсіндіру  арқылы):

Балалар, біз бүгінгі  сабағымызда  ұлкеннін де, кішінің  де сүйікті  ақынына айналған , Қазақстанның халық жазушысы,  «Ғасыр ақыны» аталған Мұқағали Мақатаев  туралы  сөйлеспекпіз. Мұқағали Мақатаев Алматы облысы,Нарынкөл ауданында дүниеге келді. Ол «Аққудың қанатына жазылған жыр», «Аққулар ұйықтағанда», «Дариға-жүрек» жинақтары арқылы әдебиетке қосылған талант екенін танытты. Ақын тау мен даласын, ұлы Отанын, адамзаттың асыл бесігі-жұмыр жерді сүйеді, қадірлейді. Мақатаев өлеңдерінде адамдар бойындағы асыл қасиеттерді барынша дәріптеумен бірге, өмірде іске енжарлық, бойкүйездік, даңғойлықты қатты сынады. Оның жүрекке жылы, сезімге әсерлі, кімге де болса тіке айтатын өткір әрі сұлу жалын атқан жырларын оқушы қауым сүйіп оқиды. 2011  жылы ақиық ақынның 80- жылдығы елімізде кең тойланды.

Оқулықпен жұмыс:

Ақын туралы мәліметпен танысу

Сұрақтар құрастырып, бір-бірлеріне сұрақ қою (жүппен жұмыс)

«Ой шақыру» бағыты.

А)өзім мәнерлеп оқимын;  

ә) оқушылар әр шумағын жеке-жеке оқиды;

Сөздік жұмысы

(Жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру.)

қайың – береза

жанымды айырбастайын – меняемся душами

адам көзімен – человеческим взглядом

нәр алдың – питался

ұзақ жасайсың – долго будешь жить

құрдасы келер заманның – ровесник будущей эпохи

ІҮ.Бекіту

1.Өлең мазмұны бойынша сұрақтар:
1. Өлең кейіпкерлері кімдер?
2. Ақын сөзін неге арнап айтқан?
3. Өлеңде қайың туралы не айтылған?
4. Қай сөз тіркестері қайталана береді?
5. Ақын өлеңді қандай көңіл-күймен жырлаған?
6. Өздерің білетін өмір туралы мақал-мәтелдерді естеріңе түсіріңдер.

.Қазақ тіліне аударыңдар.

(Сөздерді қазақ тіліне аударып, сөз тіркестерін құрау.)
Жүрек, жан, айырмашылық, дүние, өмір, заман.

Өлең мазмұнымен жұмыс

3.“Келгенде жасыл көктемің, 
Тірілер қайта дүркіреп.”
1. Өлеңде табиғаттың қай мезгілі туралы айтылады?
2. Көктемде ауа райы қандай болатынын байқадыңдар?
3. Көктемде жануарлар қандай күйде болады?

4.“Рафт” әдісін қолдану

РОЛЬ - қайың

Аудитория - адамзат

Форма – хат

Тақырып - өмір

5. Кестені толтыру

Лирикалық шығармаларды талдай білу іскерлігін дамыту.

Өлеңнің аты

Тақырыбы

Лирикалық кейіпкер

Ақынның айтар ойы

Өз қабылдауың

Оқушылар сезімдерін, алған әсерлерін, өз ойын жазады.

Ү.Қорытындылау

Мұқағали үшін өлең жазудан артық бақыт болмаған. Ол өлең боп өмір сүрді, өлең боп өмірден өтті.
Артына мол мұра қалдырған Мұқағали:
Нұр жауып тұрған көктемде,
Гүл тере барсаң бөктерге,
Қоңыраулықтан аспанды
Найзағай шаншып өткенде
Есіңе мені алғайсың, - 
деп өсиет етті...

ҮІ.Үй тапсырмасы

М.Мақатаев өмірі мен шығармашылығын мазмұндау;

Өлеңді жаттау.

ҮІІ.Бағалау




 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Саба? жоспары М.Ма?атаев «?мір с?рейік алмасып» ?ле?і

Автор: Нурахметова Дана Жумажановна

Дата: 04.05.2016

Номер свидетельства: 324077


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства