kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба? жоспары:" К?п ма?ыналы с?здер"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Рухани келісім к?ні

2012 жылды? 18 ?азаны к?ні А?т?бе облысында ?аза?станны? барша ??ірлеріндегідей «Рухани келісім» к?ні атап ?тілді.

«Рухани келісім» к?ні 1992 жылдан бері ?ткізіліп келеді, атаулы к?н тарихы ?аза?стан Республикасыны? Президенті Н.А.Назарбаевты? бастамасымен ?ткізілген Рухани келісімні? б?кіл?лемдік конгресінен бастау алады.

Б?дан 20 жыл б?рын, 1992 жылды? 18 ?азанында Алматы ?аласында Рухани келісімні? б?кіл?лемдік Конгресіні? бірінші сессиясы ?тті.

«Рухани келісім» к?нін атап ?ту ма?сатында А?т?бе ?аласында т?мендегідей кешенді іс-шаралар ?ткізілді:

Тарихы тере?, шежіресі шерлі ?аза? хал?ы ?ашаннан да бауыры ке?, ??ша?ы ашы? ел бол?анын барша ж?рт мойындайды. Оны біз жерімізді? ке?дігімен ?ана емес, пейлімізді? ке?дігімен де, ырысты тірлігімізбен ?ана емес, ынтыма?ты бірлігімізбен

де д?лелдеп отырмыз. Б?гінде т?уелсіз елімізде 130-дан астам ?лт ?кілдері жасап жатыр деп ма?танамыз. Егемендікті егелеген кезе?де талай елдер ?а?ты?ыстар мен ?ант?гістерге жол беріп алса, біз бірлігімізді? ар?асында тірлігімізді т?зедік, к?ркейдік. Б?л Елбасыны? сындарлы саясатыны? жемісі болумен ?атар ел хал?ыны?, соны? ішінде мемлекетті ??раушы негізгі ?аза? хал?ыны? ке?пейіл толеранттылы?ыны? жемісі екені даусыз.
Елімізді? к?п?лтты болу тарихы  ?ріден басталады. Ке? даладан ?оныс болар жер іздеп орыстар мен ?аза?тар келді. ?ысыл?анда ?ытайдан ?аш?ан ?й?ырлар мен д?нгендер еліміз аума?ына к?шіп келе бастады. ?ткен ?асырды? ???ын-с?ргіні кезінде тарихи ?онысынан, атамекенінен ?уыл?ан т?рлі ?лт ?кілдері келіп, ?аза?станды мекендеді. Соларды?  бір?атары бізді? ауданымыз?а да келіп,  ?оныс тепті. Т?рік, неміс, курд, к?ріс, ??мы?, та?ы бас?а ?лт ?кілдеріні? бізді? ??ірде пайда болуы осыдан еді. Оларды ?аза?тар  ?здеріні? ?иналып отыр?анына ?арамай бауырына тартып, ?йіні? бір б?лігін

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба? жоспары:" К?п ма?ыналы с?здер"»

Химия-биология, өзін-өзі тану әдістемелік бірлестік отырысының хаттамасы


Өткізілген күні:30.05.2015 жыл

Қатысқандар: 5




Күн тәртібінде:

I.Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын талдау.


Кіріспе: Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты туралы жалпы ережесімен әдістемелік бірлестік жетекшісі Аликбаева А.К. таныстырды.

Жалпыға міндетті стандарт 4 талаптан, 55 пунктен тұрады.

Ережеде көрсетілгендей Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 56-бабына сәйкес әзірленген және негізгі орта білім беру мазмұнына, білім алушылардың дайындық деңгейіне, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптарды айқындайтыны туралы жазылған.

Соның ішінде таңдау курстары (элективті курстар) –білім алушының таңдау курстары, білім алушының білім даярлығын кеңейтуге бағытталған, оқу жоспарының вариативтік компонентінің құрамдас бөлігі (оқу жоспарының инварианттық компонентіне енетін пән мазмұнын қайталамайды) деп көрсеткен.

Бағалау – білім алушылардың оқуда қол жеткізген шынайы нәтижелерін дайындалған критерийлер негізінде оқытудан күтілетін нәтижелермен салыстыру үдерісі және сыртқы жиынтық бағалау – негізгі орта және жалпы орта білім беру аяқталғаннан кейін меңгерген білім мен қалыптасқан дағдылар деңгейін анықтау, ішкі жиынтық бағалау – оқу тоқсаны соңында оқу бағдарламасының бөлімдерін оқып аяқтағаннан кейін білім алушылардың меңгерген білімі мен қалыптасқан дағдылары деңгейін анықтайтын бағалау, формативті бағалау – сабақта және/немесе үйдегі күнделікті жұмыс барысындағы білім алушылардың ағымдағы меңгерген білімдері мен қалыптасқан дағдылары деңгейін анықтайтын бағалау және ол оқыту барысында білім алушы мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты жүзеге асырады, білім алушыларға жаңа материалды меңгеру кезеңінде тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағаны мен оқыту мақсаттарына жеткендігін түсінуге көмектесетінін көрсеткен.

Білім беру үдерісін мониторингілеу – білім беру ұйымдарындағы білім беру үдерісін жүзеге асырудың нәтижелері мен жай-күйі өзгерістерінің динамикасын жүйелі бақылау, диагностикалау, талдау, бағалау және болжау міндеттілігі пән сапасының көтеріліп немесе түсуін анықтайды.


II.Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Химия пәні бойынша: атомдық-молекулалық ілімді, атом құрылысын және элементтердің қасиеттерін; химиялық таңбаларды; «зат» түсінігін және заттардың жіктелуін; таза заттардың және қоспалардың сипаттамаларын, қоспаларды айыру әдістерін; химиялық байланыс түрлерін және заттардың құрылысын; химиялық және физикалық құбылыстарды; химиялық реакциялардың жүру белгілерін және заңдылықтарын; бейорганикалық және органикалық қосылыстардың маңызды кластарын және олардың қасиеттерін; электролиттік диссоциация теориясын; химиялық элементтердің периодтық заңын және периодтық жүйесін; маңызды металдарды, бейметалдарды және олардың кең таралған қосылыстарын; Қазақстанның маңызды химиялық және металлургиялық өндірістерін; физикалық және химиялық шамалардың өлшем бірліктерін, ғұлама ғалымдардың химияның қалыптасуы мен дамуына қосқан үлестерін;

Биология пәні бойынша:биология, микробиология негіздері, молекулалық, жасушалық биология саласындағы зерттеулерді жүргізуге арналған аспаптармен және құралдармен жұмыс істеудің ережелерін; органоидтық жасушалардың атауларын; жасушалардың бейорганикалық және органикалық заттарын, өсімдік және жануарлар ағзаларыныңішкі ортасы мен жүйесінің компоненттерін; жасушаның зат алмасу кезеңдерін; өсімдік пен жануарлардың негізгі топтарын; ДНҚ-ның жасушалық шеңберін, құрылымын және маңызын, генетиканың, тұқымқуалаушылықтың және өзгергіштіктің заңдарын, эволюциялық дамудың негіздерін; селекцияның әдістерін, эволюция заңдарын, ғалымдардың биологиялық білімге қосқан үлестерін; тірі ағзалардың әртүрлілігін, олардың адам және табиғи кешен үшін маңызын; жүйеліліктің таксономиялық иерархиясын және маңызын, биогеоценоздардың құрылымын; тірі ағзалардың өзара қарым-қатынастарының түрлерін; тағамдық тізбектегі және табиғаттағы энергиялық ағынды және заттар айналымын; қоршаған ортаның әсер етуші факторларының тірі ағзаларға әсерін, адамның іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсерін; химиялық элемент, атом, ион, молекула және зат ұғымдарының арасындағы айырмашылықтарды; химиялық реакцияларды және олардың жүру шарттарын; металдардың электрохимиялық кернеу қатары тұрғысынан белсенділігін; тотығу-тотықсыздану үдерісін; органикалық кластар мен бейорганикалық заттардың арасындағы айырмашылықтарды; ИЮПАК халықаралық номенклатурасын; тұрмыстық және тағамдық химияға жататын заттардың қасиеттерін; заттардың және олардың туындыларының технологиясын және өндірістік ғылыми принциптерін;

тірі ағзалардың жеті қасиетін; микробиологияның медицинадағы, ауыл шаруашылығындағы және өндірістегі маңызын; жасушаларда молекула және органоидтар деңгейінде жүретін үдерістерді; өсімдіктердің, жануарлар мен микроағзалардың жасушалары мен ұлпаларындағы бейорганикалық және органикалық заттарын рөлін; өсімдік және жануарлар ағзаларының ішкі ортасы мен жүйесінің құрылымын; өсімдік пен жануарлардың негізгі топтарының жіктелу принциптерін; пластикалық және энергетикалық алмасу үдерістерін;биогеоценоз бен агроценоздың құрылымдарын; жаһандық және жергілікті экологиялық мәселелерді; Қызыл кітаптың Жердегі саналуандықты сақтаудағы рөлін білуі тиіс.


III.Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне

қойылатын талаптар

Оқу жылының ұзақтығы 34 оқу аптасын құрайды. Оқу жылындағы каникул күндерінің ұзақтығы 30 күннен кем болмауы тиіс. Оқу жылы ішінде 3 рет каникул беріледі: күзде, қыста және көктемде.



Ұсыныс:

  • Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талапқа сай орындалуы

















Бірлестік жетекшісі: А.К. Аликбаева




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Саба? жоспары:" К?п ма?ыналы с?здер"

Автор: ?асен Ажар Марат?ызы

Дата: 27.12.2015

Номер свидетельства: 270658


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства