б) оқушыларды ұйымшылдыққа, әдептілікке, ұқыпты және көркем жазуға баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді қайталау
Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын әдісі
Көрнекіліктер: тұрлаусыз сөйлем мүшелеріне арналған кестелер, дидактикалық материалдар
Сабақ барысы:
1.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
2.Үй тапсырмасын тексеру. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері жайлы нені, нені үйренгендерін пысықтап өту. 79 беттегі 5-жаттығуды тексеру. Оқушы білімін бағалау.
3. Жаңа сабақты қайталау. Тақтаға жазылған сөздерге сұрақтар қойып, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді анықтату.
Топтастыру:
Көркем жазу:Тт Тт Тт Тт Тт.....................дыбысқа байланысты сөздер жазу
1-жаттығу. Қайда? сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жаздыру.Ауылда, жоғарыда, артта, тау басында.
2-жаттығу.Саябақта(қайда?) қайың өсіп тұр. Оның майысқақ(қандай?) бұтақтары бар. Жасыл(қандай?) жапырақтар сыбдырлайды. Көктемде(қашан?)құстар ұшып келеді.. Жазда(қашан?)балапандары ұшып шығады.