kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: "Т.Ахтанов ?мірі мен шы?армашылы?ы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Саба?тас ??рмалас с?йлем.Саба?тас ??рмалас с?йлемні? жасалу жолдары туралы т?сінік

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: ??рмалас с?йлемдерді? басты белгілерін,??рлысын,??рамын ажырата білуге,салалас ??рмалас с?йлемдерден айырмашылы?ын ме?герту;

Дамытушылы?: шы?армашылы?пен е?бектеніп,ынта ?ойып ты?дау,жазу,талдау машы?тарын салыстыра білу да?дыларын ?алыптастыру;

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: "Т.Ахтанов ?мірі мен шы?армашылы?ы"»

Сабақтас құрмалас сөйлем қазақ тілі



Сабақтың тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлем.Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары туралы түсінік

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: құрмалас сөйлемдердің басты белгілерін,құрлысын,құрамын ажырата білуге,салалас құрмалас сөйлемдерден айырмашылығын меңгерту;

Дамытушылық: шығармашылықпен еңбектеніп,ынта қойып тыңдау,жазу,талдау машықтарын салыстыра білу дағдыларын қалыптастыру;

Тәрбиелік: сөйлеу мәденинтіне тәрбиелеу;

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,түсіндіру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Көрнекілік: интерактивті тақта,кесте,семантикалық карта,үлестірме қағаздар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:

І Амандасу,оқу құралдарын ретке келтіру.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.Өтілген материал бойынша сұрақ-тапсырмалар орындау.

І топ: «Салалас құрмалас» тобы

  1. Салалас құрмалас сөйлемнің негізгі белгілерін ата.

ІІ топ: «Сабақтас құрмалас» тобы

  1. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін ата.

  2. Мысал келтіру.( І топ,қарсылықты салалас сөйлемге  бір мысал,ІІ топ түсіндірмелі салаласқа бір мысал)

  3. Топтастыру.( екі топ оқушылары бірігіп 2  минут ішінде салалас құрмалас сөйлемді топтастыру)

  1. Семантикалық картамен жұмыс.

      1-слайд.

Ыңғайлас

салалас

Қарсылықты салалас

Себеп-салдар

салалас

Түсіндірмелі

салалас

Теңіз тынышталды,бірақ еш нәрсе көрінбейді.

Тұманның қалыңдығы сонша-түк те көрінбейді.

Күн батты,тауды қара көленке басты.

Оқуға баруды армандаймын,сондықтан

Көп оқимын.

ІІІ Жаңа сабақты игерту.

Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып,соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрін сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. 

Мысалы: Танертенгі тұнық ауа енді мұнартып,кең даланы сұлу сағым басты.

Машина жолда бөгелмесе,тура үш сағатта барып қаламыз.Хамиттер ерте тұрып аттанатын болғандықтан,жаңағы жай-күйді айтысудан өзге әңгіме қозғалмады.

Бұл құрмалас сөйлемдердің бірінші жай сөйлемдерін өз алдына бөлек айтуға келмейді,өйткені олар тиянақсыз.Құрмалас сөйлемнің құрамындағы тиянақсыз жай сөйлемдерді бағынынқы сөйлем дейді.Құрмалас сөйлемдердің екінші жай сөйлемдері тиянақты,олар өздігінен дербес айтыла береді.Құрмалас сөйлемнің құрамындағы мұндай жай сөйлемдерді басынқы сөйлем дейді.

Бағынқы

Басынқы

      2-слайд.

Сабақтас құрмалас сөйлемге тән белгілер:

  1. Сабақтас құрмалас сөйлемнің екі сыңары тұлғалық,мағыналық жағынан бір-біріне тәуелді болады.

  2. Алғашқы сөйлемнің баяндаушы тиянақсыз тұлғада аяқталады.

  3. Бағыныңқы және басыңқы сыңардан тұрады.

  4. Мағыналық қарым-қатынасына қарай алты түрге бөлінеді.

  5. Бағыныңқы сөйлемнің баяндаушы етістіктің шартты райы,есімше,көсемше тұлғасында болып келеді және түрлі шылау сөздер арқылы басынқымен байланысады.

6. Сабақтас құрмаластың жасалу жолдары бағыныңқы жай сөйлемнің баяндаушына қарай белгіленеді.

 

Бағынқының баяндауышы

Тұлғалық белгісі

Сызбасы

1. Шартты рай

-са,-се

Бағыныңқы  басыңқы

/./ барса,/../

2. Көсемше

-а,-е,й,-ып,-іп,-п,

-қалы,-келі,-ғалы,-гелі

/./ ойлап, /../

/./ естігелі, /../

3.Есімше

-ған  -ша,-ше

-ген  -дай,-дей

-ған –да,-де

-ген  -мен

-ған –дықтан (-діктен)

-ген –сайын

         -соң

        кезде (уақытта,шақта)

-ған+ға шейін

-ген+ге

-ған+нан бері

-ген+нен кейін

                бұрын

/./көргенше, /./

/./ жазғанда, /./

/./ білгенмен, /./

/./ танығандықтан, /./

/./ барған сайын, /./

/./ оқыған соң, /./

/./ естіген кезде, /./

/./ келгенге шейін, /./

/./

Етістік негізді

-ысымен,-ісімен

/./ келісімен, /./

  • Сабақтас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер саны жағынан екеу ғана емес,одан да көп болуы мүмкін.

  • Мысалы: күн түс ауа жылынып,сызды дала бусанып,ауыл сыртында әдемі бір көрініс туып еді.Бұл сабақтастың құрамында екі бағынқы сөйлем бар.Ондай сөйлемдерді көп бағынқылы сабақтас сөйлем дейміз.

 

4-слайд.

Бағынықы сөйлемнің ерекшеліктері:

 

 

Сабақтастың құрамындағы бағыныңқы сөйлемнің бастауышы баяндаушымен қиыса байланыспайды,яғни бастауышы әртүрлі жақта тұрса да,баяндауышы өзгерісіз қала береді.

Бағыныңқы сөйлемнің шартты райдан болған баяндауышы ғана бастауышпен жан-жағынан жекеше,көпше түрде қиыса байланысады.

Бағыныңқы       Басыңқы

Мен

Сен

Сіз

Ол                       келгенде,

Біз

Сендер                           Нығмет кітап

Сіздер                        оқып отыр екен

Олар

Бағыныңқы сөйлемдер

Мен келсем,.  Біз келсек,.

Сен келсең,.    Сендер келсеңдер,.

Сіз келсеңіз,.   Сіздер келсеңіздер,.

Ол келсе,.         Олар келсе,.

 

1-Тапсырма:

Мына сызбаның бос орнын толтырып,сабақтас құрмалас сөйлем жасау.

Бағыныңқы  басыңқы

/./ барса,/../

/./ ойлап, /../

/./ естігелі, /../

/./көргенше, /./

/./ жазғанда, /./

/./ білгенмен, /./

/./ танығандықтан, /./

/./ барған сайын, /./

/./ оқыған соң, /./

/./ естіген кезде, /./

/./ келгенге шейін, /./

/./ келісімен, /./

 

2-Тапсырма:

Тақтадағы суретке қарап  мәтін құрау.

 І топ Құрамында салалас құрмалас сөйлем болсын.

ІІ топ.Құрамында сабақтас құрмалас сөйлем болсын.

 Ойтолғау

 І топ

 «Оқ жарасы бітер,

  Сөз жарасы бітпес»

ІІ топ

«Жақсы сөзге жан семіреді,

 Жаман сөзге жан түршігеді»

 

Сабақтас құрмалас сөйлемнің  баяндауыштарының жасалу жолдарын анықта.

 1.Біреуге жақсылық етсең,ол жақсылығыңды міндет етпе.

 2.Ауырып ем іздегенше,ауырмайтын жол ізде.

 3.Балалар ертеңгі тамағын ішіп болған кезде,қонақтар біртіндеп төсектен тұра бастады.

4.Қасында көлденең кісілер болғандықтан,Оспан Абайға айтам деген сөзін айтқан жоқ.

5.Айнаш Алматыға барған сайын,бір керкметке тап болады.

6.Мен елге келгенше,аттылар көп ұзай қоймапты.

7.Сабағына арнайы байланыс құралын орнатып,өздері жапырақты жұлуға қол созған.

8.Жапырақты жұлып алған соң,экрандағы қорқыныш дірілі де жоғалған.

 9.Әбден тозығы жеткен ескі үй болғандықтан,оған ешкім кірген жоқ.

10.Хамит пен Кенжебектің қарасы үзілгенше,Қалиша мен Ермек үйге кірмеді.

11.Ауыл шетіне іліге бергенде,жолаушылардың алдынан екі-үш бала

Жүгіріп шықты.

Бекіту.Кесте бойынша салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді салыстыру.

5-слайд.

 

 

Айырмашылықтары

Ұқсастықтары

Салалас құрмалас сөйлем

Сабақтас құрмалас сөйлем

 

 

Үй жүмысы:

 

  • 120-жаттығу

  • Мәтінді оқып шығып,құрмалас сөйлемдердің қайсы салалас,қайсы сабақтас екенін анықтаңдар.Сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріп жазып,басынқы,бағынқылардың астын сызыңдар.

 









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: "Т.Ахтанов ?мірі мен шы?армашылы?ы"

Автор: Идрисов Арда? ?уанышбай?лы

Дата: 13.02.2016

Номер свидетельства: 293011


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства