kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: Таби?атты ?ор?ау – ?асиетті іс

Нажмите, чтобы узнать подробности

П?ні: ?аза? тілі

Сынып: 8 «Б»

Саба?ты? та?ырыбы: Таби?атты ?ор?ау – ?асиетті іс

Саба?ты? ма?саты:

1.Білімділік: Таби?атты ?алай ?ор?ау туралы жалпы  т?сінік алу;  таби?атсыз адам, адамсыз таби?ат болмайтынына  к?з жеткізу;  м?тінмен, жа?а с?здермен ж?мыс жасау; ?р т?рлі грамматикалы? тапсырмалар орындау;

2.Дамытушылы?: О?ушыларды? с?здік ?орын, с?з байлы?ын, есте са?тау ж?не ойлау ?абілеттерін дамыту;

3.Т?рбиелік: Таби?атты ?ор?ау ж?не ?згертуге байланысты о?ушыларды жаппай ?о?амды? пайдалы е?бекке ?осу;

Саба?ты? т?рі: жа?а білімді игеру саба?ы

Саба?ты? ?дісі: с?ра?-жауап, ой тол?ау, пікір алмасу, ?орытындылау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: Таби?атты ?ор?ау – ?асиетті іс»

Күні: 20.02.2013

Пәні: қазақ тілі

Сынып: 8 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Табиғатты қорғау – қасиетті іс

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Табиғатты қалай қорғау туралы жалпы түсінік алу; табиғатсыз адам, адамсыз табиғат болмайтынына көз жеткізу; мәтінмен, жаңа сөздермен жұмыс жасау; әр түрлі грамматикалық тапсырмалар орындау;

2.Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, сөз байлығын, есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту;

3.Тәрбиелік: Табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке қосу;

Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой толғау, пікір алмасу, қорытындылау.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, видеофильм, оқулық, тақта

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

"Басакелмес" мәтінін мазмұнын айту;

Білімді жан-жақты тексеру:

1. Экология дегеніміз не?

2. Ол ұғымды ойлап тапқан кім?

3. Табиғат ресурстарын ата?



ІІІ. Жаңа сабақтың барысы:

Табиғатты қорғау – қасиетті іс




  • Жыл мезгілдеріне байланысты қай ақынның шығармаларын білесіңдер?

  • Жатқа айтып беріңдер


  1. Жаңа сабақ:


Табиғатты қорғау – қасиетті іс

  • Балалар, бүгінгі сабағымыз табиғатты қорғау жайында. Табиғат – қоршаған орта. Табиғатта барлық нәрсе өзара тығыз байланысты. Табиғатсыз адам, адамсыз табиғат болмайды. Қазақ халқының өмірі табиғатпен тығыз байланыста өткен. Сондықтан да табиғатты қастерлеп киелі деп санаған, оған сүйіспеншілікпен қарап, қамқорлық жасап, аялаған. Табиғатты қорғау дегеніміз - адамның өзін-өзі қорғауы деген сөз.

  • Табиғат туралы фильмді көрсету. (фильм туралы ой бөлісу)







  1. Сөздік жұмысы.

Мақсаты: оқушылардың сөздік қорын молайту.



қасиетті іс - доброе дело

көзін ашу - здесь: чистить

ойын балалары - здесь: маленькие дети

ересек - взрослые

тіршілік - жизнь

таптау - топтать

өсу - расти

тыйым салу - запрещать

түсіну - понимать

  • жаңа сөздерді қайталап, қазақ тіліне тән дыбыстардың сөздің басында, ортасында, аяғында келетінін анықтап, сөз тіркесін құрастыру

(Жаттығу жұмысы ауызша және жазбаша орындалады.)



  1. Мәтінмен жұмыс

Табиғатты қорғау - қасиетті іс


Экология адамның өзінен басталады.

Кішкене кезімізде әр көктем сайын аталарымыз ауылдағы ойын балаларын тегіс жинайтын. Оларға бірнеше ересек жігіттерді басшы етіп, бұлақтардың көзін ашуға жіберетін. Сонда ата-әжелеріміз: «Бұлақтың көзін ашыңдар. Су бар жерде - тіршілік бар, бұлақтың көзі ашылса, су мол болады. Су мол болса, астық та, шөп те, гүл де жайқалып өседі. Бұлақтың көзің ашсаңдар, тіршіліктің де көзін ашқандарың», - дейтін.

Үлкендер: «Жаңа шыққан көк шөпті, жабайы гүлдерді көктей жұлма, көктей соласың», - деп, жұлуға, таптауға тыйым салатын.

Ата-бабаларымыз жақсылықтың да, жамандықтың да адамға айналып соғатынын жақсы түсінген


- мәтін бойынша тапсырмалар орындау;

А) синтаксистік талдау;

- Оларға бірнеше ересек жігіттерді басшы етіп, бұлақтардың көзін ашуға жіберетін.


Су бар жерде - тіршілік бар, бұлақтың көзі ашылса, су мол болады.


Ә) мәтіннен тұйық етістіктерді тауып, сөз құрамына талдау;

ашуға, жұлуға, таптауға;


  1. Мәтін бойынша тапсырма орындау



тапсырма

дұрыс

бұрыс

1. Табиғат пен адам - біртұтас.

2.Бұлақтардың көзін ашу ешкімге керек емес.

3. Су бар жерде - тіршілік жоқ.

4. Бұлақтың көзін ашсаңдар,

өмір-тіршіліктің де көзін ашасыңдар.

5. Үлкендер шөпті жұлуға, таптауға

тыйым салмайды.

6. Жақсылығы да, жамандығы да адамның

өзіне айналып соғады.







Тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңдар.

  1. Адам баласы табиғатты .....

  2. Біз бұлақтардың көзін ....

  3. Су мол болса, астық та .....

  4. Көк шөпті таптауға ....

  5. Ата-бабаларымыз табиғатқа жанашырлықпен.....


Керекті сөздер: қараған, болмайды, мол болады, аштық, қорғауы тиіс.

Сөзді септе: табиғат

А.с.

І.с.

Б.с.

Т.с.

Ж.с.

Ш.с.

К.с.


Сөзді жікте: қорға

жекеше көпше

І жақ Мен _________ І жақ Біз ___________

ІІ жақ Сен __________ ІІ жақ Сендер ________

с.т. Сіз __________ с.т. Сіздер___________

ІІІ жақ Ол_________ ІІІ жақ Олар___________





  • «Табиғат» ой жинау

















VII.Бекіту: тест


1.Біз бұлақтардың көзін ...

А) қараған ә) қорғауы тиіс б) аштық

2 "Экология" сөзі қай тілден алынған?
А) француз ә) неміс с) ағылшын

3.Біздің республикамыздың көп аймағы көмекке зәру ...

А) айта береді ә) болып отыр б)қажет болды.

4.Табиғат адамдардан қамқорлық ...

А) күтеді ә) талап етпейді б) қажет етпейді.

5.Табиғат пен адам - ...

А) екі бөлек ә) тұтас емес б) біртұтас

6. "ҚР - ның азаматы табиғатты қорғауға және оның байлығын сақтауға міндетті" деген жолдар қай заңнан алынған?
А) Білім туралы Заң ә) Еңбек туралы Заң б) Қоршаған ортаны қорғау туралы Заң.

7.Дұрыс қойылған тыныс белгі

А)Адамды адам ететін – еңбек.

Ә) Адамды – адам ететін еңбек.

Б) Адамды адам – ететін еңбек.

Жауаптары


1.б 2.ә 3.ә 4.а 5.б 6.б 7.а


VIII. Бағалау

- Оқушыларды сабаққа қатысуларына байланысты бағалаймын.

IX. Үйге тапсырма

«Мен де табиғаттың бір бөлшегімін» эссе жазу;

Х. Рефлексия (Стикерлер арқылы сабақтан алған әсері)



Сабақ аяқталды!

Сау болыңыздар!





























Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
дарқандыққа қазаққа дала берген секілді.
Еркелікті, ерлікті желден алған секілді,
мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді – деп Қадыр Мырза Әлі айтқандай.

І. слайд
Күн сәулесі төгілгені әдемі,
Алуан түрлі қызыл гүлдер әдемі.
Сылдыр қаққан мөлдір суда әдемі.
Биік – биік шыңдарым да әдемі.

Айдын көлде аққу қандай әдемі
Сұңқар құстың самғағаны әдемі
Даланы әнге бөлеген құстарым қандай әдемі
Мөлдіреген көздері киігім қандай әдеміСабақтың тақырыбы: «Табиғат — тіршілік нәрі»



Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсатыоқушыларға қоршаған ортаның ластануы тіршілік иелеріне өте зиян келтіретінін айтып, келешекке табиғат тағдыры өз қолдарында екені туралы толық түсінік беру;

Дамытушылықэкология  мәселелеріне, табиғат келешегіне көз жүгіртіп, қоршаған ортаның тағдырына немқұрайлы қарамауға баулып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін одан әрі дамыту;

Тәрбиелікқоршаған орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті жоғары ұрпақ тәрбиелеу;

Көрнекіліктер: слайд, суреттр, мәқал-мәтелдер, нақыл сөздер, экологиялық кітаптар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Кіріспе сөз.

ІІІ. Мақал-мәтелдерді, оқып түсіндіру.

ІV. Нақыл сөздер.

V. Табиғи ортаны қорғау, Қазақстанда экологиялық жағдай.

VІ. Гүл күлтесінен сұрақтар.

VІІ. Оқушылардың тақпақтары.

       Ән «Саржайлау».

VІІІ. Оқушылармен ойын өткізу: «Жер, су, ауа».

ІХ. Қорытындылау.

 

          Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі өткізгелі отырған тәрбие сағатымыз табиғат жайлы болмақ.

   

       Табиғат адам үшін жаралыпты,

       Бар қызық табиғаттан таралыпты.

       Адам мен табиғат егіз.

      Табиғат — асыраушың, қамқоршың

 

 Ата-бабамыз “Жер — қазына, су — алтын, мал — байлық” деп тегін айытпаған. Қазақ халқының табиғатқа деген сүйіспеншілігі ерте кездерден-ақ басталады. Көп салалы ұлттық дәстүріміз соның дәлелі. Өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі қадір-қасиетін, пайда-маңызын жақсы білген. Жас ұрпақтың көкейіне құйып, оларды сақтап, қорғауға бауылып,  тәбиелеген. Табиғатқа деген сүйіспеншілігімізді білдіретін мақал-мәтелдер өте көп.

«Ер- елдің  көркі, орман-тоғай жердің көркі»,

«Бір тал кессен, он тал ек»

«Дәрі шөптен шығады, дана — көптен шығады»,

«Қорада малың болсын, көшеде талың болсын»

«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын»

«Сұлу жер құрақсыз болмас, таулы жер бұлақсыз болмас»

«Бұлақ көрсең, көзін аш»

«Жылап жүріп арық қазсаң,

  Күліп жүріп су ішерсің»

 

    Және мынадай нақыл сөздер айтылған:

 

«Туған жерге туыңды тік»

 

«Мың шыбық шаншып өсірсең-

Халқыңа орман салғаның.

Халқыңа орман салғаның-

Өзіңе қорған салғаның»

 

«Табиғат — тал бесігің, аяла, қорғай біл, тазалығын сақта!

   Келешек сендердің қолдарыңда!»

 

                

                           ***

Табиғатты бабамыз ала берген секілді,

Дархандықты қазаққа дала берген секілді.

Еркелікті, ерікті желден алған секілді,

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.

 

         Бүкіл жер бетіндегі адамзатты қатты ойландыратын және кезек күттірмейтін мәселелердің бірі — табиғи ортаны қорғау, табиғатты тиімді пайдалану керек. Соңғы кезде қоршаған ортаның ластануы барынша көкейкесті мәселелерге айналып отыр, өйіткені техникалық прогрестің және адамның ойланбай жасаған әрекетінің салдарынан өмір сүруге қажетті нәрселердің бәрі ластануда.Экология – ол қоршаған орта, ал қоршаған орта дегеніміз – табиғат. Адам өзіне керектің бәрін табиғаттан алады. Алайда қазіргі кезде дүние жүзінде экологиялық апаттар көбейіп кетті. Соның бірі ауаның көп ластануы.

 

      Ауаны ең көп ластайтын — өнеркәсіп орындары мен завод, фабрикалар, әр түрлі көлік түрлері. Ластау көздері — ауаға түтінмен бірге күкіртті және көмірқышқыл газын шығаратын жылу элктр станциялары, химия өнеркәсібі және цемент зауыттары.

   Өнеркәсіп және өндіріс орындарында пайдаланылған сарқынды судың да келіп қосылуына байланысты су көздері ластануда.

  Топырақтың ластануы оның құнарлы қабатын жояды, топырақта жүретін табиғи процестерге кедергі келтіріп, онда өмір сүретін микроорганизмдерге зиян шектіреді. Топырақтың бүлінуінің салдарынан адамның денсаулығы нашарлайды. Ол адамға ластанған топырақта өскен өсімдіктер мен онымен қоректенетін жануарлар арқылы тарайды.

 

 

    Семей полигоны:

Жер жүзіндегі ғалымдардың болжауына қарағанда, адамзаттың экологиялық апатқа ұшырауына әр түрлі себептері бар. Көптеген аймақтар экологиялық апатты аймаққа айналды. Республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әйгілі. Қазақтың жерінде сыналған 500 -ден астам атом бомбасының зардабы айытпаса да түсінікті. Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталды. Тек Семей полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймәлім еді. Полигондардың ішінде Семей өңірі көп зардап шеккен аймақ. Шын мәнінде, қазақ даласының шамамен 19 млн. га жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарын, Тайсорған т. б. Полигондары табиғаты әсем, шұрайлы жайылымдар еді. Ядролық қару-жарақтарды сынау аймақтың табиғи ортасына және халықтың денсаулығына кері әсер етті, ядролық полигон төңірегінде тұратын халық қатерлі ісік, қанның азаюы (анемия), ақ қан (лейкимия) ауруларымен көп ауырды.

 

Арал теңізі:

  Арал теңізінің жасы 8-10 мың жыл шамасы. Теңіз суының көлемі жағынан ТМД-да – 2 орын, Дүниежүзінде – 4 орын алатын көл. 1998 жылы теңіз деңгеі 18 км төмендеді. Өйіткені теңізге құятын басты өзендер – Сырдария, 1974 жылдан және Әмудария 1982 жылдан мүлдем сарқылды. 38 жыл ішінде (1961-1999) теңіз деңгеі 18 метрге төмендеді. Арал теңізі жағалауынан 150-170 км шегінді. Кепкен теңіз түбі сортаңға айналуда. Ашылған теңіз жағалауынан көбін тұз бен құм жауып жатыр. Көл суының тұздылығы 3 есе артып 80٪ жетті.

  Көлемі 2 млн гектердан астам Аққұм атты жаңа құмды кеңістік табылды. Теңіз деңгеінің төмендеуі ауа райының өзгеруіне, сол өңірінің сусыздануына әкелді. Бұл жерлерде 1950-1990 жылдары арасында шаңды дауыл 60 есе көбейіп, кеуіп кеткен теңіз түбінен жылына 765 млн тонна көтерілген тұзды шаң желмен ауаға тарайды. Мамандардың айтуы бойынша кеуіп кеткен теңіз түбінің бір шаршы километрден Қазақстан мен Орта Азияның жеріне 8000 тоннаға жуық шаң көтеріліп төгеді екен. Өсімдіктерге конған шаң оның биологиялық өнімділігін төмендетеді.

 

      Республикамызда экологиялық қатерлі  апат аймағы деп айтылып жүрген Арал теңізі мен Балқаш көлін қорғау мәселесін де, Семей тұрғындарының ауыр халі, жер бетіндегі небір тірі атаулының құрып кетуі, ауаның ластануы, талай жылдар бойы жүргізіліп келген атом, ракета сынақтары ата жұртымызды астан-кестен қылғаны – осының бәрі адам баласының табиғатқа салғылт қарауының нәтижесі. 

 

   Қазақстан Республикасының Президенті “Жасыл ел” бағдарламасы біздің мектебімізде іске асырылуда. Мектеп түлектері  мектеп ауласында ағаш отырғызып кетеді, біз де осы бағдарлама бойынша үгіт-насихат жүргізіп келеміз. Көктем келгенде әркім өз ауласына ағаш отырғызып, гүл егіп көгалдандыру керек. Табиғаттың көркін ажарландыратын — гүл.

   Балалар , мына қызылды, жасылды гүлдерде табиғатқа байланысты сұрақтар бар. Қалаған гүлдеріңізді таңдап, ішіндегі сұраққа жауап беріңіздер.

 

1-сұрақ. Егер сен ақын болсаң...

Жауабы. Егер мен ақын болсам, елімнің  орманын, кең даласын жырға қосып өлең жазар едім.

 2-сұрақ. Егер сен суретші болсаң...

Жауабы: Егер мен суретші болсам, туған жерімнің сұлулығын суретте көрсетер едім.

3-сұрақ. Орман-тоғайға байланысты тыйым сөздерді білесің бе?

Жауабы. Ағашты кеспе, орманды өртеме, шөпті таптама.

4-сұрақ. Ауаға, суға байланысты тыйым сөздерді білесің бе?

Жауабы. Суды лайлама, суға түкірме, ауаны ластама, су ішкен құдыққа түкірме.

5-сұрақ. Жануарларға -құстарға  байланысты тыйым сөздерді білесің бе?

Жауабы: Аққуды атпа, малды теппе, құмырсқаның илеуін бұзба, құстың ұясын бұзба.

 

Оқушыларға сөз беріледі:

Кеңшілік Бақтілек.

Атамекен жанға жайлы сая бау,

Ар алдында күнә болар табиғатты аямау.

Қанымызға сіңген екен сүтімен ананың

Туған жердің табиғатын аялау.

 

 

Сұлу дала, менің сүйген өлкемсің,

Жаны жайсаң жаратылған еркемсің.

Қандай жақсы қазақ болып туғаным,

О, туған жер, тамашасың, көркемсің!

 

Айтқожа Жанат.

Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,

Бір-бір ағаш және гүл егейік.

Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,

Таза ауа үшін терімізді төгейік.

 

Әміров Елдос.

Қадір тұтіп табиғат қасиетін,

Әділдіктің алдында бас иетін.

“Мал қалғанша атаңнан, тал қалсын” деп

Бабам айтқан орынды өсиетін.

 

Тауекелова Диана.

Аралға да жан ашымай қарадық,

Сарқылмайтын байлыққа оны санадық.

Талай елді асыраған ежелден

Аралдың да бар байлығын тонадық

 

Ойлау керек Арал жайын, ел жайын,

Пәк табиғат тозып жатыр жыл сайын.

Өзімізді асыраушы табиғаттай Ананы

Қорғау үшін әрқашанда тұр дайын.

 

Дәуіт Диана.

Туған жерім өзіңе не жетеді,

Далам мені мәпелеп тербетеді.

Құшағыңда ең алғаш перзенттерің

Балғын жырын бұлақтай селдетеді.

Ыстық сезім менде бар саған деген,

Бақыттымын шынында, бақыттымын

Өзен-көлім, қасиетті даламменен.

Ашық болса менің байтақ аспаным,

Туған жерім бітпейтін мол дастаным.

Тыныштықты қалаймын өмірде бұл,

Керегі не, керегі не басқаның

 

Ән «Саржайлау»

 

«Жер, ауа, су» ойыны. Оқушыларға ойын тәртібін түсіндіру.

 

Қорытындылау:

Сабағымыздың соңында бір-біріміздің қолдарымыздан ұстап, қөңілді күйде, табиғатқа байланысты сөздерді, сөйлемдерді пайдалана отыра тілек айтайық.

 

1)     Бұлақтай мөлдір таза бол!

2)     Жұлдызың жарық болсын!

3)     Айың оңыңнан тусын!

4)     Қөңілің көлдей шалқысын!

5)     Гүлдей жайнай бер!

6)     Таудай талап бер!

7)     Қызғалдақтай құлпыра бер!

 

Алтын дәнді даламыз бар,

Ақ күмістей қаламыз бар.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің, туған өлкем!

Сұлу табғатымызды аялай білейік, табиғатты сүю парыз, сүю үшін қорғау -  парыз.

I тарау. Қазақстанда қалыптасқан экологиялық апат аймақтары.

         1.1 Каспий - жер шарындағы басқа мұхиттармен, теңіздермен тікелей де, не бұғаз каналдармен тікелей байланысы жоқ, тұйық су көзі. Бұл тұрғыдан оны көл қатарына жатқызады. Ал,көлеміне,даму тарихына,физикалық-географиялық даму сатыларының сипатына қарағанда теңіз қатарына жатады. Сондықтан Каспий жағалауындағы 5 мемлекет: Ресей Федерациясы, Қазақстан, Әзірбайжан, Түркіменстан республикалары мен Иран мемлекеті Каспийді не көл, не теңіз деп атап келеді. Каспий теңізі бұдан 1,5 миллион жыл бұрын дүниежүзілік мұхиттардан бөлініп қалған, содан бері оның көлемі бірнеше өзгерген.           

         Каспий теңізі-өзіне құятын өзендермен қоса алғанда ішкі сулардың ішінде балық шаруашылығы жөнінен ерекше орын алатын су көзі. Бекіре тұқымдас балықтардың дүниежүзілік қорының 90%-н ала отырып, оның өнімдерін ішкі және сыртқы базарларға шығарады. Тұщы суда өсетін қара балықтарды аулау дүниежүзінде бірінші орын алады.

         Каспий теңізінде балықтар қорының азаюына бәрінен бұрын адам әрекеті үлкен зиян келтіреді. Бекіре тұқымдас балықтардың қорының азаюына өзендерде су электр станцияларын, бөгеттер, су қоймаларын тұрғызу, өзен мен теңізді ластау, аяғында жаппай етек алған броконерлік үлкен зиян тигізіп отыр. Қазіргі кезде бекіре тұқымдастар құрып кету қаупінде. Қазақстан Республикасының үкіметі балық қорын қорғау, оның ұлғайту жөнінде шараларды қолға алуда.

 Итбалықтардың қырылу себептері.

         Каспий теңізі итбалығының тұқымы шектеулі. Теңізде итбалық солтүстік шығыстан оңтүстікке дейін жайылған. Еділ өзеніне  Волгоград қаласына дейін, Жайық өзеніне 200 шақырымға дейін кіреді. Жыл мезгіліне қарай итбалық орын ауыстырып отырады. Күзгі, қысқы айларда терістікке шоғырланады. Итбалық сүтқоректі жануар, ол баласын емізеді, баласы қыстың қаңтар, ақпан айларында мұз үстінде жатады, ақпан айының аяғына таман суға түсіреді.Осы цикл жылма-жыл қайталанып отырады. Итбалық аулаудың бірнеше ғасырлық басында 115 мың басқа дейін итбалық ауланған, қазіргі мезгілде сан жағынан да, мезгілі жағынан да шектелген, себебі қоры азайды. Оның басты себебі теңіз суының ластануы.Соңғы жылдары,итбалықтың өсуі, таралуы қолайсыз жағдайға қарай өзгеріп бара жатыр. Күшіктерінің өлуі көбейген, өткен 2006 жылы мыңдаған ірі итбалықтың өлгені тіркелсе, 2007 жылы наурыз, сәуір айларында оның саны 600-ден асып кетті. Теңіз суының мұнаймен былғануына итбалықтар ауруларға, оның ішінде жұқпалы ауруларға шалдығады.Итбалықтардың қырылу себептері әлі белгісіз,тек улы газдармен уланған деген тұжырым бар.

         Каспий аймағының соның ішінде Атырау облысының топырағы негізінен қоңыр топырақты болып келеді. Каспий аймағының топырағы әртүрлі дәрежеде ластанған. Көп жағдайда топырықтың ластануы мұнай химиясы, мұнай өңдеу өндірісінің, өндіріс орындарының, транспорттың әсерінен болып отыр.

         Каспий суының жылдан жылға ластана түсуі ондағы балықтардың жағдайына әсер етеді. Теңіздің ұзақ уақыт мұнайдың, ауыр металдардың, фенолдың аздаған мөлшерімен ластануы балықтарға ерекше қауіп туғызады. Себебі, балық организмі судағы лас заттарды өз организміне жинақтағыш болып келеді.                 

         Экологтарды ғалым-ихтиологтарды қазір алаңдатып отырған мәселе- Солтүстік-Шығыс Каспий қайраңынан мұнай мен газдың өндірілуі болып тұр.

         1.2 Арал теңізі – жас Тұран тақтасының үстінде орналасқан көл. Геологиялық тарихына қарағанда,  Каспий теңізінен едәуір жас. Неоген дәуірінің аяғында құрғақ тектоникалық ойыс түрінде пайда болған. Антропогеннің аяғында алғашқы рет суға толған. Сол кезде Әмударияның ескі арнасы арқылы бірнеше рет Каспий теңізімен жалғасып, үзіліп отырған. Сөйтіп, қазіргі Арал теңізінің жасы 8-10 мың жыл шамасында.

         Арал теңізі суының көлемі жағынан Қазақстанда, тіпті бүкіл ТМД елдерінде екінші, ал дүние жүзінде төртінші орын алатын көл.1961 жылға дейін Арал теңізі мұхит деңгейінің 53 м биіктікте жатқан.Теңіз суы антропогендік әрекеттің нәтижесінде, шаруашылық мақсатына үздіксіз суды пайдалану барысында 2002 жылы теңіз деңгейі 20 м-ге төмендеді. Өйткені теңізге құятын басты өзендер Сырдария 1974 жылдан және Әмудария 1982 жылдан мүлдем сарқылды. Арал теңізінде ірілі-ұсақты 1100 аралдар тобы болатын, кейін олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлыққа қосылып кетті.Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді.

         Арал апаты - Арал теңізінің тартылуына байланысты. Оңтүстік Арал мен Қазақстанның үлкен аймағындағы адамға, табиғатқа, өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесіне келген экологиялық әлеуметтік-экономикалық үлкен апат. Бағалы балықтардың түрлері (бекіре, сазан, шоқр, қаяз, ақмарқа, алабұға) құрып кетті. Арал аймағынан жүздеген мың адам туып өскен жерін тастап, өзге өлкелерге қоныс аударуға мәжбүр болады. Бұрын теңіз маңындағы мекендеген су құстары түгелге жуық Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген жануарлардың кейбір түрлері (итбала қаз, бұлдырық, жидек, арал шағаласы, ондатр т.б) құрып кетті.  Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері –антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамиды. Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты

Арал апатына себеп болған факторларға

-         жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;

-         ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;

-         суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;

-         жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;

-         табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.

     Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы аурулар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп тұр.

Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. Арал тағдыры – адам тағдыры болғандықтан оны сақтап қалу аға ұрпақтың болашақ алдындағы борышы. 

         1.3 Балқаш – Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан тұйық көл. Аумағы бойынша еліміздегі Каспий және Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орында. Аумағы 501 мың км²  шамасында, ең терең жері 26,5 м. Балқаштың батыс бөлігіне – Іле, шығыс бөлігіне – қаратал, Ақсу, Лепсі және Аякөз өзендері құяды.

         Балқаштың әлеуметтік - экологиялық жағдайы жылдан жылға нашарлап барады. Оның негізгісі көлдегі судың көлемінің кеміп бара жатқанында. Балқашқа құйылатын өзендер, жолшыбай ауыл шаруашылық қажеттеріне қолданылып отыр. Мысалы: 1970жылдары Іле өзенінде салынған Қапшағай СЭС, Балқаш көліне құйылатын судың көлемін 20 пайыздан астам азайтты, осының салдарынан, көл жыл сайын кеміп бара жатыр. Өзендерден келіп жатқан судың аздығынан, көлдегі тұздардың мөлшері артып, қазіргі күнгі Балқаш көліндегі судың деңгейі 1,5 метрдей төмендеп кеткен Балқашқа құятын – Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендері арқылы келетін судың мөлшері де азайып келеді.

         Балқаш көліне құятын өзен сулары, ауыл шаруашылық егіндерін суаруға өте көп мөлшерде жұмсалуда, суарылуға қолданылатын судың бұдан әрі қарай өсетін болса, Балқаш көліне үлкен қауіп төнері анық.

         Кезінде Балқаш көлі жағалауында: балық және аң аулау шаруашылығы, бау-бақша, егін және аң аулау шаруашылықтары жақсы дамыған болатын.

         Балқаш экологиясы – Балқаш көлі алабындағы табиғи ресурстарды тиімсіз пайдаланудың нәтижесінде Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында 20 ғасырдың аяғында қалыптасқан табиғи, әлеуметтік және экономикалық жағдай. Оны негізгі 2 себеп тудырды.

         Ішкі себеп - Қапшағай су электр станциясының салынуына байланысты (1970) Іле өзенінің арнасының бөгелуі. Құрғап қалған аумақтардан көтерілген шаң-тозаңның әсері биік таулы аймақтардағы мұздықтардың еріп, ұсақтануына әкелді. Осы шаралар Балқаш көлінің деңгейін тұрақтандырғанмен, су сапасы жылдан-жылға нашарлады.

Сыртқы себеп - Балқаш алабындағы су қорының жартысына жуығы Қытай мемлекетінің аумағында қалыптасады. Бұл халықаралық деңгейде реттелетін мәселе.

Қазақстанның інжу-маржаны саналатын Балқаш көлі экологиялық апат алдында. Оның үстіне ғалымдар ғаламдық жылынудың салдарынан соңғы жылдары әлемдік мұздықтардың еріп, климаттың өзгергені байқалып отырғанын айтады. Осының әсерінен флора мен фаунаға бай көл маңы экологиялық дағдарысқа ұшырады. Балқаш көлі шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде орналасқандықтан , оның климаты шұғыл континентті болып келеді. Су айдының булануы өте жоғары. Осыған байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады.

Балқаш көлі аз уақытта тартылып, Арал секілді тұзы бұрқыраған сорлы аймаққа айналып шыға келуі ықтимал. Ал, бұл келеңсіздіктің алдын алу үшін Қазақстан мен Қытай өзара келісімге келіп, Іленің суына кедергі келтірмеулері керек. Әйтпесе, бүгінде тұзы талай жерге барып қалған Арал секілді тағы бір сор тек қазақ жерінің ғана емес, жер жүзінің экологиялық ахуалын нашарлатады.

         1.4 Әскери полигондар. Республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі. Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ  аймақтарынан жұрт беймәлім еді. Шын мәнінде, қазақ даласының 19 млн.га жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарын, Тайсойған т.б полигондары алып жатқан табиғаты әсем, шұрайлы жайылымдар еді.Ядролық қаруды сынау алғашында ғылым мен техниканы дамыту бағдарламасында сипат алғанымен, кейіннен атом бомбасы соғыс мақсатында қолданылды.

         Полигондардың ішінде Семей өңірі ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол – Курчатов қаласы. Семей облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы аудандарының аумақтары атом сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап шеккен экологиялық апатты аймаққа айналды

«Семей» ядролық полигонының аумағы 18,5 мың км2. Полигон бұрынғы Семей облысы. Абыралы ауданы, сонымен қатар Павлодар және Қарағанды облыстарының біраз жерін қамтыды. Сынақ аймағында 1949-1989 жылдар аралығында 470-тей қуаты әр түрлі ядролық жарылыстар жер астында жасалды. Семей ядролық  полигонында ауада және жер бетінде сыналған ядролық зарядтардың қосындысы қуаты Хиросимаға тасталған бомбадан 2,5 мың есе асып түсті

         1991 жылы 20 тамызда елбасының бұйрығымен Қазақстан жерінде атом қаруын сынау біржола тоқтатылды. Бұл оқиғаны дүние жүзінің қауымдастығы қуана қарсы алды. Халықаралық деңгейдегі бұл шешім «Семей – Невада» қоғамдық қозғалысының жемісі болды.

         Полигондар зардабын шешу проблемасы күн тәртібінде тұр. Осы тұрғыда «Семей полигоны аймағындағы тұрғындардың денсаулығын зерттеу және сауықтыру шараларын ұйымдастыру» туралы маңызды құжаттар қабылданды. Ал полигондардың қоршаған табиғи ортаға тигізген зардабын жою проблемасы  халықаралық деңгейде жүргізілуде

         Семей ядролық полигонындағы жергілікті тұрғындарды медициналық тексеруден өткізгенде тұқым қуалайтын ауруға шалдығуына байланысты адамдардың, әсіресе, жасөспірімдердің арасында ерте қайтыс болу жиі кездесетіні анықталған. Сондай-ақ қатерлі ісік, сүйек тіндерінің аурулары, иммунды жүйелер мен қан құрамының бұзылуына байланысты ауруға шалдыққандар көп.

         1991 жылдың 29 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Семей ядролық полигонын жабу» туралы жарлыққа қол қойды

II тарау. Апатты аймақтардың қоршаған ортаға, шаруашылыққа тигізетін  зардаптары әсері.

         Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының бірсыпыра жерлері 50 жылға жуық «Капустин Яр» атты әскери полигоны болғаны кейінгі кезде ғана халыққа белгілі болды..         «Капустин Яр» және «Азғыр» әскери полигондарында жаппай қырып – жоятын жаңа қару – жарақты сынау жас келіншектердің бала туу қабілетінен айырып жібергені байқалады. Неге десеңіз, жас әйелдердің денсаулықтары адам айтқысыздай болып нашарлап кеткен. Осыған орай адамдардың өсу процесі тежеліп  қалған. Сол аймақтағы дүниеге келетін балалардың күрт азаюы экологияның әсерінен болып отыр деп ғалымдар тұжырымдайды.

         «Осы аймақтағы келесі полигон – «Тайсойған» полигоны – Қызылқоға ауданында 7500 км2 жерді алып жатыр. 1952 жылдан пайдаланып келе жатқан бұл аймақтағы полигон үш бөліктен тұрады.Полигондардың айналадағы ортаға қаншалықты әрекеті болғанын бүгінгі таңда нақтылап айту мүмкін емес. Полигондарға жақынырақ жерде тұратын адамдар арасында әртүрлі ауруға шалдығушылық байқалып жүр.

         Аумағының үштен екісіне дерлік әскери полигондар орналасқан Қызылқоға ауданы тұрғындарының денсаулығы жөнінде соңғы кездері статистикалық деректер де біраз қолайсыз жайлардың бетін ашты. Мысалы, мұнда әйелдер арасында анемия ауруы көп тарап келгендігін аңғарамыз. Аналардың күні жетпей босануы, сәбилердің дүниеге кеміс болып келуі баршылық. Ауданда жүрек-қан тамырлары ауруына шалдыққан адамдар саны азаймай отыр. Аурулардың ішінде бала көтеру мен босанудың қиындауы, үлкендер мен балалар арасындағы өкпе ауруы, рак біраздан бері бірінші болып келеді. 

         2.2 Байқоңыр ғарыш айлағы қазақ жерінде ең үлкен және өте күрделі инженерлік құрылыс. Мұндай инженерлік кешенді адамзат баласы бұрын-соңды жасаған емес. Бұл ғажап құрылыста космос корабльдерін, космос станцияларын, зымырандарды, зымыран  тасымалдаушыларды сынау, космос кеңістігін зерттеу үшін кең көлемде ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

         Байқоңыр ғарыш айлағындай құрылыс жер шарында жоқ. Сондықтан Байқоңыр ғарыш айлағы дүниежүзі халықтарының назарын аударып, алаңдатып отыр. ОЛ тек космос корабльдері мен зымырандарды космос кеңістігіне ұшырау мақсатына жасалған емес. Сонымен қатар, әскери қару-жарақтардың жаңа түрлерін сынау мақсатында көздейді. Байқоңыр ғарыш айлағы әскери ғылыми-техникалық орталық болып есептеледі.

         Айлақ 1957 жылы Байқоңыр қаласында салынған. Бұл қалада қазіргі кезде 60 мың халық тұрады. Космодромда 9 зымыран ұшыру кешені, 15 зымыран ұшыратын қондырғылар бар.Байқоңыр ғарыш айлағы Қазақстанның оңтүстік-батысында, яғни Қызылорда облысының территориясында орналасқан. Бұл аймақтың ауа-райы өте құбылмалы келеді. Қысы суық, жаз айлары ыстық, жауын-шашын 90-150 мм-дей аз жауады. Сол себептен ауа-райы ылғалсыз болып келеді де, құрғақшылық жиі –жиі болып тұрады. Жер бедері жазық, тау-тастар жоқ. Тек қана құм белестері мен көшпелі құмдар көп кездеседі. Өсімдік әлемі онша көп емес. Орман-тоғай бұл аймақта көп өспейді.    Байқоңыр космодромының көлемі 6717 шаршы шақырым. Ғарыш айлағын салуға байланысты 20000 га жер шаруашылық айналымынан шығып қалған. Ол жерлер егін егуге, не бау-бақша өсіруге, не мал жаюға жарамды. Мұнда бұрынғы кезде малдар қысы – жазы өз аяғымен жайылып жата беретін еді. Зымырандардың қатты дыбысы малдардың, адамдардың зәресін алады.Бұл аймақта ерсілі-қарсылы соққан жел көп болады. Кейбір күндері күшті дауыл тұрып, жердің үстіңгі қабатындағы топырақтарды ұшырып әкетіп, қара боран туғызады. Осындай қара боранды күндері бір жылдың ішінде 20-25 күн болады. Қандай да болмасын, ұшырылған зымыран тасымалдаушылар апатқа ұшырауы табиғи құбылыс. Неге десеңіз, техниканың аты техника, ешкімде апат болмайды деп кепілдік бере алмайды. Космос корабльдерін жасағанда, оларды космодромда ұшуға дайындағанда, бірнеше қателер кетуі мүмкін. Зымырандар жер бетінен 40-50 шақырым биіктікке көтерілгенде, бірнеше себептерге байланысты кенеттен апатқа ұшырап отыратын жайттар болады. Зымырандар апатқа ұшыраған кезде, олардың бактеріндегі улы отындардың жарым жартысы әуеде жанып кетеді де, ал қалған аз мөлшері жерге түседі. Олар табиғи ортаны ластауы мүмкін.Байқоңыр ғарыш айлағы 1991 жылы Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 жылы Ресей Федерациясына 20 жылға берілді.

  2.3 Қала экологиясы. Ірі қалаларда халықтың санының еселеп артуы тұрмыстық-коммуналдық құрылыстар мен өнеркәсіп, зауыт, фабрикалардың салыну қажеттілігін тудырады. Осыған байланысты мұндай қалаларда техникалық және ақаба сулар көптеп жиналуда. Қазақстанда жыл сайын шығарылатын ақаба судың мөлшері 6 млрд3 деп есептеледі. Қазіргі кезде тұрмыстық ақаба суларды залалсыздандыру үлкен мәселе болып отыр. Осындай қаланың бірі – оңтүстік астана Алматы қаласы.

         Алматы қаласының халқы жыл сайын артып, білім, ғылым және мәдениет ошағына айналуда. Осы уақытқа дейін Алматы қаласының пайдаланған тұрмыстық-коммуналдық  суы 70 км жердегі Жаманқұм және Сорбұлақ бөгетіне жинақталып, ірі жасанды көлдерге айналған болатын.

         Қалыпты экологиялық жағдай 1986 жылы бұзылды. Жылдар бойы жинақталған ақаба су Жаманқұм жағалауын бұзып жарып, Қапшағай су қоймасына қарай ақты. Бұл апатты жағдай көптеген мал басы мен құрылыстарды қиратып, шығынға ұшыратты. Қапшағай су қоймасы ластанып, демалыс орындары уақытша қызметін тоқтатқан болатын. Жаманқұм су жинақтау орнының жойылуы Сорбұлаққа үлкен салмақ түсірді. Қазір Сорбұлақ суы шамадан тыс көбейіп, қауіпті деңгейге жетті.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: Таби?атты ?ор?ау – ?асиетті іс

Автор: Курбанбаева Салтанат Нургалиевна

Дата: 14.01.2016

Номер свидетельства: 276947


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства