kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: С?ЙЛЕМ Т?РЛЕРІ

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушылар?а с?йлемні? т?рлері туралы , с?йлемнен кейін келетін тыныс белгілері туралы жалпы т?сінік беру;?зіндік ж?мыс істеуге , тілдерін дамыту?а ?йрету;
Дамытушылы?: с?йлемді ж?йелі ??рау?а; ?здігінен ?орытынды шы?ара білуге да?дыландыру; ойлау ж?йесін дамыту;
Т?рбиелік: ??ыптылы? пен тияна?тылы??а, ?демі, к?ркем жазу?а т?рбиелеу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: С?ЙЛЕМ Т?РЛЕРІ»

Сабақтың тақырыбыСӨЙЛЕМ ТҮРЛЕРІ. 
Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға сөйлемнің түрлері туралы , сөйлемнен кейін келетін тыныс белгілері туралы жалпы түсінік беру;өзіндік жұмыс істеуге , тілдерін дамытуға үйрету;
Дамытушылық: сөйлемді жүйелі құрауға; өздігінен қорытынды шығара білуге дағдыландыру; ойлау жүйесін дамыту;
Тәрбиелік: ұқыптылық пен тиянақтылыққа, әдемі, көркем жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: 
Сабақтың түрі: аралас
Әдіс – тәсілдер: Ой қозғау, топтастыру, түсіндіру, ойын, талдау- жинақтау
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, назарларын сабаққа аудару.
2.Психологиялық ахуал тудыру.
Қуанасың сен де,
Қуанамын мен де.
Қуанамыз бәріміз,
Арайлап атқан күнге.
3.Топқа бөліну. (оқушыларды қыс пен көктемде, жаз бен күзде туғандар болып екі топқа бөлу)
4. Қызығушылықты ояту:
Үй тапсырмасы тексеру. «Миға шабул» әдісі бойынша сұрақтарға жауап беру.
1. Сөйлем түрлерін ата.
2. Сұраулы сөйлем деген не?
3. Сұраулы сөйлем қандай мақсатта айтылады?
4. Лепті сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
5. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
6. Ауада алманың тәтті иісі аңқиды. Қандай сөйлемнің түрі?
5.Жаңа білімді меңгерту кезеңі:
Сөзжұмбақ шешу.
1. Қыстың алғашқы айы (желтоқсан)
2. Тілден ұшып, құлаққа қонады. (сөз)
3. Түйістіреді көзіңді көзіңе
Жолықтырады өзіңді-өзіңе (айна)
4. Таудан биік, баудан аласа (жол)
5. Көзге көрінбейді, қолға ілінбейді
Кейде сипап өтер, кейде желіп өтер (жел)
6. Суға батпайды, отқа жанбайды. (мұз)
Ерекше торда қандай сөз шығып тұр?
Ендеше біздің бүгінгі тақырыбымыз «Сөйлем» деп аталады.
• Сөйлем нелерден құралады?
• Сөйлемнің соңында қандай тыныс белгілері қойылады?
Ойын « Затты пайдаланып сөйлем құра» Салынған суреттер бойынша сөйлем құрату. (ауызша) Алма ағашындағы алмаларда суреттер жасырынған.
6. Мағынаны тану.
Әр топ « Сөйлем» туралы өз ойларын қағаз бетіне түсіреді, білгендерін ортаға салып талдап тақтаға іледі…(маркерлерді топтарға таратып беріледі.)
Мағынаны тану.
Сөйлем
Айтылу мақсатына қарай
Хабарлы сөйлем
Лепті сөйлем
Сұраулы сөйлем

Аяқталған ойды білдіреді
Жазылуына қарай
Сөйлем сөздерден құралады
Бірінші сөзі бас әріппен жазылады
Бірінші сөзі бас әріппен жазылады
Сөздер бір-бірінен бөлек жазылады

Толықтыру сынамасы:
1.Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.
2.Сөйлем сөздерден құралады.
3.Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады
4.Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады
5.Сөйлемнің соңынан тыныс белгісі қойылады
Нүкте(.) , сұрау(?) , Леп белгісі (!)
6.Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысып тұрады. Олардың байланысын сұрақ қою арқылы табамыз
7.Бірдеңе жайында хабарлау мақсатында айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте (.) қойылады
8.Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?)қойылады.
9.Лепті сөйлем адамның көңіл күйін, сезімін білдіреді . Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады.

7. Оқулықпен жұмыс. 
1-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, айтылу мақсатына қарай сөйлемнің қай түрі екенін анықтау. 
2-жаттығу сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай түрлеріне бөліп жазу

4 – жаттығу. Тиісті тыныс белгілерін қойып, жұмбақтарды көшіріп жазу.
Жұмбақтардың шешуін тауып, сол сөздермен сөйлемдер құрастырып жазу.
5– жаттығуда сұраулы сөйлемдері хабарлы сөйлемге айналдырып, мақал етіп жазу.
8. Орны ауыстырылып берілген сөздерден әр топқа сөйлем құрау тапсырылады.
І топ:
1. Қыз, Айман, сұлу.
2. Мектепке, кеше, бардым, мен.
ІІ топ:
1.Сүйікті, ана, тілі, пәнім, менің.
2.Көктем, көңілді, қандай
9.Еркін жазу стратегиясы
І топ. Суретке қарап хабарлы сөйлем құра
ІІ топ. Суретке қарап сұраулы сөйлем құра
ІІІ топ. Суретке қарап лепті сөйлем құра

10.Тест жүргізу.
1) Сөйлемнің неше түрі бар?
А) 2. ә) 1. б) 3.
2) Дұрыс сөйлемді тап.
А) Оқиды Асхат сыныпта екінші.
ә) Арман екінші курста оқиды.
Б) курста оқиды үшінші Аңсар.
3) Хабарлы сөйлемнің соңынан қандай белгі қойылады?
А) Нүкте Ә) Сұрақ белгісі. Б) Леп белгісі.
4) Сөйлем деген не?
А) Тиянақты ойды білдіреді.
Ә) Заттың қимылын білдіреді.
Б) Заттың түсін білдіреді.
5) Мәтін түрлері.
А) Басы, негізгі, соңы.
Ә) Әңгімелеу, сипаттау, пайымдау.
Б) Хабарлы, сұраулы, лепті.
6) Дауысты дыбыс неше түрге бөлінеді?
А) 3. Ә) 2. Б) 4.
7) Дауыссыз дыбыстар неше түрге бөлінеді?
А) 2. Ә) 3. Б) 4.
8) У дыбысы қандай дыбыс?
А) Дауысты Ә) Дауыссыз Б) Кейде дауысты, кейде дауыссыз.

Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма беру. Бағалау

 

 

 







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: С?ЙЛЕМ Т?РЛЕРІ

Автор: Шаймергенова Карлагаш Аманбаевна

Дата: 09.04.2016

Номер свидетельства: 316994


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства