kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: ?аза?станны? белгілі спортшылары. Сан есімді ?айталау.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Разработка урока интересна тем, что в нее включены различные формы обучения: группрвая, индивидуальная и работа в парах. Этапы урока: работа с текстом, составление диалога, составляют хронологическую таблицу о жизни и  достижениях известных казахстанских спортсменов.  Приемы критического мышления: диаграмма "Венна", прием "Кластер" (побирают ассоциации к слову), В заключении урока мини тест

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: ?аза?станны? белгілі спортшылары. Сан есімді ?айталау.»

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның белгілі спортшылары.

Сан есімді қайталау.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларды Қазақстанның белгілі спортшыларымен таныстыру, білім-білік дағдыларын қалыптастыра отырып,сан есім туралы білімдерін бекіту.

2. Дамытушылық: Оқушылардың Сөздік қорын байыту, сөйлеу мәдениетін арттыру,өз ойын толық жеткізе білуге үйрету

3.Тәрбиелік: Ұжыммен жұмыс жасауға, ұқыптылыққа,әдептілікке,сауаттылыққа жетелеу. Сабақтың түрі: Қайталау сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, талдау - жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі :Кестелер, үлестірмелі қағаздар, слайдтар, ребустар,суреттер.

Пәнаралық байланыс: математика,көркем әдебиет, орыс тілі, дене тәрбиесі, өзін-өзі тану.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі:

2. Еске түсіру сәті.Үй тапсырмасын тексеру.

а)Толықтыру тесті.

ә) «Сандарды сөйлет»

3. Жаңа сабақ.

4. Мәтінмен жұмыс.

5. «Жарыс» оқыта үйрету ,ой сергіту жаттығулары.

1- сайыс. Мақал - сөздің мәйегі.

2- сайыс. Шешсең жұмбақ- көңілің тынбақ.

3- сайыс. Ребустар шешу.

4- сайыс Ертегінің атын тап.

5- сайыс. Тест сұрақтарын шешу.

6. Бағалау.

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын, әзірліктерін тексеру.

Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-біріне тілек айтады:

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын,

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

1,2,3-ке санау арқылы сынып үш топқа бөлінеді. І – топ «Жеңіс», ІІ- топ «Алға»,

ІІІ- топ «Самға».

Сабақтың барысы:

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1.Еске түсіру сәті . (Толықтыру тесті)

1..Сан есім дегеніміз -____________________

2.Сан есімнің сұрақтары _________________

3.Дара сан есім дегеніміз - ___________________

4. Күрделі сан есім дегеніміз -__________________

5. Мақал ішінен сан есімді тауып астын сыз.

Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі ілім біл.

6. Күрделі сан есімді тауып жаз. ___________

Жанар, қырық бес, биік,жиырма.

2.«Сандарды сөйлет»

Бір жылда күн бар.

- наурыз “Халықаралық әйелдер күні”.

Бір жылда ай бар.

Бір километрде метр бар?.

жылы Н.Ә. Назарбаев ҚР Президенті болып сайланды.

жылы жаңа әнұран қабылданды.

жылдары М.Жұмабаев өмір сүрген .

- желтоқсан “Тәуелсіздік күні”.

жылы Ақмола атауы Астана қаласы боп өзгертілді.

ІІІ. Жаңа сабақтың мақсатын, барысын түсіндіру.

  1. «Ой толғау» .Топтастыру әдісі бойынша:

І-топ (спорт) ІІ-топ(спорт түлері) ІІІ- топ (белгілі споршылар) сөздеріне ассоциалық аймақ құру.

Тірек сызбамен жұмыс. Оқушылардың назарын тақтаға аудару.( Слайд арқылы әңгімелеу)

Қазақстанның белгілі спортшылары:

1.Жақсылық Үшкемпіров 2.Серік Қонақбаев

3. Ермахан Ибраймов

І топ. «Жеңіс» тобы

1-тапсырма . Ж.Үшкемпіров мәтінін оқу, аудару. Сұрақтарға жауап жазу.Спортшылардың Қазақстан спортына қосқан үлесі туралы айту. Мәтіндегі сан есімдерді теріп жазып,құрамына қарай талдау.

ІІ топ. «Алға» тобы

2-тапсырма. С.Қонақбаев өмірі туралы мәлімет алып, берілген сөйлемдердегі ойды аяқтау. Сан есімдерді сөзбен жазып, сөз құрамына талдау.

ІІІ топ. «Самға» тобы

3- тапсырма. Е.Ибраимов мәтініндегі бос орындарды толықтырып, спортшы туралы мәліметті оқу. Хронологиялық кесте құру.Мәтіндегі сан есімдердің түрін анықтау.


Сабақты бекіту мақсатында топтар арасында шағын сайыс «Жарыс» оқыта үйрету, ой сергіту жаттығуларын өткіземін.

1-сайыс. Мақал – сөздің мәйегі.

Көп нүктенің орнына керекті сан есімді қойып, мақалды оқу.

1. ... рет өлшеп, ... рет кес.

2. ... саусақ бірдей емес.

3. Білекті ... жығады, білімді ... жығады.

4. ... байлық – денсаулық,

... байлық – ақ жаулық,

... байлық – он саулық.

5. ... жылда ел жаңа.

6. ... ақшаң болғанша, ... жолдасың болсын.

2- сайыс. Шешсең жұмбақ- көңілің тынбақ.

 1. Бір ағаштың он екі бұтағы бар,

Әр бұтағында отыз жапырағы бар.

2. Бір топ бала тоғаннан

Он бес балық ұстадық.

Бөліскенде оларды

Тиді әркімге үш балық.

Сынайын бір ал сені,

Бала саны қанша еді?

3. Қос қазық, екі желі, сегіз ноқта

Сөйлейді шежіредей адам соқса

4. Екі достың бірі ыңғайлы, бірінің ебі жоқ,

Екеуінде бірдей көрем, маған артық, кемі жоқ.

3- сайыс. Ребустар шешу. ( слайд арқылы)

4- сайыс. Ертегінің атын тап.

Айырманың мәнін тауып,сол мәннің тұсындағы әріпті айырманың мәніне сәйкес кестенің бойына жазу арқылы ертегінің атын шешіп ,сан есімнің дара немесе күрделі сан есім екенін дәлелде.

5- сайыс. Сабақты қорытындылау мақсатында тест сұрақтарын шешу:

1.Тіркескен сан есімді табыңдар.

А) сөз таптары

В)ала жаздай

С)келе жатыр

Д)жиырма бес

2. Дұрыс жазылған реттік сан есімді табыңдар.

А)Біз ІІ- орын алдық.

В) Ол 2000-жылы туған.

С)Біз 6- қатарда отырамыз.

Д) Романның ІІІ- томын оқыдым.

3. Спорт түрлерінің қайсысы қысқы ойындарға жатпайды?

А) шаңғы тебу

В)велоспорт

С)мәнерлеп сырғанау

Д) коньки тебу

4. Ұлттық спорт түріне жатпайтынын табыңдар.

А) көкпар

В) қыз қуу

С)шаңғы тебу

Д)арқан тарту

5. Қазақстан спортшылары ішінен тұңғыш олимпиада чемпионын табыңдар.

А) Бақтияр Артаев

В) Жақсылық Үшкемпіров

С)Серік Қонақбаев

Д) Бекзат Саттарханов

6.Үйге тапсырма: 5- тапсырма. Қазақстан спортшыларының қайсысы ұнайтындығы туралы айтып беріңдер.

7. Бағалау: Топтардың әр кезең бойынша жиналған ұпайлар бойынша оларды сабақ аяғында бағалаймын.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: ?аза?станны? белгілі спортшылары. Сан есімді ?айталау.

Автор: Бакова Лариса Саркеевна

Дата: 11.02.2016

Номер свидетельства: 291900


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства