kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: Эвфемизм мен дисфемизм

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Эвфемизм мен дисфемизм.

Саба?ты? ма?саты:

- Эвфемизм мен дисфемизм туралы т?сінік бере отырып, ма?ыналарын ажырата білуге ?йрету, шы?у т?ркінін, этимологиясын, семантикасын  т?сіндіру;

-Тіл байлы?ын молайту, с?йлеу м?дениетін, сауаттылы?ын арттыру;

- ?дет – ??рып, салт – д?ст?рді ?йрете отырып, о?ушыларды? бойында этном?дени ??ндылы?тарды ?алыптастыру.

Саба?ты? ?дісі: СТО, буриме ?дісі.

Саба?ты? т?рі: жа?а саба?.

Жабды?ы:  интерактивті та?та, сызба-кесте.

П?наралы? байланыс: ?дебиет, ?мірмен байланыс.

Саба?ты? ??рылымы:

І. Кіріспе – ?йымдастыру кезе?і1 (Тынышты? с?ті.Н?р?а б?лену)

       ІІ. Ал?ан білімдерін пысы?тау ( ауызша ?й тапсырмасын тексеру)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: Эвфемизм мен дисфемизм»

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Жантокена Мәншүк Қажығалиқызы

Сабақтың тақырыбы: Эвфемизм мен дисфемизм.

Сабақтың мақсаты:

- Эвфемизм мен дисфемизм туралы түсінік бере отырып, мағыналарын ажырата білуге үйрету, шығу төркінін, этимологиясын, семантикасын  түсіндіру;

-Тіл байлығын молайту, сөйлеу мәдениетін, сауаттылығын арттыру;

- Әдет – ғұрып, салт – дәстүрді үйрете отырып, оқушылардың бойында этномәдени құндылықтарды қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: СТО, буриме әдісі.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Жабдығы: интерактивті тақта, сызба-кесте.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, өмірмен байланыс.

Сабақтың құрылымы:

І. Кіріспе – ұйымдастыру кезеңі1 (Тыныштық сәті.Нұрға бөлену)

ІІ. Алған білімдерін пысықтау ( ауызша үй тапсырмасын тексеру)

Сұрақ-жауап (Миға шабуыл)

1. Табу дегеніміз не?

- Халықтың наным – сенімі мен салт – дәстүріне байланысты атын тура атауға тыйым салынған сөздер табу деп аталады.

2.Табудың тууына не себеп болды?

-1) Ескі әдет – ғұрып бойынша қазақ келіндеріне қайын жұртындағы үлкен де, кіші де адамдардың атын атауға болмаған;

- Ескі наным бойынша табиғаттағы адамға зиян келтіретін жыртқыш аңдар мен табиғи құбылыстардың, жұқпалы індеттердің атын атауға тыйым салынған.

3.Мысал келтір. Қасқыр – ұлыма, найзағай –жасыл, өзен – сарқырама, еркем, т.б.

4.Тыйым сөздер табуға жата ма?

- Әрине, жатады, өйткені бұл шектеу – сыйластықтың белгісі, иба, әдеп, тәртіп, далалықтардың ұлы мәдениетінің бір белгісі.

5.«Ат тергеу» көрініс ( интербелсенді тақтадан көрсетіледі). Осы көріністе табу бар ма?

- «Кішкенем», « Шырақ», «Шырайлым», «Әкім аға», «Ақ әже».

ІІІ. Ақпараттық іс-әрекет кезеңі.

1) Жаңа материалды меңгеру:

  • Сонымен, бүгінгі сабағымыз – Эвфемизм мен дисфемизм.

«Жақсы байқап сөйлер,

Жаман шайқап сөйлер», - деп бекер айтылмаған.

  • Бұл мақалды неге еске түсірдік, балалар?

  • Тақырып сөйлеу мәдениетімен байланысты болуы мүмкін.

  • Ойды әсерлі жеткізу, дөрекі сөйлемеу керек.

  • Мына сөздерге кластер жасайық:

Әдепсіз                                            Әдепті

дөрекі                                              ибалы

жағымсыз                                       сыпайы

бейпіл                                       жүзі жылы

тұрпайы                                         жағымды

                                         

  • Иә, дұрыс айтасыңдар, бүгінгі сабағымыз сөйлеу мәдениетімен байланысты.

Эвфемизм (грек сөзі) – жақсы сөйлеймін дегенді білдіреді.

Ойды сыпайы, әдепті, жағымды етіп жеткізу мақсатында қолданылатын сөздер эвфемизмдер деп аталады,ол ойды бейнелеп, көркемдеп жеткізудің бір тәсілі де болып табылады.Мысалы, мылжың – сөзуар, ұры – қолының қыстырмасы бар, т.б. - Дисфемизм (грек сөзі) - дөрекі сөздер. Ауызекі сөйлеуде адамның эмоциялық жағымсыз көңіл күйі мен ішкі мәдениетінің төмендігі салдарынан қолданылатын дөрекі, әдепсіз сөздер дисфемизмдер деп аталады, олар әдеби тілдің үлгісіне жатпайды. Мысалы, қағынды келгір, қырт, т.б.

Көріп отырғанымыздай, эвфемизм мен дисфемизм мағына жағынан қандай сөздер?

( антонимдер)

Енді сәл сергіп алайық. Мына жаңылтпаштарды есте сақтап, жатқа айтыңдар.

1. Мал жайдық. Қайсы айда? Қай сайда?

Шөп жидық. Қай сайға, қайсы айда?

2. Қабат-қабат үй салдық,

Үйлер толы күйсандық.

Күйсандықтан үй салдық,

Күйсандыққа күй салдық.

3. -Тауға шық,-деді Ахмет,

- Тау қашық,-деді Махмет.

2) Білім –білік дағдыларын қалыптастыру (үйрену жаттығуларын орындау)

108 – жаттығуды орындаймыз.

Дисфемизмді эвфемизммен ауыстырып жазыңдар.

Ұры – қолының қыстырмасы бар өсекші – сөз тасиды

Қырт – сөзуар саңырау – құлағының мүкісі бар

Соқыр – көзінің ақауы бар ақсақ – аяғын сылти басады

Мылқау – тілі кеміс топас – надан

жынды – есуас


«Кім тапқыр?» ойыны ойналады. Ойын шарты: сөздерді оқыған кезде әдепті сөз кездессе, «екі қолдарыңды қысып, қолдағандық жөнінде ишарат білдіріңдер», әдепсіз сөз кездессе, «екі алақанмен екі бетті ұстап, ұялғандық жөнінде ишарат білдіріңдер.»

Өлді, өсекші, боқмұрын, сөз тасиды, боғы ботқа болу, соқыр, қайтыс болды, көзі көрмейді, о дүниелік болды, аяғын сылтып басады, ақсақ, көз жұмды, қол салды, иттің ғана баласы, ұры, оңбаған, ұрлап алды, қаза болды, қолды болды, апатқа ұшырады, көзің шыққыр.

  «Буриме» тәсілі, яғни әр тармақтың соңғы сөзі беріледі, өлеңді тұтастай аяқтайсыңдар, өлеңдерің бүгінгі тақырыппен байланысты болсын.

... әманда,

... болайық.

... санада,

... сақтайық.

3) Жаңа сабақты бекітейік:


         Зымыран сұрақтар:

  1. Ойды бейнелеп, көркемдеп жеткізудің тәсілі?  Эвфемизм.

  2. Мағынасы жағынан эвфемизмдерге қарама-қарсы құбылыс? Дисфемизм.

  3. Дисфемизммен сөйлейтін адамдардың мәдениеті қандай? Төмен.

  4. Әдеби тілдің үлгісіне жатпайтын тілдік құбылыс? Дисфемизм.

  5. Әдепті, сыпайы сөйлеу мақсатынан шыққан құбылыс? Эвфемизм.

Ендеше, әдепті, мәдени сөйлеп, тіліміздің қасиетін арттырайық.

ІV. Үй тапсырмасы. 110 - жаттығу, «Венн диаграммасын жасау».

V. Қорытынды- бағалау кезеңі.

Бағалау парақшасы арқылы бірін- бірі бағалайды.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: Эвфемизм мен дисфемизм

Автор: Жантокена Маншук Кажгалиевна

Дата: 19.01.2016

Номер свидетельства: 279051


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства