• Білімділік:дене т?рбиесі саба?ыны? о?ушылар ?мірінде алатын орны мен пайдасы, ?аза? хал?ыны? ертеден ?алыптас?ан, атадан-бала?а м?ра болып жал?асып келе жат?ан ?лтты? ойын-сауы? т?рлері туралы т?сініктерін ке?ейту. Ойын-сауы? т?рлеріні? ?аза? хал?ыны? ?лтты? ерекшелігі мен к?нделікті т?рмыс-тіршілігіне ты?ыз байланысты екенін т?сіндіру;
Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: Дене т?рбиесі саба?ында.»
Сабақтың тақырыбы: Дене тәрбиесі сабағында.
Сыныбы: 4 «А»
Сабақтың мақсаты:
• Білімділік:дене тәрбиесі сабағының оқушылар өмірінде алатын орны мен пайдасы, қазақ халқының ертеден қалыптасқан, атадан-балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері туралы түсініктерін кеңейту. Ойын-сауық түрлерінің қазақ халқының ұлттық ерекшелігі мен күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты екенін түсіндіру;
• Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыру, ой-өрісін, сөйлеу тілін, танымдық әрекетін дамыту;
• Тәрбиелік: оқушыларды тапқырлыққа, төзімділікке, адамгершілікке, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, өз елін, жерін сүюге, ұлттық өнерге тәрбиелеу .
Сабақтың көрнекілігі: оқушылардың өздері салған суреттердің көрмесі,тест парақшалары
Сабақ жабдығы: сынып тақтасы, бор,кітап,мазмұнды суреттер
Сабақ түрі: Сайыс сабақ
Сабақ типі: Бекіту
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, сурет, дене шынықтыру
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, жинақтау, ой туғызу,топтастыру стратегиясы,мақал-мәтелдер
Сабақта қолданылатын технология: Миға шабуыл, топпен жұмыс технологиясы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сабаққа қатысып отырған оқушыларды ұйымдастыру.
ә) Оқу-құралдарын түгелдеу, реттеу.
«Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ және болуы да мүмкін емес»
В. Сухомлинский
ІІ. Жаңа сабақ:
- Сәлеметсіздер ме, балалар. Бүгінгі біздің сабағымыз дене тәрбиесі сабағы жайлы болмақ. Сабақ сайыс түрінде өтеді. Ең алдымен сыныпты екі топқа бөлейік. Ол үшін біздер түрлі- түсті жұлдызшаларды таңдап, екі топқа бөлінеміз және тобымыздың да атын таңдаймыз.
1-ші топ: «Спорт»
2-ші топ: «Денсаулық»
Сабақ 6 кезеңнен тұрады:
І кезең «Шапшаңдық сайысы»
Алдыңғы өткен сабақ тақырыптары бойынша сұрақтар бойынша өткенді еске түсіреміз. Қай топ тез жауап берсе, сол топ осы кезеңнің жеңімпазы атанады. Тапсырма екі топқа ортақ, түсінікті болса, кезеңді бастаймыз.
Сұрақтар:
1. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?(42 әріп)
2. Зат есім дегеніміз не?(заттың атын білдіреді,кім?не? деген сұраққа жауап береді)
3. Көктемнің алғашқы мерекесін ата?(8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні)
4. 22 наурыз қандай мереке?(Ұлыстың ұлы күні)
5. 1 мамыр қандай мереке?(Қазақстан халықтарының бірлігі күні)
6. 9 мамыр қандай мереке?(Жеңіс күні)
7. Спортпен шұғылданудың пайдасын ата? (денің сау болады,ауырмайсың,шымыр боласың т.б.)
8. Олимпиада ойындары қанша жыл сайын болады?(4 жыл сайын)
8) ...- қызықты ойындардың бірі. Қыз бен жігіт аттың үстінде отырып, бірін-бірі қуысады. (қыз қуу)
9) ...-екі топқа бөлініп, ат үстінде ойналатын күштілер мен ептілердің ойыны (көкпар)
10) ...- асықпен ойналатын, мергендікті, ептілікті қажет ететін ұлттық ойын (асық ату).
2-тапсырма: Оқушылар өздері салып келген суреттерін таныстырып,жылдың қай мезгілінде ойналатын ойын түрлері екендігін қорғайды.1-топ қысқы спорт ойындарының суретін салып келсе,2-топ жазғы спорт ойындарының суреттерін салып келеді.
ІІІ кезең: «Білімді жүйелеу»
1-тапсырма. Мәтінді оқып шығу.
1-топ:
Қазақ халқы ұлттық ойындарға бай. Ұлттық ойындардың көптеген түрлері бар. Солардың бірі: көкпар, бәйге, күрес, теңге алу, қыз қуу, тоғызқұмалақ, жамбы ату тағы да басқалар. Ұлттық ойындардың барлығы үлкен тәрбие береді. Олар ерлікті, тапқырлықты қажет етеді. Ұлттық ойындар тойларда, мерекелерде ойналатын болған. Ата-бабамыздан жеткен бұл ойындар біздің байлығымыз. Сондықтан біз оларды білуіміз керек.
2-топ:
Әр адам спортпен айналысу керек.Өйткені спортпен айналысқан адамның дені сау,көңіл-күйі көтеріңкі болады.Спорттың көп түрі бар:волейбол,баскетбол,
гимнастика,суда жүзу т.с.с. Дене шынықтыру сабағында денсаулықты қалыптастыруды негізгі мақсат етеді.Барлық оқушы өз таңдауымен спорт түрлерімен айналысса,бос уақытын тек шынығуға арнаса,ондай оқушы ешқашанда ауырмаса керек.Сонымен қатар адамның таза ауада,табиғат аясында болуы да шаршаған жүйке тамырларын демалдырады,денсаулығын жүйелейді.
2-тапсырма.
І топ: Мәтіннен сөз тіркестерін теріп жазыңыздар. Бірінші бағанға жай сөз тіркестерін, екінші бағанға күрделі сөз тіркестерін теріп жазыңыздар.
Жай сөз тіркесі Күрделі сөз тіркесі
ІІ топ: Мәтіннен сөз тіркестерін теріп жазыңыздар. Бірінші бағанға жай сөз тіркесін, екінші бағанға күрделі сөз тіркестерін теріп жазыңыздар.
Жай сөз тіркесі Күрделі сөз тіркесі
3-тапсырма. Берілген сөздерді септеңіздер
І топ: Ойын, күрес, ;
ІІ топ: Жарыс,бәйге.
4- тапсырма.Адасқан әріптер.
Әріптерді өз орнымен қойып,сөздерді құрастыру.Сол сөздерді қатыстырып сөйлем құраңыздар.
Ойынның негізгі мақсаты- балалардың зейінін тұрақтандыру.
Балалар сендердің көңіл-күйлерің қалай?Сендер көңіл-күйіміз жақсы-дедіңдер,енді осы жақсы көңіл-күйлеріңді көрсетіңдерші.
1. Көңілді болғанда не істейміз?
2. Ренжігенде – бұртияды,қабақ түседі.
3. Қорыққанда – көздерін жұмады.
4. Қуанғанда,көңілденгенде – күледі.
5.Таң қалғанда – көздері шарасынан шығады.
Vкезең: «Арқан тартыс» (капитандар сайысы)
1-тапсырма.«Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар». Мақал-мәтел кезек-кезек айтып жарысу керек.Кім кідіріп,тоқтап қалса жеңілген болып саналады.
2-тапсырма.Досыңа тапсырма бер,орындат.Дене тәрбиесі мұғалімі рөлінде әр топтан бір-бір баладан шығып,өз тобына нұсқау береді.
I-топ II-топ
... сен тұр,жүр. ... сен орныңда жүгір.
... сен тұр,секір. ... сен тұр орныңда жүгір.
... сен жаттығу жаса. ... сен отырып тұр.
ІV. Бекіту
VІ кезең: Білімді жинақтау:
1-тест тапсырмасы
1. Ұлттық ойынды көрсетіңіздер.
а) футбол;
ә) бәйге;
б) теннис;
2. Алаң ортасынан көлденең сызық сызылады. Ойынға ұзын жіп немесе арқан керек.
а) бәйге;
ә)алтыбақан;
б) арқан тарту;
3. Бәйге ойынын қандай жануар үстінде ойнайды?
а) есек;
ә) жылқы;
б) сиыр;
4.Бокста неше адам қолғап түйістіреді?
а) 2;
ә) 3;
б) 1;
5. Қыз қуу ойынында жігіт қызды қуып жетсе, не істейді?
а)бетінен сүйеді;
ә)басынан сипайды;
б)қамшымен ұрады;
6. Баскетбол,футбол,волейбол ойындарын ойнау үшін ең әуелі керек құрал?
а) арқан;
ә) доп;
б) шарик;
7. 11 ойыншыдан аспайтын командалық ойын түрі.
а)теннис;
ә)күрес;
б)футбол;
8. Штанганы көтеру арқылы ойналатын ойын:
а)дзюдо;
ә)арқан тарту;
б)ауыр атлетика.
9. Ұлттық ойынға жатпайтын ойынды көрсетіңіздер
а)тоғызқұмалақ;
ә) аударыспақ;
б) футбол;
10. Күресу,белдесу алаңын қалай атайды?
а) ринг;
ә)стадион;
б)боз кілем;
Бағалау критерийлері Тест жауаптары:
0-2 – «2» 1.Ә. 6.Ә.
2-5 – «3» 2.Б 7.Б.
5-8 – «4» 3.Ә 8.Б.
1-9 – «5» 4.А. 9.Б.
5.А. 10.Б.
2-тапсырма. «Топтастыру »стратегиясы.
V. Үй жұмысы
«Шынықсаң шымыр боласың» тақырыбына шығарма жазып келу.
VІ. Қорытынды
Смайликтер арқылы сабақ туралы өз ойларын топтастыру
VІІ. Бағалау
Бағалау әр оқушының сабақ үстінде жинаған ұпай сандарына байланысты болады.
Оқушылардың аты-жөні жазылған кесте тақтада жазулы, сабақ біткен соң оқушылар өздерінің жинаған жұлдызшаларының санын өздерінің тұстарына жазу арқылы бағаларын береді.