Саба?ты? ма?саты: Ел ордамыз - Астана туралы жан-жа?ты білім бере отырып,с?здік ?орын к?бейту,?з ойларын еркін жеткізе отырып,к?мекші есімдер туралы т?сінік беру.
Білімділігі:Ел ордамыз - Астана туралы жан-жақты білім бере отырып ,сөздік қорын көбейту,өз ойларын еркін жеткізе отырып,көмекші есімдер туралы білім беру.
Техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта,магнитафон.
Қазақстан Республикасының әнұраны ойналады.
Класты екі топқа бөлемін. 1-ші топ «Астана» 2-ші топ «Бәйтерек»
І Ұйымдастыру бөлімінде
Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.
Үйге берілген тапсырма сұралады «Астана» туралы ақындар өлеңдерін жатқа оқу.
Бағалау.
ІІ Жаңа сабақ барысы
Миға шабуыл әдісі
1 мин. жұппен,
1 мин.топпен жұмыс.
Астана туралы не білеміз?
«Миға шабуыл » әдісі бойынша оқушылардың Астана туралы білімдерінің негізінде,сабақ эпиграфын хабарлап, слайд арқылы Астананың көрікті жерлерін көрсетемін. Слайд «Астана»
Заттың ,нәрсенің атын білдіріп,толық мағыналы сөзбен тіркесе жұмсалатын есімдерді КӨМЕКШІ ЕСІМДЕР дейді.Көмекші есім тіркесетін сөз ілік септігінде тұрады,ал көмекші есім оған тәуелденіп тіркеседі. Ілік септік жалғауын ашық жалғау- үйдің маңы
Жасырын түрде – үй маңы
Жаңа сөздер
тұрғын –житель
Орталық- центр
ғимарат - здание
бой көтерді- выстроились
қасиетті -священный
танымастай -неузнаваемо
ұлт өкілдері -представители наций
болашақ -будущее
Оқулықтың 57- бетіндегі «Астана» мәтінін мәнерлеп оқып,аударамыз.
Астана
Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы – Астана.Ол Есіл өзенінің бойында , Сарыарқа жерінде орналасқан.аз уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді.Есіл өзенінің бойында Елбасы Резиденциясы,Парламент үйі, «Интерконтиненталь» қонақ үйі,жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер бой көтерді.Парламент үйінің алдында Төле би,Қазыбек би,Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған.Қаланың ортасында 5 жұлдызды «Алатау» қонақ үйі салынды.Астана қаласында 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады. Қала тұрғындарының саны 518 мың адам. Астана - болашағы үлкен қала.
1-тапсырма. а/ Мәтіннен көмекші есімдерді өзі тіркесіп тұрған зат есімдермен бірге теріп жазамыз. ә/ Сұхбат құру.Тақырыбы: «Астанаға саяхат»
2- тапсырма. Көп нүкте орнына тиісті септік жалғауларын қойып,көмекші есімдердің астын сызыңдар.
Парламент үйі қаланың ортасында тұр. Ғимараттың алдында әдемі гүлдер
егілген.Көшенің бойында ағаштар отырғызылған. Әуежай қаланың сыртында орналасқан.Мектептің қасында үлкен саябақ бар.Саябақтың ішінде қызыл,жасыл, көк гүлдер өсіп тұр.Саябақтың қасында жаңа тұрғын үйлер салынған.Ескерткіштің артында үлкен ғимарат тұр.
Оқушының сөз байлығын көбейту үшін «Мақал – сөздің мәйегі» деп аталатын сергіту сәтіне тоқталайық.
«Кубизм стратегиясы» жаңа сабақтан түйгенін байқау.Жаңа тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын оқыту стратегиясы. Кубиктің алты жағы бар.
3.Зерттеңіз./4 минут/Жалпы оқушылардың көмекші есімдер туралы не білетіндерін байқаймыз.
4.Қолданамыз. /Мысал келтіреді./
Сабақты бекіту. Көп ойлан,жақсы сөйле - нұсқа болсын,
Сұраса жауабың да қысқа болсын.
Кім тапқыр? ойыны. Екі топқа кезекпен сұрақ қойылады.Әр сұраққа 5 балл беріледі.
Ой толғаныс . Қорытынды.
INSERT стратегиясы
V Білемін
Білмедім
+Жаңа ақпарат
Мені таңқалдырды
Өзіңді-өзің бағала! Қ .Бітібаеваның бағалау парағы бойынша.
Сабақты бекітуге арналған өлең оқимын.
«Астана - ғасыр қаласы,
Болмас-ау сөздің таласы.
Нұр аға салған қала деп,
Үн қатар қазақ баласы» дей отырып сабағымызды аяқтаймыз.Үйге тапсырма: 4-тапсырма,сөздік жұмысы.Қосымша тапсырма: «Ел ордам - Астанам» атты мәнжазба жазу.