kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақ жоспары: Сайф Сараи "Түркіше Гүлстан" әңгімесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Это план конспекты для 8 класса. Здесь конспекты по казахскому литературе на теме Сайф Сарай  "Туркіше Гулстан"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары: Сайф Сараи "Түркіше Гүлстан" әңгімесі»

Кунабаева Назира

Маңғыстау облысы

Жаңаөен қаласы

№18 орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі



Сабақтың тақырыбы: Сәйф Сараи. «Түрікше Гүлістан»
Сабақтың мақсаты: Білімділік: шығарманы кітаптан оқи отырып, мазмұнын ашу; адамның адам болып қалыптасуында ерекше рөл атқаратын адамгершілік құндылықтар туралы тәрбие бере отырып әәгімелесу; Сәйф Сараи еңбегінің рухани тірегін оқушы бойына сіңіру.
Дамытушылық: әдеби тілде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; ойлау жүйесін жетілдіру.
Тәрбиелік: адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелесу, оқулықпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: тарих.

Өту барысы. І. Ұйымдастыру. Сабақта жоқ оқушыларды журналға белгілеймін.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген тапсырма Рабғузидің қиссалары. 4 топқа төрт әңгімесі тапсырылады. Оқушылар өз топтарында әңгімені талдап, бір оқушы түйінді ойды айтады.
Басқа оқушылар да өз пікірлерін айтып, толықтырып отырады. Оқушылар жауабы бағаланады.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Алтын Орда әдебиетінің тарихымен, Алтын Орда мемлекетінің қалай құрылғандығы жайлы оқушылар алдыңғы сабақта толық танысқандықтан Сәйф Сараи өмірі, шығармашылығы бірден таныстырылады.
«Түрікше Гүлстан» кітабындағы негізгі тақырып туралы айтылады. Кітапқа қысқа әңгімелер, нақыл, мақал - мәтелдер, кіргізілгендігі айтылады. Оқушылар жалпы кітап туралы мағлұмат алған соң, әңгімелері талданады.
Кез - келген топтан бір оқушы дауыстап, мәнерлеп оқиды. Оқушылар топ ішінде өзара талдайды. Бір оқушы шығып, өз ойын айтады, басқа топтар да өз пікірлерін қосып отырады.
Әңгімелер бойынша мынадай сұрақтар қоямын.
- Кемедегі құлды суға тастағаннан кейін ол неге жылауын тоқтатты?
- «Бейнет көрмеген адам рақаттың қадірін білмес» дегенді қалай түсінесіңдер?
- «Ұзын бойлы ақымақтан, қысқа бойлы ақылды артық» дегеннің мәнісі не?
- Наушаруанның «Әуелде зұлымдық аз еді, кейін әркім аз - аздап қосқанда, көбейіп кетті» деген сөзі қазіргі өмірге сай келе ме?
- Ақымақ адам шынымен жөнделмей ме?
- Өлген кісінің басына зәулім күмбездер салған дұрыс па?

Тәж Махал, Айша бибі, Қожа Ахмет Иасауи,Арыстан баб ескерткіштері ше?
- Дәулетті адам дегенді қалай түсінесіңдер?
Әңгімені толық талдап болған соң, жаңа тақырыпты бекіту мақсатында сұрақ жауап жүргізіледі.
Екі - үш оқушының жауабы тыңдалады. Басқа оқушылар пікір қосады.
Бұл тақырып ежелгі дәуір әдебиеті бойынша соңғы тақырып болғандықтан өткен тақырыптарды қысқаша қайталап өтеміз.

Адамгершілік, ізгілік, оқу - білім, қанағатшылдық

Жүсіп Баласағұни
Ахмет Иассауи
Қорқыт
Рабғузи
Әл - Фараби
Махмұт Қашқари
Сәйф Сараи

«Ұлылар шығармаларындағы үндестік не?» деген сұрақ қойылады.
Оқушылар қысқаша тоқталып өтеді. «Адамгершілік», «ізгілік», «қара ниетті болмау», «оқу - білім», «қанағатшылдық» екені айтылады

Үйге: Адамгершілік – ұлы қасиет» деген тақырыпта шағын шығарма жазу.
Бағалау.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Сабақ жоспары: Сайф Сараи "Түркіше Гүлстан" әңгімесі

Автор: Кунабаева Назира

Дата: 17.11.2016

Номер свидетельства: 359667


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства