Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары Алғашкы көмек, грамматика Ауыспалы осы шақ»
Сынып: 8 орыс сынып Пән: Қазақ тіліСабақтың тақырыбы: Алғашқы көмек. Граматтика: Ауыспалы осы шақ
Мақсаты:1.Жарақаттанудың алдын алу туралы түсініктерді пысықтау.Ауыспалы осы шақты қайталау.
2.Жеке тұлғаны дамыту,жарақаттанудың алдын алу,алғашқы көмек көрсету түрлерін білуге, танымдық қиындықтарды жеңуге тырысу,сөз байлығын дамыту және күрделендіру.. Тапсырмалар арқылы қызығушылығын ояту.
3.Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру,жарақаттануды болдырмау,алғашқы көмек көрсете білуге үйрету,еңбекке баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім меңгерту.
Сабақтың әдісі:Түсіндіру,сұрақ-жауап.
Көрнекілік: постер, суреттер, алғашқы көмек заттары.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру:
Шаттық шеңбер.
Үй тапсырмасын тексеру:
4- тапсырма: Сөздерді жіктегендерін тексеру.
Жаңа сабақ:
Сурет арқылы жаңа сабаққа шығу. Бұл ненің суреті? Сонымен бүгінгі тақырыбымыз қандай?
Алғашқы көмек.
Оқылым: Мәтінді оқу, оқып болған соң, ктаптты жауып, таныс сөздерді дәптерге жазу.
Алғашқы көмек.
Алғашқы көмек — адам өміріне немесе денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін қолданылатын қарапайым шаралар. Апаттың қатарына әр түрлі жарақаттар, сынық, буынның шығуы,улану, суға бату, күю, үсу, электр тоғы соғу, т.б. жатады. Алғашқы көмектің негізгі шаралары: апатқа түскен адамды апат әсерінен құтқару (өрттен, судан шығару); апаттың зиянды әсерін тоқтату (адамды жылыту, иіс тисе таза ауа жұтқызу); қантоқтату, жараны байлау, сынған аяқтың немесе қолдың қозғалысын тежеу; жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж жасау, апатқа түскен адамды тезірек емдеу мекемесіне жеткізу немесе жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлер тобын шақыру.
Жарақаттанудың түрлері
Күйік Үсік Сынық Жарақат Улану Қан кету
Үсік-адам қатты аяз кезінде шалдығады.Әсіресе,дененің ашық жерлері:аяқ-қол,мұрын,құлақ,бет үсікке көбірек шалдығады.Бұл жағдайда үсіген жерлердегі тері ағарады және шымырлайды.
Үсіген кезде көрсетілетін алғашқы көмек-үсіген адамды дереу жылы бөлмеге кіргізіп,жылытқыш қойып немесе жылы ваннаға отырғызу керек,бұлардың температурасы алғашында +22+25 градустан аспауы керек.
Қан кету деп-зақымданған қан тамырлардан қанның ағуын айтамыз.Қан кету көбінесе адам бейнесінің бөліктері немесе мүшелері механикалық зақымданғаннан кейін болады.
Қан кету
Қолқа тамырдан Көк тамырдан Қыл тамырдан Паренхиматоздық
қан кету қан кету қан кету қан кету
Қан кетуді тоқтату тәсілдері:
-қысып тұрып байлам салу
-жгут салу
-қолқа тамырды бармақпен сүйекке қысып ұстау
-қол-аяқты буыннан барынша бүгу (егер жара буынның жанында болса)
2- тапсырма: Нақ осы шақты ауыспалы осы шаққа айналдыру.
Ағып жатыр -
Шығып жатыр -
Ысқырып ойнайды -
Қудалап жатыр -
Сайрап жүр -
Қосылып отыр -
Жырлап жатыр
Қосып отыр –
3- тапсырма: Жағдаятты шешу. Досын қатты жүгіріп келіп, есікке соғылды. Есікке солғаннан кейін мұрнынан қан кетті, сол уақытта сен қандай алғашқы көмек жасайсың.....