kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақ жоспары 5 сынып "табиғат-шабыттың қайнар көзі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаңартылған білім мазмұны бойынша жасалған сабақ жоспары.Оқушыларды табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары 5 сынып "табиғат-шабыттың қайнар көзі"»

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп:«№49 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Мерзiмі: 12.03.2018 ж.

Тақырып: «Табиғат –шабыттың қайнар көзі»

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірімділік, қамқорлық

Мұғалiм: Садыбекова Сандугаш Жумасияновна

Сынып:5 «Б»Оқушылар саны:


Мақсаты:

Оқушыларға табиғаттың адам өмірі үшін маңыздылығын ұғындыра отырып қиянат жасамау туралы түсінік беру

Білімділік: Адам мен табиғаттың үйлесімділігін айта отырып, табиғатқа сүйіспеншілік ұғымын кеңейту

Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы мейірімділік қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Табиғатқа сүйіспеншілік, мейірімділік сезімдерін дамыта отырып табиғатқа қамқорлық танытуға тәрбиелеу

Ресурстар:

(слайд, музыка, оқулық, дәптер,

мәлiметтер)

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

-Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар!

-Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын.

-Көңіл-күйлеріңіз қалай?

  • Сынып оқушыларын түгендеу.

  • «Өзін-өзі тану» сабағының ережесін «5Т» қайталау (тәртіп, талап тазалық,тыныштық,татулық).

Тыныштық сәті «Орманға ойша серуен»


Сабақ барысын талдау:

Жағымды әуен қосу

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Жаңа сабаққа алдын ала берілген дайындық жұмысы.

Сырбай Мәуленовтың «Мен елімді сүйемін» әңгімесі бойынша сұрақтар:

  1. 1.Туған жердің табиғаты саған несімен ұнайды?

  2. 2. «Туған жерсіз адамның күні жоқ» деп айтудың себебі неде?

  3. 3.Туған жердің әсем табиғаты сені қандай сезімдерге бөлейді?

  4. 4.Табиғаттың қандай әсем құбылыстарын адамның мінезіне теңеуге болады? Неліктен?

114- бет мәтінді мазмұндау

3.Жағымды ой-пікір. Дәйексөз.

«Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік,

жанға жайлы бір нәрсе бар».

Шоқан Уәлиханов

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер ?

Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазып, мағынасын ашып, өз ойларын жеткізеді.

Дәйексөзді дәптерге жазу

4. Оқиғаны әңгімелеу

Мұғалім сыйы

Табиғат-ана

А. Мырзағұлова

Табиғат-ананың Жер, Су, Ағаш, Ауа деген ұлдары болыпты. Олар

өте ақылды,мейірімді екен. Табиғат-ана бір күні ұлдарын шақырып

алып:

- Адамдарға көп қызмет еткен ұлыма үлкен сый тартамын, - деп уәде береді. Сонда ұлдары анасының айтқанына қуана келісіп, адамдарға жақсылық жасауға кіріседі. Ұлдары жан-жаққа кетіп, адамдарға көп игілікті іс жасайды. Күндердің күнінде ұлдары еліне қайтып оралғанда Аналарының бұрынғыдан да бетер көріктене түскеніне риза болған ұлдары :

- Апатай, Сіз қандай керемет күйге түскенсіз, мұның сыры неде ? –

дегенде Табиғат-ана:

- Аяулы ұлдарым менің, мұның сыры сендердің адамзатқа жасаған

қайырымдылықтарыңда, - деп жауап береді. Содан бері Жер, Су,

Ауа, Ағаш аналарының сұлулығын сақтап қалу үшін адамдарға

адал қызмет етіп келеді екен.

1. Табиғат – ана ұлдарына қандай кеңес берді ?

2. Табиғат-ананың көріктеніп, сұлулығының артуының сыры

неде деп ойлайсыңдар?

3. Табиғат – ананың ұлдарының бойында қандай қасиет бар ?

4. Табиғатқа сүйіспеншіліктеріңді, мейірімділіктеріңді қалай

көрсетер едіңдер?



5. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс:

Бейнефильм «Табиғатты қорғайық,аялайық!»

Постер қорғау: Табиғатқа тіл бітсе адамзатқа не айтар еді ?

І топ: «Жер»тобы: Егер мен Жер болсам...

ІІ топ: «Су»тобы : Егер мен Су болсам ...

ІІІ топ: «Ауа»тобы: Егер мен Ауа болсам ...

ІY топ: «Ағаш»тобы: Егер мен Ағаш болсам...


6.Топпен ән айту:

Ән «Атамекен» Сөзі: Қ.Мырзалиев Әні: Е.Хасанғалиев

Ән айту

7.Үй тапсырмасы:

«Табиғат мені шабыттандырады» тақырыбында эссе жазып келу.

Оқулық

113-бет

8. Сабақтың қорытынды сәті:

Баяу әуен орындалып тұрады.

-Балалар,алдарыңда жатқан жапырақтарға табиғаттың атынан адамзатқа тілек жазып,ағашқа іліңдер.

Жағымды әуен қосу














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сабақ жоспары 5 сынып "табиғат-шабыттың қайнар көзі"

Автор: Садыбекова Сандугаш Жумасияновна

Дата: 18.03.2018

Номер свидетельства: 462366


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства