Тақырыбы: Түбір сөз және туынды сөз. Сөздік диктант
Мақсаты мен міндеттері: оқу және жазу дағдыларын қалыптастасқан, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.
1.Білімділік:сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; түбір сөз және туынды сөз туралы түсініктерін қалыптастыру;
2.Дамытушылық:сөйлемдерді сауатты жаза білу қабілеттерін дамыту; түбір сөздерден туынды сөздер жасай білу қабілеттерін дамыту;
3.Тәрбиелік:ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Сабақ түрі :жаңа сабақ
Көрнекіліктер:кесте;, суреттер, қималы карточкалар., сызбалар.
Әдіс-тәсілдер:жұптық, топтық, өзіндік
Сабақ барысы
1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Сабаққа дайындықтарын тексеру Үй тапсырмасын тексеру
2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Дәптермен жұмыс
Сөздік диктан: жұмысшы, өнерлі, бастық, достар, дәптерде, жапырақты, қалаға, оқулық, балақан, ойыншық.- туынды сөздердің астын сыз.
Каллиографиялық минут: әріп элеметтерін жазу.
Түбір сөз Туынды сөз
жұрнақ - мал-малшы, тату- татулық, жұмыс-жұмыскер
29жаттығу әңгімені оқы, сұрақтарына жауап бер:
Кітап, кітапша, кітапхана, кітапханашы- түбірлес сөздер. Кітап деген бір түбірден бірнеше туынды сөз жасалып тұр.
Суретке қарап олар бір нәрсе ме, әлде бір-бірінен өзгешелігі бар ма?
30, 31 жаттығу : Су, суат, сушы, сулы, сусын, сулық. –сөздерді көшір, түбірін белгіле.
ойыншық
басқар
бастық
жұмыскер
ойна
балақан
балақай
жұмысшы
басшы
Түбірлес сөздерді топтап жаз.
36 жаттыңу- берілген сөздерден бірнеше түбірлес сөздер жаса:
ой
көр
жаз
бас
Сергіту сәті:
3.Жаңа білімді бекіту:
35, 37 жаттығу оқу, орындау.
38 жаттығу көшіріп жазу., түбірлес сөздерде түбірін белгілеу.
41 жаттығу- түбірлес сөздер тап теріп жаз.
кітап
өнер
суат
орман
бүркітші
өнерпаз
бапа
өнерлі
42 жаттығу өлеңді жатқа жаз.Тасты жонып қашаған. Әсем мүсін жасаған.
Карточка №2
Сөздерден түбірлес сөздер жаса:
Білім, жұмыс, ойын, бала, көр.
Карточка №1
Сөздерден түбірлес сөздер жаса:
Кітап, жаз, су, дәрі, өнер.
Мүсінші аға өнерін Өте жақсы көремін.
4.Үйге тапсырма: 129бет 34 жаттығу, 131 бет 40 жаттығу, 133 бет 47 жаттығу.