Просмотр содержимого документа
«Саба? жоспары "Д?рігерде" »
Сабақтың тақырыбы: Дәрігерде.
Сабақтың мақсаты: білімділік-оқушылардың жаңа тақырып бойынша білімдерін кеңейту, сөздік қорын молайтып, сөйлеу тілдерін дамыту; дамытушылық-оқушылардың ауызша және жазбаша жұмыс түрлерін жүргізу арқылы ой-өрісін дамыту,ойлау қабілетін, сабаққа белсенділігін арттыру; тәрбиелік-оқушыларды сөйлеу мәдениетіне баулу, өз денсаулықтарын күте білуге, таза жүруге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу.
ә) Түгелдеу.
б)Тіл дамыту сәтін өткізу.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
3.Жаңа сабақ.
Сурет бойынша сабақтың тақырыбын ашу.
- Суретте кім бейнеленген?
- Дәрігер не істеп жатыр
- Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Дәрігерде».Сабақта жаңа сөздермен танысып, мәтінмен жұмыс жасап,-нікі-дікі-тікі жұрнақтарымен танысып, ауызша және жазбаша тапсырмаларды орындаймыз.
Жаңа сөздермен жұмыс (Слайд):
емхана-поликлиника;
дәріхана-аптека;
тамақ- горло;
кезек-очередь;
дәрі-лекарство;
науқас-больной;
кәмпит-конфета.
Мұғалім жаңа сөздерді оқиды,оқушылар қайталайды , оқушылар тізбектеп оқиды,сөздерді дәптерге көшіріп жазады,жаңа сөздермен сөз тіркестер және сөйлемдер құрастырады.
Мәтінмен жұмыс. «Дәрігерде».
Менің тамағым ауырды. Мен емханаға келдім.Талон алдым.Дәрігерге кезекке тұрдым.Дәрігер менің тамағымды көрді.Ол дәрі жазып берді.Шешем дәріханадан дәрі сатып әкелді.Мен дәріні іштім.
а) мәнерлеп оқу-86-бет; ә) оқушылар кезектеп оқып, аударады.
Сергіту сәті: Қолды белге қояйық,
Басты оңға бұрайық,
Басты солға бұрайық,
Бір отырып,бір тұрып,
Бір отырып,бір тұрып,
Біз демалып қалайық.
«Дәрігер» өлең бойынша жұмыс. Мәнерлеп оқыту, аударту.
Дәмегүл қыз – «дәрігер»,
Бізге ойнауға келеді.
Десек болды: «Дәрі бер», -
Бір – бір кәмпит береді.
Диалог бойынша оқушыларды бір-бірімен сөйлету.
- Сәлеметсіз бе!
- Сәлеметсің бе!
- Сіз қайда барасыз?
- Мен емханаға барамын.
- Емхана қай көшеде?
- Емхана Абай көшесінде.
- Сау болыңыз!
- Сау бол!
Сызба арқылы оқушыларды жұрнақтармен таныстыру
Жұрнақтар:
-нікі
-дікі
-тікі
дауысты дыбыстардан кейін жалғанады
ұяң және үнді дауыссыз дыбыстардан кейін жалғанады
қатан және ұяң б, в, г, д дауыссыз дыбыстардан кейін жалғанады
Дәптермен жұмыс. Сөздерге жұрнақтарды жалғау.
Сара Асан
нікі дікі
Лена сендер
мектеп
Жомарт тікі
Иванов
«Тізбек ойыны» сөздегі соңғы әріпінен басталатын сөзді тауып айту. Мысалы:дәрі-іні-ілгіш-шана-алмұрт-түйе-емхана-ана...
Тапсырма.Бұл кімдікі? Берілген сөздермен сөз тіркестер құрастыру.
ойыншық атамдікі
компьютер әжемдікі
газет әкемдікі
кітап шешемдікі
телефон ағамдікі
гүл қарындасымдікі
қуыршақ інімдікі
журнал сіңлімдікі
көзілдірік досымдікі
Балалар, деңсаулықты сақтау үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
Дұрыс тамақтану керек.
Шыңығу керек.
Спортпен айналысу керек.
Денесін шынықтыру керек. –Денені таза ұстау керек.
Бекіту. «Дәрігер» тақырыбына кластер құрастыру.
Көмекші сұрақтар: -Дәрігер не істейді? -Дәрігер қандай адам? -Дәрігер қайда жұмыс істейді? -Науқас қатты ауырып жатса, дәрігер не істеуге міндетті? - Дәрігердің борышы кімді емдеу?