Сынып: | 8 |
Сабақтың тақырыбы: | «Сабақ» жинағы |
Сілтеме: | Күнтізбелік-тақырыптық жоспар |
Мақсаты: | Сабақ тақырыбына байланысты лексикалық бірліктерді меңгертіп, орынды пайдалана білуге үйрету. |
Міндеттері: | Қадыр Мырзалиевтің «Сабақ» жинағы туралы ақпарат беру; сөздік қорын молайту; түйінді ой айта алу, мәнерлі, түсініп оқу қабілеттерін, тілін дамыту; коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру; қазақ тіліне, әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру; эстетикалық тәрбие беру. |
Күтілетін оқыту нәтижелері: | Оқушы А үшін: жаңа сөздердің көбісін меңгереді, орынды пайдалана біледі; Қ.Мырзалиевтің «Сабақ» жинағы туралы негізгі ақпарат алып, сабақ тақырыбы жайында өз ойын айта алады; өлеңді мәнерлеп оқиды; сабақ барысында топтық жұмысқа белсенді қатысады. Оқушы В үшін: жаңа сөздердің бірнешеуін меңгереді, орынды пайдалана біледі; Қ.Мырзалиевтің «Сабақ» жинағы туралы негізгі ақпарат алып, сөздікті қолдана отырып, сабақ тақырыбы жайында қойылған сұрақтарға жауап бере алады; өлеңді түсінікті оқиды; сабақ барысында топтық жұмысқа белсенді қатысуға тырысады. Оқушы С үшін: 2-3 жаңа сөз меңгереді, пайдалана біледі; Қ.Мырзалиевтің «Сабақ» жинағы туралы негізгі ақпарат алып, сөздікті қолдана отырып, сабақ тақырыбы жайында қойылған нақты, жеңіл сұрақтарға жауап бере алады; өлеңді түсінікті оқуға тырысады; сабақ барысында топтық жұмысқа мүмкіндігінше қатысады. |
Ресурстар: | Оқулық, жұмыс дәптері, интерактивті тақта (презентация), үлестірме материалдар (сөздік, мәтін, өлең жазылған парақтар, бағалау парағы, рефлексия парағы) |
Әдіс-тәсілдер: | Миға шабуыл, сұрақ-жауап, топтастыру, талдау, әңгімелеу, диалог |
| |
Сабақтың мазмұны | Мұғалімнің әрекеті | Оқушылардың әрекеті |
| | |
| | |
| | |
Ұйымдастыру кезеңі | Сәлемдеседі, «Түстер» әдісі арқылы топқа бөледі. Тілек білдіреді. | 4 топқа бөлінеді, орындарына отырады. |
Үй тапсырмасын тексеру Жаңа сабақ | 1. Сұрақ қояды: - Қандай қазақ балалар жазушыларын білесіңдер? - Ілияс Жансүгіров өлеңдерінің тақырыбы не? - Қай жазушы ұлты татар болса да, өз шығармаларын қазақ тілінде жазған? - «Менің атым – Қожа» повесінің авторы кім? - Қадыр Мырзалиев туралы не білесіңдер? 2. Үй жұмысын сұрайды. 1. Сабақ тақырыбымен таныстырады. 2. Сөздік жұмысын жүргізеді. («Бәйге» әдісі) 3. Мәтінмен жұмысты ұйымдастырады. («Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?» әдісі) 4. «Сабақ» жинағының әр бөліміне сипаттама беруді ұсынады. | Сұрақтарға жауап береді. Қадыр Мырзалиевтің өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелейді. Сабаққа мақсат қояды. Әр топ өзінің түсіне сәйкес келетін парақта жазылған сөздерді есте сақтап, жаттап алған сөзді кестеге жазады. Өзін-өзі тексереді: 1-10 сөз - 1 ұпай 11-15 сөз - 2 ұпай 16-20 сөз - 3 ұпай Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын талдап, кестені толтырады. Сұрақтарға жауап береді. 159- бетіндегі 2-тапсырманы орындайды. Тақтаға шығып, жұмысын қорғайды. Топтар бір-бірін тексереді: Жауап түсінікті емес - 1 ұпай Түсінікті, толық емес - 2ұпай Дұрыс, толық жауап - 3 ұпай |
Жаңа білімді бекіту | Тапсырма береді: 1. 160-бет, 3-тапсырма - өлеңді мәнерлеп оқу. Марат сөзін септеу, сұрақ қою. 2. 161-бет, 5-тапсырма - жаңылтпашты тез және катесіз айтуға жаттығу. | Тапсырмаларды орындайды. Өзін-өзі тексереді: 2 - 3 сұрақ - 1 ұпай 4 - 5 сұрақ - 2 ұпай 6 - 7 сұрақ - 3 ұпай |
Сабақты қорытындылау | Сұрақтар қояды: - Бүгін сабақта біз не туралы айттық? - «Сабақ» жинағының авторы кім? - Бұл жинақ неше бөлімнен тұрады? - Қандай жаңа сөздермен таныстық? | Сұрақтарға жауап береді. |
Бағалау | Критериалдық бағалауды пайдаланады. | Сабақ барысында жинап алған ұпайларын санап, баға шығарады. |
Рефлексия | «+, --, қызықты» әдісін қолданады . Бірнеше пікір тыңдайды. | Кестені толтырады |
Үйге тапсырма беру | 159-бет, 1-тапсырма. | Күнделіктеріне жазып алады. |