Сабақтың тақырыбы: Тұңғыш қазақ ғалымдары. Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға құрмалас сөйлем және оның түрлері туралы түсінік беру; Ә) құрмалас сөйлемнің өмірде адам ойын жеткізудегі рөлін практикалық тұрғыда дәлелдеу, дұрыс пайдалана білуге дағдыландыру; Б) оқушылардың ойын ауызша жазбаша түрде жеткізе білуге төселдіру, сауаттылыққа үйрету. Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары, талдау, салыстыру, іздендіру. Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу, халықтық педагогика Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі «Сәлемдесу» тренингі. ІІ. Үй тапсырмасы Халқымның Ұлы ғалымы, Артық туған дарынды Атқарған істер алымды Өзіне тартар бәріңді. Эпиграфты оқыту. - оқушылар, сабағымыздың кілт сөзінің мағынасын қалай түсіндіңдер? Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Тұңғыш ғалымдар». Модульдің құрамын түсіндіремін, сабақтың мақсатын баяндаймын. ІІ. Топтастыру әдісі. «Ғалым» деген сөздің сырына үңілейік, балалар. Оқушыларды үш топқа бөлемін. «Ғалымдар» тақырыбына кластер жасау. Әр топтап бір оқушы шығып, жазғандарын қорғайды. Сабақ барысында бұл кластерді толықтырып отырады. Мәтінді оқу барысында оқушылар әр топта пікірлесіп, білгендерімен бөлісіп, білгісі келгендерін сұрайды. Сол сұрақтар бойынша сөздік жұмысы жүргізіледі. Жаңа сөздер: көрнекті, оқу құралы, ағартушы айналысады, басылып шықты, бітірген соң. Жаңа сөздерді сөздік дәптерлеріне жазып алады, хормен қайталайды. Жаңа сөздермен сөз тіркес, сөйлем құрастырады. Мына сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтаңдар. Интерактивті тақтамен жұмыс.
Құрмалас сөйлем Салалас Сабақтас құрмалас құрмалас сөйлем сөйлем Мысалы: Қоңырау соғылды, Мысалы:Аспанда бұлт мұғалім сыныпқа кірді. болмаса да, жаңбыр жауып тұр. . Ой қозғау кезеңі. • Адамның ойы мен пікірі сан қилы. Адам өз ойын жеткізу үшін құрмалас сөйлемнің түрлерін қолданады екен. -Адам өз ойын үнемі ауызша айтатын мүмкіндік бола бермейді, сол кезде адам өзінің пікірін, мақсатын, шартын, себебін жеткізу үшін жазуға тура келеді. Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Құрмалас сөйлем және оның түрлері. Бүгінгі сабақта нені біліп, нені үйренуіміз керек. 1. Құрмалас сөйлемнің өзіне тән белгілері. 2. Құрмалас сөйлемнің ережесі. 3. Құрмаластың түрлері. 4. Баяндауыштарының жасалу жолдары. 5. Сөйлемдерге талдау жұмыстарын жүргізе білу. Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып күрелі ойды білдіретін сөйлемдерді құрмалас сөйлем дейміз. Құрмаластың түрлері: Салалас құрмалас Сабақтас құрмалас Аралас құрмалас 1.Көктем шыға ауыл ерекше күйге бөленеді, бала-шағаға дейін шаруаның қамына кіріседі. 2. Ол біресе күледі, біресе ызаланып жылайды. Көктем шыға ауыл ерекше күйге бөленіп, бала-шағаға дейін шаруаның қамына кіріседі. Көктем шыға ауыл ерекше күйге бөленіп, бала-шағаға дейін шаруаның қамына кіріседі, кешегі жас бала кәдімгідей көмекшіге айналады. Құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болып келіп, бір-біріне тәуелсіз тең дәрежеде байланысады. Алдыңғы сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болып, кейінгі сөйлемге бағына байланысады. Құрамындағы жай сөйлемдердің салаласа да, сабақтаса да байланысатын түрі. Тапсырмалар I топ
1. Синтаксистік талдау жаса: Әсел үйге келгенше, ағасы ауылға кетіп қалыпты. 2. Сөйлемдерді орыс тілінен қазақ тіліне аудар. Ұлы саяхатшы 18 жасында (окончил кадетский корпус). Ол (легенды, рассказы) жазып алумен (занимался)
1. Сабақтас құрмалас сөйлем құрастыр. Суытты, қыс, келіп, күн. 2. Сөйлемдерді орыс тілінен қазақ тіліне аудар. Көрнекті (ученый, переводчик, просветитель). А.Байтұрсынов 1873 жылы Торғай облысында (родился). Ол Орынборда қазақ газетін (выпустил). 1.Сөйлемдерді орыс тілінен қазақ тіліне аудар. Қостанай қаласында оған (поставили памятник). Ол еңбектерінде (находчивость, ораторство, щедрость) қарастырды. 2. Керекті әріпті қой. Шо...антану ғыл...мында т...л б...л...міне байланысты зерттеулер, п...к...рлер к...п бол...анды...тан, Еуропа тілдерін ме...гергенд...гі туралы деректер бар. Сабақты қорытындылау. Не білдік? Нені білуіміз керек? Балама тест. 1. Құрмалас сөйлемнің құрамыны кемінде 2 жай сөйлемнен тұра ма? Иә. жоқ 2.Сабақатас құрмаластардың баяндауыштары тең дәрежеде байланыса ма? иә. Жоқ 3. Аралас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер дің баяндауыштары бәрі бірдей тиянақты бола ма? Иә. Жоқ. 4. Салалас құрмалас сөйлемнің баяндауыштары тиянақсыз бола ма? Иә. Жоқ 5. Сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқысының баяндауыштары шартты райдың –са, -се жұрнақтары арқылы жасала ма? Иә жоқ. Үйге : «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тілінің негізін қалаушы»,«Ы. Алтынсарин –ұлы ағартушы», «Шоқан-қазақтың тұңғыш ғалымы» тақырыбына мәнжазба жазу Бағалау
№5 орта мектеп Ашық сабақ тақырыбы: Тұңғыш қазақтың ғалымдары.Құрмалас сөйлем Өткізген : Уразаева Ф.К. қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сыныбы: 9«а» Шалқар, 2016 оқу жылы
|