М??алім : Балалар, бізді? жанымыз?а жомартты?, ке?пейілділік, ?иялымыз?а ?ш?ырлы?, сезімімізге ас?а?ты?, к??ілімізге м?лдірлік сыйлап отыр?ан Таби?ат ана.Оны? с?лулы?ымен к?ркемдігін айтып жеткізу м?мкін емес.Ата бабамыздан бізге жеткен осындай жасыл желекті, ну орманды ?ажап жерлерді са?тап, ?ор?ап, аялап, к?тіп баптап кейінгі ?рпа??а жеткізу бізді? міндетіміз.
1-тапсырма. Таби?ат?а тіл бітсе.Бос жола?тар?а "Егер таби?ат?а тіл бітсе." онда ол адамдар?а ?андай ?тініштер айтуы м?мкін? деген с?ра??а ?з ойлары?ды жазы?дар.
2-тапсырма. ?аза?стан ?оры?тарын ?алай жа?сарту?а болатыны туралы ойлары?ды жазы?дар.
Ойын -жатты?у.
Б?гін бізге ?она? келіп отыр. Мен оны? кім екенін жасырып к?рейін, сендер оны шешуге тырысы?дар.
Балалар жауаптарын г?лге жазады.М??алім г?лді ал?ап?а к?белекті ?ондырады.
М??алім : Бізді? ата -бабамыз бізді? жа?сы ?мір с?руіміз ?шін таби?атты ?ор?ап, к?тіп баптап, са?тап бізге жеткізіп отыр. Ал енді осы м?раны жо?алтып алмай ?зімізден кейінгі болаша? ?рпа??а тапсыру бізді? мойнымызда?ы ?арыз. Ол ?шін ?з ауылымыз бен ?аламызда?ы а?аш б?таларды кеспей, санын молайтып, к?ктем сайын а?аш егіп, су к?здерін тазалап отыру, ауаны таза ?стау бізді? міндетіміз
Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы "Таби?ат?а ?ам?орлы?" ашы? саба?»
Өзін өзі тану сабағының жоспары
Күні:
Сынып: 4 А
Тақырып: Табиғатқа қамқорлық
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: Қамқорлық, қайырлық, жақсылық
Мақсаты: Оқушылардың табиғат құндылығы және қамқорлық адами қасиеті туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-табиғатқа қамқорлық жасау түсінігін қалыптастыру
-табиғатқа қамқорлық жасау қарым қатынасын дамыту
-табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Ресустар: оқулық, үнтаспа, дәптер, суреттер
Сабақ барысы
1Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу, түгелдеу, 5Т )
Топқа бөлінеді. Жер, Су, Ауа, Ағаш
Тыныштық сәті
-Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Табиғаттың сұлулығы соншалықты, қараған сайын қарай бергің келеді. Ондағы сұлу да нәзік гүлдерге, самғай ұшқан құстарға қызыға қараймыз. Бір сәт қасымызда мүлгіп тұрған тауға қарап, оның ұшар басына шыққымыз келіп кетті. Сол сәтте Табиғат анамыз естіп тұрғандай, бізді әр түрлі түстерімен әсем көрінетін кемірқосаққа айналдырып, аспан аясына орналастырды. Қандай керемет! Биіктен сан түрлі шашақ шашып, нұрға бөленген қандай ғанибет! Біздің түрлі түсті сәулелерімізге қуана қарап, мәз мейрам болған балалар. Көктен қарағанда табиғат сұлулығы бұрынғысынан да құлпырып кеткендей! Осындай сұлулыққа шын тамсанған, қызыға қараған сезімізден бойымыз сұлулық пен жылылыққа бөленгендей. Осы сұлулық пен жылылықты ұзақ сақтауға іштей уәде етіп, бұрынғы қалпымызға келейік.
Үй тапсырмасын тексеру
Ә. Табылдиевтің "Атаның өнегесі" әңгімесін оқып келу.
Мұғалім : Балалар, біздің жанымызға жомарттық, кеңпейілділік, қиялымызға ұшқырлық, сезімімізге асқақтық, көңілімізге мөлдірлік сыйлап отырған Табиғат ана.Оның сұлулығымен көркемдігін айтып жеткізу мүмкін емес.Ата бабамыздан бізге жеткен осындай жасыл желекті, ну орманды ғажап жерлерді сақтап, қорғап, аялап, күтіп баптап кейінгі ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз.
1-тапсырма. Табиғатқа тіл бітсе........Бос жолақтарға "Егер табиғатқа тіл бітсе......" онда ол адамдарға қандай өтініштер айтуы мүмкін? деген сұраққа өз ойларыңды жазыңдар.
2-тапсырма. Қазақстан қорықтарын қалай жақсартуға болатыны туралы ойларыңды жазыңдар.
Ойын -жаттығу.
Бүгін бізге қонақ келіп отыр. Мен оның кім екенін жасырып көрейін, сендер оны шешуге тырысыңдар.
- Ол өте нәзік, әдемі;
- Ол ешкімге жамандық ойламайды;
- Гүлдерді өте жақсы көреді;
- Ол әдемі алқаптарға ұшып жүреді;
-Иә, бұл көбелек.
Мұғалім балаларға түрлі түсті қағаздан қиылған гүлдерді таратып беремін және оларға мынадай сұрақ қойыладыЖ
-Табиғаттағы неге ұқсағыларың келеді?
Балалар жауаптарын гүлге жазады.Мұғалім гүлді алқапқа көбелекті қондырады.
Мұғалім : Біздің ата -бабамыз біздің жақсы өмір сүруіміз үшін табиғатты қорғап, күтіп баптап, сақтап бізге жеткізіп отыр. Ал енді осы мұраны жоғалтып алмай өзімізден кейінгі болашақ ұрпаққа тапсыру біздің мойнымыздағы қарыз. Ол үшін өз ауылымыз бен қаламыздағы ағаш бұталарды кеспей, санын молайтып, көктем сайын ағаш егіп, су көздерін тазалап отыру, ауаны таза ұстау біздің міндетіміз
Топпен ән айту.
"Бақытты балалық шақ" әнін айтады
Үйге тапсырма:
- Табиғат туралы өлеңдер жаттап келу;
- Табиғат туралы жұмбақтар жазып жазып келу.
Соңғы тыныштық сәті
- Балалар, бүгінгі сабақтан алған құндылықтар мен қасиеттерді есімізге түсіріп жүрегімізге сақтап алайық.