kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы "Мен бір ж?мба? адаммын, оны да ойла"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:Абай ?мірі мен шы?армашылы?ы туралы ал?ан білімдерін тексере отырып, о?ушыларды? танымын ке?ейту, с?здік ?орын молайту.
Дамытушылы? ма?саты: Абайды о?уды одан ?рі жа?артып, білімін толы?тыру?а, ізденушілікке ы?пал жасау, ба?ыт беру. ?р т?рлі ?діс- т?сілдерді ?олдану ар?ылы о?ушыларды?  комммунативтік м?мкіндіктерін дамыту, класссикалы? поэзия ар?ылы о?ушылар?а т?лім- т?рбие беру.
Т?рбиелік ма?саты: Эстетикалы? т?рбие беру, с?з маржандары ар?ылы   Отан  с?йгіштікке, имандылы??а, білімді, ?нерлі    болу?а, тілімізді, дінімізді ?адірлей білуге т?рбиелеу.Абай шы?армашылы?ын о?и отырып,халы?ты? педагогика ?лгісінде т?рбиелеу.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы "Мен бір ж?мба? адаммын, оны да ойла" »

Сабақтың тақырыбы: Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла
Сабақтың мақсаты:
Абай өмірі мен шығармашылығы туралы алған білімдерін тексере отырып, оқушылардың танымын кеңейту, сөздік қорын молайту.

Дамытушылық мақсаты: Абайды оқуды одан әрі жаңартып, білімін толықтыруға, ізденушілікке ықпал жасау, бағыт беру. Әр түрлі әдіс- тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың комммунативтік мүмкіндіктерін дамыту, класссикалық поэзия арқылы оқушыларға тәлім- тәрбие беру.

Тәрбиелік мақсаты: Эстетикалық тәрбие беру, сөз маржандары арқылы Отан сүйгіштікке, имандылыққа, білімді, өнерлі болуға, тілімізді, дінімізді қадірлей білуге тәрбиелеу.Абай шығармашылығын оқи отырып,халықтық педагогика үлгісінде тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: алған білмдерін жинақтау және дамыту.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,проблемалық, іздендіру, зерттеу.
Сабақтың типі: дәстүрлі емес

Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті,кітап көрмесі, тұсаукесер

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі:

1)Оқушылармен сәлемдесу.
2) Жоқ оқушыны түгендеу.
3) Оқушылардың зейінің сабаққа аудару.

Құрметті оқушылар ! Мен сендерге мынадай сұрақ қоямын-Табиғатта неше жыл мезгілі бар? (дұрыс-4)

1.1 Оқушыларды төрт топқа бөлу.

1.Кім жаз мезгілін ұнатады?-1топ «Жаз»

2.Кім күз мезегілін жақсы көреді? -2топ «Күз»

3.Ал кімге қыс мезгілі ұнайды?-3 топ «Қыс»

4.Көктем кімге ұнайды?-4 топ «Көктем»(топ бойынша орналасады)

ІІ. Қызығушылығын ояту«Қайталау- оқу анасы»

1.1-слайд Абайдың портреті (сұрақ-жауап ауызша)

2.5,6,7,8,9,10 -слайдтар «Тапқыр болсаң айтып бер» Абай туралы мәлімет

-Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.
- Абай көпті көрген әжесі Зеренің тәрбиесінде болды. Шешесі Ұлжан да ақылды ананың бірі болған. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы орта жасқа келгенде атқа мініп, ел билеу жұмысына араласқан заманы, Ресей патшалығының Қазақстанның батысы мен орталық аймағын отарлап, ел билеу жүйесін өз тәртібіне көндіре бастаған кез.Құнанбай өз заманында ел басқарған адам болды. Ол ел билеу ісіне балаларының ішінде Абайды баулып, араластырды.
- Әке-шешесінің қасында жүрсе де жас Абай оқудан қол үзбейді, бос уақытында қазақтың мәдениетін, араб, парсы, шағатай тілдерін үйренеді. Шығыс әдебиетінің алыптары Низами, Хожа Хафиз, Науаи, Физули т. б. ақындарының өлеңін жаттап өседі. Кейін ол орыс әдебиеті мен тілін өздігінен үйреніп, орыстың ұлы ойшылдары Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Щедрин, Некрасов т. б. шығармаларымен танысады. Сонымен бірге ағылшын ғалымы Дарвиннің, Шекспирдің шығармаларын да оқиды. Соның арқасында дүниетанымын кеңітіп, білімін шыңдай береді.

- Жасы отыздан асқан Абай орыс тіліндегі кітаптарды мықтап оқуға бұрылады. Сол кезде Семейге айдалып келген орыс демократтарымен танысады. Соның ішінде өзінің ерекше танысып, араласқаны Михаэлис болды. 1880 жылдары айдалып келген Долгополов, Леонтьевтермен да танысып, өзі олардан үйрене жүріп, өзі де оларды халқының салт-дәстүрімен таныстырып, қол ұшын берді. Ақынның шығармашылықпен еркін араласуы 1860 жылдар болды. Ол кезде Абай өлеңдерін басқа аттармен жариялаған.

- Тек 1886 жылы «Жаз» деген өлеңінен бастап өз атын қоя бастайды. Ақынның «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғұтыр», сонымен қатар «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Сегіз аяқ» өлеңдерінің сол кездегі әлеуметтік жағдайларды түсіну үшін маңызы зор.
- Абай өзінің өмірден түйген тұжырымдарын қарасөз үлгісінде де жазған. Қарасөздерінде ол тәлім-тәрбиелік мәні терең ойларын шебер жеткізеді.Қарасөз дегеніміз – ғылым туралы, философия туралы, дін туралы қара сөзбен жазылған еңбек. Қарасөз – арабтың «ғақлия» деген сөзімен мәндес. Ғақлия көркем сөз, дана сөз, сыл сөз деген мағынаны береді. Абайдың қарасөздері гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары, дін туралы пікірімен бірігіп, тұтас қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды.

- Абай шығармалары қазірдің өзінде көптеген тілдерге аударылып, әлем халықтарының жақсы бағасын алуда.

(Лермонтовтың сөзіне жазылған А.Рубинштейннің әні «Горные вершины» және Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» әндері тыңдатылады)

Үш тілде: 1.неміс тілінде-Арыстан

2. Орыс тілінде-Куляш

3. қазақ тілінде –Асель А.

-Ақын 1904 жылы туған жерінде қайтыс болды. Сүйегі Жидебай деген жерге қойылды. Қазір сол Жидебайда ақынның өзі тұрған үйде әдеби-мемориалдық мұражайы бар. Жер бетіндегі күллі қазақ қауымы өздерінің ұлы Абайымен мақтанады. Олар күн өткен сайын Абайды жаңа қырынан тануда. Өйткені Абай мұралары бүгін де, болашақта да өзінің өміршеңдігімен мәңгі жасайтын ғажап туындылар.

11-слайд Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы ерінбей.

- Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол - ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.
-Абайтанудың білгірі М. Әуезовтің атап көрсеткендей, Абай мұрасының нәр алған рухани үш арнасы: өз халқының мәдени мұрасы мен Шығыс, Батыс елдерінің рухани қазынасы болды.
Оқи жүріп, білімін толықтыра жүріп қырықтан асқан шағында біржола ақындыққа берілді.
-Абай тек қана ақын емес, сонымен бірге сазгер. Халық арасынан шыққан таланттарды танып, олардың еңбегін таратушы болды. Абайдың ән шығармашылығы қазақтың халық музыкасында ерекше орын алады. «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» т. б. әндері әлі күнге халық жүрегінен жылы орын алған.

Абай өзінің шығармашылығында қара сөзге ерекше мән берген.Абай поэзиясының арқауы ғылым, білім, еңбек – осы қара сөздерде жалғасып дамиды.Абай өз шығармалары арқылы рухани бірлікке шақырады.

-Туған халқын сүйіп, оны қасіреттен құтқаруды, бодандыққа қарсы Абай халқын оятып, береке-бірлікке шақырды. Туған халқы да Абайын сүйіп, қатты құрметтеді. Өмірлік мағынасы зор өлеңдерін жатқа айтып, тұмардай сақтады. Шынында әр сөзі теңіздің тереңіне тартқандай мың батпан ойдан туған, кісіге берер шабыты мен шапағаты мол Абай әр қазақтың бағдаршамы іспетті.
III.Жаңа сабақ. «Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла»
Мұғалім сөзі:
Абай-19 ғасырдағы қазақ әдебиетінің Бас ақыны. Абай Құнанбайұлы-қазақ сөз өнерінің әлемдік деңгейге көтерілген ұлы өкілі.

Абай ұлы тұлға оның бүкіл өмірі шығармалары келешек ұрпақ үшін үлгі өнеге.

12-слайд.

І. Шығармашылық жұмыс.

1- тапсырма . « Қыс » өлеңі .

а ). Ақын қысты қандай бейнеде суреттеген ?

ә ). Қыстағы адамдардың тіршілігі қалай бейнеленген ?

2 - тапсырма . « Күз » өлеңі .

а ) . Өлеңде күздің қандай белгілері суреттеледі ?

ә ). Өлеңде ауыл тұрмысын қалай бейнеленген ?

3. - тапсырма . « Көктем » өлеңі .

а ) . Өлеңде көктем қандай белгілері суреттеледі ?

ә ). Өлеңде ауыл тұрмысын қалай бейнеленген ?

4 - тапсырма . «Жаз» өлеңі .

а ) . Өлеңде жаздың қандай белгілері суреттеледі ?

ә ). Өлеңде ауылдағы жаз қалай бейнеленген ?

Әр топ жетекшісі өз жұмыстарын қорғайды

ІІ. Әр топта

1 спикер.

1.Қандай орыс ақындардың шығармаларын Абай аударды?

2- Спикер

1.Қара сөздегеніміз не?

2.Абай Құнанбайұлының қанша қара сөзі бар?

3- Спикер.

Тақтада кластер жасау «Абай»

4- спикер

Абайдың 17 сөзінде не туралы айтылған?

ІІІ. «Желсіз түнде жарық ай» мәтінді тыңдау-аудиотаспа

ІҮ. Бекіту

INSERT кестесі
1. Білемін Білдім Білгім келеді
ҮІ.Үйге тапсырма: Шығарма: «Қазақтың бас ақыны»

(Абай шығармашылығы бойынша)

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

Сабақты Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» деп айтқан пікірімен аяқтаймын.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы "Мен бір ж?мба? адаммын, оны да ойла"

Автор: Каримова Сатен Мукановна

Дата: 29.01.2015

Номер свидетельства: 163682


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства