Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: ?ыс. Зат есім »
Сабақтың тақырыбы: Қыс. Зат есім
Арсаева Жанат Ахметқызы
Затобол мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Сынып: 5 - сынып
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға жаңа сабақ туралы мағлұмат беру, грамматикалық ұғымдарды дұрыс әрі сауатты қолдану. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Оқушыларды ой-өрісін дамыту, сөздік қорын кеңейту, логикалық ойлауын дамыту.
Оқушыларға жаңа сабақты түсіндіру арқылы, қазақ тіліне, жерін, табиғатына деген аялау көзқарасын қалыптастыру.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі : дәстүрлі
Сабақ тың типі : қайталау сабағы
Көрнекі құралдар: тірек сызба , презентация
Пәнаралық байланыс: Жағрапия, табиғаттану, әдебиет.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Түгендеу.
3. Қажетті құралдар дайындау.
4. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
1. Көңіл-күйлерін тамаша ма?
2. Бүгінгі сабаққа дайынсындар ма?
3. Бүгін сабақтан «5» деген баға аласыңдар ма?
4. Топпен бірлесе отырып, жұмыла жұмыс жасауға бола ма?
2. Сабақтың тақырыбын ашу.
Ерте - ерте заманда Мезгіл атты батыр өмір сүріпті. Ол ұлдарының өнерлі, данышпан болуын арман етіпті. Бір күні төртеуін шақырып: « Өнер үйреніп келіңдер, өнерлерің тек өздерің үшін емес, халық игілігіне ассын»,- деп балаларын ұзақ сапарға шығарып салыпты. Айлар, жылдар өткен соң үлкен ұлы оралды. Кигені тон, аяғында пима, басында бөрік. Әке, бүкіл әлем ақ көрпе жамылып жатыр. Өзен ,көл бетінде мұз қатты.
Сұрақ : Батырдың үлкен ұлы кім?
3.Сөздік қор «Қыс»
Соғады , аяз, боран, қар, қарбөбек, аяз ата, қарша қыз, түн қысқарады, түн ұзарады, қар жауады, жылы киінеді, пима, тон, құлақшын, бөрік
4.Сандарды сөйлет
3,4,7,9,12,25,37,42- грамматикаға байланысты
5.Мәтінмен жұмыс. Оқу, аудару , сұрақ құрастыру
Қыс келді. Қыс желтоқсан айынан басталады. Бұл мезгілде күн суытады. Батыстан суық жел соғады. Күн қысқарып, түн ұзарады. Жиі-жиі қар жауады. Жердің бетін аппақ қар басады. Адамдар қыста жылы киім киеді. Бұл мезгілде үлкендер де, балалар да коньки теуіп, шаңғымен сырғанайды. Әр жыл мезгілдің өз мейрамы бар. Қыста балалар Жаңа жылды күтеді.
6.Сұхбаттасу « Мұғалім мен оқушы ойыны» тақырыбы « Қыс»
7. Сергіту сәт.
8. Жазба жұмыс
Қыс айлары: ..., ...,... .
Жерді қалың ... жапты.
Қыста жиі ... жауып, ...соғады.
... күн қысқарып, түн ұзарады.
9. Зат есімнен сын есім жасау
Қыс, кеш, қала, тау, өнер, мереке.
Сын есім тіркестіріп сын есім құрастыр: Үлгі сын есім + зат есім ( жылы тон)
Аяқ киім, қолғап, пима, орамал, тон, етік
10.Сұхбаттасу « Мұғалім мен оқушы ойыны» тақырыбы « Қысқы киім»
11.Рефлексия
«5 жол өлең» Қыс
1.Зат есім
2.Екі сын есім
3. Үш етістік
4. Сөйлем
5. Мағына
«Алты қалпақ технологиясының элементі»
Ақ қалпақ – фактілер
Қызыл қалпақ - эмоция
Қара қалпақ - проблема
Үйге тапсырма:
Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушылардың білім бағалау.