kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: «??стар- бізді? досымыз»

Нажмите, чтобы узнать подробности

??стар- бізді? досымыз»   та?ырыбы./Та?ырып  слайдтан   к?рсетіледі./                                                                                             - ?андай ??старды білесі?? «??стар – бізді? досымыз» те?еуін ?алай  т?сінесі??/ слайдтан  ??стар с?зіне  схема ар?ылы  сипаттама  беріледі/           -Т?мсы?ы ?зын, ?шады,жыл  ??сы, зиянкестерден ?ор?айды,Д?н, ??рт –??мырс?а  жейді,досымыз.                                 Магнитті та?та?а  орманшыны? суреті ілінеді.                                                                                                                                            -   Б?гін бізге орманшы келіпті, ол ?зімен бірге орманнан ?демі а?аштарын ала келіпті.   Орманшы маманды?ын білесі? бе, сол туралы айтшы.А?аш   ?нады ма? Б?л  а?аш?а біз жыл ??стары мен отыры?шы  ??старды ?ондыратын боламыз.
-?ондырмас б?рын,б?гінгі ж?мысымызда  біздер ??стар  ж?не оларды? тіршілігі  туралы танысамыз, оларды ?ыстап ?алатын ж?не жыл ??старына ажырата білуге ?йренеміз.Жыл ??старыны? да, отыры?шы  ??старды? да  т?рлері ?те  к?п, сен  оларды есейе  келе білетін боласын.Сонды?тан   б?гінбіз  жыл ??старынан: ?ш  ??с, отыры?шы  ??стардан :?ш  ??сты?  т?рін білетін     боламыз.                                                                                                          ?з ?олымызбен  жола?  ?а?аздардан ?арлы?аш ??сын жасауды ?йренеміз

. ??стар -таби?атты? бір  б?лігі.Олар ?сімдіктерді зиянды  ж?ндіктерден ?ор?айды. ?аза?станда ??старды? 480 т?рі бар. ??стар ауада еркін ?ша алады. Оларды? кеудесіндегі б?лшы? еттері ?те к?шті болады. Ал с?йектері жі?ішке ?рі же?іл. Бір ?ызы?ы ??старды? ?аны ысты? болады.                                                                                     - ??старды жыл мезгілдеріні? ?згеруіне ?арай ?ыстап ?алатын ??стар, жыл ??стары болып    б?леміз.

-Жыл ??стары жайлы не айта аламыз?
- Жыл ??стары олар к?з т?сіп, к?н суыт?анда   жылы жа??а  ?шып кетеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: «??стар- бізді? досымыз» »

Сабақтың тақырыбы: «Құстар- біздің досымыз»


Мақсаты:

Білімділік: Құстар туралы түсінігін кеңейту.(қарлығаш,көкек,үкі,сауысқан,қарға,тоқылдақ) Дамытушылық: Өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Қарапайым ойлау қабілетін дамыту.Сөздік қорын молайту. Тәрбиелік:Құстарды аялауға, қорғауға ,әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу. Дидактикалық материалдар: Құстардың суреттері ,слайдтар. Көрнекі құралдар: Құстар жайлы қанатты сөздер, сөзжұмбақ, магнитті тақта,желім,ақ қағаз.

Сабақтың барысы:

1.Анасымен,баламен амандасу.Баланың көңіл-күйін,денсаулығын сұрау.

Қолын жуу,сабынды пайдалануын жәрдемдесу.Қол орамалды пайдалану.

Баланы психологиялық дайындау. Жұмыс үстеліне тақырыпқа байланысты керек құрал-жабдықтарды дайындау.

2.Тақырыпқа байланысты балаға жұмбақ шешкізу. а) Қазір мен жұмбақ айтамын , жұмбақтың шешуін тауып көр. Келіп көктем жаршысы , Бау- бақшада ән салды. Оларды жас достары, Ұя жасап қарсы алды.( Құстар)

б)Ұйымдастыру:

: Психологиялық жаттығу
- Бүркітке не жарасады? (Самғаған.) қолдарын жазып көрсетеді.
- Шегірткеге не жарасады? (секірген ) секіреді
- Ақ тауыққа не жарасады? (шоқыған ) алақаныны шоқып көрсетеді
- Ақылдыға не жарасады? (оқыған ) кітап оқып отырғанын көрсетеді в)-     Ендеше,  біздің бүгінгі ашық шұғылдану жұмысының тақырыбы :  «Құстар- біздің досымыз»  тақырыбы./Тақырып слайдтан көрсетіледі./ - қандай құстарды білесің? «Құстар – біздің досымыз» теңеуін қалай  түсінесің?/ слайдтан құстар сөзіне схема арқылы сипаттама беріледі/ -Тұмсығы ұзын , ұшады,жыл құсы, зиянкестерден қорғайды,Дән, құрт –құмырсқа жейді,досымыз. Магнитті тақтаға орманшының суреті ілінеді. -   Бүгін бізге орманшы келіпті, ол өзімен бірге орманнан әдемі ағаштарын ала келіпті.  Орманшы мамандығын білесің бе, сол туралы айтшы.Ағаш   ұнады ма? Бұл ағашқа біз жыл құстары мен отырықшы құстарды қондыратын боламыз.
-Қондырмас бұрын,бүгінгі жұмысымызда біздер құстар  және олардың тіршілігі  туралы танысамыз, оларды қыстап қалатын және жыл құстарына ажырата білуге үйренеміз.Жыл құстарының да, отырықшы құстардың да түрлері өте көп, сен оларды есейе келе білетін боласын.Сондықтан бүгінбіз жыл құстарынан: үш құс, отырықшы құстардан :үш құстың түрін білетін боламыз. Өз қолымызбен жолақ қағаздардан қарлығаш құсын жасауды үйренеміз

. Құстар -табиғаттың бір бөлігі.Олар өсімдіктерді зиянды жәндіктерден қорғайды.. Қазақстанда құстардың 480 түрі бар. Құстар ауада еркін ұша алады. Олардың кеудесіндегі бұлшық еттері өте күшті болады. Ал сүйектері жіңішке әрі жеңіл. Бір қызығы құстардың қаны ыстық болады. - Құстарды жыл мезгілдерінің өзгеруіне қарай қыстап қалатын құстар, жыл құстары болып    бөлеміз.

-Жыл құстары жайлы не айта аламыз?
- Жыл құстары олар күз түсіп, күн суытқанда жылы жаққа ұшып кетеді.

Олардың жылы жаққа кетуінің себебі – жемінің азаюы. Күн салқындап, құрт - құмырсқа тығылып қалады. Сол кезде құстар топтала ұшып, лек - легімен жылы жаққа кете бастайды. Ал көктемде қайта келу себебі, ол жақ ыстық болғандықтан жұмыртқалары шіріп кетеді.



Жыл құстарына : , көкек, қарлығаш, үкі т.б құстар жатады

3.Суретпен жұмыс

-Мысалы мына суреттегі қарлығаш туралы айтатын болсақ

Қарлығаш - ол кеш келіп, ерте қайтып кетеді. Себебі, ол шыбын - шіркеймен қоректенеді. Оларды ұшып келе жатып қағып жейді. Ал шыбын - шіркей қар ерісімен шыға қоймайды. Адамға үйірсек, сүйкімді. Өзге құстарға ұқсамайтын құлаққа жағымды үні бар. Ол бір жазда 1 миллион құрт жейді екен

Қарлығаш - киелі құс.Оның құйрығы айыр сол себепті оны басқа құстардан тез ажыратуға болады. Қарлығаш үй маңында ұя салады.



Көкек — өз атын өзі шақыратын, өте тамақсау құс. Өзі балапан басып шығармай, жұмыртқасын басқа бір құстың ұясына туып кетеді. Одан шыққан «өгей» балапандарын ұядан итеріп құлатып жібереді







Үкі – айналасындағы заттарға екі көзбен бірдей қарай алатын құс

Үкінің суреті көрсетіледі.









Ал, енді қыстап қалатын құстар жайлы айтатын болсақ ,қыстап қалатын құстар олар жылы жаққа ұшпайды.

- Олар қысы -жазы өз мекенінде тіршілік етеді. Оларға:, , сауысқан, тоқылдақ.қарға т.б
-



Секектеп бiр тұрмайды;

Өреден құрт ұрлайды.

(Сауысқан)

Құрт - құмырысқа жейді, етқоректі, аздап шөп қоректі.





Ағаш дәрігері»- деп аталатын қандай құсты білесің?

Тоқылдақ - орман құсы. Ол орманда өмір сүреді. Тоқылдақ ағаштарды құрттардан,шіруден сақтайды. Оны – орман дәрігері дейді.







Қарға- Салмағы 400 – 600 г-дай. Тұмсығының жоғарғы ұшы төмен қарай иілген. Тұмсығы қауырсынмен жабылған. Қарғалар қорек талғамайды, кейде құстардың жұмыртқаларын жарып, балапандарын да жейді. Отырықшы құс.   Қарға кемірушілер мен зиянды жәндіктерді жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді.



- Ал адамдар оларға қандай көмек көрсетеді?
/Құстарға қамқорлық жасау туралы слайд бойынша әңгімелеу, өлеңдер оқып беру./

-Адамдар оларға жемшашар жасап, оған нан қоқымын, жем шашып береді

Ағаштан жасалған құстың ұясын көрсете отырып,құстарға қамқорлық жасау керектігін түсіндіру.

-Енді, осы ағашқа қарлығаштан басқа құстарымызды қондырайық./Құстардың суреттерін алып, ағашқа қондыру/



Сергіту сәті: (5 минут)
Құстар болып ұшамыз. / Қанат жайып  ұшу/

Құстарға жем шашамыз / Саусақтармен жем себелеу/

Құстарға ұқсап жем жейміз / Бастарын жоғары –төмен көтеру /

Құстарға ұқсап су ішеміз / Басты шалқайта көтеру/

Құстар болып ұшамыз / Қолды жайып ұшу/

4.а)Жаңылтпаш жаттау. Қызметкер жатқа жаңылтпаш айтады. Бала оны қайталау керек. (5 минут)

Көк тырна

Көп тырна

Тыраулап тек

Көп тұрма

б «Ұшты-ұшты» ойыны (5 минут)

Қызметкер : шартын түсіндіреді. Шарты:. Қызметкер баланы жаңылыстыру үшін тез‑тез ұшатын және ұшпайтын заттарды араластыра айтып отырады. Шарт бойынша, тек ұшатын зат аталғанда ғана бала қолдарын көтеру керек. Ал егер бала ұшпайтын зат аталғанда қолын көтеріп қойса, айыбын тартып, не өлең айтып береді, не би билейді, не басқа бір өнер көрсетеді. Ойын осылай жалғаса береді. 

Ұшты, ұшты, ұшты — ұшақ ұшты! (ұшады)

Ұшты, ұшты, ұшты — кітап ұшты! (ұшпайды)
Ұшты, ұшты, ұшты — үкі ұшты! (ұшады)
Ұшты, ұшты, ұшты — түлкі ұшты! (үшпайды)
Ұшты, ұшты, ұшты — бүркіт ұшты! (ұшады)
Ұшты, ұшты, ұшты — орындық ұшты! (ұшпайды)
Ұшты, ұшты, ұшты — үйрек ұшты! (ұшады)
Ұшты, ұшты, ұшты — бүйрек ұшты! (үшпайды)
Ұшты, ұшты, ұшты — қарлығаш ұшты! (ұшады)
Ұшты, ұшты, ұшты — теледидар ұшты! (ұшпайды)
Ұшты, ұшты, ұшты — сауысқан ұшты (ұшады) Ұшты, ұшты, ұшты — сызғыш ұшты! (ұшпайды)



в) .Тыныс алу жаттығуы: Қағазды үрлету.(2 минут)


г. Құстарға байланысты жұмбақтар айтып шешу. Жұмбақтар слайдтан көрсетіледі. Құстардың дауыстарымен. (5 минут)

- Жұмбақтар шешу өнеріңді тексеріп көрейік.Жұмбақтарды жақсы шеше білсең саған арнаған сыйым бар. 1.Мысық құлақты,

Бүркіт тұяқты (үкі)

2.Қайталап атымды

Ән салып аламын

Кез-келген ұяға

Жұмыртқа саламын(көкек)

3.Тұмсығы қашау ,

Кәсібі ұя жасау,

Ағашты қорғап,

Зиянкестерді асау (Тоқылдақ)

4.Тал басында ағаш үй

Терезесіз тамаша үй,

Соны мекен етеді,

Қыста алысқа кетеді.(Торғай)

5.Биікке самғайды

Бірақ ізі қалмайды.(Бүркіт)

-Ой, жарайсың! Сен жұмбақтарды жақсы шешкенің үшін сыйлығымды қабыл ал. /Мадақтау/

д)Сөзжұмбақ шешкізу. «Құстар» тақырыбына арналған сөзжұмбақ слайдтан көрсетіледі. Бала дұрыс тапқан жауабын өзі жазып отырады.


1.Жылдың ең суық мезгілі?


2.Көктемде ұшып келеді

Жаздай ән салады

Бұл қандай құс?


3.Ұрлап ішіп үйде сүтті қоймайды

Өз құйрығын өзі қуып ойнайды.


4. Бұрап қойған сағаттай,

Айқайлайды таң атпай.


5. Бал жинайтын жәндік.


6. Жазда тұрып жоғары,

Күзде жерге қонады. 







5.Қорытынды. Дидактикалық тапсырма:( 10 минут)

-      Балалар, бізге Орманшы атамыз құр қол келмеді, сыйлық алып келді. Біз де оған өз өнерімізді көрсетіп , оған сыйлық әзірлейік

-Дайын тұрған тілше қағаздардан қарлығаштың бейнесін жасап,ағашқа қондырайық.

- Қарлығаштың құйрығы неге айыр?Неліктен айыр болып қалды?есіңде ме мен саған қандай ертегі айтып едім,қарлығаш туралы есіңде ме?

-Иә, есімде ол : « Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісі. Ол ертегіде жылан бесікте жатқан кішкетай баланы шақпақшы болады. Сол кезде қарлығаш бөгет жасайды да, жылан қарлығаштың құйрығын тістеп алады, содан бастап қарлығаштың құйрығы айыр болып қалады. -Иә, дұрыс айтасын . Қазір сол қарлығаштың қағаздардан бейнесін жасаймыз.Қарлығаштың бейнесін жасамас бұрын екеуміз қарлығаш туралы ән тыңдап, би билеп сергіту жаттығуын жасайық.

а)Сергіту жаттығуы.«Қос қарлығаш» әні бейнебаянымен экраннан көрсетіледі. Әуенге еріп, бала мен қызметкер жаттығуды қайталайды.



6.Практикалық жұмыс.



1.Қысқа қағаздан басын дайындап алу

2.Ұзын қара түсті қағаздан  денесін дайындау

3.Тамағына,кеудесіне ақ қағаз жапсыру

4.Тұмсығын, көзін бекіту

5.Қанатын бекіту

- Сағадат, айтшы ? Саған көктем мезгілі ұнай ма? Ендеше көктемнің белгісіндей болған бұл ағашқа қарлығашымызды қондырайық

Сабақты бекіту:

  1. Бүгінгі сабақ бойынша сұрақ-жауап

-      Біз қандай құстармен таныстық?

-      Құстар қандай екі топқа бөлінеді

Оқу құралдарды салғызу, жұмыс орнын жинату.
































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: «??стар- бізді? досымыз»

Автор: Баттакова Тенлик Турарбековна

Дата: 18.03.2015

Номер свидетельства: 188539


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства