Хайуанаттар ба?ына саяхат та?ырыбында?ы саба?. А?дар мен хайуанаттар арасында?ы байланыс пен айырмашылы? туралы, ?й жануарлары мен а?дар айырмасыСаба? барысында ж?пты? ж?мыс, с?йкестендіру, жасырынды с?здік. Саба? ?те тиімді ??растырыл?ан. О?ушыларды? лексикалы? сауаттылы?тарын арттыру ма?сатына ба?ыттал?ан ж?мыс.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
«Шаттық щеңбері» бір – біріне жақсы тілектерін айту.
Біздің елбасымыз Н.Ә.Назарбаев үнемі жастардың білім алуына көңіл аударады,жағдай жасайды. «Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады.»
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Піл» өлеңін жатқа сұрау. Бота сөзін тәуелдеуге бергем оқу.
«Зымыран» сұрақтары
Жануарлар неше топқа бөлінеді?
Қойдың төлі
Жылқының сүтінен қандай сусын дайындайды?
Ешкінің төлін ата
Үй жануарларын жазда қайда бағады?
«Не артық» үй жануарларының суреті (1 слайд)
ІІІ. Жаңа сабақ
Балалар, мен бір хат алдым. Сол хатты сендерге оқып бергім келіп тұр.
ХАТ
«Құрметті екінші сынып оқушылары!
Біз сендерді Шымкент қаласындағы хайуанаттар бағына шақырамыз. Мұнда көптеген қызықтар бар. »
Балалар хайуанаттар бағына бізді шақырып жатыр. Барамыз ба?
Балалар хайуанаттар бағына бармас бұрын аңдар туралы біліп алайық. Жануарлар екі топқа бөлінеді. Өздерің айтып кеткендей үй жануарлары мен жабайы жануарлар . Жабайы жануарлар кең далада, еркіндікте, тауларда, жазық далаларда , орманда өмір сүреді. Оларды ешкім баптап күтпейді. Өз жемтіктерін өздері тауып жейді.Балаларын өздері бағады. Олар жабайы аңдар. Оларды біз хайуанаттар бағынан көре аламыз. Хайуанаттар бағында оларға күтім жасайды. Арыстанның басы үлкен. Пілдің тұмсығы ұзын. Тиіннің құйрығы ұзын. (2 слайд)
Бұл Шымкент қаласындағы хайуанаттар бағы. (3 слайд)
Оған жету үшін қай көлікті таңдағанымыз дұрыс.
( түйе, жылқы ) ( машина, автобус ) (4 слайд)
Қай көлікке мінеміз?
Неліктен?
Автобуста бәрімізге орын жеткілікті.
Жүргізушінің тапсырмасы (5 слайд)
Автобусқа мініп жолға шығу үшін жүргізушінің мынадай тапсырмасын орындау керек.
«Жасырын сөздік» (6 слайд) (суреттің астында сөздік тұрады)
Тапсырманы орындай алдық, міне, билет алдық.Енді хайуанаттар бағына кірейік. Мұнда саяхатшы апай бізді хайуанаттар бағымен, аңдармен таныстырады. (9 слайд)
Саяхатшының тапсырмасы
«Сәйкестіндіру»
Қоян бал
Аю жапырақ
Тиін сәбіз
Керік жаңғақ
Диалог оқу немесе жұмбақ шешу.
Өзі айлакер, өзі қу,
Жүрген жері айқай да шу. (түлкі)
Өзі биік жануар,
Сарғыш – қоңыр дағы бар.
Аяғы төртеу, мойыны – ұзын,
Жаңылыспай танып ал. (Керік)
Тәтті көрсе, бас салар,
Айнымайды баладан.
Үп – үлкен боп жасқанар,
Кіп – кішкентай арадан (Аю)
Ал, енді хайуанаттар бағын аралайық . Мына жануарлар ақбөкен, киік, барыс, арқар, қарақұйрық саны азайып бара жатқан жануарлар. Саны азайған жануарларды, аңдарды Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізген. Қызыл түс қауіп – қатердің белгісі. (10 слайд)
Саяхатшының тапсырмасы
Бұл кітапқа мына аңдарды енгізіңдер. (бұғы, арқар, киік,барыс қарақұйрық суреттерін.) (11 слайд)