kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Сәулесімен санаңның жігерленсін талабың» тақырыбында сабақ жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өзін-өзі тану пәнінен «Сәулесімен санаңның жігерленсін талабың» тақырыбында 7 сыныпқа арналған сабақ жоспары.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Сәулесімен санаңның жігерленсін талабың» тақырыбында сабақ жоспары»

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Уақыты:

Сыныбы:

Тақырыбы: «Сәулесімен санаңның жігерленсін талабың»

Құндылық: Жан тыныштығы

Қасиеттер;сыпайылық,ашуланбау,тыныштықта отыра алу, шыдамдылық,тәртіп,зейінін тұрақтандыру,дұрыс дем алу, салмақты болу,эмоциясын бақылау,өзінді алдамау,жалқау, қызғаншақ болмау, қарапайым және сыпайы болу, терең ой, армандарын шектеу,өзіне деген сенім,позитивті ойлау;

Көрнекілігі: слайд,оқулық, дәптер.


Сабақ мақсаты:


1.Білімділік. Оқушыларды өз өміріне жауапкершілікпен қарай алуға, күш-жігерін ырықты түрде толық пайдалана алуға үйрету;

2.Дамытушылық. Оқушылардың ерік-жігерін, күш-қуатын саналы түрде арттыра алу дағдыларын дамыту;

3.Тәрбиелік.Оқушыларды табандылыққа, төзімділікке, жігерлілікке, қажырлылыққа, ерік-күштің мықтылығына тәрбиелеу.

Уақыты

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

- Сәлеметсіздер ме, оқушылар.

-Бүгін сіздерді көргеніме қуаныштымын.

- Бүгінгі сабаққа деген көңіл-күйлеріңіз қалай?

- Балалар,бүгінгі біздің сабақтың тақырыбы «Сәулесімен санаңның жігерленсін талабың»

Тыныштық сәтi.

Балалар, ыңғайланып еркін отырыңыздар. Көздеріңізді жұмсаңыздар да болады. Біз бәріміз табиғат аясына шықтық. Күзгі күннің шуағы да ерекше. Алыстан тау жоталары көрінеді. Жаз бойы жайқалған жасыл шөптердіңде реңі өзгергендей. Аққайыңның алтын түстес жапырақтары да көздің жауын алады. Ақ қалың терек арасында өскен көк-жасыл қарағайлар өз бейнесін айқындап ажарлана түскендей. Көк аспанға көз жіберсең қиқулап, үшбұрыш түзеп, жылы жаққа ұшып бара жатқан құстарды көресің. Табиғаттың осындай ғажаптарын көргенде ерекше сүйсінесің. Осындай сұлулық пен әдемілікке толы ортада бойыңа орташа шабыт, қуат алғаныңда сезінесің.Табиғат өзіңе ғана емес, барша тіршілік иесіне сый жасайтынын түсініп, ерекше қуанышқа бөленесің.

Енді көздеріңізді ашсаңыздар да болады.

  • Оқушылардан тыныштық сәтінен алған әсерлерімен бөлісу.

  • Көз алдымызға қандай бейнелер елестеді?

Деп оқушылардан сұрау.


  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Сіздерге үйге 18-20 беттердегі «Ерік-күшің мықты болсын» мәтінін оқуға берілген. Онда оқып келген болсақ сұрақтарға жауап берсек.

-Думанның ісі неге оңға баспады?

-Өздеріңнің де аталарыңнан ақыл сұраған кездерің болды ма?

- Өзіңе талап қою білушілік дегенді қалай түсіндіресіңдер?

-Әңгіменің мәні неде деп ойлайсыңдар?

1мин








2мин










5 мин

  1. Дәйек сөз.

«Әр адамда сенген ісін орындауға жетерлік күш-қайрат болады.» Нақыл сөздің мағынасын өз сөздеріңмен өрбітіп көріңдер. Деп оқушылар ойын тыңдау.Оқушылардың ойлары тыңдалған соң өз сөзім мен қорытындылау.

Санаңмен санасып, әбден ойланып жасаған іс оң нәтиже береді. Өз күшіне сенген адамның ерік-жігері мықты болады. Ынта мен ықтиярың келіскен жағдайда көп нәрсені үйренерсің. Тәуекелге бел байласаң, арманыңа жетерсің. Қайратыңа жігерің сай болса, еңбегің еш кетпейді.



3мин

  1. Әңгiме (сұхбат).

«Әдемі қыз»


Қаладан келген немересі Қайратты ертіп Әдемі әже жолға шықты.Әдемі әже мен Қайрат автобус аялдамасында көп тұрды. Автобус келмеді.

-Әже, ертең шықсақ қайтеді?-деді Қайрат.

-Қой, шырағым. Күнде ертең-еріншектің ісі.

Жылжи бергеніміз жөн. Күн ұясынан батпай барып қаламыз, - деп әжесі жүріп кетті.

Күн ыстық. Әжесі өзі терлеген Қайраттың маңдайынан сипап:

-Әзір-ақ жетіп қаламыз,-дей береді қайталап. «Осы әжем қызық, қызыметінен қалып бара жатқандай асығады.»,-деп ойлады. Қайрат ішінен.

-Әже, сіз қалай шаршамайсыз, шөлдемеген де сияқтысыз.

-Е, қарағым, мен қайдан шаршайын.Екі жігіт демеп келе жатқанда,-деді әжесі. Түсінбей қалған Қайрат жан-жағына қарады. Әжесі мұны сезе қойып:

-Қайратжан, мен демеп келе жатқан төзімділік пен табандылық. Бұл екеуі бойыңда болса, қиындықтан қорықпайсың.

Әңгіме бойынша сұрақтар:

-Әңгімеде берілген төзімділік пен табандылық туралы ұғымнан нені түсіндіңдер?

-Сендердің төзімділік пен табандылық танытқан кездерің болды ма? Естеріңе түсіріп айтып беріңдер.

10мин

  1. Шығармашылық жұмыс , топтық жұмыс.

А) Оқушыларға «Өзіңе сен!» деген тақырыпта шағын эссе жазғызу.

Ә) Оқушыларға күш-жігер туралы бейнеклип көрсету.

Б) Жағдаяттарды талдау;

Данияр соңғы кезде өзгеріп кеткен сияқты. Көп нәрсеге немқұрайды қарайды. Өткен апта да тарих сабағынан реферат жазып келу тапсырылған болатын. Даниярдың есіне ол тек келесі сабақ болатын күні ғана түсті. Асығып, тақырыпқа терең бойламай жалаң жаза салды. Көп ойланып, күш жұмсауға ерінді. Ізденуге ынтасы болмады. Содан болар, алған бағасы да төмен болды. Сыныптастары жақсы оқитын Даниярдың мұнысына таңқалды. Апайы да ренжіген сынай танытты. Тапсырылған істі қалай болса, солай орындай салуға болмайтынын түсінген Данияр ерік-күшін шындау үшін не істеу керектігін жоспарлады. Ол алдымен бойынан жалқаулық, немқұрайдылық, ұқыпсыздық сияқты жағымсыз қылықтарды қуып шығуды ойлады. Одан кейін не істеу керектігін білмей басы қатты.

-Жағдаятты талдауда оқушылар өз пікірлерін ортаға салады.

Жағдаят бойынша сұрақтар:

- Даниярға қандай ақыл қосуға болады?

- Ерік-жігерді қалай дамытуға болады деп ойлайсыңдар?

- Өздерің Даниярдың орнында болсаңдар не істер едіңдер?

В) Оқушы дәптерімен жұмыс:

Оқушы дәптерімен жұмыс.

5 мин

  1. Топпен ән айту.

Оқушылармен бірге хормен «Қазақ вальсі» әнін орындау.


5 мин

7.Үй тапсырмасы.

Үйден оқулықтағы 23-24 беттердегі «Тоғжан ауылында» Әңгімесін оқып келеміз.

1мин

8.Соңғы тыныштық сәтi

- Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Табиғаттың сұлулығы соншалықты, қараған сайын қарай бергің келеді. Ондағы сұлу да, нәзік гүлдерге, самғай ұшқан құстарға қызыға қараймыз. Сол сәтте Табиғат - анамыз естіп тұрғандай, бізді әртүрлі түстерімен әсем көрінетін кемпірқосаққа айналдырып, аспан аясына орналастырды. Қандай керемет! Биіктен сан түрлі түсті сәулелерімізге қуана қарап, мәз - мейрам болған балалар. Көктен қарағанда табиғат сұлулығы бұрынғысынан да құлпыра кеткендей! Осындай сұлулыққа шын тамсанған, қызыға қараған сезімімізден бойымыз сұлулық пен жылулыққа бөленгендей. Осы сұлулық пен жылылықты ұзақ сақтауға іштей уәде беріп, бұрынғы қалпымызға келейік.



0,5 мин





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Сәулесімен санаңның жігерленсін талабың» тақырыбында сабақ жоспары

Автор: Манатқызы Мақпал

Дата: 14.02.2017

Номер свидетельства: 391698


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Курсы ПК и ППК для учителей!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства