kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

С.Сейфуллин "А?са? киік"

Нажмите, чтобы узнать подробности

?дебиет    5-сынып

Саба?ты? та?ырыбы: С.Сейфуллинні? «А?са? киік» ?ле?і.

Ма?саты: А?ын шы?армашылы?ымен таныстыру ар?ылы эстетикалы? ж?не экологиялы? т?рбие беру.

Мазм?н?а байланысты міндеті: ?ле?ні? мазм?нын ме?гереді, ?азіргі экологиялы? м?селесімен байланыстырып талдайды, географиялы? т?р?ыдан т?сінеді ж?не ?дебиет теориясынан м?лімет алады.

СТО-?а байланысты міндеті: ?здері ме?герген теориялы? ??ымдарды саралай келе  о?ушылар ?з пайымдары  мен к?з?арастарын білдіреді; таби?атты ?ор?ау сезіміні? ?алыптасуына ?сер етеді.

Топты? ж?мыс т?ріне байланысты міндеті: о?ушылар топ ішінде ынтыма?тасты?пен ж?мыс істейді, бір-бірмен ой б?лісіп, берілген ?ле?ді талдап салыстырады, ж?мыс кезінде ойларын орта?а салып, жауап береді.

Саба?ты? ?дісі: ассоциация, кубизм, болжам жасау кестесі, с?ра?-жауап.

Саба?ты? т?рі: кіріктірілген саба?.

П?наралы? байланыс: география, музыка, бейнелеу ?нері.

Саба?ты? к?рнекілігі: а?ынны? портреті, ?аза?стан картасы, киік пен б?кенні? суреті, электронды к?й дискісі,

Саба?ты? барысы: ?йымдастыру кезе?і   (3 минут)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«С.Сейфуллин "А?са? киік"»

Әдебиет 5-сынып

Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңі.

Мақсаты: Ақын шығармашылығымен таныстыру арқылы эстетикалық және экологиялық тәрбие беру.

Мазмұнға байланысты міндеті: өлеңнің мазмұнын меңгереді, қазіргі экологиялық мәселесімен байланыстырып талдайды, географиялық тұрғыдан түсінеді және әдебиет теориясынан мәлімет алады.

СТО-ға байланысты міндеті: өздері меңгерген теориялық ұғымдарды саралай келе оқушылар өз пайымдары мен көзқарастарын білдіреді; табиғатты қорғау сезімінің қалыптасуына әсер етеді.

Топтық жұмыс түріне байланысты міндеті: оқушылар топ ішінде ынтымақтастықпен жұмыс істейді, бір-бірмен ой бөлісіп, берілген өлеңді талдап салыстырады, жұмыс кезінде ойларын ортаға салып, жауап береді.

Сабақтың әдісі: ассоциация, кубизм, болжам жасау кестесі, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ.

Пәнаралық байланыс: география, музыка, бейнелеу өнері.

Сабақтың көрнекілігі: ақынның портреті, Қазақстан картасы, киік пен бөкеннің суреті, электронды күй дискісі,

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)

  • амандасу, - түгендеу, - тәртібі,- тазалығы;

  • психологиялық ахуал, топқа бөлу;

  • топ басшыларын сайлау, бағалау парағын тарату;

Оқушылар үш топқа бөлінеді.

1. Қызыл түсті – үшбұрыштар тобы.(ақылды, қайратты, білімділер)

2. Ақ түсті – төрбұрыштар тобы. ( достық көмекке әзір, көпшіл)

3. Жасыл түсті – дөңгелектер тобы. (айналамен қарым-қатынасқа тез түсетіндер)

Қызығушылықты ояту (ассоцация) 5-минут

  • Оқушылар мен сендерге 4- сыныпта өткен бір өлеңді оқимын. Сендер мұқият тыңап өлеңнің авторын еске түсіріңдер

Үйден шығып балалар Жылы ескектің лебімен

«Жаз болды, міне!» десіп тұр. Дүние балқып иіп тұр.

Сағындырған жаз желі Сағындырған жаз әсері

Оңтүстіктен есіп тұр. Құшақтап беттен сүйіп тұр.

  • Сәкен Сейфуллиннің «Наурыз» өлеңі.

  • Өте дұрыс. Ендеше, Сәкен туралы не білеміз? Ой шақырайық.

ақын

драматург



Сәкен


сазгер

қоғам қайраткері

Репрессия құрбаны





  • Мына суреттегі қандай аң?

  • Киік.

  • Бүгін біз Сәкен ағамыздың осы бір сұлу аң туралы өлеңімен танысамыз.


Мағынаны ажырату (кубизм) 20 минут

  • Оқушылар бұл өлеңнің әні бар. Әнін де жазған Сәкен Сейфуллиннің өзі болатын. Осы өлеңді әнімен тыңдайық. Ән тыңдап отырғанда өлеңде кездесетін жер, аң, құс, шөп атауларын дәптерлеріңе жазып отырыңдар.

Дәптермен жұмыс

  • Бетпақ дала – елсіз мекен.

  • Киік – жабайы, түз жануары.

  • Ел жайлауы – мал жайылатын шұрайлы жер.

  • Баялыш – құмды жерде шығатын түсі боз, аласа бойлы өсімдік.

  • Қара жусан – аласа өсетін, бозғылт түсті, ащы дәмді, өткір иісті шөп.

  • Көкпек – жерге тарбиып шығатын, қатты өсімдік.

  • Бөкем – аша тұяқты қарақұйрық түстес аң.

  • Қына – ағаш пен тасқа қабыршық тәрізденіп жабыса өсетін, қабық тәрізді өсімдік.

  • Сегіз көштік – ұзындық өлшемі

  • Таңы – жануардың сұлу мүсіні

  • Қос – шатыр, күрке.

(Ән тыңдап болғаннан кейін)

  • Оқушылар өлеңде Бетпақдала туралы көп айтылады. Бірде киік, бірде бөкен деп суреттейді. Екеуінің қандай айырмашылығы бар? Бетпақдала туралы және сұрағымызға жауапты география пәні мұғалімі айтып береді.

  • Оқушылар, Бетпақдала- Сарырарқа деген үлкен аймақтың шөл даласы.Ең бірінші біз Сарыарқа деген қандай дала екенін айтып өтейік.

Сарыарқа батысында Торғай үстіртімен, шығысында Шар, Аягөз аңғарларымен шектеседі. Оңтүстігінде Тұран, солтүстігінде Батыс Сібір жазықтарымен көмкерілген (картадан көрсетеді). Бұл аймаққа Қазақстанның 5 ірі облысы орналасқан. Олар: Ақмола, Қостанай, Қарғанды, Петропавл, Павлодар. Қысы суық, жазы ыстық болады. Пайдалы қазбаларға өте бай. Басты өзендері – Есіл, Нұра, Сарысу. Табиғат зоналары шөл және шөлейт зоналарымен көзге түседі. Қуаңшылық жерлер көп болғандықтан, сор, сортаңды жерлерде өсетін көкпек, жусанның бірнеше түрі кездеседі. Себебі олар шөлді қоңыр топыраққа өседі. Шөлейт өрісті мал жайылымына өте қолайлы. Түз тағысы ақбөкенде кең даладан жай тапқан. Киік – аталық, бөкен – аналық жануар. Негізі мекені – Бетпақдала.Ол Сарыарқаның оңтүстігінде орналасқан. Елді мекенсіз шөл дала. Шөлге төзімді киіктер ғана мекендейді.

Мұғалім: географиялық тұрғыдан мағлұмат алсақ, енді әдеби тұрғыдан өлеңнің көркемдігіне назар аударып, талдау жасайық. Алдымен өлеңнің құрылысына назар аударайық:

Ар/қа/ның/ Бет/пақ/ де/ген/ да/ла/сы/ бар/, 11а

Бет/пақ/ шөл/, ой/лы/, қы/лы/ па/на/сы/ бар/. 11а

Сол/ шөл/де/ ел/ жоқ/, күн/ жоқ/, ө/сіп/-өн/ген/, 11а

Жән/дік/тің/ ки/ік/ де/ген/ ба/ла/сы/ бар/. 11а

Бұл ұйқас 11 буынды қара өлең ұйқасы деп аталады. Көркемдегіш тәсілден теңеу кездеседі.

Қап-қара екі көзі мөлдіреген, Елеңдеп жас балаша жалтаңдайды,

Әдемі екі танау желбіреген. Жел түрткен жусаннан да селдіреген.

Теңеу – зат пен құбылысты басқа нәрсемен салыстыру арқылы бейнелеу.

Топпен жұмыс. «Кубизм» әдісі бойынша талдау жасау. Құрманғазының «Ақсақ киік» күйі ойналып тұрады.

  1. Суреттеу. Тапсырма: Өлеңдегі табиғат суреттері. Жауабы: Өлеңде Сарыарқаның Бетпақ деген үлкен шөл даласы айтылады. Онда киік мекен етеді. Өйткені ол шөлді жақсы көреді. Онда елді-мекен, өзен-көлде болмайды. Өсімдіктен жусан өседі. Шағын бұталардың өзінде «қу баялыш» жапырақ болмайды...

  2. Салыстыру. Тапсырма: Киік пен жас баланы салыстыр. Жауабы: Өлеңде киік суреттеледі. Ақын оны жас балаға теңейді. Әрбір кішкентай бала сұлу болады. Бөкен бала сияқты сұлу. Қазақтың басқа малына қарағанда Бетпақты құлан, киік көп мекендейді.

  3. Зерттеу. Тапсырма: Өлең құрылысына талдау. Жауабы:

Авторы:С.Сейфуллин

Тақырыбы: табиғатқа жанашырлық

Жанр түрі: поэзия, өлең

Идеясы: табиғатты қорғау

Шумақ: 17 шумақ

Тармақ: 68 тармақ

Бунақ: 3 бунақтан 204 бунақ бар

Буын саны: 11 буыннан 748 буын бар

Ұйқас: қара өлең ұйқасы

Тәрбиелік мәні: Ана менен табиғат егіз ұғым, Қорғайтын сен, жас ұрпақ, соны ұғын!

  1. Байланыстыру. Тапсырма: Өлеңді бүгінгі өмірмен байланыстыр.Жауабы: Өлеңде көтерілген экологиялық мәселелерді ақын осыдан жарты ғасыр бұрын айтса да, әлі де шешуін таппай келеді. Өлеңдегі:

Азайды соңғы кезде байғұс бөкен,

Мүйізін пайда қылып шетке сатқан- деген өлең жолдарынан адамның зиянкестік іс-әрекетінен олардың қатары мүлде сиреді. Осы экологиялық мәселені өлеңнен көре отырып, табиғатты қорғауға шақырамыз.

  1. Саралау. Тапсырма: Өз ойыңды сарала. Жауабы: Өлеңдегі ақынның табиғатты суреттеуі, жанашырлығы ұнады. Басқа шығармаларға қарағанда бізге әсер еткені- адамдардың табиғатты қорғамауы, мергендердің аңды аяусыз атуы.

  2. Келісіңіз не қарсы шығыңыз. Тапсырма: Өлеңде келіспейтін жерлер бар ма? Жауабы: Ақын киіктің өлгені не өлмегені туралы бізге нақты мәлңмет айтпаған. Ақынның басқа ойымен келісеміз.

Сергіту сәті: «Қара жорға» биі. 2 минут.

Ой толғаныс (болжам жасау кестесі) 5 минут

Не болады деп ойлайсың?

Дәлеліңіз қандай?

Не болды?

Киік жапан далада қиналып келе жатқанда талып жығылады, әлсірейді.

Көп қан жоғалтты, шаршады.

  1. Осы кезде бір қасқар кездесіп жан қинамай жеп қояды.

  2. Мейірімді адам қорыққа апарып емдейді.


Сабақты қорытындылау: (2 минут)

Бүгінгі сабақты Қадыр Мырза Әлидің мына бір өлең жолдарымен аяқтағым келеді.

Аяймын мен анасыз, атасызды,

Аяймын мен құлынсыз, ботасызды,

Хайуантқа жасаған қиянатың-

Бауырыңа жасаған опасыздық.

Үйге тапсырма: (1 минут)

1. Өлеңнің ұнаған жерін мәнерлеп жатқа оқу.

2. Оқиға желісі бойынша сурет салу.

3. «Мергенге хат» жазу.

Бағалау: (2 минут)

Топ басшысының бағалау парағы

Оқушының аты -жөні

Қызығушылқты ояту

Мағынаны тану

Ой толғаныс

Қорытынды

баға

Мұғалім бағасы

1










2











3









4










«5» - 11-12 ұпай

«4» - 8-10 ұпай

«3» - 4-6 ұпай





Пән мұғалімі: Искакова Г.Б.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
С.Сейфуллин "А?са? киік"

Автор: Искакова Г?лжазира Бекболат?ызы

Дата: 01.02.2016

Номер свидетельства: 286345


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства