kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ріптеске т?лімгерлік ету ?дерісі туралы сараптамалы? есеп

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?лімгерлік – (mentoring) ?за? уа?ыт?а созылатын, т?лімгер мен т?лім алушы арасында сенімді, жеке т?л?а?а ба?ыттал?ан ?арым-?атынас ??ру ?дерісі. Ол т?лім алушыны? педагог ретінде ?алыптасуы ма?сатында ?зіні? білімін, ойлауын, т?жірибелік іс-амалдарыны? тиімділігін жетілдіруде айтарлы?тай ?ар?ын алуына к?мектеседі. /Ба?дарлама 91-бет/ 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ріптеске т?лімгерлік ету ?дерісі туралы сараптамалы? есеп »

Чалова Балкия Картаевна Мұғалім портфолиосы С есебі

№ 1 топ 2 деңгей

Семей қаласы 05.07.2013

Әріптеске тәлімгерлік ету үдерісі туралы сараптамалық есеп

Тәлімгерлік – (mentoring) ұзақ уақытқа созылатын, тәлімгер мен тәлім алушы арасында сенімді, жеке тұлғаға бағытталған қарым-қатынас құру үдерісі. Ол тәлім алушының педагог ретінде қалыптасуы мақсатында өзінің білімін, ойлауын, тәжірибелік іс-амалдарының тиімділігін жетілдіруде айтарлықтай қарқын алуына көмектеседі. /Бағдарлама 91-бет/

Мектептегі өткізген коучинг сабақтарымда белсенділігік танытып,білсем, үйренсем деген өзінің ынтасын танытқан жас маман Жұлдыз Серікқазықызымен кеңесе отырып, оны өзіме тәлім алушы болуға тарттым, өйткені ол жас болса да ізденімпаздығымен,білуге құштарлығымен көзге түсті. Омарханова Жұлдыз Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Миролюбовка орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі. Білімі жоғары Семей педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін 2012 жылы бітірді. Мектептегі жас ұстаздардың бірі, еңбек өтілімі –бір жыл. Мектепте жұмыс өтілімі мен тәжірибе аз болса да, Жұлдыз Серікказықызы оқыту мен оқудың жаңа бағытында тәлім алуға өзінің ынтасын қойды. Әріптестеріммен кеңесе отырып Жұлдызды тәлім алушы ретінде алуды ұйғардық. Тәлім алушы да менің әрекетіме қолдау көрсетіп, өзінің қолынан келген көмегін беруге талпынды. Жұлдыз да курсқа байланысты көптеген сұрақтар қойып, курсқа деген қызығушылығын, өзгеруге бейімдігін көрсетті.

Жұлдыз Серікқазықызын тәлімгерлікке алу мақсатым – өзімнің үйреніп, біліп келгенімді үйретсем және өз әдістемемді өзгертсем деп тұрған мұғалімге аянбай көмек беру ,тәлім алушыға оқыту тәжірибесінде туындаған мәселелерді бірге анықтап, оны шешудің тиімді жолдарын таңдап, оқу мен оқыту үдерісін оқушыға бағыттап, «оқушы үнінің» шығуына қолдау көрсету болды.

Ал міндетім –тәлім алушыны 7 модульді кіріктіре отырып сабақ жоспарын орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлауға үйретіп жетелеу.

Күтілетін нәтиже – Тәлім алушы бағдарлама мазмұнымен танысады,ашық,жабық сұрақтарды қоя біледі және тығырықтан шығу жолдарын болжай біледі,топтық,жұптық жұмыс түрлерімен,жаңа әдіс-тәсілдермен жұмыс жасап, кері байланыс жасауға үйренеді.


Тәлім алушы Жұлдыз екеуміздің ара қатынасымыз жылы, жағымды атмосферада болды. Өзіме жаңа серіктес көмекші таптым. Мен үйрете алсам деп, оның үйренсем,білсем екен деген ойымыз да бір жерден шықты.

Жұлдыздың дәстүрлі сабағында оқушыларды бақылап отырып,сабақ барысын ұйымдастыруын қадағаладым.Сабақ негізінен тақырыпты ашудан басталды.Тәлім алушы өзін жайлы сезінді деп ойлаймын,сыныптағы оқушылардың психологиялық ахуалын, олардың мазасыздануын көріп өзіме түртіп алдым, кейін тәлім алушыға қоятын Сіз оларды қалай тыныштандыра алар едіңіз? Сабақта немен қызықтырар едіңіз? деген ойымда сұрақтар туындады. Мұғалім әдеттегідей сабақтың тақырыбын өзі айтып түсіндірді, оны бір оқушы ұқты, бірі түсінбеді.Сергіту сәті де орындалмады. Сабақта жалығып, өз бетімен отырған оқушылар болды. Әрі сабаққа жоспарланған жазба тапсырмалары көп, сабақта бәрін үлгеру мүмкіндігі болмады,саны бар сапасы жоқ, әйтеуір жоспарладым,бәрін үлгеруім керек деген біржақтылықты байқадым. Сыныпта басқа ұлттың балалары барлығы ескерілді.Сөздік сөздермен жұмыс жүргізілді.Сыныптағы он оқушының төртеуі ғана бағаланды,тақтаға шығып тапсырмаларды орындаған оқушылар ғана бағаланып,ал орындарында жауаптарын толықтырған балалардың жауабы мен жазба жұмысы бағаланбады.Тәлім алушыға қалыптастырушы және жиынтық бағалауды үйретуім керек деп өзіме түйдім..

Бірінші сабағы аяқталған соң тәлім алушы екеуміз отырып өткен сабақты талқылап, әңгімелестік. Тәлім алушынының іс-әрекетін,тәжірибесін өзгерту үшін не істеу керектігін анықтау мақсатында оның алдынан туған мәселелерді анықтауға тырыстым. Сабақта ненің сәтті ,ненің сәтсіз өткен жақтарын айта келіп мынадай ұсыныстар енгіздім:Сыныптың ахуалына көңіл бөлу, сергіту сәтін өткізу,топтық жұмысты ұйымдастыру,оқушы үнінің басым болуын ескеру, қалыптастырушы және жиынтық бағалауды, кері байланысты енгізу керек екені туралы айтып,бағыт-бағдар түсініктемелер бердім. Тәлім алушымен бірігіп жоспар құрып, ақылдаса отырып,сегізінші сыныпта қазақ тілі сабағын өткізуді ұйғардық. Жұлдызға жаңа сабақ жоспарын құрғанда ұсыныстар беріп, туындаған сұрақтарды шешіп алдық.Сыныпты топқа бөлу үлгісімен, топ ережесін, топ мүшелерінің рөлімен танысты. Жаңа материалды игеруде Джигсо әдісі, Синквей, INSERTәдісі, ББҮ тәсілі, постер қорғау, АКТ-ны тиімді қолдануға болатыны туралы бағыт-бағдар бердім.

Сабақ жоспарының орта мерзімді, қысқа мерзімді түрлерімен танысып , өз сабақ жоспарына енгізуге талпынды.

Тәлім алушы жаңа модулді өз тәжірбиесіне енгізуге тырысты. Мен үшін қандай шешім маңызды? дей отыра тәлім алушыға сабақ кезендерін қалай дұрыс құруға,сабақтың мақсатын тиімді дұрыс қоя білуге,сабақты жоспарлау кезінде нұсқаулар, бағыт-бағдар берілді. Тәлім алушының «Табиғат анамыз» атты екінші сабағында оқушыларды бақылап отырып, сабақтың барысын ұйымдастыра білуін қадағаладым. Сабақта сергіту сәті де жақсы орындалды,оқушыларды топқа бөліп, топ мүшелерінің рөлдерін анықтап, топ ережесі құрылды, оны сабақта үнемі қолдану керек екенін де айта кетті. Сабақ барысында тәлім алушы оқушылармен бірлесе отырып, бағалау критерийлерін жасады оны интерактивті тақтаға көрінетіндей етіп жазып қойды.Мынадай бағалау критерийлері болды: топтық,жұптық жұмыста белсенділік көрсету,ойын толық жеткізу,тіл сауаттылығы,топ ережесін сақтау. Бағалаушы осы критерийлер бойынша оқушыларды сабақ барысында бағалады.

Мұғалімнің топқа «Туған жерлеріңді сипаттап беріңдерші?» деген сұрағына бұрын сабақта белсенділік таныта бермейтін Бабаханов Руслан өз ойын айтып, топтық жұмыста жақсы бір қырынан көрінді.

Мұғалім жаңа сабақтың мәтінін Джигсо тәсілі бойынша бөліп алу тәсілін ұсынды. Топтағы оқушылар өзара келісе отырып мәтінді бөліп алғаннан кейін тапсырманы орындауға кірісті.Топта оқып болған соң әр бөлімді оқыған оқушы өз тобында ойын басқаларға жеткізуге тырысты, басқалары түсінбеген жері болса сұрақ қойды,өзара талдап тақырыптың мазмұнын ашуға талпынды.Топ баяндамашылары басқа топпен алмасып ,сол топқа өз ойларын түсіндіруге тырысты. Софияға «Сен тұратын жердің табиғаты қандай?»деп ашық сұрақ қою арқылы оның ойлау қабілетін дамытуға итермеледі.Ол өзінің Алтай тауының бөктерінде тұратынын және өз ауылының табиғатын суреттеуге әрекеттенгенін байқадым. Сынып орыс тілді болғандықтан балалар сабақта сөздік сөздердің көмегімен мәтіннің мазмұнын аз да болса түсінуге ұмтылғандарын байқадым. Топта шуыл болып,сабаққа кедергі жасады.

Шағын топтарда оқушылар .“Табиғат- анамыз “ деген тақырыпты ашу кезінде өзара жұптаса жұмыс істеп,пікір алмасты,ой қозғады.

Сабақта экология- табиғатты қорғау туралы мәселе қозғалды, оның алдын алу жолдарын айта кетті. Топтағы оқушылар жұмысты түрлендіріп ,өз ойларын айтуға талпынды. Ал бақылаушы жұмыстың өтілу барысын бақылап отырды. Оқушылар өзін-өзі және өзгені бағалау арқылы сабақ үдерісін жаңартты. Топтық жұмыстың жаңа тәсілі постер салуда баланың белсенділігі мен қызығушылығы артты, сын тұрғысынан ойлау қабілеті жетілді. Тапсырманы орындау барысында оқушыларды бақылап, олардың жұмыс істеу дағдыларын анықтадым. Сыныпта кейбір оқушылар өз ойларын жеткізе білді, слайд жасады, қосымша деректерді тауып сабақ барысында қолдана білді. Үлгерімі төмен оқушыларға қосымша жеңілдетілген тапсырмалар берілді. Сабақта өз ойларын постерге салғанда белсенділік көрсеткен оқушылар да болды. Топтағы хатшы мен баяндамашы салған постерлерін қорғады. Мұғалім Мейірханға : Табиғатты қорғау проблемасы өзекті мәселе деп ойлайсын ба? Неліктен? деген ашық сұрақ қойылды. Бұл сұраққа оқушы өз ойын еркін жеткізуге тырысты. Ой қорытылып, кері байланыс жасалды

Менің ойымша тәлім алушы менің тәжірбиемнен сабақ берудін көптеген әдіс-тәсілдерін үйренді, оны қолдануға талпыныс жасады.Сабақты ұйымдастырудан бастап сабақты өткізу барысында өзінің үйренгенін оқушылармен бөлісіп, нәтижеге жетуге тырысты. Сабақты ұйымдастыру кезінде тәлім алушы мен оқушылар арасындағы атмосфера жайлы болды. Сергіту сәті мен рөлдерге бөлу кезінде оқушылардың психологиялық ахуалы ескерілді. Шағын топта жұмыс істеген кезде оқушылардың белсенділігі байқалды. Алдағы уақытта Жұлдызға сабағын жоспарлау кезінде оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін жетілдіру мақсатында тапсырмаларды ойластырсаң деген ұсыныстар айттым. Дәстүрлі сабақта барлық ұйымдастыруды мұғалім өткізсе, ал жаңа сабақ үдерісінде оқушы өздігінен сабақ алуға талпынды. Оқушының ойын ашық айтып жеткізуіне аз да болса мүмкіндік берілді.

Сабақта бірлескен оқу қамтамасыз етілді, жұптық жұмыста диалогтық оқыту ұйымдастырылды. Орыс сыныбы болғандықтан түсіндірме-сөздік сөздерге мән берілді, сөздік сөздерді бірнеше рет қайталады, жазып алды. Аударма жұмыстарын жасай отырып тілдік кедергілерін жоюға талпынды. Оқушылардың сөздік қорын толықтырылды. Топтағы оқушылар өз ойларын ортаға салып, әңгімелесе отырып, серуендеу кезінде адамдардын табиғатты ластауына байланысты және олардың алдын алу жолдарын көрсетіп ,талдап ойларын қорытуға тырысты. Сабақ соңында кері байланыс жасалды. Оқушылар стикерге сабақтың өту туралы өз ойларын жазды.

Кері байланыста оқушылар сабақ қалай өтті, өзіңе не алдың, алдағы уақытта не күтесің деген сұрақтар төңірегінде өз ойлары мен пікірлерін жазды:

*Мейірхан:Табиғатты қорғау әр адамның міндеті,парызы екенін білдік Кері байланыс жасадық.Бір-бірімізді, өзімізді бағаладық.Сабақ жақсы өтті.

*Жадыра:Табиғат біздің екінші анамыз! Топтық жұмыста өзімізді еркін ұстадық.Интерактивті тақтамен жұмыс жасадық,сурет салдық. Сабақ маған ұнады

Тәлім алушы да оқу мен оқыту үдерісін жаңаша тиімді ұйымдастырып, педагогикалық тың идеялардың әдіс-тәсілдерін игеріп, сана мен сезімнің, білім мен тәрбиенің дамуына үлес қосса, келешек ұрпақ та жаңа тұлға болып қалыптасады.

Тәлім алушы менен не үйренді? Ең алдымен жеті модуль бойынша 3 коучинг сабағыма қатысып, қысқаша теориялық мағлұмат алды. Менің сабақтарыма қатысты, өзіне керегін түртіп алды. Топтық жұмыста оқушыларды ұйымдастыра білді. Сабақта сәтсіз, кедергі болған жерлері де болды. Сыныптағы орыс тілді оқушылардың өз ойын қорытқанда тілдік кедергілер болды.Тіл байлығы мен ой жеткізудегі кемшіліктерді жою және жаңа сөздерді естерінде жақсы сақтау үшін сөз тіркесін,жай сөйлем құрау кезінде түсіндірме сөздіктерді және сөзтіркестерін қолданып кездескен қиындықтарды оқушымен бірлесе шешуге бағыт-бағдар берілді.Топтағы шуылдың оқушыларға кедергі болғаны айтылды,оның алдын алу үшін ролдердің нақты бөлінуіне көңіл аудару.Тәлім алушы оқушылардың жауабын аяғына дейін күтпей шыдамсыздық танытып,өзі сөйлеп кетіп отырды. Оқушылардан сауалнама алынып, кері байланыс жасалды, өзін және өзгені бағалау болды, АКТ-ны тиімді қолданды. Осы уақытқа дейін сабақ жоспарлау кезінде , сабақтың мақсатын өзіне арнап келсе, ендігі сабағының мақсаттарында оқушылар өздері сабақта білім алып, қорытып бағалап, кері байланыс жасау керегін түсінгенін көрдім. Сабақтың мақсаттары оқушының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қойылатынын үйренді. Әр сабақты жоспарлағанда терең ойлап,оқушы мүмкіндігін ескеріп,бағалау түрлерін енгізуді ескеру керегін білді..

Тәлімгерлік- тәлім алушының педагог ретінде қалыптасуы мақсатында өзінің білімін,ойлауын, тәжірибелік іс-амалдарының тиімділігін жетілдіруде айтарлықтай қарқын алуына көмектеседі.Тәлімгерлік ету барысында тәлімгер өзінің білімімен, тәжірибесімен бөліседі,ал тәлім алушы еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып,проблемаларды шешу жолдарын іздейді.(Мұғалімге арналған нұсқаулық 80- бет)

Егер тәлімгерлік ету мүмкіндігі туатын болса, тәлім алушыммен бірлесе орта мерзімді жоспар құрып үйретер едім. Теориялық біліміне көңіл бөліп, оны тәжірибесінде қолдануға бағыт-бағдар беріп қолдаймын. Тәлім алушыға сабағын жоспарлауға, мақсатты дұрыс қоюға, сабағын талдауға,оқушылардың ойын ұштау үшін тапсырмаларды күрделендіре отырып, кері байланыс жасауға үйретемін.

Тәлімгерлік ете отыра мен өзім не үйрендім?

Тәлімгерлік кезінде мен де өз білімімнің жетілгенін көрдім.Жоғары және төменгі сұрақтар қойып, бағалауды үйрендім.Тәлімгерлік ете отырып әріптесімді Бағдарламаның жеті модулімен таныстырдым, бұл өзімнің кәсіби дамуыма да әсер етті. Болашақта мектепте мұғалімдер қоғамдастығын құрып, тәлімгерліктің маңыздылығын түсіндіремін, тәлімгерлік жұмысын жүйелі жүргізу үшін орта мерзімді жоспар құрып, мектептегі оқыту мен оқу үдерісінің жақсартуына әсер етемін. Тәлімгер болып өзімнің көзқарасымның өзгеруіме байланысты әріптестерімнің өзгеруіне де үлес қосамын. Болашақта тәлімгерлік жұмыстарымда Бағдарламаның 7 модулін кіріктіре отырып, әріптестерімнің кәсіби дамуы мен тәжірибелерінде жетілдіруге байланысты жұмыстар жүргізіп бақылаймын. Жас ұстаздар қауымы білім саласындағы жаңалыққа тез бейімделіп, оған жауапкершілікпен қарап үйренсе ,осы жоба ары қарай жалғасын тауып, өрісін кеңейтентініне, сол бастаманың өркендеуіне өз үлесін қосатынына сенемін.





Тәлім алушы Омарханова Жұлдыз Серікқазықызының есебі

Менің кәсіби деңгейімді жетілдіру және қолдау көрсету мақсатында әріптесім Балкия Картаевна өзінің мектептегі тәжірибе кезеңінде менімен тәлімгерлік ретінде жұмыс істеді. Осы кезеңде мен тәлімгеріммен бірлесе жұмыс жасау нәтижесінде өз тәжірибемдегі жетіспеген әдіс – тәсілдерді үйрендім, сабақ жоспарларын құруда бағыт-бағдар берді. Сабақ барысында топтық жұмыс, жұптық жұмыс түрлерін ұйымдастыруға кеңес берді. Балкия Картаевнаның сабақтарына қатыса отырып, оқушыларды жұмысқа жұмылдыруда Джигсо тәсілі, ИНСЕРТ тәсілі, Бес жолды өлең, сергіту сәті және кері байланыс туралы көп нәрсені біліп,үйренгендей болдым.

Мен тәлімгермен бірге 8 сыныпта қазақ тілінен «Табиғат анамыз» сабағын жоспарлап өткіздім.Сабақта сергіту сәтін өткіздім. Сабақта балаларды шарлардың түстеріне байланысты топтарға бөліп, топ мүшелерінің рөлдерін анықтап бердім.Бірлесе отырып топ ережесін құрдық.Тәлімгерімнің үйретуі бойынша бағалау критерийлерін балалармен құрдық. Балалар өздері келешекте бағалау критерийлерін жасап үйренеді деп ойлаймын Сабақта оқушыларға өз ойларын айтуға икемдей отыра, ойлау деңгейлерін дамытып,тіл байлықтарын жетілдіруге тырыстым.Тәлімгеріммен кеңесе отырып, алдыңғы сабақта жақсы оқитын оқушылар белсенділік көрсеткендіктен, келесі сабағымда оқушыларды түгел қамту үшін тапсырмаларды қосымша жоспарлап әкелдім.Сыныпта орыс тілді оқушылар болғандықтан түсіндірме сөздіктерді қолдана отырып,сөздік сөздердің көмегімен тақырыптың мазмұнын ашуға жұмылдырдым.Топтық жұмыс арқылы «Табиғат анамыз» тақырыбы бойынша өз ойларын постерлерге түсіріп, баяндамашылар қорғады. Сабақ барысында мен оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға талпындырдым.Сабақ соңында балалардың бүгінгі сабақ туралы ойларын білу үшін және болашақта нені білсем , үйренсем деген ,әрі тиімді кері байланыс жасау үшін балалардан сауалнама алдым және стикерге сабақтың өтілуі туралы өз ойларын жазуды ұсындым

Сабақта оқушылар қиындықтарды жеңуде өзара бір-біріне қол ұшын беріп көмектесуге ұмтылыс жасады, балаларға топтық жұмыстың ұнағанын да көрдім. Жұптық жұмыс кезінде екі оқушының әңгімелесуі арқылы өз ойларын қорытып , айтуға тырысқандарын байқадым.Оқушылардың топтық жұмыстағы белсенділік танытып,қызығушылықтарының артқанын байқадым .Өзгені бағалау мен өзін-өзі бағалауда да аздап қиналғандарын көрдім.

Тәлімгерлік кезінде оқушыларыммен жұмыс істеу барысында олардың қызығушылықтарын арттырып , бір- біріне деген сенім, шынайылық,адалдық ,белсенділік және қол ұшын беріп көмектесуді іске асыру арқылы топтық жұмыста диалогтіқ оқытуды тиімді қолдана білдім деп ойлаймын..

Мен үшін маңыздысы өзім осы уақытқа дейін сабақ жоспарлау кезінде , сабақтың мақсатын өзіме арнасам, енді сабақтың мақсатында оқушылар өздері сабақ барысында білім алып, қорытып бағалап, кері байланыс жасау керегін түсіндім. Тәлімгердің көмегімен сабақтың мақсаттары оқушының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қойылатынын үйрендім. Осы тәлімгерімнің нұсқауымен жасаған сабақ жоспарларымды іс жүзіне асыра отырып, аз да болса кәсіби және тәжірибелік үдеріс болды деп ойлаймын . Өйткені мен енді өзімнің тәжірибемдегі қолданып жүрген барлық жаңа әдіс – тәсілдерімді жаңа форматқа өзгертуім керек екенін түсіндім , оқушылармен тиімді кері байланыс жүргізе отырып,келесі сабаққа даярланғанда осы ұсыныстарды ескеру керектігін білдім.Әр сабақты жоспарлағанда терең ойлап,оқушы мүмкіндігін ескеріп,бағалау түрлерін енгізу керек.

Тәлімгерім Балкия Картаевнамен арамыздағы байланыс сенімді ,серіктестік сипатта болды . Тәлімгермен ынтымақтаса жұмыс жасай отыра мен тәлім алушы ретінде бірлесіп жұмыс істеу арқылы Балкия Картаевнаның тәжірибесіне сүйене отырып , өз жұмысымда да өзгерістер болғанын көрдім. Тәжірибелік кезең қысқа болды. Болашақта келесі оқу жылында тәлімгеріммен бірлесіп жұмыс істеп, өзімнің кәсіби өсуіме , тәжірибемді шыңдауға деген ұмтылыс пен қызығыушылық та бар. Балкия Картаевнаға алғысымды білдіре отырып , осы біліктілікті арттырудың Екінші деңгей Бағдарламасы бойынша курсты сәтті аяқтап , Қазақстандағы білім беру жүйесінде өзгеріс енгізіп , өз үлесін қосатын шығармашыл , ізденімпаз , жаңашыл ұстаз болуына тілек білдіремін .




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?ріптеске т?лімгерлік ету ?дерісі туралы сараптамалы? есеп

Автор: Чалова Балкия Картаевна

Дата: 01.03.2015

Номер свидетельства: 180767


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства