Пәннің аты | Уақыты: 07.10.15 | Кабинет: | Мұғалім: Т. Курбангалиева |
Сабақтың атауы | И. Крылов. Шегiртке мен құмырсқа |
Мақсаты Күтілетін нәтиже | Мақсаты мен міндеттер: мысалды,мәтінді оқу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу, 1.Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру; 2.Дамытушылық: мысалды,мәтінді талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту; 3.Тәрбиелік: ізгілікті-елжанды дара тұлға төрбиелеу; кәсіпкерлікке тәрбиелеу. Сабақ түрі : жаңа тақырыпты таныстыру сабағы Көрнекіліктер: күз суреттері, шегірке мен құмырсқа, қасқыр суреттері. Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау, сипаттау |
Психологиялық ахуал | Психологиялық дайындық Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. | Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
Қызығушылықты ояту | Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру: Суретте қандай жәндіктерді көріп тұрмыз? Оларды сипатта. Бүгін Абайдың «Шегірке мен құмырсқа» И. Крыловтан аударылған мысалымен танысамыз. Мысал деген не? Кәне еске түсірейік. Абай туралы не білесіңдер? Абай Құнанбаев (1845-1904) қазақтың ұлы ақыны , аудармашы Оқулық бойынша жұмыс 65-66 бет «Шегірке мен құмырсқа», 67-69 бет үлгі оқу (мұғалімнің оқуы) -тізбек бойынша оқу тұтас оқу мысалда, мәтінде не туралы айтылған? мысалдағы жасыл түспен ерекшеленген сөздерді оқы, олар неге қатысты айтылған? Неге олар жасыл түсті? Жасыл түспен боялған сөздерді екі топқа бөл: 1) жаз мезгіліндегі шегіртке 2) қыс мезгіліндегі шегіртке. рөлге бөліп оқу |
Сергіту сәті | Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке? | Ой сергітеді,шашағандары басылады |
Ой толғаныс Күтілетін нәтиеже | Жаңа білімді бекіту: Мәтінге сүйеніп салыстыра сипатта Еңбекқор шаруашыл сауықшыл еріншек ұйымшыл жалқау ертеңін ойламайды Жалқаулық пен еріншектіктің айырмашылығын ажырата біледі Өмірде жалқау болмай еңбексүйгіштікке ұмтылады. |
Үйге тапсырма | Ертегінің мазмұнын айту | Күнделіктеріне жазып беремін |
Бағалау | Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау | Бағалау парақшасын толтырады. |
Кері байланыс | | Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |