Пәні: қазақ тілі | Мектеп: №29 |
| |
Сынып: 5 «А,Б» | Күні: 19.04.2017 |
Сабақ тақырыбы: | "Дружные ребята" газетін аламын |
Білімділік: | Қарапайым тілдік құрылымдар мен мәтіндер негізінде өзі оқитын газет, журналдар туралы өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Түбірлес сөздерді меңгерту. |
Дамытушылық: | Тақырып аясында қысқа мәтіндер негізінде жұмыс істеу арқылы ойлауға, ізденуге жетелеу. |
Тәрбиелік: | Қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы рухани-мәдени тәрбие беру. |
Сілтеме: | Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы |
Жетістік критерийлері: | Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): өзі оқитын газет, журналдар жөнінде айтады, сипаттап таныстыра алады. Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): газет, журналдарды қарапайым сөйлемдер арқылы сипаттай алады. Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): тақырып аясында сыныптас- тарымен газет, журналдар жайлы тілдесе алады, қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы сұхбаттасады. |
Негізгі түсініктер: | Газет-журнал, жылдың, айдары, дана, басылып шығады, оқырман, мектептегі жаңалыңтар, оқушылар шығармашылығы. |
Сабақта қолданылатын материалдар: | Интерактивті таңта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, парақшалар, желім қағаздар, смайликтер. |
Оқыту әдістері: | Сипаттау, түсіндіру, талдау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, «Көңіл-күйді аныңтау» тренингі, «Ой шақыру» әдісі, ассоциаграмма, топтың жұмыс, «Сөйлем құра» ойыны, «Баспалдақ» әдісі, сергіту жаттығуы. |
Дереккөздері: | Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік. |
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі | 1.1.Оқушылармен амандасу 1.2.Кезекшінің мәліметі |
ІІ. Өткенді қайталау. | Тіл дамыту 1.Мақал – мәтел 2.Уақытты айт 3.Морфология. Сөз құрамы және сөз таптары. 4. «Айгөлек» журалы туралы диалог |
III. Жаңа тақырыпты меңгерту: | Сөздікпен жұмыс. Тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен Газет-журнал, жылдың, айдары, дана, басылып шығады оқырман, мектептегі жаңалыңтар, оқушылар шығармашылығы.? |
ІІ. Мағынаны тану 2.1. Айтылым. Жазылым. | 1-тапсырма. Сөйлемдерді суреттермен сәйкестендір. Менің әкем «Егемен Қазақстан» газетіне жартыжылға жазылды. Аня газет- журнал сататын дүкенге барды. Мен «Дружные ребята» газетін ұнатып оқимын. Менің ағам баспада жұмыс істейді. Кеше қалада газет-журналдар көрмесі болды. 2-тапсырма. Сызбадағы сөздерді қолданып. Сөйлем құрастырып жаз. |
2.2. Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, дұрыс оқуға машықтанады. | 72 бет, 4-тапсырма. Мәтінді оқы, орыс тілінде берілген сөздерді аударып жаз. Республикалық «Дружные ребята» газетінен хат. Құрметті дос! «Дружные ребята» газетіннің баспасы оқырмандарға сыйлық жасауды шешті. Ғаламторда біздің оқырмандарымызға арналған «Дружные ребята.kz» беті ашылмақшы. Осы жылы «Дружкам» 78 жыл толады. Ең алғашқы газет «Пионер Казахстана» деп аталған. Қазір біздің газетімізде мектеп жаңалықтары көп беріледі. Осыған байланысты газетіміздің бетінен көптеген қызықты мақалалар табуға болады. Бірақ газеттің қызықты, тартымды болуы екеумізде ғана байланысты. Сендерге тек жақсы бағалар, спортта жеңістер және шығармашылық шыңға жетуді тілеймін! Ал біздің газетіміздің ұраны «Дружные» хотят с т тобой дружить!!!» болып қала береді. Біздің газетіміздің тұрақты оқырмандары болыңыздар! «Дружные ребята» газетіннің бас редакторы А.Акбаров |
Жазылым.Айтылым. Оқулықтағы 4,5,7,8 -тапсырманы орындау. Сөздерді буынға бөліп жаз. Буын түрін анықта. | 5-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бер. Сөйлемдер ретін анықта |
ІV. Сабақты қорытындылау. - Бүгін сабақта не істедік? -Қандай жаңа сөздер үйрендік? -Қандай тақырыпта мәтін оқыдық? -Мәтінде не туралы айтылған | 70 бет, 8-тапсырма. Диалогті толықтырыңдар. Бағалау: 5-жасыл түсті гүл 4-күлгін түсті гүл 3-сары түсті гүл |
V.Үйге тапсырма беру: | 70бет. Жаттайық! |