kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Разработка открытого занятия по дисциплине "Изыскание и проектирование автомобильных дорог и аэродромов"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Разработка открытого занятия по спецдисциплинам для колледжа

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Разработка открытого занятия по дисциплине "Изыскание и проектирование автомобильных дорог и аэродромов"»

Ашық сабақты өткізу жоспары

Өткізілу күні: 20.11.2019 ж


Өткізілу орны және уақыты: 36 кабинет


Тобы: 3СД-217


Пән: Автомобиль жолдары мен аэродромдарды іздестіру және жобалау


Тақырыбы: Жол киімі


Мақсаты: «Автомобиль жолдары мен аэродромдарды іздестіру және жобалау» пәнінен білімді жалпылау және бекіту

Білімділік:

  • өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру;

  • автомобиль жолы мен жол жоспары туралы түсініктерін қалыптастыру;

  • сабақта алған білімдері мен икемділіктерін бекіту.

Дамытушылық:

  • студенттердің танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;

  • студентке өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;

  • студенттің танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;

  • өз ойын жүйелі айта білуін дамыту.

Тәрбиелік:

  • пәнді үйренуге қызығушылығын және қатынасын тәрбиелеу;

  • берілген тақырыпты үйренуге шығармашылықпен келуін, шығармашылық қабілетін дамыту;

  • ынтымақтастыққа, бірлікке тәрбиелеу;

  • студенттерге таңдап алған мамандықтары үшін мақтаныш сезімдерін ендіру.


Педагогикалық технологиялар:

Сабақтың түрі: жалпылау және жаңа білімді игеру.

Оқыту әдісі: Түсіндірме - иллюстрациялық, ақпаратты-дамытушылық.

Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, презентация, бейнематериал, оқулықтар: Г.А. Федотов, П.И. Поспелов «Автомобиль жолдары мен аэродромдарды іздеу және жобалау», В.Н. Бойков «Автомобиль жолдарын автоматты жобалау», үлестірме материалдар.

Пәнаралық байланыс: «Геодезия», «Автомобиль жолдары мен аэродромдарды салу».









Сабақты өткізу жоспары

  1. Ұйымдастыру бөлімі - 2 мин;

  2. Тренинг №1. Студенттердің көңіл күйін тексеру - 3 мин;

3. Өткен тақырып бойынша студенттердің білімдерін тексеру:

Сұрақ –жауап - 5 мин;

Есептерді шығару бойынша жеке тапсырма - 8 мин;

4. Тренинг №2. «Ха». - 2 мин;

5. Жаңа тақырып - 15 мин;

6. Жаңа тақырыпты бекіту «Жол киімі қабаттары» - 5 мин;

7. Қорытынды, бағалау -3 мин;

8. Үйге тапсырма беру - 2 мин.


Сабақ барысы

Слайд №1

1. Ұйымдастыру кезеңі

- аудитория және топтың сабаққа дайындығын тексеру.

- студенттердің сабаққа қатысуын тексеру.


2. Тренинг №1


Сабақ басында студенттердің эмоционалды көңіл күйін түрлі-түсті геометриялық пішіндер арқылы анықтаймыз. Әр түс белгілі бір көңіл күйді білдіреді: қызыл – қуанышты, белсенділікті; сарғыш – бірқалыпты, көк- мұңды, көңілсіз. Студенттер таңдаған геометриялық пішінді көтеру керек.


3. Өткен тақырып бойынша студенттердің білімдерін тексеру


Слайд №2

  • Жер төсемі, жол киімі, жол жиегі,бұру жолағы, құлама – бұл ... (жол элементтері);

  • Автомобиль жолының жұмыс істеуінің ең маңызды көрсеткіші (қозғалыс қарқындылығы);

  • Кешенді инженерлік құрылыс – бұл (автомобиль жолы);

  • Жолдың көліктік – эксплуатациялық көрсеткіштері мен пайдалану құрамының сипаты (техникалық жол -категориясы);

  • Жер бетіндегі таулардың, сайлардың, жота-ойпаттардың жинағы қалай аталады? (жер бедері);

  • Іргелес орналасқан горизонтальдар биіктігінің айырмашылығы қалай аталынады? (қима биіктігі);

  • Жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары ТМД елдерінде нешеге бөлінеді: (5 техникалық категорияға);

  • 1 жол категориясының қозғалыс қарқындылығы (7000 және одан жоғары авт/тәулік);

  • 3 жол категориясының қозғалыс қарқындылығы (1000нан 3000 дейін авт/тәулік);

  • Жер төсемесінің тұрақтылығы мен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін беткейлік және үйінді мен ойықтың жақтық беткейі (құлама).

Есептерді шығару бойынша жеке тапсырма (үлестірме материалдар таратылады):

1 есеп. Жердің бетіндегі сызықтың ұзындығы 142метр . Масштаб : 1:2000. Жер тегіс, еңістігі жоқ, қағазға сызылатын ұзындықты табыңыз. Формуланы s = S/ M. пайдаланып s = 142:2000. = 0,071м. = 7,1см.

2 есеп. Масштабы: 1:500 планда белгіленген екі нүктенің ара қашықтығы S = 14,6см. Осы екі нүктенің жердің бетіндегі ара қашықтығының проекциясының ұзынды ғын табыңыз. S = 14,6х500 = 7300см. = 73м.

3 есеп. Жоспардағы сызықтың ұзындығын dпл анықтау керек, егер жергілікті жердегі сызықтың ұзындығы dм = 130,7м, масштаб 1:1000 (13,1 см).

4 есеп. Жергілікті жердегі сызықтың ұзындығы dм табу керек, егер жоспардағы сызықтың ұзындығы dпл =4,3 см, ал масштаб 1:10000 (430м).

5 есеп. Жоспардағы сандық масштабты М анықтау керек, егер dм =132,5, ал оның жоспардағы ұзындығы dпл =5,3 см. (1/2500)

6 есеп. Берілген азимут бойынша румбты табу. А=234017'

7 есеп. Сызықтың румбы берілген.r =СШ: 140 13'

8 есеп. Берілген азимут бойынша румбты табу. А=101006'

9 есеп. Сызықтың румбы берілген.r =ОБ: 570 43'

10 есеп. Бұрыш а =4563''. Оның ішінде қанша градус, минут, секунд бар екендігін анықта.


4. Тренинг №2


Екінші тренинг «Ха» деп аталады. Көздерімізді жұмып, демімізді ішімізге жайлап тартып, екі қолымызды жоғарыға көтереміз және «Ха» деп дыбыстап қолдарымызды түсіреміз «Ха» деу арқылы біз бойымыздағы жаман энергияны, шаршаңқы көңіл-күйді шығарып жібереміз.


5. Жаңа тақырып «Жол киімі».


Жол киімі – автокөлік қозғалысы үшін жол құрылысының әр түрлі қабатты жол құрылыс материалдардан тұратын инженерлік құрылымы деп атайды.

Жол киімін жер төсемесінің нығыздалған және тегістелген қабатының үстіне тұрғызады. Жол киімі есептік жылдамдықтағы берілген жүктемеге тұрақты және климаттық факторлардың әсеріне қарсы тұруы тиіс.

Көлік құралының жүктемеге қарсыласуы мен деформацияның сипаты бойынша жол киімі екі топқа қатқыл және қатқыл емес деп бөлінеді.

Жол жамылғысы бірнеше құрылымдық қабаттан тұрады:

Жамылғы – автомобиль дөңгелегiнiң әсерiн қабылдап, оны төменгi жатқан қабаттарға беретiн, сондай-ақ, атмосфералық (табиғи-климаттық) әсерлердi де қабылдайтын жол киімінің ең жоғарғы қабаты. Жамылғы берiк, тегiс, кедiр-бұдыр болуы керек.



Негiз – жамылғымен бiрге түскен күштi кемiтiп, оны қосымша қабаттарға немесе жер төсемесiнiң топырағына беретiн жол киімінің берiк бөлiгi. Негiз өз алдына бiрнеше қабаттан тұруы мүмкін.

Негiздiң қосымша қабаттары – табиғи-климаттық және топырақтық-гидрологиялық жағдайлары қолайсыз жол бөлiктерiндегi негiз бен жер төсемесiнiң топырағының арасында орналастырылатын жол киімінің қосымша қабаттары.


6. Жаңа тақырыпты бекіту «Жол киімінің қабаттары»


Топқа А3 форматта қағаз беріледі. Студенттер жол киімінің қабаттарын салуы тиіс. Алдарына жол құрылыс материалдары және оның суреттері беріледі. Студенттер өздеріне қажетті материалдарды таңдап алуы қажет. Әр топ өз суретін қорғайды.


7. Қорытынды, бағалау


Оқытушы қорытындылау кезеңінде әр студентті еңбектеріне байланысты бағалайды. Сабақ басында таңдаған пішіндердің жауабын айтады.


8. Үйге тапсырма беру.


Г.А. Федотов, П.И. Поспелов «Автомобиль жолдары мен аэродромдарды іздеу және жобалау» оқулығы, 162-167 бет қайталау



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Аубакирова Торгын Нуралиновна

Дата: 03.01.2021

Номер свидетельства: 569211


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Курсы ПК и ППК для учителей!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства