kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Разработка открытого урока на тему "Excel құжаттарында диаграмма құру, өндеу және енгізу."

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бүгін біз MS Excel бағдарламасының тағы бір мүмкіндігімен танысқанда оны іс жүзінде де пайдалана отырып, мүмкіндігінше өзімізге түсінікті дәрежеде ұғынуға тырысып көрейік. Excel – дің ең көзге түсер ерекшеліктерінің бірі оның сандар қатары мен бағаналарын ақпаратты толық көрнекі түрде кескіндей алатын графиктер мен диаграммалар айналдыруы болып саналады.

Диаграмма – бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекті графиктік  түрде берілуі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Разработка открытого урока на тему "Excel құжаттарында диаграмма құру, өндеу және енгізу."»

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігі Білім басқармасының

Көлік колледжі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын


Сабақ жоспары №17


Өткізілетін күні: 16.02.2019ж

Пән аты: Қолданбалы информатика

Оқытушы: Мыңбаев Д.С.

Топ: 21ТР-к

Сабақтың тақырыбы: Excel құжаттарында диаграмма құру, өндеу және енгізу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың Excel құжаттарында диаграмма құру, өндеу амалдарын үйрену. Оқушылардың кестелер арқылы диаграмма жасауды меңгеру.

Дамытушылық: Білім деңгейлерін анықтау,  пәнге деген қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелік: Сабақ уақытында берілген тапсырманы жылдам орындауға, жинақылыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Кәсіптік құзыреттіліктер:

КҚ04. Кәсіпорында қызметті автоматтандыруға бағытталған мәтіндік әрі графикалық редактор қолданбалы бағдарламаларын қолдану дағдыларын игеру

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар

Оқушы білуі тиіс:

—          Диаграмма жасау тәсілдерін;

—          Диаграмма құру және өндеу амалдарын;

Оқушы меңгеруі тиіс:

—          Диаграмманы кесте арқылы жасау;

—         Диаграмманың атын өзгерту ;

—         Кестені диаграммаға қатысты өзгерту;

—         Диаграмманың тұрлерін таңдау.

Қолданылатын технология: ақпараттық - коммуникативтік технология Сабақтың көрнекілігі:   ДК, презентация, слайдтар. Үлестірме парақшалар

Сабақтың түрі: тәжірибелік

Пәнаралық байланыс: информатика, математика, өндіріс экономикасы


Сабақтың құрылымы:

Р\с

Сабақтың кезеңдері

Уақыты

1

Ұйымдастыру

3 мин

2

Сабақты таныстыру

3 мин

3

Алдында алған білімді қайталау, жүйелеу

10-12 мин

4

Зертханалық жұмысқа рұқсат алу

15 мин

5

Зертханалық жұмысты орындау

50 мин

6

Сабақ қорытындысы

6 мин

7

Үй тапсырмасын беру

2 мин


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Дәрісхананың тазалығына, оқушылардың киіміне назар аудару. Оқушыларды түгендеу. Журнал толтыру.


  1. Сабақты таныстыру. Тақырыпты және мақсаттарды экран арқылы көрсетіп, студенттерге сабақ мақсаттарын айту.

Бүгінгі сабақ барысында біз MS Excel бағдарламасында жұмыс істей отырып келесі мақсаттарға жетуіміз кажет:

  • MS Excel бағдарламасы арқылы диаграмманы жасау тәсілдерін үйрену;

  • Диаграмманы өндеудің әртүрлі амалдардын меңгеру;

  • Кестені пішімдеу кезінде есептеу дағдыларын игеру;

  • Диаграмманың түрлерімен танысып, оларды өзгерту амалдарын білу.


  1. Алдында алған білімді қайталау, жүйелеу.

Фронталды сұрау арқылы студентердің алдынғы тақырыптарда алған білімдерін тексеру және зертханалық жұмысқа дайындығын қадағалау.


1. Excel электрондық кестесінің атқаратын қызметі қандай?

2. Excel бағдарламасын қалай іске қосуға болады?

3. Word бағдарламасы атқаратын қызметі қандай?

4. Word терезесінің негізгі элементтерін атаныз?

5. Word бағдарламасында мәтінді қалай өндеуге болады?

6. Word бағдарламасында кестелер, формулалар қалай еңгізіледі?

7. Ұяшық дегеніміз не?

8. Электрондық  кестедегі  кітап деген не? Жаңа кітап қалай құрылады?

9. Excel терезесінің негізгі элементтерін атаныз?

10. Excel бағдарламасында кестені өңдеуге арналған негізгі командалар?

11. Бағаналар, қатарлар қалай белгіленеді?

12. Электрондық кестеге формулалар қалай жазылуы керек?

  1. Зертханалық жұмысқа рұқсат алу

Оқушыларға жаңа тақырып бойынша жалпы түсінік беру.

    Бүгін біз MS Excel бағдарламасының тағы бір мүмкіндігімен танысқанда оны іс жүзінде де пайдалана отырып, мүмкіндігінше өзімізге түсінікті дәрежеде ұғынуға тырысып көрейік. Excel – дің ең көзге түсер ерекшеліктерінің бірі оның сандар қатары мен бағаналарын ақпаратты толық көрнекі түрде кескіндей алатын графиктер мен диаграммалар айналдыруы болып саналады.

Диаграмма – бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекті графиктік  түрде берілуі.

Олар берілген сандық шамаларды ұяшықтарда үңіліп қарағаннан гөрі салыстырмалы түрде бағалау мүмкіндігін береді. Диаграммалар бір ұяшықта тұрған қатені де тез көрсете алады. Excel – де екі және үш өлшемді диаграмма түрлері бар.

Диаграммалар келесі типтегідей болып келеді:


  1. Дөңгелек

  2. Пирамидалық

  3. Жапырақшалық

  4. Сақиналық

  5. Гистограммалар

  6. Цилиндрлік

  7. Көпіршіген

  8. Нүктелік

  9. Конустық

  10. Сызықтық

Excel – де электрондық кесте үш өлшемді құрылымдан тұрады. Ол кітап секілді парақтардан тұрады. Экранда тек бір парақ кітаптың төменгі шетінде кітаптың қалған беттерінің нөмерлері жарлық ретінде бейнеленеді. Тышқан курсорымен сол көрініп тұрған жарлықтардың нөмірлерін таңдау арқылы кез келген бетті ашып көруге болады.

Диаграмма – сандық мәліметтердің өзгеруін айқындап көрсетуге мүмкіндік береді. Кестелік процессорлар статистикалық деректерді түрлі түсті диаграммалармен, графиктермен және графикалық суреттермен, схемалармен әсерлі көрсетуге мүмкіндік берді.

Мысалы Дөңгелек диаграмма бірнеше шамаларды салыстыру үшін қолда-нылады. Егер бірнеше шаманың қосындысы 100 % -ды берсе, онда бұл диаграмма өте көрнекі шығады.

Гистограмма бірнеше шаманы бірнеше нүктеде салыстыру үшін қолайлы.

Диаграмманы орналастыру үшін:

  • Диаграмма құратын мәліметтерді енгізу қажет.

  • Диаграмма құруға қажет мәліметтерді жұмыс парағында ерекшелеу;

  • Вставка (Қою) менюіндегі Диаграмма командасын таңдау немесе Стандартты аспаптар тақтасындағы батырмасын шерту;

  • «Мастер диаграмм» (Диаграмма шебері) диалогтік терезесінде диаграмма түрін таңдау қажет;

  • Келесі қадамға өту үшін Далее (Жалғастыру) батырмасы қолданылады;

  • Кез келген қадамда диаграмманы құру үшін Готово(Дайын) батырмасын шертуге болады, сонда Диаграмма шебері диаграмманы құруды аяқтайды.

  • Соңғы терезесіндегі Готово(Дайын) батырмасын шертіңіз.

Диаграмма құрылымы 3 бөліктен тұрады:

1)Тор диаграмманың жалпы аймағы

2)Тақырып -диаграмманың жеке элементтерін түсіндіру үшін қолданылады.

3)Аңыз -диаграммаларда берілген деректердің қатарларын ажыратуға көмектеседі.

5.Зертханалық жұмысты орындау

Математика курсынан бізге теңдеудің түбірлері функция графигінің нүктелерінің қиылысу нүктелері екендігі белгілі. Бұндай теңдеуді шешу тәсілі графиктік деп аталады. Біз EXCEL редакторының көмегімен кез келген графикті салуға болатынын білеміз. Осы білімімізді теңдеулер жүйесін шешіге пайдаланайық.

Мысалы:

Y= X2

Y=2X+9 теңдеулер жүйесі берілсін. Алдымен кесте тұрғызамыз.

  • Бірінші жолға тақырыбын енгіземіз.

  • А бағанының А2 ұяшығынан бастап Х-ке мәнін -10 нан 10-ға дейін өзгеруін 1-ге тең деп алып, 20 мән беріңіз

  • В бағанының В2 ұяшығынан бастап Y= X2 формуласын енгізіңіз. Қалай дұрыс енгізу керегін ойланыңыз.

  • С бағанының С2 ұяшығынан бастап Y= 2X+9 формуласын енгізіңіз. Қалай дұрыс енгізу керегін ойланыңыз.

  • Мастер диаграмманың көмегімен тип диаграммы-точечный деп таңдап келесі диаграммаларды тұрғызыңыз.

    Теңдеулер жүйесінің шешімінің диаграммасы

Диаграммада екі графиктің қиылысу нүктелері көрініп тұр. Қиылысу нүктелерін анық көру үшін енді екі график тұрғызайық. Біреуі -10 нан 0 ге дейін, екіншісі 0 ден 10 ға дейін

Бірінші шешім






























Келесі тапсырма:

Алған білімдеріңді пайдаланып, келесі теңдеулер жүйесінің графигін тұрғызыңыздар.

    1. Y= X2 +5

Y=3X2+10


    1. Y= 2X2 -3

Y=4X2-X+8

6. Сабақ қорытындысы. Қорытынды сөз айту. Жауап берген сұрақтарына және орындаған зертханалық жұмыстарына сәйкес студенттерге баға қою.

7. Үй тапсырмасын беру. Өткен тақырып бойынша қосымша мәлімет қолданып конспект жазу және алдыңғы тақырыптарды қайталау.




Оқытушы:__________Мыңбаев Д.С.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Разработка открытого урока на тему "Excel құжаттарында диаграмма құру, өндеу және енгізу."

Автор: Мыңбаев Даурен Салихұлы

Дата: 02.05.2019

Номер свидетельства: 508932


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства